Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 10:59, реферат
Курстық жұмыстың мақсаты: аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалын саралау.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Аралас экономиканың мәні, пайда болуы.......................................................5
1.2 Аралас экономиканың түрлері және белгілері..............................................8
1.3 Аралас экономиканың қалыптасуындағы өндіріс факторлары...................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАЛАС ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы секторы саласының дамуын талдау......................................................................................................................12
2.2 Аралас экономика кезіндегі шағын кәсіпкерліктің қаржы жағдайлары.............................................................................................................16
ІІІ. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘНІ
3.1 Аралас экономиканың экономикалық шаруашылықты жүргізудегі орны..................................................................................................................20
3.2 Аралас экономиканың қоғамдық өндірістегі орны......................................24
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................30
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
І. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
1.1 Аралас
экономиканың мәні, пайда болуы.........................
1.2 Аралас
экономиканың түрлері және белгілері.....................
1.3 Аралас
экономиканың қалыптасуындағы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАЛАС ЭКОНОМИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан
Республикасының қаржы секторы
саласының дамуын талдау.......
2.2 Аралас
экономика кезіндегі шағын
ІІІ. АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДЕГІ МӘНІ
3.1 Аралас
экономиканың экономикалық
3.2 Аралас
экономиканың қоғамдық
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.
Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық үрдістерді белгілейді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі, нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде - бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады.
Осыған
байланысты бұл курстық жұмысым
аралас экономика төңірегінде
Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарым-қатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері жеделдетеді. Дамыған елдерде көп нысанды Аралас экономика сипаты басым және онда жеке меншік, мемлекеттік меншік нысандарымен қатар муниципиалдық, кооперативтік, жалгерлік меншік түрлері де дамыған.
Аралас экономика түрлері аймақтық, ұлттық және жергілікті жағдайларды, халықтың әр түрлі әлеум. топтарының мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру үшін аса маңызды. Мұндай меншік түрлерінің Қазақстанда қалыптасып дамуы ел ерекшеліктері мен үрдістеріне сай нарықтық экономиканы байытып, оның икемділігін бірте-бірте арттыруда.Қазақстанда жарғылық капиталы біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар да бар. Соның әсерінен шетелдік және мемлекетаралық меншік түрлері дамуда. Аралас экономиканың басты мақсаты — өндіріс пен байналыс жүйесінде, ғылыми-техникалық, инвестициялық және сервистік салаларда дүние жүзі қауымдастық құрылымына ену. Аралас экономиканың экономикалық стратегиясына кәсіпкерлік пен жеке адамдардың еңбек белсенділігін арттыру және ынталандыру жатады. Қазақстан үшін басты стратегиялық бағытқа ел Президенті Н. Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей, “Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді. Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрлықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды”
Аралас экономика құрамындағы меншік иелері қызметін өзі орналасқан, елдің заңдары мен нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалын саралау. Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- аралас экономиканың мәні, пайда болуы
- аралас экономиканың түрлері және белгілері
- аралас экономиканың қалыптасуындағы өндіріс факторлары
- аралас экономиканың экономикалық шаруашылықты жүргізудегі орны
- аралас экономиканың қоғамдық өндірістегі орнын зерттеу.
Курстық
жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.
АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ
МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
БЕЛГІЛЕРІ
1.1
Аралас экономиканың
мәні, пайда болуы
Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі. Әлемде Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:
Ірі
өнеркәсіпті бір сатысынан
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріңдегі өзгерістерді кешіруге болмайды. Олар, жай ғана модификацик емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде коғамдық өңдіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың коғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын - аралас экономиканы туғызады.
Тауарлы
өндіріс - аралас экономика, өйткені
мұнда ұжымдық өндіріс
Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихы процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.
Аралас
экономиканы түрлі өндіріс
Аралас экономиканы кеп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлык шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өңдірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өңдірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес.
Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық ендіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесіңце орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны белдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс - аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы керініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардын бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы катынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды.
Аралас
экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай
қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция
табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары
қоғамдық өндіріс элементтерінің "ескертуімен"
өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі
мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде,
бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне
өту кезеңі емес. Мұңдағы процестер өте
күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру
бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы,
мәндік қатынастардың өзгерген түрлері
туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі
кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы
түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды
және адекватты материалдық-техникалық
база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің
қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту
керек; жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары
дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін
басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің
заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің
ену процесі — аралас экономика. Аралас
экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы
мынада: өтпелі экономика формациялық
даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды
көрсетеді.
Әр түрлі елдердің қазіргі эхономикасын аралас зкономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ГФР-ның, экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның, экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополисттік капитализмнің немесе индустриалды қоғамнын, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және оның мынадай белгілерін атап өтуге болды. Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды.