Касипорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 10:59, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалын саралау.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

1.1 Аралас экономиканың мәні, пайда болуы.......................................................5

1.2 Аралас экономиканың түрлері және белгілері..............................................8

1.3 Аралас экономиканың қалыптасуындағы өндіріс факторлары...................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАЛАС ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасының қаржы секторы саласының дамуын талдау......................................................................................................................12

2.2 Аралас экономика кезіндегі шағын кәсіпкерліктің қаржы жағдайлары.............................................................................................................16

ІІІ. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘНІ

3.1 Аралас экономиканың экономикалық шаруашылықты жүргізудегі орны..................................................................................................................20

3.2 Аралас экономиканың қоғамдық өндірістегі орны......................................24

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................30

Работа содержит 1 файл

Аралас экономика777.doc

— 346.50 Кб (Скачать)

    2011 жылы бағалау бойынша шағын  кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің  саны 59 мыңнан астамды құрайды  және 21 %-ға ұлғаятын болады, оның  ішінде үштен бірі – заңды  тұлғалар және екіден бірі  – жеке кәсіпкерлер. 

    2011 жылы шағын кәсіпкерлік саласында  жұмыспен қамтылғандар санын 105,2 мың адамға ұлғайту күтілуде. Өндірілген өнім, жұмыс және қызмет көлемі 244 млрд. теңгеге жоғары, өсу қарқыны 2006 жылмен салыстырғанда 44 % құрайды. /8/

    Астана  қаласының өнеркәсіп секторы  өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорын-дарымен (88,6 %) және электр энергиясын, газ және суды шығару және бөлу жөніндегі кәсіпорындармен ұсынылады (11,4%).

    Өңдеуші өнеркәсіпте 2010 жылы 66,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2009 жылы өндірген деңгейден 19,3 % жоғары. Өндіріс көлемінің ұлғаюы келесі салаларда: басқа бейметалл минеральды өнімдерді 24,3 %-ға өндіруде, резина және пластмасса бұйымдарын 49,3 %-ға өндіруде, дайын металл бұйымдарын 10,2 %-ға өндіруде ұлғайды, машина жасауда: басқа да көлік құралдарының 24,4 %-ға өндіру, машина және құралдар шығару - 29,6 %-ға, ауыл шаруашылығы үшін машина құралдарын шығару 1,4 есеге; тамақ өнімдерін өндіруде ет пен тамақ шығару 19,5 есеге, шұжық өнімдері -                  15,0 %-ға, жартылай ет өнімдері – 19,0 %-ға, сары май - 20,0 %-ға, жаңа піскен нан - 4,8 %-ға, торт және кондитер бұйымдары - 11,3 %-ға, макарон - 3,8 есеге ұлғайды. 

    Өнеркәсіп өндірісінің көлемі (млрд. теңге)

    

 
 

    Металлургиялық  өнеркәсіпте өндіріс көлемі шойын  құю бойынша қызмет көлемінің  қысқаруынан 26,6 %-ға төмендеді, тігін  және тоқыма өнеркәсібінде ішкі нарықта көп бәсекелестіктің әсерінен тапсырыстың азаюына байланысты 14,3 %-ға, ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау саласында көлем 14,9 %-ға (терезе, есік, жақтаулар, орман материалдарын және т.б. шығару төмендеді) төмендеді, бұл саланың аса маңызды  саласы – шикізаттың жетіспеушілігімен негізделеді, целлюлоз және қағаз өнеркәсібінде және баспада кітаптарды және басқа баспа өнімдерін шығарудың қысқаруы есебінен 12,6 %-ға төмендеді.  

    Қала  экономикасын дамыту көп жағдайда жаңа талаптарға сай қала құрылысымен байланысты. Қаланың жалпы өңірлік өнім құрылымында құрылыс жұмыстары көлемінің үлесі 2008 жылы 27,2 % құрады. Бұл өңірлер арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘНІ 

    3.1 Аралас экономиканың  экономикалық шаруашылықты  жүргізудегі орны 

    Аралас  экономика шаруашылықты жүргізудің бір жақты жүйесі емес, жаңа экономикалық жүйе қалыптасатын кезең. Осылай болғандықтан ол жүйе ретінде, бір бағытта сипаттасуы мүмкін емес, өйткені жүйеде экономикалық заңдар иерархиясы үстемдік етеді, олар бір-біріне бағынышты болады. Мұнда экономикалық құбылыстардың біреулері өмірге келіп, басқаларға ауысып отырады. Бұл процестер сырт қарағанда мемлекеттің жеке кәсіпкерлер шаруашылығына араласуы болып, экономикалық шындықты көрсетеді. Бұл табиғи нәрсе, себебі жаңа өндіргіш күштер бұрынғы кәсіпкерлік құрылымдарға бейімделмеген. Сондықтан соңғылары жаңа өндіргіш күштер әкелген жаңалықтарға қарсылық білдіреді. Мұндай жай АҚШ-та 30-шы жылдарда болды. Э. Вейре, Т. Гардлер, Г. Форд, Дюпон және басқалары мемлекеттің араласуларына қарсылықты басқарды. Тап осының, бірақ керісінше позицияда бұрынғы КСРО-да болғанын атап өту керек. Онда саяси, өнеркәсіп, аграрлық және әскери топтар 1991 жылғы жеке кәсіпкерлікті енгізуге қарсы болды.

    Жаңалық енгізуге қарсы американдық және кеңестік топтар шаруашылық жүргізудің бұрынғы жүйелерін жақтады. Экономикалық заңдардың әрекеті нақты өмірге жаңа лептің қажеттігін көрсетті. Одақтық  гекачепистер экономикаға жаңалық енгізуге қарсы болып орталықтандыруды жақтады, оның негізіне экономиканың салалық құрылымы жатты. Соңғылары қазіргі елдердің экономикасында болғанымен шаруашылық құрылымынын негізі бола алмайды, өйткені экономика тауарлы өндіріс зандары бойынша қызмет етеді.

    Тауарлы шаруашылық тауар өндірушілердің оқшаулануына сүйенетін өзіне қажетті салалық  кәсіпорындарды таңдап алады және бірыңғай шаруашылық бірлестігін жасайды.

    Кеңес экономикасы шаруашылықтың салалық  принципіне сүйеніп, тауарлы қатынастарды бағаламады, нәтижесінде мүгедек, "жоспарлы" гипертрофирленген (мендеп, семіп), шаруашылықты аламыз. Осындай кемшіліктерге қарамастан, гекачепистер бұларды жақтап аз ғана косметикалық сипаттағы өзгерістерді ұсынады. Олар 25 жыл бұрын Дж. Гэлбрейттін қорытындысы мен ескертуін қабылдамады. Дж. Гэлбрейт былай деп жазған еді: "Идеологиялық символдар емес те.хника мен өндірісті ұйымдастыру туралы талаптар экономикалық қоғамның бейнесін жасайды. ...Мұндай қорытынды қолдау тапты... әсіресе жоспарлауды социализммен теңестіртендер".

    Мемлекеттің жеке кәсіпкерлікке араласуын, нарықтық экономиканы көрсетіп, экономикалық теориялар шаруашылық өмірге бір  табан жақын тұр, бірақ олар қазіргі  экономика қозғалысының себебін  терең көрсете алмады. КСРО-да және басқа да социалистік елдерде қолданған жоспарлы шаруашылықтың тәжірибесі машиналы өндірістің тек техникалық жағына мән берді - құрамдармен күшті сәйкестендірді, ал түпкі нәтижені назардан тыс қалдырды. Олар ақша арқылы бақылауда уақыт факторын есепке алды. Бұларды ескермеу шаруашылық қызметте экономикалық дамудың табиғи жолын жоққа шығаруға әкеледі.

    XX ғасырдың барысындағы аралас  экономика түсінігі туралы көзқарастар,  конвергенция теориясы эволюциясынан  басқалары сапалық өзгеріске  ұшырамады. 80-жылдарда да негізінен аралас экономиканы "мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отырулары" деп анықтады. Мұндай көзқарас Ф. Марш, Э. Шонфилд, Э. Рол, М. Пестон, М. Фламан және басқа қазіргі батыс экоиомистеріне тән.

    Бұлардың  ой-пікірлеріңде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы алшақтық бар. Айталық Э. Шонфилдтің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э. Ролдын айтуынша, Ұлыбританияда 200 жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың анықтамасын, оның мәнін терен. аша алмайды.

    Бұрынғы КСРО-ның қазіргі экономистерінің теориялық еңбектерінде: "бұл проблеманы түсінуде үш негізгі бағыт анықталды. Біразы аралас экономиканы көп укладтыкпен теңестіреді. Екіншілері аралас қоғамды "формацияға жатпайтын қоғамның типі" деп қарайды. Ең соңында, үшіншілері бұл қоғамның сипатын өтпелі типке жатқызады". Көзқарастарының әртүрлілігі аралас экономика анықтамасының анық еместігінде жатыр. Атаған үш бағыттың мәндік салмағы өтпелі кезеңге ауысқан және ол "аралас" сөзінен де туындайды. Нәтижесінде осы ұғымның мәндік мазмұнын анықтауға бір нәрсе басқамен араласуы тиіс және ол процесс белгілі бір уақытта деген ой аспанында қалықтайды.

    Шынында, алдымен мына сұраққа жауап беруіміз керек: экономика не себептен аралас болады? Немен араласады және бұл араласу қайда апарады? Аралас экономика неден басталып қалыптасады? Әрбір зерттеуші өзі көздегенін табады. Осы жағынан мына сөздердің жаны бар: "Мынадай түсінікке қарамай проблемалық ситуацияны бағалағанда және теорияны тандағанда құнды пікірлер объективті экономикалық зерттеулерден анық бөлінуі тиіс".

    Шындықтың сонғы сатысы болмаса да мынаны атауымыз лайық — біздің талдауымыз өндіргіш күштердегі өзгерістерді көрсетті, олар жаңа, көбіне басқа қатынастардан үздіксіз пайда болады.

    Осының  негізінде батыс әлемінде корпорациялар дүниесінде XX ғасырда қазіргі индустриалды қоғам орнады. Мұнда кең көлемде ақша капиталының шоғырланып, алдыңғы қатардағы техника мен технологиялық түрден ұйымдық құрылым өзара тату-тәтті өмір сүруде. Бір жағынан, мұнда мындаған шағын кәсіпкерлер қызмет етеді, олар алып индустриянын, тиімсіздігінен болатын экономикадағы бос орындарды басады. Нәтижесінде экономика әлемінде қоғамдык өндірістің тауарлы және ұжымдық түрлері араласуын тұйықтайды. Экономика дүниесін тек қана жеке меншіктіден емес, тек жеке-дара кәсіпкерден емес, сонымен қатар ұжымдық меншіктен, мемлекеттік меншіктен тұрып, олардың түрлілігін қосады.

    Экономикалық  өмірде әртүрлі меншік түрлері пайда  болуының басты себебі - мануфактуралық және қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты.

    Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп  өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны  қосады, кәсіпорындар мен өндіріс  салаларынын оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастарды қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысатын өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын — аралас экономиканы көрсетеді.

    Тауарлы өндіріс аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономиканың тауарлы өндіріс болуы — ұжымдық өндіріс қатынастарынан ұрықтануынан соңғысының даму деңгейі аралас экономнканың қалыптасу кезеңдерін білдіреді. Аралас экономика қызметінің ерекшеліп, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің зандылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқасына ауысып отырады. Бұл процесс Дж. Гэлбрейттің мына ойында көрініс тапқан: "Екі жүйе нарыққа ауысты. Жоспарлаудың бір түрлерінің конвергенцияға бағыт ұстағаны айқын байқалды". Мұнда автор капитализм мен социализмді айтып отыр, бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді. Бұл идеяға атап өтетін жай, қайсыбір процестердің мұндай ойға итермелегені.

    Аралас  экономиканы түрлі өндіріс әдістер арасындағы кедергі, ол мемлекеттің жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әртүрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды, бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік катынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес.

    Аралас  экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын берілмегені белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарына сырт қараушылықтан шығады. Бұл құбылыс капитализмде емес, социализмде емес, соңғысына капиталистік өндіріс қатынастары өнбейді, онда ол - информациялық құбылыс емес. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

    Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс — аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сойтіп экономист-ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бергі жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды.

    Аралас  экономика өзінің бойына мемлекет пен  кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалык укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен ондіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Осының салдарынан проблеманы түсінуден түрлі көзқарастар, әртүрлі концепииялар болады. Олар аралас экономиканың түрлі жақтарын және оның мәндік белгілерін көрсетеді. Осылай бұл көзқарастардың алдамшы дұрыстығы жасалады. Сондықтан әрбір экономикалық құбылысты қарағанда, соның ішінде аралас экономиканы да, олардың қорыту деңгейін және модификациялану заңдылықтарын дәл айыра білу керек. Онсыз шын танып білу болмайды, ал шаруашылық процестерін жетілдіру ұсыныстары таяз, біржақты сипат алады.

    Аралас  экономиканың "қоғамның өтпелі типі", "мұнда жаңа метацивилизация мен  жана өндіріс әдісі қатар жүруі" деген түсіндірулер мына сұраққа жауап бермейді; бұндай өтуге не итермелейді? Қарап отырған көзқараста механикалық элемент басым. Ол мынадай тәсілдермен дәлелденеді: болашақ қоғамдық құрылыстың моделі, "жаңа элементтер шыңдалады"'.

    Аралас  қоғамда ешкімді, ештеңені, ешқандай қыстау, қинау, шындау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен біреулердің жаңадан, бұрынғылардан, қоғамдық өндіріс элементтерінің ескертуімен пайда болып, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезенде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.

Информация о работе Касипорын