Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 12:54, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
ІІ Қазақстандағы муниципалдық ЖЕРЛЕРДЕ көліктік басқару
2.1Қазақстан Республикасының көлік байланысы, басқарылуы
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты
ІІІ КӨЛІК КЕШЕНІН МУНИЦИПАЛДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жолаушы көлігінің муниципалды баскарылуын жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту
3.2 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Әлемнің көптеген елдерінде темір жол көліктің басқа түрлері тарапынан бәсекелестікті сезінуде, ал бұл теңіз, құбыр және автомобиль қатынастары инфрақұрылымының дамығанын көрсетеді.
Темір жол транзиті мемлекет аралық және халықаралық тасымалдарды атқаруда Республиканың экономикалық өмірінде басты рөл алады және еліміздің еркін нарықтық экономикаға өтуіне ықпалын тигізеді. Темір жол көлігі Республиканың жекелеген аймақтарын ғана емес, сонымен қатар өндіріс түрлерін де сырқы экономикалық кеңістікке шығара отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынасын дамытумен қоса, елдің әлемдік экономикаға интеграциялануына мүмкіндік береді.[3]
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
Кез келген елдің экономикалық даму процестерінде, мемлекет ең алдымен билік құрылымы ретінде орын алуы тиіс, ол нарықта шаруашылық субъектілерінің жүргізілу тәртібіне қатысты ережелер белгілейді және нарықтық субъектілердің қызмет ету жағдайына қатысты ынталандыру механизмі мен өзінің міндеттемелік жазбаша өкімінің көмегімен әсер етеді. Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы тезис аксиома болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік реттеу осы немесе өзге деңгейде болса да, қоғамның өмір сүру қызметінің барлық саласын қамтуы, экономиканың барлық саласына, сондай-ақ көлік жиынтығына да қаты-сты болуы тиіс. Колік қызметін мемлекеттік рет-теу қажеттілігін қамтитын бірқатар факторлар бар. Бұл факторлар әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процестерге, қоршаған ортаға көліктің әсер етуіне, қоғамның қауіпсіздігіне байланысты. Көліктің негізгі операцияларын келесідей реттеу қажет:
- көлік коммуникациялары бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің мүддесінде;
- қоршаған ортаға көліктің жағымсыз әсер етуін төмендету және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында;
- көлік жүйесінің кабілеттілігінде экономикалық қауіпсіздікті сақтау мүддесінде ішкі және сыртқы тасымалдауға елдің қажеттілігін қамтамасыз ету, елдің экономикалық біртұтастығын қолдау.
Сонымен қатар көлік төтенше жағдайларды жою кезінде орталық буын болып табылады және елдің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Кейбір жағдайларда көлік мекемелері нарықта монопольдік орын алады. Бұл көлік қызметтерін тұтынушылардың қызметіне монопольдік жағдайдың жағымсыз әсерін шектеу мақсатында, оның қызметін реттеу қажеттілігін тудырады. Көліктердің әртүрлерімен өзара алмасудың жоғары болуына байланысты, көлік нарығы бәсекелестік күресі тығыздығының жоғары болуымен ерекшеленеді. Көлік нарығында аралық бейне және ішкі бейне бәсекелестігінің үнемі өсуі әртүрлі субъектілердің өзара әрекеттесу және қызмет ету ережелерін сақтауға бақылау орнатуды меңзейді. Келік қызметінде қолданылатын инфрақұрылымды қалыптастыру, әдетте шығындардың жоғары болуымен байланысты. Бұл көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын салуды қаржыландыруда мемлекеттік қатысу қажеттілігін және жұмсалған мемлекеттік шығындарды тікелей немесе жанама өтелуі мақсатында, олардың қызмет етуін әрі қарай реттеуді көздейді. Көлік халықаралық өзара әрекеттесудің негізі болып табылады, мемлекеттік келісім қажеттілігін және олардың сақталуына әрі қарай бақылау орнатуды аддын ала айқындайды. Сонымен қатар, қазақстандық көлік мекемелерінде бәсекелестік қабілетінің жеткілікті деңгейде төмен болуы жағдайында, ішкі, сондай-ақ халықаралық көлік
нарығында отандық тасымалдаушылардың қүқы мен мүддесін қорғау қажетгілігі туындайды. Ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық бөлігі бола отырып, көлік бірмезгілде оны дамыту тұғыры ретінде орын алады. Бұл, мемлекет тарапымен жағымды экономикалық, занды және ұйымдастырушылық шарттарды қалыптастыру қажеттілігі көлік жүйесінің дамуын алдын ала айқындайды. Қазақстан Республикасында, оның аймақтарының кең көлеміне байланысты, көлік шығындары өнімдердің басым бөлігінің соңғы құны айтарлықтай үлкен шаманы құрайды. Бұл көлік саласында құнсыздану процесін үдетуші болады. Осыған байланысты, экономикалық ахуалдың түрақсыздық шартында, көлік қызметтерінің тарифтерін реттеу қажет. Жоғарыда көрсетілген факторлар көлік жиынтығының мемлекеттік реттелуінің негізгі мақсаттарын айқындайды:
1. Көлік жиынтығы қызметінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету:
- аймақаралық экономикалық байланыстардың орнығуына, жалпы нарықтың қалыптасуына және дамуына қолдау көрсету;
- аймақтық жөне мемлекеттік мақсатты бағдарламардың іске асырылуына қолдау көрсету;
- экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тапсырмаларды шешуге қолдау көрсету.
2. Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету:
- халықтың белгіленген топтарының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларды орындау;
- көлікке қатысты тең құқықтан айыруды жою.
3. Шаруашылық қызметін үйлестіру:
- көлік қызметтері нарығының конъюктурасы, оны алдағы уақытта дамыту туралы деректер қорын өңдеу.
4. Бәсекелес ортаға қолдау көрсету:
- еркін бәсекелестіктің экономикалық және құқықтық шарттарын құру;
- көлік жиынтығы субъектілерінің экономикалық еркіндігін және олардың қызметінің нарықтық ынталандырылуын қамтамасыз ету;
- монополизммен күресу;
- қатаң бәсекелестіктің жағымсыз әсерін шектеу;
- кәсіпкерлік белсенділікті дамыту шаралары (қаржылық, салық);
5. Көлік жиынтығының мемлекеттік секторын басқару:
- мемлекеттік мекемелерді басқару;
- өзге де мемлекеттік меншікті басқару (құнды қағаздар, акция пакеттері, мемлекеттік несие қаражаттары).
6. Көлік жиынтығының қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету:
- автокөлік құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қолдану нормаларын сақтауды қамтамасыз ету.
7. Көлік жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету:
- көлік инфрақұрылымының және көлік құралдарының сенімділігін қамтамасыз ету;
- әртүрлі субъектілердің жұмысын тиімді басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз ету.
Көлік жиынтығын мемлекеттік реттеудің осы көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу нәтижесі, ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру, яғни барынша жоғары мақсатты жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс. Бұл ұйымдық құрылымдардың және реттеу әдістерінің жиынтығын ұғындырады, сондай-ақ келесі қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді:
- көліктің даму бағдарламаларын және статегияларын, қызмет жоспарларын және оларды іске асыру механизмдерін өндеуді қамту арқылы жоспарлау;
- көлік қызметін реттеу институттарын қалыптастыруды, міндеттер мен құзыреттілікті ұтымды бөлуді, реттеудің қоғамдық құрылымдарын (одақтар, ассоциациялар) құруға қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
- көлік жиынтығын реттеу процесіне қатысушылардың синхрондық іс-әрекетін және өзара байланысын қамтамасыз етуді үйлестіру;
- жоспарланған даму көрсеткіштеріне шығуды қамтамасыз ету үшін реттеу жүйесі элементтерінің қызметін бақылау, есепке алу, бағалау және түзету.
Қолданыстағы нақтылықты, оны жүзеге асырудың барынша ұтымды тәсілін ескере отырып, анықтау және ұйымдық құрастыру моделін таңдау көлік жиынтығын реттеудің тиімді жүйесін құрудың маңызды кезеңі болып табылады. Әлемдік және ҚР іс жүзіндегі тәжірибесі көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу жүйесіне қатысты үйым-дық қүрастыру моделі барынша жан-жақты екенін көрсетеді. Алайда, тандап алынған ұйымдық құрастыру моделіне қатысы жоқ, іс жүзінде, айтарлықтай барлық елдердің әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарының қарамағында мыналар орын алған:
- көлік жиынтығын дамытудың мақсатты бағдарламаларын және стратегияларын өңдеу, басымдылықты анықтау;
- көлік кызметтерінің халықаралық нарығында мемлекет мүдесін ұсыну;
- көлік инфрақұрылымын құру үшін мемлекеттік және жекеменшік секторының күштері мен қорларын үйлестіру;
- көлік жиынтығында жекеменшік инвестицияларын ынталандыру үшін жағдай жасау;
- көлік монополиясының тарифтерін реттеу және көлік қызметтеріне теңдей қол жеткізу жағдайын қамтамасыз ету;
- көлік мекемелерінің қызметтерін және көлік құралдарын пайдалану ережелерін қабылдау, олардың сақталуын бақылау;
- көлік жиынтығының мекемелері және ұйымдары үшін кадрлардың кәсіби дайындық жүйесін ұйымдастыруға қолдау көрсету.
ІІ. Қазақстандағы муниципалдық ЖЕРЛЕРДЕ көліктік басқару
2.1.Қазақстан Республикасының көлік байланысы, басқарылуы
Атап айтқанда, темір жол саласын қайта құрылымдау жұмыстары толығымен аяқталып, осы сала магистралды жүйесінің желісі жетілдіріліп келеді. Әсіресе “Достық” бекеті арқылы жүк өткізу қуаты арта түскен. Елімізде алғашқы рет қолға алынған Астана –Бурабай 6 жолақты автобанның құрылысы аяқталуға таяу. Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік автокөлік дәлізін салу жобасы жүзеге асырыла бастады. “Ақтау” халықаралық сауда портының тасымалы қуатын жылына 23 миллион тоннаға жеткізуге мүмкіндік туып отыр. Сол сияқты “Баутино” мен “Құрық” порттарын іске қосу қолға алынады. Ал ұлттық әуе тасымалының паркі жаңартылып, авиациялық қызмет көрсету еуропалық стандарттарға сәйкес болары да назардан тыс қалған жоқ. Жалпы көлемі 30 миллиард АҚШ долларын құрайтын 80 ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырса, биыл құны 125 миллиард теңгелік концессиялық жобалар бойынша байқау ресімдері аяқталып та қалған. 2008-2010 жылдары жүзеге асырылатын концессиялық жобалар құны 296 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы К.Есекеев “Электроны Үкіметті жүзеге асыру нәтижесі” атты баяндамасында электрондық жүйе бойынша құжаттар айналымы 25 мыңға жететіндігін мәлім етті. Қазір бұл көрсеткіш 14 мыңның деңгейінде екен. Төрағаның сендіруінше, жүйе куәландыру орталығынсыз жұмыс істемейді. Өйткені құжаттар электронды сандық қол қоюды куәландыру қажет. Келесі жылы азаматтарға осындай қол қою арқылы электронды қызметтер кеңінен көрсетіле бастамақ. “Ұлттық реестрлер туралы” Заңның күшіне енуіне орай жылжымайтын мүлік, жеке және заңды тұлғалар жөніндегі базалар ашылған. Енді азаматтар кімнің артында қандай жылжымайтын мүлік тұрғандығын еркін біле алады. Бұдан басқа да көптеген электронды көрсетулер жүзеге асырылады. Бүкіләлемдік Даму және қайта құру банкінің Астанадағы өкілі С.Шаталов Қазақстанға БДҚБ тарапынан 28 инвестициялық жобаға 2,5 миллиард доллар бөлінгендігін ерекше атап өтті. Соның басым бөлігі осы көлік саласына тиесілі. Бұдан басқа консультациялық-кеңестік қызметтер мен өзге де салаларда байланыстар орнаған. Еліміздегі Ислам даму банкі өкілдігінің директоры Ник Зайнал Абидин өз сөзінде Қазақстанның аймақтағы рөлін ерекше атады. Оның сөзіне қарағанда, еліміз инфрақұрылымды дамыту арқылы бүкіл аймақты өркендетуге үлес қосуда. Бұл аймақтық ынтымақтастықты алға жылжытып қана қоймай, сонымен қатар тиісті салалардағы байланыстарды да арттыра түседі. Осылайша Қазақстан 10 жыл ішінде алдағы 20 жылға дейінгі дамудың іргетасын қалап отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Ресей, Қытай және Еуропалық одақ сияқты елдер арасын байланыстырушы болып отыр. Осы ретте ИДБ Қазақстанға барынша қол ұшын беруге дайын, деді өкілдік директоры. Негізінен аталған даму институты Алматы – Астана, Астана – Қарағанды арасын жалғайтын жол құрылысы жобасына қатысқаны белгілі. Осындай жобаларға әрі қарай да көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірген исламдық банк өкілі Батыс пен Шығысты жалғайтын дәліздің құрылысына қатысуға да ниетті екендіктерін байқатты. Оның себебін ол аймақтағы Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдердің де дамуы қажеттігімен байланыстырды. “TERA Іnt. Grup” компаниясының (Орталық Азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастығының консалтингілік компаниясы) президенті Азил Гезен аймақтық көлік жүйесінің бәсекелестігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Достық – Алашанқай бағытында осыдан он жыл бұрынғы тасымалдың дәл қазіргідей ауқымға ие болғанына таңдана отырып, ол бұл көрсеткіштің 15 миллион тоннаға жеткенін ерекше екпінмен атап өтті. Аталған аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымына елімізден өзге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Әзірбайжан және ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы кіреді. Сондықтан да мұндай аймақтық көліктік жүйе инфрақұрылымының дамуы еліміз үшін ғана емес, осы аталған елдер үшін де тауарлар алмасуға серпін береді.
Мәжіліс барысында белгілі болғандай, инфрақұрылымды біртұтас транзит жүйесіне айналдыру мақсатында, “Бәсекелестікке қабілетті 50 елге апаратын жол” атты инфрақұрылымдық мегажобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оны Көлік және коммуникация министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп дайындаған. Соңынан сессиялық мәжіліс қорытындысы бойынша қарар қабылданды.
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты
Еліміздің 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Мұнымен қоса, саланың алдындағы ірі міндеттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы ақпан айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кеңінен көрсетілген. Таяуда осы міндеттердің жүзеге асырылу барысы жайындағы мәселе министрліктің алқа мәжілісінде қаралды.
Жолдауда «Теміржол және автомобиль инфрақұрылымдарын салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет» деп атап көрсетіліп, автомобиль жолдарын дамытуға байланысты нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасына сәйкес, атқарылатын істер көрсетілді. Биыл осы іргелі жұмыстарды орындауға кедергі болып жүрген заңнамалық және нормативтік базаларға едәуір өзгерістер енгізілді. Яғни саланың инфрақұрылымын дамытуға кең өріс ашылды.
Стратегияның аясында жалпы сомасы 30 миллиард АҚШ долларының 80-ге жуық инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде сомасы 2,7 миллиард долларға бірқатар концессиялық жобаларды іске асыру көзделуде.
Таяу жылдары 1600 шақырымдай жаңа теміржол салынып, 2700 шақырым теміржол электрлендірілмек. 50 мың шақырым автомобиль жолы жаңадан немесе қайта салынады. Сондай-ақ алдағы уақытта азаматтық авиацияны, оның ішінде әуежайлар мен авиакомпанияларды, теңіз және өзен көлігі, автомобиль көлігі салаларын одан әрі дамыту міндеті тұр.
Сонда ғана түпкі нәтижеге қол жеткізу мүмкін. Бүгінгі күнде Көлік және коммуникация министрлігі өз жұмысын көлік саласын нарық жағдайы және ашық жеке инвестицияға бейімдеп, толық қалыптасуына бағыттады.
2006 жылы еліміздің 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы осыған байланысты қабылданған болатын. Осы стратегияға сәйкес, көлік саласы ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға бет бұрды. Қазіргі кезде бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті.
Жалпы, 2012 жылы республикалық дәрежедегі жолдың 75 пайызы, жергілікті жолдардың 60 пайызының жағдайы жақсарады. Жол-көлік оқиғалары 10 пайызға дейін қысқарады деп күтілуде.
– Қазіргі кезде қолға алынып жатқан халықаралық сапа көрсеткішіне толық жауап беретін ақылы жолдар салу жайында не айтар едіңіз?