Лекция грэ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 21:58, лекция

Описание работы

Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық ісәрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Работа содержит 1 файл

Лекции ГРЭ.doc

— 1.02 Мб (Скачать)
text-align:justify">Орталық пен аймақтардың өзара қатынасын мемлекеттік реттеу әсіресе экономикалық реформалар жүргізу кезінде ерекше маңызға ие болады.

Демократиялық реформалардың бастапқы кезеңдерінде орталық пен аймақтар арасындағы өзара қатынастарды реттеудің қажетті деңгейде болмауы және аймақтар жағдайларының теңдестірілмеуі себебінен интеграциялық үрдістердің бұзылуына жол берілді. Сондықтан, билік және атқарушы органдар экономикалық реформаларды тереңдетуде орталық пен аймақтардың өзара қатынасын қалыптастырудың басты бағыттарын зерделеп, анықтаған болатын.

Ең бастысы, аймақтық және республикалық билік органдары арасындағы өкілеттіктердің айқын шектерін анықтауға мүмкіндік пен кепілдік беретін еліміздің ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы бар.

Кез келген аймақаралық, сондай-ақ республика мен аймақтар арасында туындайтын әлеуметтік, экономикалық мәселелер Конституция аясында шешіліп, қажетті нормативтік-құқықтық актілер негізінде қажетті механизмдермен қаруланады. Шешімін күткен мәселелерді жүзеге асыру механизмі неғұрлым нақты болса, соғұрлым оның тиімділігі де арта түспек.

 

§3 Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары

Мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары ең алдымен аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық үдерістердің басқарылу деңгейін жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Бұл үшін реформаларды жүргізудің тиімділігіне субъектілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында экономикалық және әлеуметтік дамуды реттеу өкілеттігінің бір бөлігін республикалық деңгейден аймақтық деңгейге беру қажет. Осы мақсатта аумақтардың бюджетін және аймақтық бюджеттен тыс қорлардың көлемін арттыру керек. Орталық пен аймақтардың өкілеттігін бөлу кезінде жергілікті биліктің атқару механизмін түбегейлі талдап жасап, бірлесе атқарылатын өкілеттіктерді жүзеге асыру, республикалық және аймақтық деңгейлердегі заң шығарушы және атқарушы биліктердің құқықтарын нақты белгілеу мәселелері ойдағыдай орындалуы тиіс.

Қазақстан Республикасы аймақтарының дамуындағы тарихи, табиғи-экономикалық айырмашылықтар олардың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін есептей келе типологизациялық моделдерін талдап жасауды талап етеді. Айталық, Қазақстанның аймақтары әртүрлі белгілері бойынша, 2001 жылы қабылданған ҚР аймақтық саясатының Тұжырымдамасына сәйкес, жиынтық аймақтық өнім және жан басына шаққандағы табыс бойынша 6 топқа бөлінеді. Олар: дамыған қаржы секторы және ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары Астана мен Алматы қалалары құрайтын бірінші топ. Екінші топқа көмірсутек, минералды ресурстарға бай Маңғыстау және Атырау облыстары, үшінші топқа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары сияқты өнеркәсібі дамыған, минералды шикізаттарға бай өңірлер, төртінші топқа табиғи ресурстары мол, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптары кең Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары, бесінші топқа машина жасау саласы дамыған, ауыл шаруашылығы резервтері бар Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары және алтыншы топқа негізінен аграрлық өңірлер Алматы, Ақмола, Қызылорда облыстары жатады.

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің бірінші құрамдас бөлігі әкімшілік және құқықтық болып табылады. Реттеудің аталмыш формасы ағымдағы теңгерімді (балансты) экономиканы тұрақтандыру, өндіріс құлдырауын тоқтату, экономиканы қаржылық сауықтыру сияқты проблемаларды шешуге бағытталады. Аймақтық дамуды реттеуде орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға 5-10 жылға арналған құрылымдық бағдарламалар маңызды рөл атқарады. Бағдарламалар бюджеттік мазмұнда болуы тиіс, яғни олар бюджеттен қамтамасыздандырылу шеңберінен артпауы қажет, басқа жағдайда бағдарламаның атқарылуы күмәнді болмақ.

Аймақтық бағдарламаларды мемлекеттік басқарудың негізгі ауыртпашылығы атқарушы билікке түскенімен, реттеуші функциялардың бір бөлігі бағдарламаны тікелей орындаушыға берілуі тиіс. Бұл үшін келісім негізінде аралас мемлекеттік, жекеше, арнайы, тәуелсіз компаниялар мен агенттіктердің құрылғаны ләзім.

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің екінші негізгі құрамдас бөлігі экономикалық реттеу болып табылады. Экономикалық реттеу бірінші кезекте өндіргіш күштерді орналастыру және өңірлік дамуды қамтуы тиіс. Экономикалық реттегіштер төрт принципке жауап беруі қажет.

Бірінші принцип бойынша реттеуші жүйе шаруашылық қызметтің барлық субъектілеріне түгелдей таратылуы тиіс, маңызды деген бірнеше субъектілерге ерекше жағдай жасалып, олар өз кезегінде басқаларына ықпал етуі қажет.

Екінші принцип экономикалық реттегіштер жүйесінің ынталандырушы сипатта болуын қарастырады.

Үшінші принциптің мәні аймақтық дамуды реттеу жүйесі мерзімдік шеңбер шектерінде, әсіресе дотациялар мен жеңілдіктерге қатысты, қатаң шектерде болуында жатыр.

Төртінші принцип бойынша аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуде аумақтық ерекшеліктер ескеріліп, есептелуі тиіс.

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін біртұтас басқару жүйесі қалыптастырылуы қажет. Бұл үшін жалпыға бірдей нормативтік-құқықтық жүйе жасалып, онда бір жағынан конституциялық нормалар мен жалпымемлекеттік заңнама талаптары ескерілетін болса, екінші жағынан республика субъектілерінің құқықтары есепке алынуы тиіс.

Мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі көптеген бағдарламалар қажетті дәрежеде жүзеге аспай жататын жағдайлар да баршылық. Күнделікті өмірден оның мысалдарын көптеп келтіруге болады.

Негізгі себептеріне келетін болсақ, бағдарламалардың атқарылуы барысына теріс әсері бар факторлар қатарына мыналар жатады:

-                             мақсатты мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды тәжірибеден өткен таңдау жүйесінің болмауы;

-                             салалық мемлекеттік бағдарламаларда өңірлік аспектілердің әлсіз талданып, жасалуы;

-                             республикалық және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асырудың жетілдірілген механизмдерінің болмауы;

-                             бағдарламалардың атқарылуын жеткіліксіз бақылау мәселелері және т.с.с.

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін әкімшілік шешімдерден гөрі экономикалық реттегіштердің маңызы арта түспек. Олардың сипаты жеңілдіктерге емес экономикалық ынталандыруға қарай ойысуы қажет.

Қолдауды қажетсінетін аймақтарды таңдап алуда өңірдегі дағдарыстық құбылыстардың масштабын ескерген жөн. Республикалық бюджеттен арнайы көмекті бағыттау үшін микродеңгейде күйзелісті аудандардың шекараларын белгілеп, дағдарыстың мән-мағынасын сараптау арқылы бірінші кезеңдегі көмекті осы микроаудандарға жіберудің тиімділігі арта түседі. Аймақтарды аудандарға бөліп қарастыру өңірлік дамуды реттеудің маңызды формасы болып табылады.

Аймақтың дамуды мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру өңірлік экономика мен басқару проблемаларына терең ғылыми зерттеу жүргізу базасында ғана мүмкін болары даусыз.

 

Ізденіс сұрақтары

1.         Өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың мәні мен мақсаты.

2.         Аймақтық даму заңдылықтары

3.         Аймақаралық еңбек бөлінісін ұтымды ұйымдастыру

4.         Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әдіснамалық (методологиялық) негіздері

5.         Шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру түсінігі, мақсаттары

6.         Аймақтық дамуды әкімшілік және экономикалық реттеу.

7.         Экономикалық реттегіштер қызметінің принциптері

8.         Мемлекеттік және аймақтық деңгейлердегі бағдарламалардың атқарылу тиімділігі.

 

Лекция Х

Әлеуметтік үдерістер мен әлеуметтік сфераны мемлекеттік реттеу

§1 Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы

Экономиканы мемлекеттік басқару мен реттеудің қазақстандық үлгісі әлеуметтік бағдарланған, өйткені мемлекеттің экономиканы дамыту бойынша шараларын алып қарайтын болсақ олардағы әлеуметтік аспектілердің айқын көріністерін тапқан болар едік. Мемлекеттік реттеумен әлеуметтік үдерістер және құбылыстар арасындағы терең байланыстар мемлекеттің экономикаға әсерінің мақсаттары, міндеттері және функцияларынан туындайды. Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болса, онда әлеуметтік мәселелер, әрине басқару мен реттеудің анықтаушы қағидасы болып қала береді.

Мемлекеттік органдар әрдайым белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі тиіс және экономиканы әлеуметтік мәселелерді шешуге тұрақты түрде бағдарлануы қажет.

Заманауи экономикалық ғылым мен теорияда «әлеуметтік бағдарланған экономика», «әлеуметтік бағдарланған рыноктық шаруашылық» деген түсініктер қалыптасып үлгерді.

Ғылыми айналымға соғыстан кейінгі Германия экономикасының реформаторы Людвиг Эрхард өзінің «Әл-ауқаттылық баршаға» (Благосостояние для всех) кітабында көрсеткен бұл категориялар дербес құрылымы, табыстарды бөлу әдісі, мемлекеттік басқарудың мақсатты бағдары бойынша халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге қызмет ететін экономиканы сипаттайды.

Қазіргі мемлекеттердің ешқайсысы да халықтың өмір сүру жағдайы, жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік сақтандырылуы туралы толық жауапкершілікті өз мойнына алмайды, ол міндетті де емес. Елдегі әлеуметтік болмыс сипаты, әлеуметтік игіліктер және тауарлар мен қызметтер үшін толық жауапкершілікті болатын патерналистік концепцияның (әкелік қамқорлық тұжырымдамасы) негізі жоқ және ешқандай экономикада жүзеге аспайды. Ал, рыноктық экономикада бұл концепцияны тіпті де қабылдауға келмейді.

Әлеуметтік сұраныстар мен қажеттіліктер азаматтардың өздерінің, отбасының, үй шаруашылығының, адамдар жұмыс істейтін ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, қоғамдық демеуші қорлардың және соның ішінде мемлекеттің қамқорлығы негізінде атқарылуы тиіс.

Мемлекет әлеуметтік үдерістерге әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыруды, мемлекеттік қаржы көздерін пайдалануды, мемлекет функциясынан туындайтын жалпы әлеуметтік саясат жүргізуді өзінің ресурстық мүмкіндіктеріне сәйкестендіреді. Мемлекеттің әлеуметтік экономикаға қатысу деңгейі елдің қоғамдық-саяси құрылысына, мемлекеттің құрылымына және ағымдағы экономикалық жағдайына байланысты.

Айта кететін бір жәйт, әлеуметтік үдерістерге мемлекеттің әсері тек қана халықтың аз қорғалған тобын экономикалық қолдау, әлеуметтік сфера мен әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландырумен бітпейді. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, сонымен бірге ел Конституциясы, қолданыстағы заңдардың кепілдігіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандығын қамтамасыздандыру болып табылады.

Әлеуметтік саясатты қалыптастырып, жүзеге асыруға мемлекеттің қатысуы қажеттілігі мемлекеттің әлеуметтік миссиясы (парызы) ғана емес. Мәселе әлеуметтік объектілердің өндірістік, сауда объектілері сияқты табыс, пайда түріндегі экономикалық түсім әкелмейтіндігіне барып тіреледі. Сондықтан әлеуметтік объектілерді коммерциализациялау кәсіпкерлік қызмет аясынан тыс қалады, дегенмен кейбір жағдайларда әлеуметтік тиімділіктің экономикалық тиімділіктен басым түсіп жататын кездері де аз емес.

Қазіргі қазақстандық тәжірибеде әлеуметтік жаратылыстағы объектілерді коммерциализациялау мен жекешелендіру оларды табиғатына сай пайдаланбау немесе әлеуметтік өнімге қатардағы тұтынушылардың қолы жете бермейтін жоғары, рыноктық бағалар тағайындау сияқты келеңсіздіктер жиі кездеседі.

Көрсетілген ерекшеліктерге байланысты мемлекет бір жағынан әлеуметтік объектілерді реттеуі тиіс және міндетті, екінші жағынан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік объектілерді тікелей немесе жанама түрде қаржыландырудың едәуір бөлігін өзіне жүктеуге мәжбүр.

Реформалардан кейінгі Қазақстанда рыноктық қатынастар орнығып мемлекет экономиканы «жоғарыдан төмен, төменнен жоғары» басқарудан қол үзген соң, бағалардың көбісі «өз бетінше» кетіп, мемлекеттің әлеуметтік функциялары әлсіреді. Сондықтан мемлекет қалыптасқан жағдайларға сәйкес әлеуметтік саясат саласында арнайы шаралар жүйесін қолдануы тиіс болды. Олар келесідей:

-                             әлеуметтік әлсіз, халықтың кедей топтарын мемлекеттік қолдау;

-                             жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жүйесін енгізу;

-                             міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құру;

-                             әлеуметтік сфера салаларына (мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт т.с.с.) салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар (преференциялар) беру;

-                             тұрғын үй-коммуналдық реформа жүргізу;

-                             шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;

-                             әлеуметтік бағдарланған мақсатты жобаларды жүзеге асыру;

-                             әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және т.б.

Әлеуметтік үдерістер мен экономика сфераларын мемлекеттік реттеу жүйесін жаңғырту бойынша жоғарыда көрсетілген шараларды талдап жасау мен күнделікті қолданысқа енгізу Қазақстанда үздік-создық жүргізілуде. Қоғамның мемлекетке жүктейтін әлеуметтік тапсырыстары мен оларды қанағаттандыру бойынша мемлекеттің нақты ресурстары арасында алшақтықтар байқалады.

Жаппай мемлекеттік билеп-төстеудің нәтижесі ретіндегі әлеуметтік психология қалыптастырған қоғамдық менталитет (болмыс) жетістікті азаматтардың өзін-өзі ұйымдастырушылық формаларының іс жүзінде болмауы әлі де болса барлық ірі әлеуметтік проблемаларды қазақстандық мемлекет шешуі тиіс және ол соған міндетті деген масылдық көзқарастан арылта қойған жоқ. Екінші жағынан рыноктық қатынастар жағдайына әлеуметтік бағдарланған Қазақстан экономиканы басқару, реттеу үдерістеріне қанық әлеуметтік рең (түр, сипат, мазмұн деген мағынада) береді деген үміт те жоқ емес. Әрине, үмітсіз-шайтан, дегенмен рыноктық қатынастар бастамашыл, жігерлі адамдарға көптеген артықшылықтар беретінін де естен шығармаған мақұл.

Информация о работе Лекция грэ