Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 07:04, реферат
Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жұмыстың мақсаты қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, қаржы ресурстарын пайдалануды экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және
қағидалары.......................................................................................................5
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері….............13
Қаржы ресурстарын пайдалану модельдері мен әдістері..........................
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАС-
ТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
(«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ мысалында)
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау...............................25
Қаржы ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін талдау.............................34
Кәсіпорынныі рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау............50
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау...........................................57
«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржы ресурстарын пайдалану
көрсеткіштерін болжамдау модельдері......................................................63
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................68
Батыс елдерде қаржы ресурстарын басқару тиімділігіне кәсіпорын акцияларын ұстаушыларының күтулері үлкен әсер етеді. Бұл фактор акцияларды ұстаушыларға табысты қамтамасыз ететін кәсіпорынның минималды ұзақ мерзімді табыс нормасын талап етеді және келесі кездерді назарына аударады: потенциалды дивидендтер және капитал құнын жоғарылату мүмкіндіктер; бизнесте тәуекел элементі; акция ұстаушылары басқа жерден салыстырмалы тәуекелді инвестициялардан ала алатын табыс мөлшері.Акция ұстаушылардың көпшілігі өз қаражаттарын салған компания кездесетін ағымдағы және потенциалды мәселелер туралы білмегендіктен, табыс бойынша олардың сенімі әрқашан нақты емес және өте жоғары болады. Егер ұстаушылар қанағаттанбаса, олар акцияларын сата алады.
Сала қаншалықты бәсекелесті болса, соншалықты оның акция ұстаушылырына жабдықтар мен ғимараттарды жаңарту және модерни-зациялау, зерттеу, компьютеризациялауға инвестициялар бойынша сұраныс көп болады. Бұл бағыттар бойынша бір жыл не одан астам уақыттан соң инвестициядан тез табыс алынбайды. Бұдан басқа, тұтынушылардың мінез-құлқы, технологиялар, кәсіпкерлік кезеңінің жиілілігі, бәсекелестікпен байланысты сұраныстың белгісіздігі жиі табысты анықтау процесімен бірге жүреді. Қаржы ресурстарын басқаруды жүргізуде есептесу үшін база ретінде алынатын капитал құнын қалай анықтайтынын шешу қажет.
2.1 Кәсіпорынның
қаржы-шаруашылық қызметін
«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» Акционерлік қоғамы көмірсутектері шикізатын барлау, өңдеу, өндіру, қайта өңдеу және экспорттаумен айналысады. Мұнай газ объектілердің негізгі қызметі Батыс Қазақстанның Каспий маңындағы және Маңғыстау бассейндерінде жүргізіледі. Компания-ның тікелей негізгі акционері мемлекеттің мүдделерін Қазақстанның мұнай газ өнеркәсібінде ұсынатын және 2009 жылы желтоқсанның 31 күні жағдайы бойынша Компанияның айналыстағы 56,77% акциясын иеленетін «Ұлттық Компания «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ ҰК) болып табылады. 2009 жылдың маусым айынан «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстандық холдинг» АҚ «Ұлттық Компания «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100% акциясын иеленеді. Өз кезегіне, «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару бойынша Қазақстандық холдинг» АҚ-ның 100% акциясы Қазақстан Республиксы Үкіметінің меншігі болып табылады.
Компания өз қызметін «ӨзенМұнайГаз» (ӨМГ) және «ЭмбаМұнайГаз» (ЭМГ) өндірістік бөлімдері арқылы іске асырады. Компания 44 мұнай және газ кенішін өндіреді, оның ішінде «ӨзенМұнайГаз» өндірістік бөлімінде – 7, «ЭмбаМұнайГаз» өндірістік бөлімінде – 37.
«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының негізгі қызметін бейнелейтін техникалық экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу үшін 2 кесте құрылады.
Кесте 2.
«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының негізгі қызметін бейнелейтін техникалық экономикалық көрсеткіштер
Көрсеткіштер |
2007ж |
2008ж |
2009ж |
өзгерісі(+/-) | |
2007/2008 |
2008/2009 | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Мұнай өндіру көлемі, млн. тонна |
8,35 |
9,34 |
9,53 |
0,99 |
0,19 |
2. Мұнай өткізу көлемі, мың тонна |
9.15 |
9.222 |
9.290 |
0.072 |
0.0068 |
3. Өнімді өткізуден түскен табыс, мың теңге |
237103218 |
348887820 |
412207787 |
111784602 |
163319967 |
4. Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың теңге |
162276362 |
207033927 |
194530080 |
44757565 |
-12503847 |
5. Жалпы табыс, мың теңге |
71390026 |
142948461 |
217234038 |
71558435 |
74285577 |
6. Кезең шығындары, мың теңге |
162276362 |
207033927 |
194530080 |
44757565 |
-12503847 |
2-Кестенің жалғасы | |||||
7. Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге |
257958200 |
243131834 |
259333372 |
1375172 |
16201538 |
8. Айналым қорларының орташа жылдық құны, мың теңге |
90834254 |
130623355 |
358113815 |
349030361 |
227490460 |
9. Еңбекақы қоры, мың теңге |
36914123 |
37116032 |
37512548 |
201909 |
396516 |
10. 1 тонна мұнайды өткізу бағасы, теңге |
28395595 |
37182 |
43428 |
28358412,97 |
6246 |
11. 1 тонна мұнайдың өзіндік құны, теңге |
177351,2
|
22450,003
|
20939,73
|
-154901
|
-1510,3
|
12. Таза табыс, мың теңге |
13464587 |
45276952 |
122561217 |
109096630 |
77284265 |
13. Негізгі қызметтен табыстылық, % |
30,10926068 |
40,972614 |
52,70012961 |
10,8634
|
11,7275
|
14. Өткізілген өнімнің табыстылығы, % |
43,99286817 |
69,045911 |
111,6711811 |
25,053 |
42,6253 |
Ескертпе – 2007-2009 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
3 кесте мәліметтері
бойынша бірдей көрсеткішке 200
Кесте 3.
Шикі мұнайдың өндірісі, миллион тоннада
Өндіретін бөлім |
2008ж |
2009ж |
% |
ӨзенМұнайГаз |
6,55 |
6,73 |
103 |
ЭмбаМұнайГаз |
2,79 |
2,80 |
100 |
Барлығы |
9,34 |
9,53 |
102 |
Ескертпе – 2008-2009 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
2010 жылдың 1 қаңтар күні жағдайына Компанияның мұнай ұңғымала-рының пайдалану қоры 5865 ұңғыма құрайды, басқа ұңғымалар – 1693. Ұңғымалардың қызмет етпейтін қоры 1,7 %-ға дейін төмендеді (осы көрсеткіш 2008 жылы – 2,0 %).
Компания кеніштерінің негізгі бөлігі жоғары сулылығы және мұнай өндірудің жыл сайынғы төмендеуімен сипатталатын өңдеудің кешкі сатысында. Өндірудің табиғи төмендеуін толықтыру мақсатында және сонымен қатар 2009 жылға мұнай өндірудің жоспарланған көлемін қамта-масыз ету үшін Компания пайдаланушылық бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай өндіруді күшейту, сонымен қатар екінші стволдың кесіндісі бойынша шаралар жүргізді.
Есепті кезеңде 221 пайдаланылатын ұңғымалардың құрылысы жүргізілді, осы кезде жаңа ұңғымаларды енгізуден мұнай өндіру 279700 тонна құрады. 2009 жылы 1361 ұңғыма жөнделді, жөндеу бойынша өткізілген жұмыстардың нәтижесінде қосымша өндіру 558000 тонна мұнай құрады. Жыл ішінде екінші стволдың кесіндісі жүргізіліп, нәтижесінде қосымша өндіріс 17100 тонна мұнай құрады.
2009 жылы Компания келесі кеніштерде/блоктарда барлау жүргізді: Тайсойған (Уаз, Қондыбай), Р-9 (Қойқара, Дүйсеке-Солтүстік, Құлсары Солтүстік-Батыс) және Өзен мен Қарамандыбас кеніштері маңындағы территорияларда, сонымен қатар С.Нұржанов, Ақінген (оңтүстік), Батыс Прорвасы, Өзен (Шығыс Пасмұрын) және Қарамандыбас.
2009 жылы 10 барлау ұңғымаларының құрылысы аяқталды. Қондыбай 8, Уаз 15, 16, С.Нұржанов 501, Ақінген 1-А және Өзен-6244 табысты ұңғымалар болып табылады.
2010 жылы шикі мұнай өндірісі шамамен 2009 жылғы деңгейде қалып, 9,5 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. 2010 жылыға мұнай өндірісінің жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету үшін 175 өндіруші ұңғымаларды барлау қарастырылған, сонымен қатар бар ұңғымаларды жөндеу, қызмет етпейтін ұңғымаларды жөндеу бойынша шаралар қарастырылған.
2010 жылы Компания барлауды орнату үшін перспективті блоктардың геологиялық құрамын нақтылау мақсатында геологиялық барлау жұмыста-рының кең көлемін жоспарлап отыр. Соның ішінде Компания Р-9, Тайсойған, Лиман және Өзен мен Қарамандыбас кеніштерінің маңындағы территория-ларда барлау жұмыстарын жоспарлаған.
2010 жылы Компанияның кассалық әдіспен есептелген капиталды шығыстары шамамен 39,8 миллиард теңге құрады деп күтілуде.
Компанияның жарғылық капиталы 2007 жылы 11761130 мың теңге құраса, 2008 жылы 11792208 мың теңге, 2009 жылы 259276481 мың теңге құрады.
Есепті 2009 жылы Компанияның операциялық қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі факторларға шикі мұнай бағасының динамикасы, валюталық бағамдардың ауытқулары, соның ішінде теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы мен елдегі инфляция қарқыны жатады.
Шикі мұнайды сату Компания табысының негізгі көзі болып табылады. Компанияның бизнесі, болашағы, қаржылық жағдайы мен қаржы-экономикалық қызметінің нәтижелері көбіне мұнай бағасына тәуелді. Өткен кезеңдерде мұнай бағалары өзгерістің жоғары деңгейін бейнеледі. Компанияның табыстары мен таза пайдасы шикі мұнай бағасының мұнайдың әлемдік бағалары 2001 жылдан бастап қатты өссе де, бұл өсім, сонымен қатар қазіргі баға сақталады деген кепілдік жоқ. Мұнайдың бағасының болашақта кез келген төмендеуі Компанияның бизнесіне, болашағына, қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелеріне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
4 кесте мәліметтері бойынша Brent мұнайының бағалары 2008 жылмен салыстырғанда 1 баррельге 12 АҚШ долларына көтеріліп, 2009 жылы орташа алғанда 1 баррельге 65,14 АҚШ долларын құрады.
Кесте 4.
Мұнай бағалары
Көрсетілген жылға орташа баға |
2008 ж.(АҚШ доллары/баррель) |
2009 ж.(АҚШ доллары/баррель) |
Brent |
54,38 |
65,14 |
КТК қоспасы |
53,50 |
65,23 |
Urals |
60,99 |
50,52 |
Ескертпе – 2008-2009 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Компания табыстары мен қарыздарының көп бөлігі АҚШ долларында бейнеленсе, операциялық шығындарының көбі теңгеде бейнеленді. Компания қызметінің нәтижелеріне валюталық бағамдардың ауытқуының әсер етуі Компанияның таза валюталық бағытына, сонымен қатар мұндай ауытқулардың көлемі мен бағытына тәуелді.
Берілген жылдарға тұтынушы бағалардың индексі (ТБИ) бойынша өлшенген теңге/АҚШ долларының айырбас бағамы мен елдегі инфляция қарқыны 5 кестеде берілген.
Кесте 5.
ТБИ бойынша өлшенген теңге/АҚШ долларының орташа айырбас бағамы
2008ж |
2009ж | |
Теңге/АҚШ долларының орташа айырбас бағамы |
132,88 |
126,09 |
ТБИ |
7,6% |
8,4% |
Ескертпе – 2008-2009 жылдар аралығында «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
АҚШ долларына қатысты теңге 2008 жылы орташа132,88 теңге/АҚШ долларынын 2009 жылы орташа 126,09 теңге/АҚШ долларына дейін өзгерді. ТБИ 2008 жылғы 7,6%-мен салыстырғанда 2009 жылы 8,4% деңгейіне дейін жетті. 2009 жылы теңгенің револьвациясы шикі мұнай бағаларының көтерілуінің және жағымды эффектісін және Комапанияның теңгеде деноме-нацияланған табысын төмендетті. Бұдан басқа, Компания шығындарының көп бөлігі елдегі инфляцияның әсер етуіне бейім және бұл жағдай инфляцияға байланысты Компания табыстарының артуын өтемеуі мүмкін.
2010 жылдың басынан 1 баррель бағасы шамамен 10 АҚШ долларына төмендеуінен және 1 баррельге 50 АҚШ доллары белгісі шыққаннан кейін Brent мұнайының бағасы өсіп, ақпан айында бұл марканың мұнайы шамамен 1 баррельге 60 АҚШ доллары деңгейінде сатылды. 2010 жылы шикі мұнай бағалары бірқатар факторлармен анықталатын тұрақсыздықты сақтайды деп күтілуде.
2010 жылдың алғашқы екі айында теңге АҚШ долларына қатысты тұрақтанды және осы кезеңде орташа бағамы 125,27 теңге/АҚШ долларын құрап, 2009 жылғы орташа бағаммен (126,09 теңге/АҚШ доллары) салыстырғанда 0,82 теңгеден астам револьвация орын алды. Үкіметтің болжамдары бойынша теңге/АҚШ долларының айырбас бағамы төмендеуді жалғастырады.
ТБИ 2009 жылғы қаңтар және ақпан айларында 0,9% және 2,4%-ға өскенімен салыстырғанда 2010 жылдың осы айларында 1,1% және 1,9%-а өсті. ҚР Ұлттық банкісінің болжамдары бойынша 2010 жылдың қорытындылары бойынша ТБИ 7,3%-8,3% аралығында болады.
Компания көліктік тарифтер, мұнай өндіру, қаржылық және еңбек ресурстары сияқты қызмет аспектілерінде маңызды өзгерістерді күтпейді.
Компания өндірілетін мұнайды үш негізгі бағыттар бойынша жеткізеді: Каспийлік Құбыр Консорциумы (Каспийский Трубопроводный Консорциум (КТК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбырлары бойынша экспортқа және 6 кестеде көрсетілгендей ішкі нарыққа:
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану