Лекция грэ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:58, лекция

Описание работы

Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық ісәрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Работа содержит 1 файл

Лекции ГРЭ.doc

— 1.02 Мб (Скачать)

Жекелеген кәсіпорындар мен объектілердің сырттан инвестициялар алуы, сондай-ақ оларды меншікті табыстар мен жинақтарынан қалыптастыру мүмкіндіктері шектеулі. Оның үстіне инвестициялық ағындарды бөлшектеу инвестицияларды ұсақтап жібереді де оларды пайдалану тиімділігін төмендетеді. Инвестицияларды басқару мен реттеуді, инвестициялық үдерістерді бақылауды орталықтандыру жоғалатын болса, онда инвестициялық ресурстар азая түседі. Осы жағдайларға байланысты және экономиканы дамытудағы инвестицияның рөлін ескере отырып, инвестицияларды мемлекеттік басқару мен реттеуді объективті қажеттілік деп қарастыру қажет.

 

§3 Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі

Рыноктық қатынастарға негізделген экономикада мемлекет инвестициялық ресурстар мен үдерістерді басқару мен пайдалануда, инвестицияны қалыптастыру мен реттеуде екі бағыттағы шаралар жүйесін қолданады:

1)     салалар, аймақтар және бағдарламалар мен жобалар бойынша бастауы мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар, арнайы мемлекеттік даму бюджеті болып табылатын мемлекеттік инвестицияларды қалыптастырып, бөлу жолымен.

2)     инвестициялық қызметті құқықтық реттеу, инвестициялық үдерістерді ынталандыру, ел ішінде қолайлы инвестициялық ахуал жасау, шетелдік капиталдың келуіне көмектесу және ішкі инвестициялық көздерді тарту арқылы.

Инвестициялық үдерістерге мемлекеттік әсер етудің бірінші бағыты бойынша бюджетті, бағдарламаларды, инвестициялық жобаларды қалыптастыратын биліктің заң шығарушы және атқарушы органдары анықтаушы рөл атқарады. Бұлар мемлекеттік инвестициялар көлемін, инвестициялық ресурстарды бөлу және қайта бөлуді жүзеге асырады.

Екінші бағытта қаражатты экономикаға, өндіріске, кәсіпкерлікке инвестициялауға отандық және шетелдік инвесторларға (банктер, қаржылық ұйымдар, корпорациялар, тұрғындар) түрткі ретінде мемлекеттің құқықтық және ынталандыру әсері іске қосылды.

Экономика мен әлеуметтік сфераны орталықтандырылған мемлекеттік реттеу бұрын тегін бюджеттік қаржыландыру және кредиттеу түрінде жүргізілетін. Қазақстанда рынок пен рыноктық қатынастардың қалыптасуы жағдайында әлеуметтік сфераны қайтарымсыз мемлекеттік инвестициялаудың үлесі арта түседі де, экономиканың өндірістік секторын инвестициялауды мемлекет қайтарымды несиелік негізде жүзеге асыратын болады. Экономиканың қарымды (нақты) секторына капитал салушы инвесторларға кепілдіктер беруде мемлекеттің рөлі арта түседі. Дегенмен, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы отандық және шетелдік инвесторларды мемлекеттік кепілдендіру деңгейінің төмендігі байқалып-ақ қалды.

Жекеменшік, әсіресе шетелдік капиталды Қазақстан экономикасына тартуды мемлекеттік қолдаудың тиімді формасы ретінде инвестицияларды несиелендіруші банктерге, қаржылық және басқа да ұйымдарға мемлекеттік мүлікті кепілге қоюды атауға болады.

Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеуде даму қоры деп аталатын мақсатты инвестициялық қорды ерекше атауға болады. Бұл қор инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін құрылған.

Инвестициялық жобаларды талдап, жасауға және қолдауға мемлекеттің қатысуы ісінде ерекше маңызы бар бағыт ретінде инвестициялық үдерістерді белсендіре түсудегі мемлекеттің әсерін атап айту керек. Анық арнаулы бағыты бар, экономикалық объектіні тұрғызу мен жаңғыртуға бағдарланған инвестицияларды жобаға салым деп атайды. Бұл жерде «жоба» сөзінің екі түрлі мәні бар. Бір жағынан, бұл сипаттау, есептеу, кескіндеу түріндегі объектінің идеясы, бейнесі. Екінші жағынан, экономикалық мағынасында жоба – бұл іс-әрекет бағдарламасы, нақты әлеуметтік-экономикалық ой-пікірді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жиынтығы. Экономикалық инвестициялық жобалар ең алдымен объекті құрылысымен, тауарларды өндіріп, сатумен, өндірісті жаңартумен, жаңа технологияларды игерумен, әлеуметтік мәселелерді шешумен, табиғатты қорғаумен, шикізатты шығарумен байланысты.

Түптеп келгенде, барлық экономикалық жобалар мен бағдарламалар инвестициялық болып табылады, өйткені олар салымдарсыз, капитал келтірусіз, инвестицияларды пайдаланусыз жүзеге аспайды.

Сонымен, инвестициялық жоба – инвестициялық кезең ішінде табыс, пайда, оңды әлеуметтік әсер әкелетін экономикалық мәселені шешу бағдарламасы болып табылады.

Қазақстандық экономикада қалыптасқан жағдайларда әлеуметтік жобалар мен өндірістік жобаларды мемлекеттік қолдау өте маңызды. Техникалық-экономикалық бағдарланған жобалардың басым бағыттары келесідей:

1)     өндірісті технологиялық және материалды-техникалық жаңарту, негізгі қорларды алмастыру, жабдықтарды жаңғырту жобалары; мұның өзі өндірілетін өнім сапасын жоғарылатып, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында қолға алынады;

2)     сұранысты мейлінше қанағаттандыру, өткізу рыноктарын кеңейту, табысты көбейту мақсатында өнімнің берілген түрін өндірудің өндіріс көлемі мен номенклатурасын арттыру жобалары;

3)     рынокқа кірігу, оның жаңа сегменттерін жасау, тұтыну өзгерістерін қанағаттандыру мақсатында жаңа өнім түрлерін игеру жобалары.

Қазақстанның орасан зор табиғи байлықтары концессиялар жасақтап жалға беру кепілдіктері негізінде сыртқы инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық үдерістерді белсендіру мақсатында мемлекеттік органдар мемлекеттік меншік объектілерін жалға концессияға тек ағымдағы табыстылығы үшін ғана емес,бұл объектілерге инвестиция келтіру мақсатында да беруі тиіс.

Инвестицияларды экономикалық өсу әлеуеті мол аймақтарда дамыту жобалары мен объектілерге салу өте маңызды, өйткені олар тізбекті реакция туындатып, өндіріске әртүрлі салалар кәсіпорындары тікелей және жанама технологиялық интеграция бойынша іс-әрекетке тартады. Инвестицияларды «өсу нүктесі» жобаларына шоғырландыру ішкі және сыртқы рыноктарда төлем қабілеті бар сұранысты қамтамасыз етіп өнім өндірісін өрлете түседі. Мемлекеттік инвестициялардың шектеулілігін ескеріп, олардың бір бөлігін салым қайтарымдылығы жедел жобаларға салу тиімді болмақ.

Инвестицияларды экономикалық тиімділігі, қайтарым мерзімі, экономикалық өсім көрсеткіштеріне бағдарлап тарту және орналастыру маңызды, бірақ бұны инвестициялық жобалар бойынша шешімдердің жалғыз бағыты деп айтуға болмайды. Инвестицияларды реттеуде мақсаткерліктің басқа арнасы маңыздырақ болуы әбден мүмкін. Бұл жерде әңгіме инвестициялардың әлеуметтік тиімділігі мен қоғамдық қажеттілігі туралы болып отыр.

Инвестициялардың белгілі бір бөлігі, әсіресе бюджеттен келетін бөлігі әлеуметтік сфераға, инфрақұрылым объектілеріне, қоршаған ортаны қорғауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс. Бұл инвестициялардың қайтарымы ұзақ уақытқа созылар, бірақ олар міндетті, сондықтан оларды мемлекеттік реттеу қажет-ақ.

Шетелдік инвестицияларға мемлекеттің әсері туралы айтар болсақ, олардың көптеп келуі экономиканы инвестициялау көлемін арттыра түседі, бірақ шетелдік инвестицияға әуестеніп, қызығушылықтың  қатерін де есте ұстаған жөн. Біріншіден, шетелдік инвестициялық кредиттер мемлекеттің сыртқы қарыздар көлемін ұлғайтады, оны атқару шығындарын көбейтеді, елдің басқа елдер алдындағы қаржылық тәуелділігін тереңдетеді. Екіншіден, ұлттық өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жұмсалатын шетелдік инвестициялар ұлттық байлықтың бір бөлігіне иелік етіп, мемлекетті өз аумағында «жартылай қожайын» рөліне түсіреді.

Әрине, әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында бұл табиғи үдеріс болып табылады, дегенмен, «сақ болсаң, сақтаймын» деген жаратушы. Елге шетелдік инвестицияларды тартуда әрқашан оның артықшылығы мен кемшілігін безбенге салу жөн шығар.

§4 Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

Қазіргі әлемде кез келген мемлекет өндірістің ғылыми-техникалық және технологиялық деңгейін жоғарылату проблемасымен бетпе-бет келуі айдан анық. Елдің ғылыми-техникалық әлеуеті оның өндірістік-экономикалық әлеуетінің сипатты көрсеткіші болып табылады.

Сондықтан, мемлекет инновация деп аталатын ғылыми зерттеулер мен ізденістерге, оларды өндіріске енгізуге технологиялық жаңалықтарды игеруге тұрақты түрде назар аударуы тиіс.

Инновациялық ғылыми зерттеулердің білім беру мен іргелі ғылымды дамытумен байланысты жақтарын реттеуде мемлекеттің рөлі ерекше. Экономикасы дамыған елдерде іргелі ғылыми зерттеулердің 50%-дан астамын мемлекет қаржыландырады.

