Курстык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 12:54, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны
1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары
ІІ Қазақстандағы муниципалдық ЖЕРЛЕРДЕ көліктік басқару
2.1Қазақстан Республикасының көлік байланысы, басқарылуы
2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты
ІІІ КӨЛІК КЕШЕНІН МУНИЦИПАЛДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Жолаушы көлігінің муниципалды баскарылуын жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту
3.2 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

белгыбаев.doc

— 295.50 Кб (Скачать)


Мазмұны

 

беттер

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

 

І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері..................4

1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны..........................................................................................................................4

1.2 Көлік инфрақұрылымын мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаттары....7

 

ІІ Қазақстандағы муниципалдық ЖЕРЛЕРДЕ  көліктік басқару...............................................................................................................11

2.1Қазақстан Республикасының  көлік  байланысы, басқарылуы................. 11

2.2 Көлік саласының мемлекеттік саясаты.........................................................12

 

ІІІ КӨЛІК КЕШЕНІН МУНИЦИПАЛДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ........................................................................................................16

3.1 Жолаушы көлігінің муниципалды баскарылуын жетiлдiру және бәсекелестiк ортаны дамыту..................................................................................16

3.2  2015 жылға дейінгі  көлік стратегиясы аясында Алматы қаласында жолаушы көлігін дамыту бағыттары...................................................................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................27

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі..........................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы экономикалық тұрақты дамуды жүзеге асыруға байланысты экономиканың маңызды салаларының бірі – көлік саласын басымды бағыттардың бірі ретінде айқындағаны ақиқат.  Мемлекет тарапынан «Казақстан 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы», «Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы»,  «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік Стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға дейінгі теңіз көлігінің даму Бағдарламасы»,  секілді бағдарламалардың шеңберінде көлік саласына басты назар аударылғандығы, сонымен қатар  Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіндегі мүмкіндіктері мен экономиканың басымды салаларын дамытуға кластерлік принциптің орын алғандығы белгілі. Еліміздің кластерлік дамуына ықпалын тигізетін негізгі салалар қатарына көлік пен логистиканы таңдағанын ескерсек көлік саласының даму болашағы маңызды мәселе болып отыр.

Көлік саласы қоғамдық ұдайы даму өндірісін дамытуға маңызды ықпалын тигізетін сала болғандықтын көлік саласы әлеуетінің деңгейі жоғары болуы тиіс. Осы ретте көлік саласының құрамдас бөлігі болып табылатын теңіз көлік саласының транзиттік, ресурстық, өндірістік, еңбек әлеуеттері дәрежесінің еселеп дамуы маңызды. ТРАСЕКА және Оңтүстік-Солтүстік халқықаралық көлік дәліздерінің даму қарқынына байланысты Каспий аумағындағы отандық теңіз көлігінің тартымдылығы мен транзиттік мүмкіндіктері артып отыр. Сондықтан теңіз көлігінің бәсекелестігін көтеру мен әлеуетін дамыту жалпы жүк тасымалын халықаралық стандарттарға сәйкес өңдеу, тасымалдау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу қызметімен жүзеге асырылады.

Демек, еліміздің теңіз көлік әлеуетін дамыту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен аймақтың дамуына, сонымен қатар халықаралық көлік дәліздерінде таранзитті мүмкіндігі жоғары теңіз көлігінің қалыптасуы мен дамуына әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында  көлік саласының дамуына байланысты: «Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік-коммуникация кешенін дамыту Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиіс. Жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет»   делінген. Сонымен қатар теңіз көлік саласының әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясында келесідей жоспарланған: «Теңіз порттарының өндірістік қуаттарын кеңейту және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау; Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жүктерді (порттарды) ауыстырып-тиеудің балама бекеттері инфрақұрылымын, олардың

қуаттарын жүктерді ауыстырып тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін және даму бағдарламаларын перспективалы іске асыруды ескеретін деңгейге дейін кезең-кезеңімен жеткізе отырып дамыту».

Мемлекет тарапынан әзірленген стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру барысында қазіргі күні проблемалы мәселелердің орын алып отырғандығын ескеруіміз қажет. Бұл проблемаларға келесі факторлар әсерін тигізіп отыр; көлік қызметінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмендігі; транспорттық дәліздердің техникалық жабдықтануы халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі; теңіз көлік инфрақұрылымында контейнерлі жүк тасымалдау мүмкіндігінің төмендігі; жүк тасымалдауда тартымды тариф режимінің жоқтығы; шекаралық аймақта жүк тасымалын рәсімдеу жұмыстарының күрделілігі; халықаралық теңіз көлік рыногында бәсекелес порттардың қызметі.

Аталған проблемалардың шешілу мүмкіндігін арттыруға әсерін тигізетін теңіз көлік әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми зерттеу жұмысының қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуды теориялық зерттеу негізінде, оның даму әлеуетінің мүмкіндіктерін талдау және бағалау арқылы теңіз көлігі әлеуетін дамыту бағытын зерттеу өзекті мәселе болып отыр.    

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның теңіз көлік саласын дамытуға қажетті басымды бағыттарды анықтау және оның әлеуетін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

- экономикалық әлеуеттің маңызды құрамдас бөлігі - теңіз көлік әлеуетінің теориялық негіздерін зерттеу;

- көлік инфрақұрылымының көлік әлеуетіндегі орны мен ерекшеліктерін қарастыру;

Көлік пен оның құрамдас бөлігі болып табылатын теңіз көлік саласындағы отандық және шетелдік ғалым-экономистердің еңбектері құрайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдары мен экономиканы реформалау мәселелері бойынша нормативтік – құқықтық құжаттары, кезеңді баспасөз басылымдары оқылып пайдаланылған.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

І Көлік саласын басқарудың теориялық негіздері

 

1.1 Көлік түрлерінің ерекшеліктері және оның қоғамдық өндірісте алатын орны

 

Қазіргі қоғамның дамуында көлік - жалпыға арналған еңбек құралы, өндірістің жалпы шарттарының бірі болып табылады. Көлік мемлекеттер арасындағы еңбек құралдарын тасымалдай отырып, еңбек бөлінісінің нәтижесінде туындайтын байланыстарды жүзеге асырады. Тауарлар айырбасын жүзеге асыру негізінде көлік нарығы қалыптасады. Барлық халық шаруашылығынына салаларына тән көліктің жеке ерекшеліктері бар:

-              көлік жаңа өнім өндірмейді, бірақ айналым аясындағы өндіріс үрдісінің жалғасы болып табылады;

-              көлік өнімін жинақтап, қор жасау мүмкін емес;

-              көлік өнімінің құрамында шикізат болмайды [1].

Оның өзіндік құнындағы еңбекақының үлесі өнеркәсіптегіден екі есе жоғары. Өтелім, отын және электр қуаты үшін жұмсалатын қаражат көліктің барлық барлық пайдалану шығындарының жартысының жуығын құрайды. Көлік нарығында жаңа зат түріндегі тауар емес, көлік өнеркәсібінің өндіріс үрдісінің өзі жүзеге асырылады, сондықтан көлік жүйесі жұмысының тиімділігі мен сапасына қойылатын талаптар көлік қызметінің соңғы нәтижесі болып табылатын оның нарықтық өніміне ғана емес, сондай-ақ тікелей көліктің өзінің өндірістік үрдісіне де қойылады.

Қазіргі жағдайда көлік қатынастарының дамуы кез-келген мемлекеттің өндіргіш күштерінің өсуіне және оның сыртқы экономикалық қатынастарына байланысты. Статистикалық мәліметтер бойынша, әлемдік құрлықтың 1 км-не шаққанда, оның 8,8 метрі темір жол желілерінің үлесіне, автомобиль жолдарының үлесіне 103 м. және ішкі су жолдарының үлесіне 0,4 м. келеді. Желілік көлік инфрақұрылымының жеке елдері, әлемнің континенттері мен аймақтары бойынша бөлінуі тым әр түрлі, оның себебі өнеркәсіптік даму және шикізат қорларын игеру деңгейінің әр түрлілігіне, географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты.

Құрамына темір жол, автомобиль, әуе, өткізгіш құбырлар, теңіз және өзен жолдарының қатынастары енетін экономика инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі көлік кешені болып табылады.

Көлік кешені туралы толық мәлімет алу және бір сөзді әр  түрлі  түсінуге  жол  бермес   үшін  кең  қолданылып жүрген "көліктік" терминдерге түсінік бере кетейік.

Көлік жүйесі  -  тасымалдау жұмыстарын атқаруда бірімен-бірі тығыз байланысты болатын әр түрлі көлік түрлерінің кешені. Көбінесе бұл термин   жеке мемлекетке, аумаққа не ірі қалаға байланысты қолданылады. Қазіргі  кезде  көлік дегеніміз — халық  шаруашылығының күрделі ірі кешені. Оның құрамында магистральды көліктің дербес салалары ғана емес, сонымен бірге  қалалық  және  өндірістік көлік түрлері де  бар. Әкімшілік-шаруашылықтың    дербестігіне қарамастан, көліктің барлық түрлері біріне-бірі белгілі бір тәуелділікте болады, тасымалдау процесіне ғана емес, сонымен бірге шаруашылық жүргізудің ақырғы техникалық-экономикалық нәтижелеріне де әжептеуір ықпал етеді.

Көлік торабы - республиканың не жеке аумақтың қалалары мен ауылдарын байланыстыратын барлық жол қатынастарының жиынтығы.

Жалпы пайдалану (магистральды) көлігі — қолданылып жүрген Заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес, меншік тәуелділігіне, кім ұсынғанына қарамастан жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тиісті көлік.

Оған темір жол көлігі, теңіз жолдары көлігі, өзен жолдары көлігі, автомобиль көлігі, әуе жолдары көлігі және құбыр көлігі жатады.

Жалпы пайдалану көлігі мемлекеттің көлік жүйесінің негізін қалайды. Көліктің осы түрі дербес "көлік өндірісі" болып саналады, себебі ол мемлекеттің тасымалдауға деген негізгі сұраныстарының қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді.

Жалпы пайдалануға жатпайтын көлік — тек қана өз ведомствосының тасымалын атқаратын және басқа клиенттердің тасымал талабын орындауға міндетті емес, ведомстволық көлік. Өндірістік кәсіпорындардың ведомстволық көлігін көбінесе "өндірістік көлік" деп атайды.

Қазақстанда осы көлік түрлерінің барлығы да қызмет көрсетеді. Тек республиканың географиялық орналасуына байланысты теңіз жолдары көлігі енді ғана құрылуда. Республикада "Ақтау" жөне "Баутино" теңіз порттары бар.

Қазақстанның 90-жылдардың басында жасаған нарықтық экономикаға деген таңдауы және басталған реформалар көлік жұмысының жағдайын және көлік қызметтеріне деген сұраныстың сипатын айтарлықтай өзгертті.    Реформалар жүргізудің бірінші он жылдығында көлікте құрылымдық және институционалдық өзгерістер жүргізілді. Көліктің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға жауап беретін құқықтық базасы құрылды. Мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызметтің функциялары бөлінді, нарық жағдайларына барабар көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі құрылды. Көліктің кейбір түрлеріне жекешелендіру негізінен аяқталды.

Ұйымдастыру-құқықтық нысандардың құрылымы мен көлік кәсіпорындарының саны барлық сала бойынша жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл бәсекелік принциптерімен және көлік қызметтеріне нақты сұраныспен реттелетін оңтайлы нарық қалыптасуының жалғасып отырғанын білдіреді.              Көліктің жүйе құраушы рөлі айтарлықтай өсті және оны дамыту міндеттері мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер басымдықтары арасындағы өзара байланыс жақсарды. Көлік негізінен жолаушылар және жүк тасымалына деген өскелең сұранысты қанағаттандырды. 2001 жылдан бастап 2006 жылды қоса алған кезеңде көлік қызметтерінің өсуі: жылына орташа алғанда жолаушылар тасымалында 7,8%-ды, жүк тасымалында 9,5%-ды (орташа жыл сайынғы экономикалық өсу 10,3% болғанда) құрады .[2]

Сонымен бірге, көліктің  нарық жағдайына жалпы бейімделгеніне қарамастан, қазіргі уақытта көлік жүйесінің жай-күйін оңтайлы, ал оның даму деңгейін  жеткілікті деуге болмайды.

Қазақстан Еуразияның ортасында құрлықтың ішкі бөлігінде өзінің географиялық орналасуына байланысты және еліміздің аумағы арқылы Трансазиялық және Транссібір даңғылы өтетіндігіне қарамастан, көршілердің көлік даңғылына тәуелді. Темір жолдар елімізді Ресей арқылы Еуропамен, Иран арқылы Парсы шығанағы, Қытай арқылы Тынық мұхит жағалауымен жалғастырады. Тынық мұхит жағалауынан Батыс Еуропаның шекараларына дейінгі трансазиялық маршруттың жалпы ұзындығы 1100 км, оның 4000 км Қытайдың аумағында және 1800 км. Қазақстанның аумағында орналасқан. Трансазиялық маршрут бойынша жүк тасымалдары 23-26 күндік жолды алады, ал арақашықтық Транссіб маршрутына қарағанда 2000-3000 км қысқа болып табылады. Осы орайда, соңғы жылдары Республиканың Батыс және Шығыс аймақтарын жалғастыратын ''ендік'' дәліздердің дамымағандығы жөніндегі мәселелер байқала бастады, сонымен қатар, жаңа даңғылды жолдарды салу қажеттіліктері жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Информация о работе Курстык жумыс