Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 12:54, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
ІІ Қазақстандағы муниципалдық ЖЕРЛЕРДЕ көліктік басқару
2.1Қазақстан Республикасының көлік байланысы, басқарылуы
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты
ІІІ КӨЛІК КЕШЕНІН МУНИЦИПАЛДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жолаушы көлігінің муниципалды баскарылуын жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту
3.2 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Көлік және комуникация министірлігі | Қаржы министірлігі
| Табиғи монополияларды реттеу агенттігі | Экономика және бюджеттік жоспарлау |
Көлік саласын дамыту комитеті: -Көлік саласының ұзақмерзісдік даму стратегиясын жасау -Монополияға қарсы реттеуді жетілдіру -Тарифтік – бағалық реттеу -Бәсекені дамыту -Мемлекет мүлкін басқару -Инновация мен қаржы инвестиция ісін жетілдіру -Мемлекеттің көлік қызметі нарығының ісіне қатысуы -Ішкісалалық және салааралық нығаю және т.б.
|
Басқа салалар |
Көлік саласы | |
Теміржол көлігі | Автомобиль көлігі |
Әуе көлігі | Су көлігі |
1 сурет - Көлiк саласын ретгеудiң құрылымдық-ұйымдастыру сұлбасы
Ескерту: «Транспорт Республики Казахстан» статистикалық жинағына негізделген. Алматы, 2009 ж.
Реттеудiң басты құралдары ретiнде, мемлекеттiң қатысуын оңтайлау мақсатында нормативтi қүқықтық қамсыздандыруды пайдалану керек. Бұнымен бiрге оларды жетiлдiрудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болады:
- көлiктiң жекелеген секторларындағы iс-әрекетiн нормативтi қүқықтық қамтамасыз етудi жасау;
-тасымалдау қызметi нарығында монополиялық жағдайды иемденiп отырған көлiк салаларын қайта құруды ары қарай жалғастыру;
-тасымалдау қызметiне сұранысты төлеу мүмкiндiгiн қанағаттандыра алатын және тасымалдау шығындарын төмендетуге алыш келетiн, сондай-ақ айналымға түсiру үшiн, тасымалдау құралдарының парктерiн жаңғыртуға қаржы жинақтауға мүмкiндiк туғызатын тариф саясатын жетiлдiру;
-қызмет көрсетуге құқық беретiн қалалық және аймақтық, қалааралық сонымен қатар халықаралық қатынастар бойынша тендiрлiк ережелердi қүқықтық бекiту;
-жекеменшiк және ақылы автомобиль жолдарын салу және ұйымдастырудың қүқықтық базасын жасау;
-қазiргi заман тасымалдау технологиясы- логистика және мультимодельдiк тасымалдау тағы басқалардың нормативтiк құқықтық негiздерiн және iс-әрекет тетiктерiн жасау;
-инвестиция, лизинг, концессия секiлдi т.б. тартудың заманалық
ережелерi мен оларды құқықтық реттеудiң тетiктерiн жасау;
-тасымалдаудың кейбiр түрлерiн лецензиялау тәжiрибесына қайта оралып, олардың iс-әрекетiнiң қауiпсiздiгiн сақтау және сапасын арттыру мақсатында оларға қаржылық "ашықтық" және жүзеге асыруда құзыреттілігін қамтамасыз ету;
Барлық тасымалдау iс-әрекетiн шектейтiн заңшығарушы және нормативтi актiлер, олардың құкықтық негiздерi халықаралық кұқық талаптарына сай немесе соған жақындастырылып жасақталуы тиiс, сонымен бiрге Қазақстан Республикасы мүше ретiнде қабылданған халыкаралық үйымдардың да қүқықтары мен талаптары ескерiлуi керек;
Мемлекеттiк реттеудiң басқа бiр құралы, бiз жоғарыдағы бөлiмдерде айтып өткен, әкiмшiлiк реттеу болады. Бүл аспектiден алғанда Көлiк саласын дамытуды үйлестiру жөнiндегi комитетi оның неriзгi қызметi болуы керек:
- көлiк және коммуникация Министрлiгiнiң басқару iс-әрекетiн кешендi
дамытуды камтамасыз ету және көлiк секторының бiрыңғай тасымалдау
саясаты мен жүйесiнде барлық iс-әрекетiн үйлестіру мақсатында оңтайлау;
- тасымалдауды басқарудың аймақты органдарының қауiпсiздiктi қамтамасыз ету сферасындағы қызметiн қалыптастыру және күшейту, лицензиялау мен сертификаттау, аймақтық бағдарламаларды және саланы дамытудың республикалық бағдарламасы мен ұсыныстарын әзiрлеу, олардың жүзеге асуын, сондай-ак бюджеттен бөлiнген қаржыны пайдалануын бақылау;
- сыртқы экономикалық iс-әрекетке тасымалдау саясатының мәселелерiнiң қалыптасуына мүдделi министрлiктер мен ведомостволардың қүзiретiн ажыратып және бекiтiп беру;
-аралас катынастардағы тасымалдаушы көлiк түрлерiнiң жүмысын бағдарлау, сонымен бiрге жаңа территорияларды игеруде көлiк түрлерiн дамытуды да бағдарлау және бар торабын қайта күру;
-логистикалык орталықтар мен экспедиторльщ компаниялардың рөлiн нығайту;
-республикадағы мемлекеттiк кәсiпорындарды ары карай оңтайлау;
Көлiк саласын дамытуды үйлестiру жөнiндегi комитетiнiң ықпал арқылы мемлекет тасымалдау қызметi нарығын мүмкiндiгiнше кеңейту мен жетiлдiруге жан-жақты күш салуы керек, iскерлiктi дамытуға және ашық бәсекелестiктi шығынды азайтудың қуатты факторы ретiнде дамытуы және тасымалдау қызметiнiң сапасын арттырып, әрбiр пайдаланушы өзiне керектi көлiк түрiнiң бағасын, оның сақталуын, қауiпсiздiгiн және әрдайым қызмет етiп отыруын ескере отырып, еркiн таңдап алуына шарт түзу.[13]
Көлiк саласын дамытуды үйлестiру жөнiндегi комитетiнiң ықпалы бойынша қызмет көрсету және жұмыс сапасының белгiлерi болып саналатын қолданыстағы мемлекеттiк стандартты қайта қарау, қайта жасау талабы койылады, сонымен катар көлiктiк-экспедиторлық қызмет көрсетудегi тараптардың құқығы мен мiндеттерiне кепiлдiк беретiн кодекс және жарғылар, көлiк түрлерiне қатысты бiрiктiрiлген ережелер қабылдау қажет. Тасымалдау сервисiнiң сапасының бiрыңғай кешендi көрсеткiштер жүйесiн бекiту және оларды бағалау әдiстерiн, мемлекеттiк бақылау тетiктерiн түзу мен тұтынушылардың қүқығын қорғау, кәсiпорындарды мiндеттi түрде сертификациялауды жүргiзу әдiстерiн жасау, сондай-ақ сапаны басқарудың типтiк бағдарламасын жасау қажет.
Көлік стратегиясы шеңберінде 2006-2012 жылдары республикалық маңыздағы автожолдарына 830 миллиард теңге, жергілікті маңыздағы жолдарға 271 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады. Бұл қаржыға 25,6 мың шақырымдық республикалық маңыздағы жолдар, 18 мың шақырымнан астам жергілікті маңыздағы жолдар жөнделеді.
2 сурет - ҚР-ғы көлік инфрақұрылымының ақша қаражаты қажеттілігінің өзгеру динамикасы
Ескерту: Келимбетов К.Н. Стратегические направления развития транспортной инфраструктуры до 2010 года. Алматы, АИЭС, 2004. 489-б.
Көліктік инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары, әлеуметтік сала нысандарының орналасуы, функционалдық дамыту мен жоспарламалы инфрақұрылымды, нақты дамудың шеқараларын белгілейді. Техникалық-экономикалық негіздеменің екінші сатысы 2007-2015 жылдарды қамтиды және аймақтық дамудың мүмкіндіктері мен ұзақ мерзімдік болжамдарын анықтайды.[14]
3 сурет - 2007-2015 жылдарға арналған қаржылай қажеттілігі мен жаңартуға арналған динамикалық көрсеткіші
Ескерту: Бекмаганбетов М.М. К проблеме развития транзитного потенциала Казахстана. / Транзитная экономика 2005ж. №4. 16-30-б.
Көлік стратегиясы шеңберінде Алматы қаласының бұдан әрі дамуының нақты алғышарттары – қала тұрғындарын көбейту және олардың әл-ауқатын жақсарту, қаланың және оған шектес аудандарының қаржылық, өнеркәсіптік және парасатты әлеуетін өсіру болып табылады.
Берілген алғышарттар және жоғарыда аталған үдерістердің дамуы Алматы қаласы көлік жүйесі жұмыс тәртібінің дағдарыс режіміне өту, қаладағы көлік қозғалысының орташа техникалық жылдамдығының төмендеу, автомобиль шиеленісі мен тығындары санының өсуі мен жалғасу, көліктің ұзақ уақыт бойы болмау қаупін туғызып отыр. Мұндай жағдайда Алматы қаласы тұрғындарының жүріп-тұру еркіндігіне, денсаулығын және өмірін сақтауға әлеуметтік құқықтарының кепілдігін беру мүмкін емес.
Қалааралық көлік байланыстарын дамыту және жетілдіру, көше-жол желісінің жекелеген элементтерінің өткізу қабілеттілігін көтеру. Бұл іс-әрекеттер негізін:
– дамып келе жатқан аймақтарда жаңа көшелер мен даңғылдар салу құрылысы;
– қолдағы бар көлік байланыстарын қайта жаңарту және құрылыс жүргізіліп жатқан аудандарда жаңа көлік байланыстарына қол жеткізу;
– көлік жолайырымдарының құрылысы құрауы қажет.
Автотұрақтандырудың және автомобильдерді сақтаудың қазіргі заманға сай тәсілдерін:
– жер асты және көпярусты автотұрақтар құрылысы есебінен нақты автотұрақ орындарының жүйесін оңтайландыру және заман талабына сай ету;
– автокідірістер мен автотұрақтарды аймақтан тыс шектесетін көшелер мен алаңдарда міндетті түрде жайластыру арқылы тартылыс нысандары құрылысын (сауда, мәдени-ойын-сауық, спорт нысандары, бизнес-құрылым т.с.с) іс-жүзіне енгізу;
– құрылыс жүргізіліп жатқан аудандарда автотұрақтар үшін жер бөлу басымдылығын ұйымдастыру жолымен енгізу.[15]
Қала аймағына басқа қаладан келетін автомобильдердің кіруін, сондай-ақ Алматы қаласы аймағында олардың коммерциялық пайдалану ісіне кедергі келтіруді шектеу шаралар кешенін:
– айналма магистралының автосервистік және басқа да қызметтеріне қажетті қолайлы жағдайлары жасалған барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған құрылысын;
– басқа қаладан келіп, қалаға кіргізілетін және тасып әкелінетін жүктер үшін қалаға кіретін жерде қоғамдық жалпы халықтық көлік қызметін, сондай-ақ басқа да сервис қызметтерін ұсыну арқылы терминалдық кешендерін ұйымдастыру;
– Алматы қаласында басқа қала автомобильдерінің коммерциялық пайдалану ісін шектейтін (Қазақстан Республикасы «Алматы қаласының ерекше жағдайы туралы» Заңының барлық күшін пайдалану арқылы) нормативтік және құқықтық құжаттарының әзірлемесін енгізу арқылы іс-жүзіне асыру.
Жол қозғалысын реттеу жүйесін келесі бағыттар бойынша дамыту:
– жол қозғалысын реттейтін техникалық жабдықтарды сан жағынан өсіру және сапалы жетілдіру;
– жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің қолдану саласын заман талабына сай жетілдіру және кеңейту;
– жол белгілері мен жол таңбаларын құру және жаңарту;
– арнайы таңбалық техниканы және оның шығыс материалдарын алу.
Қалалық жолаушылар көлігі жүйесін (жеке меншік автомобильдерді пайдалану баламасы түрінде):
Бағдарламаның қалалық жолаушылар көлігі бойынша жекелеген кезеңдерін жүзеге асыру үшін қаржыландыру көздерін және қаржы салымшыны анықтаудың, Алматы жүрдек жолаушылар көлігі (АЖЖК) құрылысы кезеңінде қала көлік жүйесінің тұрақты қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысын қаржыландыруды ашудың көлемін нақтылау.
Алматы қаласы аймағында және Алматы облысының қалаға шектесетін аудандарында жолаушылар ағынын жүйелі және нақты зерделеуді ұйымдастыру негізінде жетілдіру, оның ішінде:
– АЖЖК бағытынан басқа жолаушылар ағыны бойынша мәліметтерді анықтау және үнемі күн талабына сай келтіру;
– АЖЖК бағыты қызметінің кеңістіктен тыс жердегі жолаушылар ағынын зерттеу;
– АЖЖК бағыты қызметінің кеңістіктегі және кеңістіктен тыс жердегі жолаушылар ағынының біріккен әрекетін зерттеу;
– АЖЖК желісін кезең-кезеңмен пайдалануға енгізгеннен кейінгі көлік ағынының болжамын және ҚЖК қызметіне сұранысты жүзеге асыру;
– АЖЖК және ҚЖК-нің дәстүрлі түрлерін әрі қарай дамытудың келешек бағыттарын анықтау.[16]