Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 14:39, курсовая работа

Описание работы

Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған “жасырын” монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіру үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни сектолрлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек. Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.

Содержание

ріспе..........................................................................................................................3

1 Негізгі құралдардың есебі...............................................………………........4
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау...........................................4
1.2 Келіп түскен құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру..........................................................................................................6

2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі
жағдайы мен даму тенденциясы

2.1 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері.......................................................................................................17
Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу....................20

3 Шағын және орта бизнестің дамытуға қолданылған нақты шаралар

3.1 Негізгі құралдарды есептеп шығару...........................................................26

Қорытынды............................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................32

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды ұйымдастыру.docx

— 89.54 Кб (Скачать)

Бұл әрекет ететін заңнамасы. Кейбір елдердегі істегі нормативті-кұқықтық актілерді нақтылай карастыру қиынға түседі. Сондықтан бізбен нарықтық экономикаға өткен жеке елдердің заң шығару базасының ортақ белгілері бөлініп көрсетіледі:

- шағын   кәсіпкерлік   және   оны   мемлекеттік   қолдау   туралы   арнайы заңның болуы. Америка Құрама Штаты кабылданған «Шағын бизнес туралы» заң, Жапонияда қабылданған «Шағын және орта кәсіпорындар туралы негізгі заң», Германияда қабылданған «Жазалаушы кұқық», «Ресей    Федерациясында    шағын    кәсіпкерлікті мемлекеттк қолдау туралы» заң және тағы басқадай.

- шағын    кәсіпкерліктің    басым    бағыттарын    дамытудағы    косымша ынталандыру құралдарын қарастыратын, федералдық заңдардың болуы және басқа да Үкімет қаулылары қабылданды.

-   аймақтық деңгейлерде қабылданған  арнайы құқықтық актілердің болуы.

 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдаудың ұйымдастырушылық аспектілерін  талдау, нарықтық экономикаға өткен  елдерде бағдарламалы-мақсатты тәсіл жатқандығын көрсетті. Ол бірнеше негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: орталықтандырылған қолдаудың бағыттарындағы айқындылыкты көтеру; шағын кәсіпкерлікті дамытудың қоғам үшін басым бағыттарына оны шоғырландыру, ал экономиканың осы сферасының даму проблемаларын ұлттық экономиканы дамытудың қабылданған бағыттары мен мақсаттарының жалпы жүйесімен кешенді түрде қарастыру. Бағдарламалы-мақсатты тәсіл басқарудың барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады. Бізбен шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибесін талдау экономиканың осы бағытын мемлекеттік колдаудың негізгі бағытарынан тұрады.[10,36б.]

 

Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары

 

       Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  қызметін қолдау мен дамыту мемлекетпен нормативті-құқыктық актілер негізінде іске асырылады. Қабылданған нормативті-құқыктық актілердің және оларды іске асыру нәтижелерінің негізінде Республикадағы шағын кәсіпкерліктің даму уақытын үш кезеңге бөлуге болады:

  1. 1997 - 2006 жылдардың аралығы - кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл уақыт аралығында қызметтің осы түрімен  айналысатын  халық саны  он  есе көбейді. Кәсіпкерлік кооперативтерден кәсіпорындарға дейін өсті, оны дамыту жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды; халық шаруашылығы   кәсіпорындарының  біраз   бөлігін   мемлекет  меншігінен шығару    мен    жекешелендіру    кезеңдерін    бастан    кешірді; елміздің экономикасы дағдарыстық күйден өз қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл уақытты Республикадағы кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңі ретінде сипаттауға болады.
  2. 2007 жылмен қазіргі уақытты қоса алғанда - бұл кәсіпкерліктің тұрақты дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған нормативті-құқықтық    базамен,    кәсіпкерлікті    қолдау    бойынша    ұйымдар    мен институттардың   тұтас   құрылымдарын   құрумен,   шағын   кәсіпкерлікті дамытудың      белгілі     теориялық     және  өндірістік  тәжірибесін жинактаумен қоса жүреді. Өзінің екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеніне өте отырып, кәсіпкерлік Республика экономикасын гүлдендіретін  басты    тетіктердін    бірі    өзі    екендігін    хабарлады.    Мұнымен    коса кәсіпкерліктің қолданылатын формалары мен түрлері алуан түрлі. Екінші кезеңнің   басталуы,   атап   айтқанда   2007жылдан бастап,«Қазақстан  Републикасының      2007-2009   жылдарға       арналған Мемлекеттік  бағдарламасын»   қабылдауға   байланысты,   онда   бірінші   рет   шағын кәсіпкерліктің даму болашағы ұлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен бірге қарастырылды.
  3. Экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерліктің дамуында кол жеткен      әлеуметтік-экономикалық      параметрлеріне      сәйкес,мәні инновациялық процестер мен өнімді экспорттаумен байланысты үшінші кезеңді анықтауға болады.

Сөйтіп, шағын кәсіпкерліктің дамуының әрбір кезеңіне, қызметтің  осы түрін қалыптастыратын, өзінің факторлары мен нәтижелері тән. Шағын кәсіпкерліктің даму кезендері.[11,25б.]

 

 

1.3 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны

 

 

Экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілі     А.Смит   кәсіпкерді қандай да бір коммерциялық идеяны өткізіп, пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттаған. Мұнда ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады, нәтижесіне өзі ие болады. Көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің пікірі бойынша, кәсіпкер белсенді, тәуелсіз, ұқыпты және өте сақ болуы керек. Одан кейінгі кезеңдерде" кәсіпкерлік", "кәсіпкер" ұғымдарына кернекті француз экономисі Ж. Б. Сэй неміс экономисі В. Зомбарт австриялық экономист Й. Шумпетер тағы басқалары өзіндік түсініктерін қалыптастырып, кәсіпкерлік туралы экономикалық ілімдерді толықтыруға үлестерін қосты.

Нарықтық бәсекелестік шаруашылықтың дамуы барысында өндірісті ұйым- дастыру мен басқару процесінде кәсіпкердің жеке қабілеті, ақыл-ойы алдыңғы қатарда.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі  салықтық реттеу болып табылады.

Салық салудың түрлі проблемаларын зерттеу саяси экономия классиктерінің еңбектерінде көрініс тапқан. А. Смиттің пікірі бойынша " Салықтар- бұл халықтардың өздерінің табыстары арқылы мемлекеттің міндеттеріне байланысты шығындарды жабуға арналған мемлекеттік табысты қалыптастыруға қатысудың бір тәсілі болып табылады".

Қазақстанның салық кодексінде салықтарға мынандай анықтама берілген: “салықтар-мемлекет пен заңды түрде бекітілген белгілі бір мөлшерде, қайтарылмайтын және қайтарымсызтүрде сипатталатын, бюджетке төленетін біржақты міндетті ақшалай телемдер.

Экономикалық категория ретінде, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектінің және жеке түлғалардың мемлекетпен арасында туындайтын қаржылық қатынастардың жиынтығы.[12,71б.]

А. Вагнер 1890 жылы өзінің саяси-әлеуметтік теориясын ұсынды. Онда ол, салық саясаты тек қана фискалды саясатты көздемеу керек, саяси - әлеуметтік мақсатты орындауы керек екенін атап көрсетті.Салық салу қаржылық саясатпен қатар, ол өз еңбегінде, - басқа да мақсатты көздейді,салық көмегімен кез-келген қоғамда байлықты адамдар арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етуге болады. Ойын жалғастыра келе ол салық тек қана фискалды құрал  ғана емес шаруашылыққа тікелей әсер етудің құралы.

Салық салудың нәтижелігі олардың атқаратын рөліне тікелей байланысты. Өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметгері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл рөл жағымды болып келеді. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қамтамасыз ету күрделі және қарама қайшы мәселе болып табылады, өйткені мемлекет үшін ең бірінші және негізгі мәселе болып салық салуды жоғарлату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъекгілер салық төлеуді азайтуға ұмтылады.

Сондықтан да халықтың әлеуметтік жағдайы салық салу саясатында негізгі фактор ретінде қала береді. Шаруашылық субъектілері мен халық неғұрлым бай болатын болса, соғұрлым салық базасы да кең, яғни салықтық түсімдердің көлемі де жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданатын салық саясатын жетілдіруде келесі мәселелерді қарастырған жөн:

- халыққа салық салуда  халықтың әл-ауқатымен санасу;

- жеке кәсіпкерлерге  мемлекет түрғысынан жан-жақты қолдау көрсету;

- салық ауыртпалығын мейлінше жеңілдету.

Салық салу мемлекеттің  өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданылатын тиімді салық салу жүйесі қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайдан әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді.

Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру-өте күрделі процесс. Казақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.[13,45б.]

Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық эконономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі үшін өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтың шынайылылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеті жоғары және елдің ғылыми-техникалық күш қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет.

Аталған тұжырымдама жаңа мемлекеттік саясатқа және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым қатынастың жаңа идеологиясына алып баратын өтпелі кезең ретінде қаралып отыр. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ашық зандық негіздер құру, экономиканы әкімшілдендіруді болдырмау, әкімшілдік тосқауылдарды жою, мемлекеттің қатысы бар кәсіпорындар мен акционерлік ұйымдардың кәсіби емес іс-қызметтерін нарықтық ортаға, ең бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру, инфрақұрылымдық жүйе құру, кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуын қамтамасыз ету шараларын іске асыру қарастырылған. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік табыстарына салық салу жүйесі оңайлатылған. Арнайы салық тәртібі мен салық салудың жалпы белгіленген тәртібін кәсіпкер ерікті

негізде таңдайды. Біржолғы талон негізіндегі арнайы салық тәртібі қызметі 
кезеңді сипатқа ие және ол жеке тұлғаларға арналған. Мұндай кәсіпкерлер үшін бюджетпен патенттік есеп айырысу іс-қызметін бастағанға 
дейін жаңа біржолғы талон алуға келіп саяды. Бизнестері тұрақты сипат алатын кәсіпкерлер үшін бюджетпен патенттік есеп айырысу нысаны

ұсынылады. Оны жұмыскерлерді жалдамайтын және жылдық табысы 2 мил-лионнан аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады. Бұл ретте кәсіпкер өтініш берген табыс сомасының нысанынан 3 % көлемінде салық төлейді.

Салық салу кезінде алдымен алынған табысқа күрделі-үдемелі ставка көрсеткіші қолданылады: жеке кәсіпкерлер үшін-үш деңгейлі, заңды тұлғалар үшін-төрт деңгейлі. Жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген нысан бойынша салынған салықты жеке бастық табыс салығы мен әлеуметтік салық, ал арнайы салық тәртібін қолданушы заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы мен әлеуметтік салық алмастырады.[14,85б.]

Акционерлік қоғамдардың  анықталған кәсіби емес қызмет түрлері нарықтық тетіктерді қолдану жолымен нарықты ортаға беріледі.

Өндірістегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау барысында салық жеңілдіктері мынадай мақсаттарды көздейді: монополияға қарсы күрес, бәсеке-лестікті қолдау мен дамыту, өндіріске ғылым жаңалығын енгізуге жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін қысқарту, өндірілген өнімге, тауарға, көрсетілген қызметке деген тұтынушы сұранысының артуына жағдай жасау.

Кәсіпкерлік "бизнес" сөзінің қазақ тіліндегі синонимі. Кәсіпкерлікті басқа экономикалық қызмет түрлерінен ерекшелейтін белгілеріне дербестік, жауапкершілік, тәуекелділік, іскерлік, белсенділік жатқызылады.

2010 жылдың 1 қаңтардағы деректерге сүйенсек, қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын шағын субъектілердің саны 145, 1 мың болып отыр, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 10, 9 пайызға көп. Нақты жұмыс істейтін субъектілердің үлесі жалпы тіркелгендердің 71, 2 пайызын құрап отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар саны 524, 6 мың адам, бүл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғаңца 8, 7 пайызға өсті.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының құрылымын талдасақ, 32 пайызы Алматы қаласында шоғырланған және олар саудамен, автокөліктерді жөндеумен, тұрмыстық техниканы жөндеумен айналысады. Бұл жалпы шағын бизнеспен айналысатындардың 40, 5 пайызын құрайды.

Шағын    және орта кәсіпкерлік пен  айналысатын субъектілерден түсетін салык көрсетілген салық түсімдерінің 12 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына, индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес салықтық жүктемені азайту және елдің экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ белгілі бір санаттағы азаматтардың кірістерін заңдастыруын ынталандыру және жалақыны ұлғайту мақсатында 2009  жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтік салық бойынша ставкалардың кемімелі шәкілі енгізілді, қосылған құн салығының ставкасы азайтылады, арнайы  экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимі белгіленді, арнайы салық режимдерін қолдану аясы кеңейтілді.

Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды тереіңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салуды, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру норма-ларын жетілдіру және кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтілді, мұнай-химия өндірістері, қосылған құны жоғары тауарлар өндірісі үшін жеңілдіктер енгізілді.

Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.[15,16б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен даму тенденциясы

2.1 Шағын кәсіпкерліктiң  шаруашылық жүргiзушi субектiлерiнiң  мониторингi

 

 

Шағын кәсіпкер субъектiлерiнiң шаруашылық кешенiң барлық салаларында  және республика өңiрлерiнде құрылып, қызмет етедi. Олардың көпшiлiгi тұтынатын әр түрлi тамақтану өнiмдерiн өндiредi, ауыл шаруашылық өнiмдi өсiредi, сауда делдалдық, коммерсиялық және қаржылық қызметпен айналысады. Шағын кәсiпкерлiктiң даму жағдайын және тенденцияларын талдау 2008-2012 жыл iшiнде жүргiзiледi. 2008 жылдан бастап ШКС анықтаудың ақырғы бағалау өлшемдерi, олардың ұйымдастыру құқықтық формалары, берiлген субъектiлердi есепке алу және есептiлiктiң ықшамдалған жүйелерi қабылданды.

ШКС кәсiпкерлiк қызметiн белсендетудiң  негiзгi нәтижелерi 1 кестеде көрсетiлген.

1 кесте мәлiметтерi бойынша 2008 жылы тiркеуге алынған ШКС жалпы саны 388,2 бiрлiкке тең болады, оның шағын кәсiпорындар үлесiне 28,8% жеке кәсiпкерлерге, соның iшiнде шаруа (фермерлiк) қожалықтарына 71,2% келдi. Бұл жылы 111,8 мың шағын кәсiпорындар тіркеуге алынды, олардың тек 69,0% ғана қызмет ететiндер. Көрiп отырғандай, жыл iшiнде “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” және “Жеке кәсiпкерлiк туралы” негiзгi заңдарды қабылдау нәтижесiнде ШКС санының күрт өсуi байқалады.

 

Кесте 1

                       Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құрылымы

                                                                                                               

Көрсеткіштердің аталуы

 

 

өлш.

 бір 

 

Жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

1.Тіркеуге алынған ШКС 

саны соның ішінде:

-шағын кәсіпорындар

- жеке кәсіпкерлер  

мың. бір.

 

 

мың. бір.

 

мың. бір.

388,2

 

 

 

111,8

 

 

276,6

408,5

 

 

 

103,2

 

 

305,2

449,9

 

 

 

114,8

 

 

335,1

457,3

 

 

 

108,6

 

 

370,1

417,2

 

 

 

116,5

 

 

398,4

2. Қызмет ететін ШКС    саны, соның ішінде:

-шағын кәсіпорындар 

мың. бір.

 

мың. бір.

357,7

 

77,0

382,2

 

77,0

376,4

 

97,1

387

 

97,4

395,4

 

98,9

3. Тіркеуге алынған субъектілердің  жалпы санындағы қызмет ететін  ШКС үлесі 

  соның ішінде:

  • шағын кәсіпорындар

4. Тіркелеген шағын кәсіпорындардың   жалпы санындағы қызмет ететін  шағын кәсіпорындардың үлесі. 

 %

 

 

 

 

 %

 

 

 

 

 

%

91,1

 

 

 

 

19,9

 

 

 

 

 

74,5

93,7

 

 

 

 

18,8

 

 

 

 

 

74,5

83,7

 

 

 

 

21,6

 

 

 

 

 

84,6

88,4

 

 

 

 

24,2

 

 

 

 

 

86,5

91,3

 

 

 

 

23,6

 

 

 

 

 

91,7

Информация о работе Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды ұйымдастыру