Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 07:04, реферат

Описание работы

Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жұмыстың мақсаты қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, қаржы ресурстарын пайдалануды экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және
қағидалары.......................................................................................................5
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері….............13
Қаржы ресурстарын пайдалану модельдері мен әдістері..........................

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАС-
ТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
(«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ мысалында)
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау...............................25
Қаржы ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін талдау.............................34
Кәсіпорынныі рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау............50

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау...........................................57
«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржы ресурстарын пайдалану
көрсеткіштерін болжамдау модельдері......................................................63

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................68

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану» - www.topreferat.kz.doc

— 1.03 Мб (Скачать)

 Ескертпе – 2008-2009 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды

 

Капиталды шығындар

2009 және 2008 жылдарда кассалық әдіс бойынша және Атыраулық мұнай өңдеу зауытын есепке алынбай есептелген Компанияның капиталды шығындары 49,3 миллиард теңге және 48,5 миллиард теңге құрады. Болжамдарға сәйкес Компанияның жалпы капиталды шығындары 2010-2012 жылдары 2009 жылдың деңгейінен төмен болады, яғни Компания қаражаттарды үнемдеу бойынша ынталар қабылдады.

 

 

2.2 Қаржы ресурстарын пайдалану көрсеткіштерін талдау

 

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын  талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды  элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді /19, 141б./.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік  құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің  номиналды көрсеткіштерінің нақты  көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстың құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын  өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері  бойынша активтердің құрамы мен  олардың құрылымына талдау жасау  үшін келесі 11 аналитикалық кестесі құрылады.

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті 2009 жылы өткен 2008 жылмен салыстырғанда 298553681 мың теңгеге немесе 40,62%-ға артатындығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордаңылаудағы малдар құндары қосылады.

 

Кесте 11.

«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз»  АҚ-ның активтер құрамы мен құрылымы

 

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

мың теңге

% үлесі

мың теңге

% үлесі

мың теңге

% үлесі

1

2

3

4

5

6

7

Активтер

380753624

100

436383708 

100

734937389

100

1. Ұзақ мерзімді активтер

289919370

76,14

305760353

70,07

376823544

51,27

1.1 Негізгі құралдар

257958200

67,75

243131834

55,72

259333372

35,28

1.2 Қаржылық активтер

8198366

2,15

53963138

12,3

102841401

14,0

1.3 Материалды емес активтер

-

-

1340657

0,31

7921252

1,08

1.4 Ассоцияциялан-ған компанияларға инвестициялар

-

-

4516696

1,03

2884207

0,39

1.5. Басқа активтер

23762804

6,24

2808028

0,64

3843312

0,52

2. Ағымдағы активтер

90834254

23,86

130623355

29.93

358113845

48,73

2.1. Тауарлы-материалды запастар

20848151

5,48

15409658

3,53

15131619

2,06

2.2. Салықтар бойынша алдын-ала төлем және өтеуге ҚҚС

4484643

1,18

22121101

5,07

11690358

1,59

2.3. Берілген аванстар және алдыңғы  кезеңдердегі шығыстар

5027135

1,32

6993525

1,6

4952828

0,67

2.4. Саудалық және басқа дебиторлық қарыз

19826746

5,21

45918226

10,52

37356601

5,08

2.5. Басқа қаржылық активтер

26520000

6,96

19993257

4,58

226523024

30,82

2.6. Ақша және оның эквиваленттері

14127579

3,71

20187588

4,63

62459415

8,51


Ескертпе – 2007-2009 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістемеде кәсіпорындарды болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни К≥0,5 қалыпты болып есептеледі. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

11 кесте деректері бойынша кәсіпорынның жалпы қаржылар көлемі есепті 2009 жылы өткен 2008 жылмен салыстырғанда 298553681 мың теңгеге, ал 2007 жылмен салыстырғанда 354183765 мың теңгеге өскен. Оның ішінде ұзақ мерзімді активтер көлемі 289919370 мың теңгеден 2007 жылы 376823544 мың теңгеге дейін 2009 жылы өскен. Ұзақ мерзімді активтердің өсуіне қаржылық активтердің 8198366 мың теңгеден  2007 жылы 102841401 мың теңгеге дейін өсуіне ықпал еткен. Ағымдық активтер көлемі талданып отырған 3 жылда 267279591 мың теңгеге өскен.

Сонымен кәсіпорынның актив балансында талданушы мерзім аяғына қарай ұзақ мерзімді активтер үлесі төмендеп, ағымдық активтер үлесі өскенін  көреміз.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы  ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Талдау жүргізіп отырған  кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі 2007 жылы 0,24 (90834254 мың теңге:380753624мың теңге), 2008 жылы 0,3 (130623355 мың теңге:436383708 мың теңге), 2009 жылы 0,5 (358113845 мың теңге:734937389мың теңге) құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылы жоғары мәнге ие болған, яғни есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда ағымдық активтердің айналымдылығы баяулағанын, пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш–мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімдік активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданушы кәсіпорында  бұл көрсеткіш деңгейі 2007 жылы 0,31 (90834254 мың теңге:289919370 мың теңге), 2008 жылы 0,43 (130623355 мың теңге:305760353 мың теңге), 2009 жылы 0,95 (358113845 мың теңге:376823544 мың теңге) құрайды. Бұл көрсеткіш есепті жылы өткенге қарағанда жоғары, бұған иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан мобильді қаражаттардың өсу қарқындары басым болуы ықпал еткен.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының  өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Баланс валютасындағы  негізгі құралдардың қалдық құнының  үлесі 67,75% – 2007 жылы; 55,72% – 2008 жылы; 35,28% – 2009 жылы құрады. Яғни соңғы жылы бұл көрсеткіштің теориялық мәніне сәйкес келмейді. Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығы өсуіне әкеледі.

<p class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439" style=" text-alig

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану