Касипорын

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 10:59, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалын саралау.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

1.1 Аралас экономиканың мәні, пайда болуы.......................................................5

1.2 Аралас экономиканың түрлері және белгілері..............................................8

1.3 Аралас экономиканың қалыптасуындағы өндіріс факторлары...................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАЛАС ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасының қаржы секторы саласының дамуын талдау......................................................................................................................12

2.2 Аралас экономика кезіндегі шағын кәсіпкерліктің қаржы жағдайлары.............................................................................................................16

ІІІ. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘНІ

3.1 Аралас экономиканың экономикалық шаруашылықты жүргізудегі орны..................................................................................................................20

3.2 Аралас экономиканың қоғамдық өндірістегі орны......................................24

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................30

Работа содержит 1 файл

Аралас экономика777.doc

— 346.50 Кб (Скачать)

    Аралас  экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс" деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі — бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өңдірісті дамытудағы бірден-бір мүдде — сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін мемлекепік реттеуді енгізу керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикасында классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді. 
 
 

    1.2 Аралас экономиканың түрлері және белгілері 

    Аралас  экономиканың алғашқы көрінісі —  экономиканы реттеуге мемлекеттің  араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің  экономикалық қызметінің күшеюінен  керінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда баска да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі әнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

    Аралас  экономиканың басты белгісі — мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

    Мемлекеттік меншіктің пайда болуы — тауар  қатынастарында жаңа  ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде "тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы".

    Жапония аталған шаралардан басқаларын да жүргізеді. Олар: "бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімді индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен анықталады". Жапонияның, мысалы индустриалдық дамуы жоғары және постиндустриялық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.

    Аралас  экономиканың мәнді бір сипаты —  микро-макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.

    Қарастырып  отырған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы жекеленген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған фирмаларға ауысуы. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару кызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өнім шығаруы — бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтың берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

    Аралас  экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердің ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерді қамтуынан айқын білінеді. Олар тауарлы өндіріс заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделенуінен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады. 
 

    1.3 Аралас экономиканың  қалыптасуындағы  өндіріс факторлары 

    Еңбек - өндіріс факторы

      Ешбір қоғам материалдық игіліктер  өндірмей тіршілік ете алмайды.  Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылықка, нәтижеге мақсатталган адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинакталған жабдықтар коры. Жер туралы әңгіме дегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т. б. игіліктер туралы сөз болуы керек.

    Бұл тарауда өндіріс факторларын жан-жақты қарастыра   отырып,   кейін  өндіріс   процесінде  осы  факторлардын өзара әрекетін табуға тоқталу қажет.

    Еңбек - өндіріс факторы

    Еңбек адамның мақсатқа сай кызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне   лайықтап    икемдейді.    Адамның   тіршілік    етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.

    Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы деген  ұғымдарға да тоқталған дұрыс  болар. ) Еңбек қарқындылығы — белгілі  бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі, |Конвейерлі (тізбекті) жүмыс әдісін шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға болады.

    Ғылыми-техникалық революция жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау және автоматтаңдырумен байланысты жүмысшы-ның дене күшін жүмсауы азаяды, есесіне ой — ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды.      

    Жұмыс күнінің ұзақтығы қысқартылса, еңбек  карқындылығы артады, керісінше, жұмыс  күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін. Ғылыми-техникалық революция еңбек сипатын өзгертті.

    Еңбектің  мамандық дәрежесі өсті, кадрларды  кәсіптік жағынан даярлауға кететін  уақыт көбейді, өндірісте күрделі  машиналар мен механизмдерді  пайдаланумен байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы технологиялық процестің мәнін үғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жүмыс күні бойынша еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін өзін қажетті өнімдерді өндіруге жұмсайды. Бұл уақыт Ішінде жұмсалған еңбек қажетті еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай көлемде өнім өндірумен шектелсе, қоғам одан әрі дами алмаған болар еді.

    Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын  жетілдіру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті  қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға  көмек көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан тыс еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған еңбек — қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және косымша болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.

    Капитал - өндіріс факторы

    Өндірістің  келесі бір факторы капитал. Капитал  көп мағыналы ұғым: ол материалдық  игіліктердің қоры, ол сонымен қатар  материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономияның классиктерінен тараған. А. Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс қүрал-жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П. Самуэльсон мен Нордхаустың "Экономикс" деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарлар-ды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, прокат  өндірістік үйлер т. б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон "Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы" деген еңбегінде, "Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған",— деп жазды.

    Маркстің  саяси экономиясының маңызды  категориясы ретінде   капитал   қоғамның   бүкіл   өндірістік   қатынастар жүйесін қамтитын қүбылыс  ретінде сипатталады, яғни капитал  капиталистер мен жұмысшылардың  қосымша құнды өндірумен байланысты қатынасын,  әрі оны бөлумен байланысты топтар арасындағы қатынастарды қамтиды.

    Маркс капиталдың жалпы формуласын шығарды. Ақша — Тауар- Ақша осыған орай ол капитал  мәңгі қозғалыста болады деген қорытындыға  келді. Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз иемденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен өндірілетін қосымша кұн болып табылады.Сырт қарағанда капитал мынадай нақты нысандарда орын алады: өндіріс құрал-жабдықтары — өндіргіш капитал нысанда ақша — ақшалай, тауарлар — тауарлы капитал нысанында көрінбекші. Солай дей тұра К. Маркс ақша-тауар және құрал-жабдықтар жеке алғанда капитал болады дегенді   айтпайды,   олар   белгілі   бір өндірістік   катынастар құрамында ғана капитал болып саналады деп білді. Сонымен капиталға деген көзқарас әр қилы, алайда олардың бір мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін қабілеті тұрғысынан капитал меншікпен үндеседі.

    Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп   капиталы деп   аталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 Қазақстан Республикасының аралас экономика кезеңіндегі қаржының рөлін талдау 

    2.1  Қазақстан Республикасының  қаржы секторы саласының дамуын талдау 

    ҚР  – дағы Астана қаласының банк жүйесін “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” мемлекеттік мекемесінің орталық филиалы, дербес банктер: «Қазақстанның Даму Банкі» ЖАҚ, “Цеснабанк” АҚ, екінші деңгейдегі банктердің 28 филиалдарымен, оның ішінде “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 105 есеп айырысу – кассалық бөлімдері ұсынды. 

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының  қаржы секторы өз дамуының жаңа сапалы деңгейінде, оның жетістігін Қазақстанның несиелік рейтингінің инвестициялық  деңгейге дейін жақсаруы, экономиканың осы сараланымының жоғары деңгейде реформалануы, қаржы жүйесі субъектілері активтерінің өсуінің оң серпіні дәлелдейді.

    Ел  экономикасы дамуының және қаржы  нарығының оң беталыстары Астана қаласының қаржылық қызмет көрсету  нарығының көрсеткіштерінің саны мен  сапасының өсуінде маңызды орын алады.

    Валюта  нарығы. Астана қаласының валюта нарығы айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құзіретті банктердің 20 филиалымен,                        1 байланыс поштасының өкілетті органымен, банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын 80 өкілетті органмен ұсынылады.

    Шетел валютасымен айырбастау операцияларын 231 айырбастау бекеті жұмыс істейді (2010 жылы – 203 бекет).

    Есепті  кезеңде уәкілетті ұйымдар бойынша 12 айырбастау бекеті ашылды және 17 жабылды, банктер 9 айырбастау бекетін ашып,                             16 айырбастау бекетін жапты.

    2010 жылы бойы қаланың айырбастау  бекеттері 346,7 млн. АҚШ долларына  сатып алу операцияларын іске  асырды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда  42,5  % жоғары, 642,5 млн. АҚШ доллары  сатылды, бұл                2007 жылдан 18,2 % артық. 2008 жылдың қорытындысы бойынша АҚШ долларын сатып алудың орташа жылдық курсы 133,8 теңгені құрады, 2009 жылдың қорытындысы бойынша -127,0 теңге.

    Евро  айналымының талдамасы 2010 жылы осы  валютаның сату – сатып алу  көлемінің тұрақты өсуін көрсетті. Сонымен, 2010 жылы сатып алу көлемі 2007 жылдың деңгейінен 12,6 %-ға артық және 62,3 млн. евроны құрады. Осы кезеңде 12,5 млн. евро сатылды, немесе 2007 жылдың деңгейінен 154,4 %.

Информация о работе Касипорын