Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 07:04, реферат

Описание работы

Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жұмыстың мақсаты қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, қаржы ресурстарын пайдалануды экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және
қағидалары.......................................................................................................5
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері….............13
Қаржы ресурстарын пайдалану модельдері мен әдістері..........................

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАС-
ТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
(«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ мысалында)
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау...............................25
Қаржы ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін талдау.............................34
Кәсіпорынныі рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау............50

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау...........................................57
«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржы ресурстарын пайдалану
көрсеткіштерін болжамдау модельдері......................................................63

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................68

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану» - www.topreferat.kz.doc

— 1.03 Мб (Скачать)

Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Кәсіпорынның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы кәсіпорынға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.

Қаржыландырудың екі  түрін ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай бөлу кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен капиталының нысандары арсындағы қатаң байланыспен шартталған. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы 1 кестеде берілген.

Меншікті тартылған қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорынның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде  кәсіпорынның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.

 

 Кесте 1.

Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы

 

Қаржыландыру көздері

Сыртқы қаржыландыру

Ішкі қаржыландыру

Меншікті капитал негізінде  қаржыландыру

1. Салымдар және үлестік қатысу негізінде қаржыландыру

2. Салық салудан кейінгі табыс  негізінде қаржыландыру 

Қарыздық капитал негізінде  қаржыландыру

3. Несиелік қаржыландыру (мысалы, қарыздар, ссудалар, банктік несиелер, жабдықтаушылардың  несиелері негізінде)

4. Сатулардан, резервтік қорларға аударымдар негізінде қалыптасатын қарыздық капитал

Меншікті және қарыздық капитал  негізінде аралас қаржыландыру

5. Акцияға ауыстыруға болатын облигацияларды шығару, опционды қарыздар, табыс алуға қатысу құқықты ұсыну негізіндегі қарыздар, артықшылығы бар акцияларды шығару

6. Резервтердің бөлігін қамтитын ерекше бағыттар (яғни уақытша салық салынбайтын аударымдар)


 

Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:

  • жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар және қатысушылардың үлестік жарналары);
  • кәсіпорын жинақтаған резервтер;
  • заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналар және т.б.)/8, 108-115б./.

Кәсіпорынның меншікті қаржылар құрылымы 1 суретте көрсетілген.

Кәсіпорынды құру кезінде  негізгі құралдар, материалды емес активтер, айналым қаражаттарын сатып  алу көзі жарғылық капитал болып  табылады. Оның есебінен кәсіпкерлік  қызметті жүргізу үшін қажетті жағдайлар  қалыптастырылады. Жарғылық капитал  – бұл кәсіпорынның жарғылық қызметін қамтамсыз ету үшін меншік иелері ұсынған қаражаттар сомасы.

Жарғылық капитал категориясының мазмұны кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына тәуелді:

  • мемлекеттік кәсіпорын үшін  – толық шаруашылық жүргізу құқығын кәсіпорынға мемлекет бекіткен мүлікін құндылық бағалау;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – меншік иелерінің үлестерінің сомасы;
  • акционерлік қоғам үшін – барлық түрлі акциялардың жиынтық номиналды құны;
  • өндірістік кооператив үшін – қызметті жүргізу үшін қатысушылар ұсынған мүлікті құндылық бағалау;
  • жалға берілген кәсіпорын үшін – кәсіпорын қызметкерлерінің жарналар сомасы;
  • басқа нысандағы кәсіпорын үшін – толық шаруашылық жүргізу құқығы бекітілген кәсіпорынның мүлігін құндылық бағалау.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Кәсіпорынды құру кезінде  оның жарғылық капиталына салымдар ақшалай  қаражаттар, материалды және материалды емес активтер болуы мүмкін. Жарғылық капиталға салым ретінде активтерді беру кезінде оларға меншік құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге көшеді, яғни инвесторлар осы объектілерге меншік құқығын жоғалтады. Сонымен, кәсіпорынның ыдырауы немесе қоғам не серіктестік құрамынан қатысушының шығуы жағдайында инвестордың тек мүлік қалдығы шегінде өз үлесін өтеуге ғана құқығы бар. Сәйкесінше, жарғылық капитал кәсіпорынның инвесторлар алдындағы міндеттемелер сомасын көрсетеді.

Жарғылық капитал қаражаттарды алғашқы инвестициялау кезінде  қалыптасады. Оның мөлшері кәсіпорынды  тіркеу кезінде жарияланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерінде кез келген түзетулер (акцияларды қосымша эмиссиялау, акциялар номиналды құнын төмендету,  қосымша жарналар салу, жаңа қатысушыны қабылдау және т.б.) қызмет етіп тұрған заңнамада немесе құрылтайшы құжаттарында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте ғана жіберіледі.

Жарғылық капитал қаражаттардың  қосымша көздердің (эмиссиялық табыс) пайда болуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл қаражат көзі акцияның алғашқы эмиссиясын номиналдан жоғары бағамен сату кезінде пайда болады. Бұл сомаларды алу кезінде олар қосымша капиталға есепке алынады.

Өнім өндірісі, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету процесінде өткізуден түскен түсім сомасымен анықталатын жаңа құн пайда болады. 

Өткізуден түскен түсім  өнім өндірісіне шығындалған қаражаттарды өтеу, ақшалай қаражаттар қорының  қалыптасудың негізгі көзі болып табылады, оның өз уақытында түсуі қаражаттар айналымдылығының үздіксіздігін, кәсіпорын қызметі процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Өткізуден түскен түсімнің уақытында түспеуі табыстың төмендеуіне, келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауына, айыппұлдық санкцияларға әкеледі.

Түсімді қолдану бөлу процестерінің алғашқы кезеңін  көрсетеді. Өткізуден түскен түсім  кәсіпорынның шикізатқа, материалдарға, отын, энергия, басқа да еңбек материалдарына, сонымен қатар кәсіпорынға көрсетілген  қызметтерге материалды шығыстарды өтейді. Өткізуден түскен түсім кейінгі бөлу негізгі құралдар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіру көзі ретінде амортизациялық аударымдар қалыптасуымен байла-нысты. Өткізуден түскен түсімнің қалған бөлімі – жалпы табыс немесе еңбекақыны төлеуге және кәсіпорынның табысын қалыптастыруға, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға аударымдар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерге  бағытталған қайта құрылған құн.

Өткізуден түскен түсім  қаражаттардың айналымдылығының аяқталуын  білдіреді. Өткізуден түскен түсім түспестен бұрын өндіріс шығыстары және айналыстары айналым қаражаттар көздері есебінен қаржыландырады. Қызметке алынған қаражаттар айналымының нәтижесі – шығыстарды өтеу және қаржыландырудың меншікті көздерін құру: амортизациялық аударымдар және табыс.

Табыс және амортизациялық аударымдар өндіріске салынған қаражаттар айналымының нәтижесі болып табылады және кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстарына жатады.

Амортизациялық аударымдардың  тағайындалуы – негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіруді қамтамсыз ету.  Экономикалық мәні бойынша амортизация – бұл негізгі құралдар және материалды емес активтер (сонымен қатар құны аз және тез тозатын заттың) құнының олардың өндірілетін өнімдерге және тозу мөлшеріне байланысты біртіндеп көшіру процесі. Бұл инвестициялық процесті қаржыландырудың мақсатты көзі.

Экономикалық категория  ретінде табыс – бұл қосымша  еңбекпен қалыптастырылған таза табыс. Табыс кәсіпкерлік қызметтің  қаржылық нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш болып табылады. Бұдан басқа, табыс арқылы оны бөлу және пайдалану процесінде материалды қызығушылық қағидасы, сонымен қатар материалды жауапкершілік қағидасы орындалады. Кәсіпорын қолында қалатын табыс – бұл оның қажеттіліктерін қаржыландырудың көп мақсатты көзі, бірақ оны пайдаланудың негізгі бағыттарын жинақтау және тұтыну ретінде анықтауға болады. Жинақтау және тұтыну табысты бөлу пропорциясы кәсіпорынның даму перспективасын анықтайды.

Табыс экономикалық мазмұны  бойынша түрлі қажеттіліктерді қаржыландыру көзі болып табылады. Оны бөлгенде мемлекет түрінде жалпы қоғам мүдделері, кәсіпорынның кәсіпкерлік мүдделері және оның жеке қызметкерлерінің мүдделері қиылысады. Амортизациялық аударымдарға қарағанда табыс кәсіпорын қолында толығымен қалмайды, салық түріндегі оның маңызды бөлігі бюджетке түседі, ал ол кәсіпорын мен мемлекет арасында таза табысты бөлу бойынша қаржылық қатынастар сферасын анықтайды.

Бұл табыстың бөлігінен  кейін қалдық бөлу – кәсіпорынның артықшылығы.

Жинақтауға бағытталатын амортизациялық аударымдар мен табыс бөлігі кәсіпорынның ақшалай ресурстарын құрайды. Олар кәсіпорынның өндірістік және ғылыми-техникалық дамуына, қаржылық активтердің – бағалы қағаздарды сатып алу, басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар ретінде қолданылады. Жинаққа пайдаланылатын табыстың басқа бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік дамуына бағытталады. Табыстың бір бөлігі тұтынуға пайдаланылады, оның нәтижесінде кәсіпорын мен тұлғалардың арасында қаржылық қатынастар туындайды.

Табысты бөлу арнайы қорлар (жинақ қоры, тұтыну қоры, резервтік қорлар) құру жолымен немесе жеке мақсаттарға таза табыстарды тікелей шығыстау жолымен жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда кәсіпорында қаржылық жоспарға қосымша ретінде тұтыну және жинақ қорын шығыстаудың қосымша смета жасалады. Екінші жағдайда табысты бөлу қаржылық жоспарда көрсетіледі.

Жинақ қоры ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық және технологиялық жұмыстарға, өнімнің жаңа түрлерін, технологиялық процестерді жасау және қамтуға, технологиялық реконструкция, ұзақ мерзімді қарыздар және ол бойынша пайыздарды өтеумен, қысқа мерзімді қарыздар бойынша пайыздарды өтеумен байланысты шығыстарға, табиғатты қорғау шараларын өткізу бойынша шығыстарға,  басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталын құруда қатысушылардың салымдары ретінде жарналарға, егер кәсіпорын бірлестіктер, ассциациялар, концерндер құрамына кірсе, оларға жарналарға және т.б. жұмсалады.

Тұтыну қоры әлеуметтік даму мен әлеуметтік қажеттіліктерге  жұмсалады. Оның есебінен кәсіпорын  балансында орналасқан әлеуметтік-тұрмыстық бағытындағы объектілерді пайдалану бойынша шығыстар, өндірістік емес бағыттағы объектілердің құрылысы, денді сауықтандыратын және мәдени-массалық шараларды жүргізу, материалды көмек көрсету, кейбір әлеуметтік сыйақылар төлемдері қаржыландырылады.

Табыс – резервтік қорды құрудың негізгі көзі. Бұл капитал шаруашылық қызметтен мүмкін болатын шығындар мен зияндарды өтеу үшін арналған. Резервтік капиталды құру тәртібі кәсіпорын қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен, сонымен қатар оның құрылтайшы құжаттармен анықталады.

Қазіргі шаруашылық жүргізу  жағдайында кәсіпорындарда амортизациялық аударымдар мен табысты бөлу және оны пайдалану арнайы ақшалай  қорларды құрумен байланысты болмайды. Амортизациялық қор құрылмайды, табысты  арнайы бағытталған қорларға бөлу кәсіпорын қолында болады, бірақ кәсіпорынның қаржылық ресурстарын пайдалануды көрсететін бөлу процестерін мәнін ауыстырмайды.

Кәсіпорын қаражаттарының көзі ретінде қосымша капитал  негізгі құралдар мен басқа материалды құндылықтарды жоғары бағалау нәтижесінде қалыптастырылады. Нормативтік құжаттар оны тұтыну мақсаттарына қолдануға тиым салынады.

Қаражаттардың арнайы көздері  әлеуметтік бағыттағы және мақсатты қаржыландыру қорлары болып табылады: қайтарымсыз алынған құндылықтар, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени және коммуналды-тұрмыстық бағыттағы объектілерді ұстаумен байланысты өндірістік емес қызметті қаржыландыруға, толық бюджеттік қаржыландыруда тұрған шығыстарды қаржыландыруға қайтарымсыз және қайтарымды мемлекеттік қаржы бөлу.

Қатынас ретінде кәсіпорын  қаржылары шаруашылық қызмет процестерінде қалыптасқан экономикалық қатынастар бөлігі  болып табыла-тындықтан оларды ұйымдастыру қағидалар кәсіпорынның шаруашылық қызмет негіздерімен анықталады. Осыған байланысты қаржыларды пайдалану қағидаларын келесідей қалыптастыруға болады:

- коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шарушылық қызме-тінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);

- жоспарлылық;

- меншіктің барлық  нысандарының теңдігі;

- қаржы резервтерінің болуы /3, 154-158б./.

1. Коммерциялық (шаруашылық) есеп – кәсіпорындар мен ұйымдардың  шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің  негізге алынатын қағидаты мен  басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.

Коммерциялық есептің  айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

Өзін-өзі өтеушілік  – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі – залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету – кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржылан-дыруды пайдалану мүмкіндігі бар.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану