Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 14:59, курсовая работа
Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.
Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әреттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
• жылжымалы мүліктің қаржылық лизингі шартын мемлекеттік тіркеу туралы талап,
• сатып алынатын жабдық шет елден келіп түсетін кезде сертификаттау жəне
стандарттау жөніндегі талаптарды орындау,
• лизинг объектісін бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету проблемалары.
Отандық өндірушілердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін олар лизингтік қарым-қатынасты дамытуға ұмтылатын жағдайлар жасауы қажет, өйткені лизинг икемді əрі көп үміттендіретін, инвестициялар тартуға қабілетті экономикалық тетік болып табылады, ал өндірісті инвестициялау еліміздің экономикасын дамытуға себепші болады».
2 бөлім. «Альянс банк» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және банктің қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
2.1 «Альянс банк» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
1993 жылы Павлодарда «ЕртісБизнесБанктің» негізі қаланды. 2001 жылы «ЕртісБизнесБанктің» негізгі акционерлерінің ауысуы. Аймақаралық деңгейден републикалық деңгейге өтуін және атауының Альянс Банк деп өзгеруін көздейтін жаңа стратегия қабылданды. 2002 жылы «ЕртісБизнесБанктің» Альянс Банк болып қайта тіркелді, Банктің бас кеңсесі Павлодардан Алматыға көшірілді. 750 млн. евро және 250 фунт стерлинг сомасында еврооблигациялар шығарылымы, сондай-ақ 3 млрд. рубль сомасында облигациялардың дебютті шығарылымы орналастырылды.
Жарғылық капитал 2,1 миллиард теңгеге дейін артты, 6 млн. АҚШ доллары көлеміндегі бірінші синдификатталған қарыз алынды, сондай-ақ, 3 млрд теңге сомасында субординарланған облигациялардың дебютті шығарылымы орналастырылды. Жыл қорытындысы бойынша Альянс Қазақстанның ірі банктерінің ондығына кірді. Альянс Банктің мақсаты қазақстандық қоғамның қажеттіліктерін сапалы банк өнімдерінде қанағаттандыруда. Мақсат Банк ұжымы қызметінің негізгі себебі ел және Банктің барлық клиенттері мен әріптестері үшін пайдалы болуы тиіс екендігін белгілейді. Мұндай пайдалы болудың салдарынан Альянс Банк әділ сыйақы ала алады.
Банк философиясы үйлесімділік, әділдік, бейсаясаттық, сенімділік, даму және ақылға қонымдылық қағидаттарына негізделеді. Банк ішінде де, сол сияқты қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар үйлесімділігі әділдікті, сенімділікті және бейсаясаттықты қажет етеді.
Банктің даму мақсаты – Банк, оның клиенттері мен серіктестері үшін тәуекелдің ішкі және сыртқы факторлары төмендетілетін жағдайға қол жеткізу болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізуге өзіндік өрістеу мен прогреске күнделікті ұмтылыс қана көмектеседі. Дамудың әрдайым күшті барынша жұмсауды талап ететінін, үнемі қиындықтарды жеңу үдерісі екенін жақсы түсінетіндіктен Банк өзінің күнделікті жұмысында өзін-өзі бағалау мен өзіндік тәртіпке көп көңіл бөледі.
Банк банктік бизнестің жазылмаған қағидаттарын құрметтейді, олардың бастысы – әділ әрі адал бәсеке жүргізу болып табылады. «Альянс Банкі» АҚ қазақстандық және халықаралық нарықтардағы барлық банктерге құрметпен қарайды және сындарлы сұхбатқа әрқашан дайын.
Банк өз қызметін жүзеге асыруда өзінің барлық клиенттері мен серіктестерінің мүддесін есепке алады.«Альянс Банкі» акционерлік қоғамы алдыңғы қатарлы қазақстандық банктердің бірі болып табылады және банктік қызмет нарығында табысты жұмыс істеп келе жатқанына 15 жыл болды.
Бүгінгі таңда «Альянс Банкі» АҚ активтері мен меншік капиталының көлемі бойынша еліміздегі банктердің бестігіне кіреді және бизнестің барлық саласы бойынша, бөлшек нарықтың артықшылықтарын қоса алғанда, оның ішінде карточка бизнесінде және ШОБ субъектілеріне несие беру бойынша әмбебап қаржы институты ретінде дамып келеді.
"Альянс Банкі" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары аясында жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады
2009 жылдың ақпанында Альянс Банкі The Banker журналының қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі қаржылық 500 брендтердің ішінен 381-ші орынды иеленді.
«Альянс Банкі» АҚ халықаралық рейтинг агенттіктерінде 2009 жылдың 14 сәуірінде төмендегідей рейтингтері бар:
Moody’s Investors Service: шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг – «Саа3», шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді рейтинг – «Саа3» және қаржылық тұрақтылық рейтингі – «Е»;
Fitch Ratings: ұзақ мерзімді эмитент дефолтінің рейтингі («ЭДР») «RD», қысқа мерзімді ЭДР – «RD», жеке рейтинг – «F», қолдау рейтингі – «5»;
Standard & Poor's: ұзақ мерзімді рейтинг «D», қысқа мерзімді рейтинг «D». «Альянс Банкі» АҚ төмендегі ұйымдардың қатысушысы болып табылады:
Қазақстан Республикасы Жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қоры;
Ипотекалық несиелерге кепілдік беретін Қазақстандық қоры;
А, B, P және K санаттары бойынша Қазақстандық қор биржасы (KASE); Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (1999 жылдың 4 қарашасынан бастап);
S.W.I.F.T. және REUTERS халықаралық банкаралық телекоммуникация жүйесі; Қазақстанның сауда-өндіріс палатасы;
VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің мүшесі
"Альянс Банкі" АҚ-ы зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар, сонымен қатар "Мемлекеттік зейнетақы жинақ қоры" ЖАҚ-ы өзінің қаражатын депозиттерде сақтауда сенімін білдірген ҚР-ның Ұлттық Банкімен анықталған екінші реттік банктер қатарына қосылған«Альянс Банкі» АҚ эквайринг құрылғыларының аймақтық желісімен қамтылған, 2009 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 999 банкомат, оның ішінде қолма-қол ақша қабылдайтын қызметі бар 346 банкомат (cash-in), сондай-ақ қолма-қол ақша беру бөлімшелерінде 149 POS-терминал мен сауда-қызмет кәсіпорындарында 288 POS-терминал бар.
2.2 «Альянс банк» АҚ-ның қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
Альянс Банк бизнестің барлық саласы бойынша, бөлшек нарықтың артықшылықтарын қоса алғанда,оның ішінде карточка бизнесінде жəне ШОБ субъектілеріне несие беру бойынша əмбебап қаржы институты ретінде дамып келеді. 2 миллионнан астам клиентке қызмет көрсететін 63 қала мен елді мекендерде 21 филиалы мен 177 бөлімшесі бар аймақтық желімен қамтылған. Альянс Банктің банкоматтар желісі бүкіл Қазақстан бойынша 1243 құрылғыдан тұрады.
«Альянс Банкі» АҚ активтері 2009 жылдың бірінші үш ай қорытындысы бойынша бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары (БЕҚС) бойынша жасалған аудиттелмеген және шоғырландырылмаған есептілікке сәйкес, 1 218 749 млн. теңгені, міндеттемелері – 1 080 765 млн. теңгені, меншікті капиталы – 137 984 млн. теңгені құраған.
Банктің негізгі есеп қаржы жұмысы болып операциялық жұмыс табылады. Оларға жататындар:
Банк клиенттерінің қаржылық құжаттарының дұрыстығын тексеру және қабылдау;
Бухгалтерлік есепте көрсетулі мақсатында құжатттарды дайындау;
Алдын ала төлемдерді бақылау;
Ақша қаражаттары және төлемдердің түсуі туралы оперативтік есеп;
Ақша қаражаттарының есептелуін бақылау.
«Альянс банк» АҚның операциялық жұмысы әр түрлі және күрделі. Бұл банктегі қаржылық есептердің формулаларының, ссудалардың, берілу және жабылу ережелер мен әдістердің, төлемдердің өндіріс негіздерінің көптігіне байланысты түсіндіріледі.
Банктегі есеп операциялық жұмыстың ұйымдастырылуы келесілерді кірістіреді:
Есеп операциялық аппаратты құру
Құжат айналым және жұмыс күнін ұйымдастыру
Банкішілік бақылау.
«Альянс банк» АҚның бухгалтериясы өзіндік құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бас бухгалтермен басқарылады. Есеп операциялық аппараттың құрылымында есеп жүргізетін есеп топтарыболуы мүмкін. Топтардың саны және олардың құрамы банк қызметінің бағыты мен оның масштабына байланысты. Бас бухгалтердің ережелері мен міндеттері бас бухгалтер туралы ережеде анықталады:
Банк жүзеге асыратын барлық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарына көрсетілуін және бақылауын;
Клиенттердің есептік, ағымдағы және басқа да шоттардың ашылуын және рәсімдеу;
Шоттар бойынша пайыздың есептелуін бақылау;
Қатаң есеп банкілерінің қолданылуын және жауапты қызметкерлердің арасындағы міндеттерді бақылау;
Бухгалтерлік есептілікті белгіленген мерзімде құрылуын;
Банктің қаржылық қызметінің жағынан талдауын жүзеге асыру.
Банк қызметі мен өніміне Қазақстан халқының тарапынан жасалған жоғары сұраныс клиенттік базаның өсуіне алып келді, биылғы жылдың 9 айында 730,5 мың клиентке артса, 1 қазанда 2 миллионнан асты. Осы кезең ішінде Альянс Банктің жиынтық активтері 33%-ға өсіп, 2006 жылдың соңындағы 920 750 млн. теңгемен салыстырғанда 1 223 908 млн. теңге болды. Осының нәтижесінде Банктің жалпы нарықтық үлесі 10,4%-дан 10,7%-ға өсті. 2007 жылдың басымен салыстырғанда 2007 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Банктің несие қоржыны (резервті алып тастағанда) 43%-ға өсіп, 884 756 млн. теңге болды. 2007 жылдың басымен салыстырғанда Банктің несие қоржынының бөлшек бизнестен түскен бөлігі 62%-ға өсіп, 437 295 млн. теңге болды. Активтер мен несие қоржынының өсу қарқынының сәйкессіздігі, негізінен, Банк балансындағы «Обратное РЕПО» операциясы (Қазақстан қор биржасында (KASE) құнды қағаздармен жасалған операциялар) көлемінің жылдың басындағы 18 099 млрд. теңгемен салыстырғанда 1 662 млрд. теңгеге дейін азаюынан туындаған болатын.
2007 жыл Альянс Банк үшін, əсіресе екінші жарты жылдықтағы дүниежүзілік қаржы тұрақсыздығы жағдайында, өте табысты болды. Банктің таза пайдасы 42,7 млрд. теңге болды, оның өзі 2006 жылғы көрсеткіштен үш еседен астам артық. Банктің жиынтық активтері 1,3 есе ұлғайып, 1 161 млрд. теңге болды, акционерлік капитал іс жүзінде екі есе ұлғайып, 159 млрд. теңгеге жетті. Банк пайдасының озық қарқынмен ұлғаюының нəтижесінде табыс көрсеткіштері артты – капитал рентабельділігінің коэффициенті (ROAE) 35,7%, ал активтер рентабельділігінің коэффициенті (ROAE) - 4,1% болды, 2006 жылдың аяқ кезімен салыстырғанда, бұл коэффициенттер тиісінше 25,9% жəне 2,2% болған еді. Бұл Қазақстанның банк секторындағы 2007 жылғы үздік көрсеткіштердің бірі.
Бағалы қағаздар қоржынының көлемі бір жылдың ішінде 17%-ға, 160,19 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл Банк активтерінің 13,64%-ын құрайды.
1-кесте. 2007, 2006, 2005 жылдары бойынша ұзартылған бухгалтерлік баланс. (млн.теңге)
| 31.12.2007 | 31.12.2006 | 31.12.2006 |
АКТИВТЕР: |
|
|
|
ҚР ҰБ қаражаты мен шоттары | 69 795 | 99 594 | 42 327 |
Пайда мен шығын арқылы таза құнды көрсететін қаржы активтері | 179 620 | 133 745 | 79 283 |
Кері РЕПО | - | 18 099 | 4 038 |
Сатуға арналған қолда бар инвестициялар | 3 057 | 5 176 | 11 109 |
Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар | - | 43 | 463 |
Банктердегі қаражат | 37 079 | 20 599 | 10 182 |
Клиенттерге берілетін қарыз | 819 194 | 619 800 | 180 097 |
Пайда салығы бойынша мерзімі өткен талаптар | - | - | 468 |
Пайда салығы бойынша ағымдық талаптар | - | - | 91 |
Басқа да активтер | 21 137 | 10 912 | 2 519 |
Негізгі қаражат және материалдық емес активтер | 31 049 | 12 782 | 2 181 |
ҚОРЫТЫНДЫ АКТИВТЕР | 1 160 931 | 920 750 | 332 758 |
МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КАПИТАЛ |
|
|
|
ҚР ҰБ алдындағы міндеттемелер | 5 569 | 2 000 | 6 000 |
Банк қаражаты | 292 565 | 321 185 | 93 669 |
Басқа да қаржы ұйымдарының қаражаты | 48 533 | 25 174 | 987 |
Клиенттердің қаражаты | 241 817 | 245 261 | 138 083 |
Пайда мен шығын арқылы таза құнды көрсететін қаржы міндеттемелері | 6 280 | 18 | - |
Басқа да қаржыландырулар | 31 051 | 24 901 | - |
Репо | 6 357 | 44 444 | 6 261 |
Шығарылған бағалы қарыз қағаздары | 328 265 | 139 249 | 53 488 |
Пайда салығы бойынша мерзімі өткен талаптар | 1 554 | 1 100 | - |
Пайда салығы бойынша ағымдық талаптар | 1 860 | 912 | - |
Басқа да міндеттемелер | 3 307 | 3 854 | 889 |
Реттелген қарыз | 34 798 | 32 614 | 5 349 |
ҚОРЫТЫНДЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР | 1 001 956 | 840 712 | 304 726 |
КАПИТАЛ: |
|
|
|
Жарғы капиталы | 96 380 | 60 013 | 24 904 |
Қосымша төленген капитал | 1 222 | 1 222 | - |
Сатуға арналған қолда бар инвестициялардың таза құнын қайта бағалау резерві | -33 | 80 | 204 |
Негізгі қаражаттарды қайта бағалау резерві | 2 109 | 2 255 | 491 |
Бөлінбеген пайда | 59 297 | 16 468 | 2 433 |
ҚОРЫТЫНДЫ КАПИТАЛ | 158 975 | 80 038 | 28 032 |
ҚОРЫТЫНДЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КАПИТАЛ | 1 160 931 | 920 750 | 332 758 |
|
|
|
|
Банк бизнесі рентабельділігінің артуы оның жоғары табысты бөлшек несие беруге жəне операциялар тиімділігін арттыруға тұрақты ұмтылуға байланысты. Альянс Банктің жоғары табысты бөлшек несие беруді дамыту бағдарламасы бір жылдың ішінде елеулі түрде күшейтілген болатын. Жиынтық несие қоржыны 1,3 есе өсіп, 819 млрд. теңгеге жетті, ал бөлшек клиенттерге берілген қарыз көлемі 1,5 есе ұлғайып, 405 млрд. теңге болды. Табыстылығы жоғары бөлшек несие беру қоржынының үлесі Банктің жиынтық несие қоржынының 49,4%-на жетті. Бизнес көлемінің елеулі өсуімен қатар Банк операциялық тиімділікті арттырды, бұған шығынның пайдаға қатынасының 2006 жылғы 24,9%-дан 2007 жылғы 21,4%-ға дейін төмендеуі тəн.
