Лизингтік операциялардың банктік операциялар жүйесіндегі орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 14:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.
Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әреттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.

Работа содержит 1 файл

лизинг курсовая2.doc

— 414.50 Кб (Скачать)


1 бөлім. Лизингтік операциялардың банктік операциялар жүйесіндегі орны

1.1 Лизингтің экономикалық мәні және түрлері             

Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.

Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әреттесуіне  өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.

Лизинг - бұл сату-сатып алу, жал және несиемен байланысты экономикалық және заңдық қатынастардың кешені. Лизинг беруші өзінің және тартылған(қарыз) құралдары есебінен инвестициялық және озат пайдаланатын тұтыну тауарлары алады және оны белгілі ақына лизинг алушыға уақытша пайдалануға және иеленуге бір жылдан аса мерзім беру кезінде пайда болатын қатынастар.

Лизингілік бизнес кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы. Оны өзінің мүмкіндігіне қарай қолданатын болсақ  немесе іс-тәжірибеге енгізетін болсақ, ол өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандырудың, қазақстандық экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың, нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты импульсіне айналу керек.

Әлемдік іс-тәжірибеде «лизинг» термині ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға негізделген әр түрлі мәмілелерді белгілеуде пайдалынылады. Жалдау келісімшарт бекітілген мерзімге қарай жалгерлік операцияның үш түрі бар:

1.      Қысқа мерзімді жалдау (рейтинг)– 1 күннен 1 жылға дейін,

2.      Орта мерзімді жалдау  (хайринг) – 1 жылдан 3 жылға дейін,

3.      Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) – 3 жылдан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уақытқа.

Машинаның және құрал – жабдықтың ұзақ мерзімге жалға алынуы  немесе барлық келісімшарт мерзімінде жалға берушінің өзге беріуге жалға берілген мүлкіне меншік құқығы сақталатын, өндірістік тұрғыдан пайдалану мақсатында жалға алынатын машинаның және құрал-жабдықтың  келісімшарты негізінде ұғындырылады. Оның үстіне, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алып, оны ұзақ мерзімге оған жалға беретін мамандандырылған  компанияның делдалдығы арқылы негізгі  қордағы салымдарды қаржыландырудың өзңндік ерекшелігі бар формасы ретінде қарастыруға болады. Осылайша лизинг  компаниясы жалға берушіні несиелейді десе де болады. Кейде лизинг «несие-жалдау» деп аталады.

Тауардың меншік құқығы сатушыдан сатып алушыға өтетін сату-сатып алу келісімшартынан айырмашылығы – лизингте жалға алынған заттың меншік құқығы жалға берушінің өзңнде қалады, ал, лизинг алушы оның тек уақытша пайдалану құқығына ие болады. Лизингілік келісімшартының мерзімі аяқталғанда лизинг алушы мәміле объектісін  келісімді баға бойынша сатып ала алады немесе лизингілік келісімшартты жалғастыра береді немесе құрал-жабдықты келісімшарт мерзімі аяқталғанда өз иесіне қайтарады.

Өзінің заңды формада лизингілік мәміле инвестициялық құндылықтарды ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.

Лизинг түрлері мен лизингілік операцияларды жіктеу шетелдік және отандық  теория мен іс-тәжірибеде маңызды мәнге ие.

Лизингтің негізгі нысандары:

Мәмілеге қатысушылардың құрамына қарай лизинг мыналарға бөлінеді:

      тікелей лизинг, онда мүліктің меншік иесі лизинг обьектіні дербес береді;

      жанама лизингте мүлік делдал арқылы беріледі. Бұл жағдайда қлассикалық үш жақта мәміле немесе брокерлік фирма, трастық компания, қаржыландырушы мекеме және т.б. қатысушылармен көп жақты мәміле – аса ірі әрі күрделі мәміле орын алуы мүмкін.

                  Мүліктің тұрпатына қарай лизинг былайша бөлінеді:

      жылжымалы лизинг (жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар;

      жылжымайтын  лизинг (жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).

      қолданыста болған лизинг мүлігі.

Мүліктің өтелу деңгейіне қарай :

      толық өтелетін лизинг, онда бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде лизинг берушіге жалға алыннған мүліктің құны толық төленеді;

      толық өтелмейтін лизинг, бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.

           Амортизация деңгейіне байланысты:

      толық амортизация деңгейі;

      толық емес амортизация деңгейі.

          Қызмет көрсету мөлшері бойынша:

 таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;

 толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.

 жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

         Нарық секторына байланысты:

 ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;

             

 халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда.

         Халықаралық лизинг:

 импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.

 экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.   

 транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса             

         Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:

      ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);

      өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);

      аралас төлемді лизинг.

         Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:

 нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.

      жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.

           Қаржыландыру әдісіне байланысты:

 мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;

 жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.  

           Жалға алынатын мүлікке қатысты:

 таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;

 толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

                            Лизингтің формаларын екі негізгі түрге біріктіруге болады: оперативті лизинг және қаржылық лизинг.

Оперативті лизинг – бұл жалгерлік қатынас, онда жалға берілген затты сатып алумен және ұстаумен байланысты лизинг берушінің шығындары бір лизингілік контрактінің әрекет ету мерзімі ішінде жалгерлік төлеммен өтелмейді.(1 сызба)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сызба. Оперативті лизингтің сызбасы

Оперативті лизингке мынадай негізгі белгілер тән:

- лизинг беруші өзінің барлық шығынын бір лизинг алушыдан түсетін лизингілік төлемдердің  есебінен өтеуге ұмтылады;

- лизингілік келісімшарт, әдеттегіше 2-5 жылға бекітіледі, бұл құрал-жабдықтың заттай тозу мерзімінен аз;

- мәміле объектісінен айырылып қалудың  немесе оны бүлдіріп алудың қатері негізінен лизинг  берушінің жағында болады. Лизингілік келісімшартта берілген   мүліктің бүленбеуіне  лизинг алушының белгілі бір дәрежеде жауапты болатындығы  қарастырылады, алайда, оның мөлшері мүліктің бастапқы бағасынан көп төмен;

- лизингілік төлемінің мөлшерлемесі әдетте қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады. Бұлай болатын себебі: лизинг беруші шығын өтелімділігінің толық кепілдесіне ие болмағандықтан өз қызметінің бағасын көтеру  жолымен әр түрлі коммерциялық қателерді ескеруге  болады;

Лизингілік келісімшартының мерзімі біткенде лизинг алушының мыналарға мүмкіндігі болады:

- ең қолайлы шартпен келісімшарттың мерзімін ұзартуға;

- лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтаруға;

- нақты нарықтық құны бойынша сатуға келісімін берген лизинг берушіден құрал-жабдықты сатып алуға.

Лизинг алушы мүлікті иеленумен байланысты , оның сапасы жағынан тозуымен, өндірілген өнімге деген сұраныстың өзгеруіне қарай пайдалылықтың  кемуімен, құрал-жабдықтың сынуымен, құрал-жабдықтың бос тұрып қалуы және жөндеуден өту салдарынан туындайтын  тікелей және жанама өнімсіз шығынның артуымен байланысты қателерден оперативті лизингтің  көмегімен қашып құтылуға ұмтылады. Сол себепті де лизинг алушы оперативті  лизингті мына жағдайларда қолайлы деп саналады.

      жалға  алынған мүліктің пайдалануымен  түсетін ұйғарынды табыс оның бастапқы бағасын өтей алмайды;

      құрал-жабдық аз ғана мерзімге қажет;

      құрал-жабдық арнайы техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді;

      мәміленің объектісі ретінде жаңа, тексерілмеген құрал-жабдық алға шығады.

Қаржылық лизинг – бұл өзнінің әрекет ету мерзімі ішінде құрал-жабдық амортизациясының  толық құнын немесе оның бір бөлігін, лизинг  берушінің  қосымша шығынын немесе пайдасын өтеуді қарастыратын келісім.(2 сызба)

              Негізгі белгілері:

      үшінші тараптың  қатысуы;

      негізгі жалдау мерзім ішінде келісімшартты бұзудың мүмкіндігі болмайды;

      лизингілік келісімнің біршама ұзаққа созылатын кезеңі;

      мәміле объектісінің құны әдеттегіше жоғары болады.

 

             

 

 

 

 

 

 

 

2 сызба. Қаржы лизингінің сызбасы.

Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі ұсынылады несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

-         жалға алушының ең аз төлемі – жал бойынша жылдық төлем;

-         ең жоғары төлем – жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;

-         келтірген құн – ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымының құны.

Біздің елімізде қабылданған лизинг түрлерінен басқа, жабдық лизингінен өзге астық лизингі, жұмыс күші лизингі және басқа да түрлері бар, яғни экономикалық қатынастардың мұндай түрінің күш-жігері өте жоғары. 
 

1.2 Лизингтік операциялардың құқықтық реттелуі             

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуекелділікпен жиі кездесіп отырады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялық нормативтер және басқада мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар Ұлттық банктің қатаң бақылауында болады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заныңда қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады.

Қаржы лизингiн құқықтық реттеу:     

1. Қаржы лизингi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.      

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының қаржы лизингi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Негiзгi ұғымдар:     

Бұл Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған: қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:     

Информация о работе Лизингтік операциялардың банктік операциялар жүйесіндегі орны