Инновациялық қызметтің капитал сыйымдылығының өте жоғары болу себептері:

1)     ғылыми зерттеулер мен ізденістер және олардың нәтижелері арасында, яғни экономикада пайдалану арақашықтығы едәуір уақыт кезеңін алады, жылдармен есептелуі мүмкін;

2)     инновациялық қызмет зерттеушілердің, жобалаушылардың, конструкторлардың, технологтардың еңбекақысына, сондай-ақ қымбат ғылыми аппаратураға, эксперименттік жабдықтарға едәуір шығындарды талап етеді;

3)     инновациялық жобалар тәуекелі жоғары категорияға жатады, себебі жобаға алдын-ала артылған үміт ақталмауы мүмкін, есептеулер бойынша әзірлемелердің үштен екі бөлігі практикада қолданыс таппай жатады. Оның үстіне кемшіліктерді кеміту үшін қатарлас ізденістер жүргізуге тура келеді.

Инновациялық қызметті жүргізу үшін едәуір инвестициялардың қажеттілігі оны инновациялық-инвестициялық қызметке айналдырады, яғни өзінің мәні бойынша кез келген инновациялық жоба сонымен бірге инвестициялық болып шығады.

Рыноктық экономикасы бар елдерде инновациялық-инвестициялық қызмет жартылай мемлекеттік қызмет, өйткені оны мемлекет реттейді, қаржыландырады және оған тапсырыс береді. Егер ғылыми зерттеу, ізденіс жұмыстарына мемлекеттің қатысуы әжептәуір болса, ғылыми жетістіктерді қолдануда, олардың рынокқа енуінде мемлекет тікелейден гөрі жанама әсер етеді.

Ғылым-техника-өндіріс тізбегін толықтай өз қарамағына алуға мемлекеттік ресурстар жетіспейді. Дегенмен, мемлекеттің инновациялық-инвестициялық қызметті заңнамалық, құқықтық реттеуге толық мүмкіндігі бар. Ол техникалық-технологиялық прогрестің алдыңғы шебіндегі салаларға «белсенді патронаж» деп аталатын формада жүзеге асады.

Кеңейтілген мағынасында айтқанда, әңгіме экономикада инновациялық факторларды пайдалануды қолдауда мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу туралы болып отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты елдің инновациялық әлеуетін қалыптастыру, қолдау және дамыту болып табылады. Шетелдік озат тәжірибеден үйрену, прогрессивті технологияны қайталау, лицензияларды сатып алу - бұлар әлсіз ғылыми-техникалық стратегия. Ал, белсенді стратегия өзіндік ғылыми-техникалық әлеуетке, «өсу нүктелеріндегі» серпіліске, ғылыми-техникалық ұмтылысқа негізделеді.

Өзінің нақты мағынасында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жекелеген мақсатты бағдарламалар мен инновациялық жобаларды діттейді.

Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері келесідей:

-         іргелі ғылыми зерттеулерге шығынды бюджеттік қаржыландыру және ғылыми-техникалық прогресті қолдау;

-         ғылыми-техникалық өнімді мемлекеттік сатып алу;

-         мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарын ұстап тұру;

-         ғылыми кадрларды даярлауға мемлекеттік қолдау;

-         инновациялық-инвестициялық қызметке қатысушыларға салықтық жеңілдіктер беру;

-         халықаралық ғылыми-техникалық алмасуларды қолдау;

-         зияткерлік меншікті, жаңалықтарды, өнертабыстарын, патенттерді мемлекеттік қорғау;

-         қолданбалы зерттеулерді коммерциализациялауға мемлекеттік жәрдем беру;

-         отандық инновацияларды әлемдік рынокқа өткізуге көмектесу;

-         ғалымдардың еңбегін, қызметін қолдау, насихаттау арқылы танымалдығын арттыру.

Рыноктық реформаларды жүргізу кезінде-ақ Қазақстан 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын қабылдаған болатын. Стратегия 2015 жылға дейінгі Қазақстанның мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын диверсификациялау және дамудың шикізаттық бағытынан арылу жолымен ел дамуын орнықтыруды көздейді.

Мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты заттық белгісі бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өңдеуші өнеркәсіптік тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді өндіру болып табылады.

Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемалармен бетпе-бет келді. Оның негізгілері: шикізаттық бағдарлану, әлемдік экономикамен шамалы ғана интеграция, ел ішілік, салааралық, өңіраралық әлсіз экономикалық интеграция, ішкі рыноктағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге тұтынушылық сұраныстың төмендігі (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның нашар дамуы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың болмауы, ғылыми-зерттеу және ізденіс-тәжірибелік жұмыстарға қаржы-қаражаттың жетіспеуі, менеджменттің экономиканың жаһандануы үдерісіне және сервистік-технологиялық шаруашылыққа өтуіне сәйкессіздігі болып табылады.

Стратегия бойынша белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізілуі тиіс. Ғылым мен инновацияны ынталандыру үшін қаржы рыногын одан әрі дамытып, фискалдық, антимонополдық, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру қажет. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың барлық салаларында және басқаруда әлемдік стандарттарға көшу іс-қимылдары көзделген.

Информация о работе Лекция грэ