Курстык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 12:54, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
ІІ Қазақстандағы муниципалдық ЖЕРЛЕРДЕ көліктік басқару
2.1Қазақстан Республикасының көлік байланысы, басқарылуы
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты
ІІІ КӨЛІК КЕШЕНІН МУНИЦИПАЛДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жолаушы көлігінің муниципалды баскарылуын жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту
3.2 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

белгыбаев.doc

— 295.50 Кб (Скачать)

       Алматы қаласының көлік сызбасын кезең-кезеңмен заман талабына сай жүзеге асыру:

–           1 – кезең: даңғыл жол салу және АЖЖК жобалау кезеңі:

–           қайталама көшелердің инженерлік желілерін қайта жаңарту және ол жердегі АЖЖК желісінің құрылысы кезінде магистралдардан көлік ағындарын соларға аудару үшін техникалық жағдайын анықтау және талдау;

–           қайталама көшелерде жол төсемдері жұмысын арттыру бойынша жобалар әзірлеу;

–           қайталама көшелерде жол қозғалысының техникалық реттеуін қамтамасыз ету;

–           АЖЖК құрылысы мен оны пайдалану мақсатында ҚЖК бағыт желісін құру тұжырымдамасын әзірлеу және орындауға қабылдау.

–           2 – кезең: АЖЖК құрылысы:

–           АЖЖК құрылысы жүріп жатқан кеңістікте уақытша ҚЖК бағыттарының жұмысын қамтамасыз ету:

–           қаланың барлық аудандары мен нысандарында көлік қол жетімділігін қамтамасыз ету;

–           қаланың барлық аудандары мен қала шетінен АЖЖК-не қол жетімділігін және барынша пайдалану тиімділігін қамтамасыз ететін бағыт сызбасын (автобус, бағыт таксилері, троллейбустар мен трамвайлар) әзірлеу;

–           АЖЖК-нің кеңістіктен тыс қызметінің және олардың АЖЖК желісімен байланысты негізгі автобус бағыттары;

–           АЖЖК-нің стансалары мен стансааралық өткел қызметі үшін жеткізуші бағыттар;

–           автомобиль көлігінің паркі және жылжымалы құрамының құрылымы;

–           қалалық электркөлігінің (троллейбустар мен трамвайлар) негізгі бағыт желісі;

–           көше-жол желісін және аялдама кешендерінің АЖЖК және ҚЖК түрлері байланысының белгілі бір аумақ орнын анықтау;

–           жобалар әзірлеу, көшелерді тесу және кеңейту, көше-жол желілерінде АЖЖК дәстүрлі ҚЖК түрлерімен қызмет көрсету үшін жол төсемдері жұмысын күшейту және ҚЖК жұмысын ұйымдастыру;

–           қала сыртылық қатынасы жолаушылар шоғырланған торабының құрастыруына кірісу;

–           ҚЖК жаңадан құрылып жатқан бағытының троллейбус және трамвай желілерінің құрылысы жобасын әзірлеу және жүзеге асыру;

–           АЖЖК-нің қажеттілігі үшін тиісті жер бөлуді және көше-жол желісін қайта құруды қамтамасыз ету.

–           3 – кезең: АЖЖК желісін пайдалануға енгізу:

–           АЖЖК бағытын қайталайтын ҚЖК бағыттарын (автобустар, бағыт таксилері, электркөлік) кезең-кезеңмен пайдаланудан шығаруды қамтамасыз ету;

–           тендер іс-жосығын өткізу, ҚЖК заман талабына сай бағыт желісінің қызмет көрсетуі бойынша шарт жасасу және жаңа бағыттарды пайдалануға кезең-кезеңмен өтуін жүзеге асыру;

    Қалалық дәстүрлі электркөлік түрлерін:

–           жылжымалы құрамды алу;

–           қалалық электркөліктерінің электрмен жабдықталған нақты желілерінің  құрылысы және қайта жаңарту;

–           жаңа троллейбус желісінің құрылысы (77 км);

–           трамвай жолдарын қайта жаңарту (45 км) негізінде дамыту.

Автокөлік құралдарының техникалық сипаттамасын және техникалық пайдалану мәселесін кесімдейтін нормативті-техникалық және басқа да құжаттарды жетілдіру/бейімдеу:

–           мемлекеттік стандарттар;

–           құрылыс нормасы және ережесі;

–           пайдалану Ережесі;

–           салықтың экономикалық реттеушісі (салықтар, кеден бажы, сақтандыру төлемдері т.с.).[17]

Қалааралық көлік байланыстарын дамыту және жетілдіру, көше-жол жүйесінің жекелеген элементтерінің өткізу қабілеттілігін көтеру. Құптауға болатын көлік жағдайларын сақтау үшін жыл сайын нақты көшелерді күрделі жөндеу және жаңа көшелер құрылысы, тұйық көшелерді тесу, сондай-ақ көлік жол айырымының құрылысынан тұратын көше-жол желісін көркейту бойынша жұмыс жоспары құрастырылады. Бұдан басқа Бағдарлама аясында зерттеу өткізіледі, жобалар әзірленеді және АЖЖК желісінен жырақ қайталама-көшелері мен қалалық жолаушылар көлігінің келешек негізгі бағыттарына күшейту жүргізіледі. Жұмыстың жорамалданып отырған ауқымы көшелердің жекелеген телімдерін кеңейту, жол төсемдерін қайта қалпына келтіру және күшейту, жол қозғалысының техникалық реттеу қосымша нысандарының құрылысы, ҚЖК-нің басымды қозғалысын ұйымдастыру болып табылады.

Құрылыс салынып жатқан аудандарда автотұрақтар құрылысы үшін жер бөлу басымдылығы ұйымдастырылады.

Автомагистралдарда орналасқан тапшылық нысандарының иелері көшелердің және автомагистралдардың көлік жүрмейтін бөлігінде                (жеке меншік аумақтары немесе қосымша жер телімдері есебінен) автокөлік тұрақтарын ұйымдастыру мүмкіндіктерін іздестіруге міндетті болады.

Салынатын / қайта салынатын нысандар құрылысында жаңа,   сондай-ақ нақты тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік және басқа да нысандарды қайта салуын жобалауда және салуда міндетті түрде жер асты немесе көп деңгейлі автотұрақтарын салу бойынша талаптары қарастырылады.[18]

Қаланың батыс аудандарында көп деңгейлі автотұрақтар немесе жер асты тұрақтары құрылысын қоса алғанда қайта жаңарту есебінен автотұрақтар сыйымдылығын көтеру мәселесін шешу мақсатында нақты тұрақтарды тексеру жүргізіледі.

Қаладағы пайдаланылатын автомобиль парктерін қысқартуға бағытталған қалаға басқа қаладан келетін автомобильдердің кіруіне шек қою шаралар кешенін жүзеге асыру және Алматы қаласында коммерциялық істерін тыю бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Біріншіден, жобалау-іздестіру жұмыстары әрі қарай жалғасады, жоба-сметалық құжаттар дайындалады және Алматы қаласының айналасында айналма автомагистралдар құрылысы басталады.

Екіншіден, сыйымдылық терминалдарын (жүк және жолаушылар) қалаішілік аймақтардан түкпірге немесе қала сыртына  қайта орналастыру бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық кешен жұмыстары орындалады.

Үшіншіден, жылжымалы құрамы Алматы қаласында тіркелмеген тасымалдаушылардың қалаішілік нарығына қол жетімділігінің құқықтық негізі дайындалады және іс жүзіне енгізіледі.

Жол қозғалысын реттеу жүйесі қаржыландырудың қажетті ауқымын қайта қарау, жол қозғалысы техникалық реттеуінің қазіргі заманғы құрал-жабдықтарын енгізу, автоматтандырылған жүйеге бағдаршам нысандарын көптеп тарту, автоматтандырылған басқару жүйесінің (АБЖ)  материалдық және бағдарламалық қамтамасыздығының дамуы мен көлік ағындарының жай-күйін бақылау, талдау,  болжау жүйесін ұйымдастыру жолымен дамиды.

Қалалық жолаушылар көлігі жүйесін жетілдіру Алматы жүрдек жолаушылар көлігі (АЖЖК) және қалалық электркөліктері дәстүрлі түрлерінің дамуы жүйесінде жүргізіледі. АЖЖК жүйесі құрылып жатқан метро желісінің негізігі элементі ретінде пайдаланылады. АЖЖК желісінің техника-экономикалық негізі жетілдіріліп, сараптамадан кейін бекітілген заң тәртібі бойынша жоба әзірленеді және кезең-кезеңмен жүргізілетін құрылысы жүзеге асырылады. Берілген жобаны жүзеге асыруда мемлекеттің және сыртқы салымшының қатысуы болжанып отыр.[19]

Жолаушылар ағынын зерделеу қалалық жолаушылар тасымалдау мәселелеріне құзырлы жергілікті орындаушы органдармен, тасымалдаушылар және зерттеу ұйымдарымен тығыз қарым-қатынастықта нақты бақылау жолымен жүзеге асырылады.

Алматы қаласы аймағындағы көлік ағындарының жай-күйін бақылау және жүйелі талдау жасау тұрақты түрде ұйымдастырылуы керек. Көлік стратегиясы аясындағы бағдарлама мақсаттарына қол жеткізу үшін Алматы қаласындағы қажетті материалдық-техникалық, нормативтік-құқықтық, әкімшіліктік және мемлекеттік қолдаудың басқа да тетіктері, сондай-ақ қазіргі заман мегаполистері көлік мәселелерін шешуде бай тәжірибесі бар халықаралық консалтингтік  компанияларының көмегі тартылуы қажет.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жаһандану жағдайында Қазақстанның  кең байтақ  аумағын ескере отырып,  экономиканың және мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігі  көбіне көлік салсының тиімді  қызметіне  байланысты болады. Соңғы жылдары көлік кешенінің құрамдас бөлігі ретіндегі Қазақстанның жолаушы айналымы күннен-күнге өсіп келеді, темір жолы, әуе жолы және автомобильдік тасымалдар ең қажетті қызмет түріне айналды. Орындалатын көліктік қызметтердің сапасына қойылатын талаптың өсуі жолаушыларды тасымалдауға кететін уақыт және ақша қаражаттарының шығынын жүйелендіру және оңтайландыру қажеттілігін туындатып отыр.

Мемлекеттік көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары технологиялық көлік инфрақұрылымы отандық тауарлардың, қызмет көрсетулердің және  тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдігі болып табылады. Қазіргі жағдайда көлік саласы Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Республиканың қалалары мен  елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік мемлекеттің аумақтық және әкімшілік  тұтастығын қамтамасыз етуде, оның қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігінде де негізгі рөл атқарады.

Қазіргі кезде жолаушы тасымалдау көлігі саласы мен негізгі құралдарының жай-күйі мемлекет пен жеке меншік сектор тарапынан көлемді инвестицияларды талап етеді. Тасымалдаудың бәсекелестік нарығын дамыту үшін инвестициялар салу мен қолайлы жағдайлар жасау арқылы инфрақұрылымды қалпына келтіруге және жылжымалы құрамды жаңалауға мүмкіндік туады.

Көлік жүйесінің дамуын және жұмыс істеуін басқаруда, сондай-ақ әртүрлі көлік түрлерін үйлестіру мен өзара әрекет етуінде қажетті кешенділік жоқ. Қазақстанмен бүгінгі күні қол қойылған халықаралық көлік келісімдерінің болашақтағы үлкен маңыздылығын есепке ала отырып, Үкімет ұқсас интеграциялық үрдістердегі Қазақстандық ұстанымдарды нығайту үшін халықаралық ұйымдармен үнемі жұмыс істей беруі қажет деп есептейміз. Сонымен қатар, мемлекеттің жалпы экономикалық өсуін тұрақты қамтамасыз етуге қабілетті барлық тік-көлбеу инфрақұрылымдарының болашақтағы теңестірілуінің бастапқы кезеңі – ақпараттық технологиялардың дамуы болып табылып отырғандықтан, ақпарттық технологияларды ендіру басқару органдарын да қоса отырып, барлық салалардың дамуының әлеуетті бағытына айналуы керек деп ойлаймыз.

Қазіргі кезде жолаушы тасымалдау салаларын әлеуетті дамытуды 8 негізгі факторлар анықтайды: институционалдық қайта құрулар, көлік инфрақұрылымының дамуы, көлік қызметтерінің нақты нарығы мен бәсекелестікті дамыту, құқықтық реттеудің құралдарымен қаматамасыз етілгендігі, жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың тиімділігі, әлемдік көліктік жүйеге интеграциялану деңгейі және транзиттік әлеуетті пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігі, байланыс пен ақпараттың қазіргі кездегі технологиялармен және құралдармен қамтамасыз етілгендігі.

Мемлекеттік реттеудің негізінде нарықтың барлық субъкетілері үшін теңдей  көлік қызметтерін білдіретін еркін кәсіпкерлік қызметтің бастапқы қағидасы сақталынуы тиіс. Негізгі реттеу құралы ретінде нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі

 

1.      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға  арналған бағдарламасы. Егемен Қазақстан,1 сәуір. 2006 жыл.

2.      Назарбаев Н.Ә "Қазақстан -2030. Барлық Қазақстандықтардың  өсіп- өрлеу, қауіпсіздігі  және  әл ауқатының артуы туралы". Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан 1997ж. 11 қазан.

3.      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан  Республикасының  2015 жылға дейінгі  көлік стратегиясы.

4.      Қазақстанның статистикалық жылнамасы. – Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2005.-570-б.

5.      Қазақстанның статистикалық жылнамасы. – Алматы: ҚР Статистика бойынша Агенттігі, 2006.-560-б.

6.      1999-2005 жылдарға Қазақстан Ұлттық банкісінің  Хабаршысы. – Алматы.

7.      Ахметов Ж.А., Даубаев К.Ж. Международные транспортные коридоры: перспективы Казахстана. Алматы, АТЭС, 2001. – 489 б.

8.      Смирнов С. Транспортный комплекс Казахстана: состояние, проблемы, возможности./Транзитная экономика. 2004 ж. №3. 47-43-б.

9.      Азовский И., Щербанин Ю. Транспортные проблемы в российско-китайских экономических отношениях//Пробл. Дал. Востока. – М., 1999. - №5. – 28-35-б.

10. «Транспорт Республики Казахстан» статистикалық жинағы. Алматы, 2005ж.

11. «Основные показатели работы транспорта и связи Республики Казахстан» статистикалық жинағы. 10-ші сериясы. Көлік және байланыс. 2005 ж. қаңтар-желтоқсан. Алматы. – 2006 ж.

12. Бражников М. Экспорт казахстанской нефти: Тенгиз – Новороссийск. Континент. 2001. №7.

13. Бражников М. Маршруты, которые мы выбираем. Континент. 2005. №10.

14. Бекмаганбетов М.М. Современные приоритеты в развитии транспортной системы Республики Казахстан. Алматы, АИЭС, 2005.- 489 б.

Информация о работе Курстык жумыс