Несие қоржынына тоқталсақ, есепті кезеңде клиенттерге берілген несие көлемі 32% ұлғайып, 819 млрд. теңге болды, соның ішінде бөлшек несие 405 млрд. теңге болып, бір жылдың ішінде 50%-ға ұлғайды. Корпоративтік несие көлемі 18%-ға, 414 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
2-диаграмма. Клиенттерге берілген несиелер
Нəтижесінде Банктің жиынтық несие қоржынында бөлшек несиенің үлесі 2007 жылда 6%-ға ұлғайып, 49,4% болды. Бір жылдың ішінде Банк резервтері 2,1 еседен астам ұлғайып, 43,5 млрд. теңге болды (жиынтық несие қоржынының 5%-ы).
Секторлар бойынша бөлу тұрғысынан жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуімен қатар халыққа қызмет көрсетуге бағытталған клиенттерге несие беру көлемінің артқанын атап көрсетуге болады. Мұндай несиелер көлемі 47,6 млрд. теңгеден 107,3 млрд. теңгеге дейін артып, осы сегменттің жалпы несие қоржынындағы үлесі 7,7%-дан 13,1%-ға дейін артты.
Сондай-ақ құрылыс саласына несие беру көлемінің ұлғаюы байқалды – ондай қарыздар үлесі 11,8%-дан 12,4%-ға артты. Жеке тұлғаларға несие беру құрылымында негізгі көлем (2008 жылдың аяқ кезінде 56%) ең көп табысты қамтамасыз ететін тұтынушылық несиеге келеді. Ипотекалық несиелер бөлшек несие қоржынының 16%-ын, ал автонесие беру жеке тұлғаларға берілген несиелер көлемінің 3%-ын құрайды.
Депозит қоржынына келсек, 2007 жылдың екінші жартысындағы дүр сілкіністерге қарамастан, Банктің депозит қоржыны тұрақты деңгейде сақталды. Бірінші жартыжылдықта клиенттер қаржысының көлемі 18,3 млрд. теңгеге өсіп, 263,5 млрд. теңге болды, ал екінші жартыжылдықта 21,7 млрд. теңгеге кеміді. Жылдың аяқ кезінде Банктің депозит қоржыны 2006 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда небəрі 1,4% төмендеп, 241,8 млрд. теңге болды. Жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 2007 жылдың аяқ кезіндегі 45,7%-дан 40,4%-ға дейін төмендеді. Өз кезегінде, корпоративтік клиенттер салымдарының көлемі жыл бойы тұрақты түрде өсті: бірінші жартыжылдықта заңды тұлғалар депозиттерінің өсімі 3 млрд. теңге, ал жылдың екінші жартысында – тағы да 8 млрд. теңге болды. Осылай, заңды тұлғалар депозиттерінің өсімі 2007 жылдың қорытындысы бойынша 144 млрд. теңге белгіге дейін 8% болды, мұның өзі депозиттердің жалпы көлемінің 59,6%-ын құрайды. 2006 жəне 2007 жылдармен салыстырғанда қоржынның 21,5%-ы аса ірі он салымшы үлесіне келіп отыр, сол жылдары бұл үлес тиісінше 7% жəне 16% болған еді.
Информация о работе Лизингтік операциялардың банктік операциялар жүйесіндегі орны