Экономикалық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:44, реферат

Описание работы

Ақшаның уақытша құны (ағыл. time value of money ) – бұл қаржыдағы ең маңызды түсініктердің бірі. Бұл түсінікті 1202 жылы Леонардо Фибоначчи әзірлеп, негізін қалыптастырды. Ақшаның уақытша құны ақша пайда әкелуі тиіс дейді. Сондықтан, қазіргі таңдағы ақша сомасы кейінге қалдырылған дәл осы сомадан құндырақ болады, себебі қазір салынған сома кейін пайда әкеледі.

Содержание

І. Ақшаның уақытша құны түсінігі
ІІ. Қаржы математикасының базалық түсініктері
2.1. Пайыздық ставкаларды есептеудің антисипативті және декурсивті әдістері
2.2. Пайыздық мөлшерлемелердің баламалылығы
2.3. Инфляциялық құнсыздану есебі
2.4. Аннуитеттер
2.5. Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздар. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың табыстылығы

Работа содержит 1 файл

Корпор. финансы doc.учебные пособие.doc

— 872.50 Кб (Скачать)

МК – есептік кезеңдегі МК орташа мөлшері.

  1. алдыңғы кезеңде пайдаланылатын капитал құны:

МКАП = МКАП * І (8.12)

МКАП – алдыңғы кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;

-    есептік кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;

- корпорацияның таза пайдасынан төленетін төлемдер өсімінің болжанып отырған индексі, жалпы үлесте/бірлікте.

3) қосымша тартылған  акционерлік капитал құны кәдімгі және артықшылықты акциялар бойынша жеке есептеледі. Акция көлемінің эмиссиясы арқылы тартылған қосымша капитал құны келесі формула бойынша есептеледі:

(8.13)

КАМК – кәдімгі акциялар шығару есебінен тартылған меншікті капитал құны, %-бен;

КАК – қосымша шығарылған кәдімгі акциялар саны;

КАД – есептік кезеңде кәдімгі бір акцияға келетін дивидендтер сомасы;

І – дивидендтер өсімінің жоспарланған индексі;

 – кәдімгі акциялар шығару есебінен тартылған МК сомасы;

ЭШ – акциялар эмиссиясының жалпы сомасына қатысты кәдімгі акцияларды шығаруға жұмсалатын шығындар, үлесте, бірлікте.

Артықшылықты акциялар есебінен тартылған қосымша капитал  құны мына формула бойынша анықталады:

(8.14)

АКМК – артықшылықты акциялар есебінен тартылған меншікті капитал құны;

ДС – қоғамның шартты міндеттемелеріне сәйкес төленуі тиіс дивидендтер сомасы;

ЭШ – эмиссияның жалпы сомасына қатысты бірлік үлесінде көрсетілген эмиссиялық шығындар.

 

3.2. Меншікті  капиталдың тиімділігі

 

Төмендегі көрсеткіштер меншікті капитал тиімділігінің  өзгеру критерийлері болып табылады:

  1. қаржы тұрақтылығының коэффициенті;
  2. пайдалылық;
  3. меншікті қаражаттың айналымдылығы;

Қаржы тұрақтылығын өлшеудің құрамы келесіні қамтиды:

(8.15)

ҚК – есеп берудің соңғы күніндегі бухгалтерлік баланс бойынша қарыз капитал;

МК – осы күнге арналған меншікті капитал.

Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті = МК / ҚК ≈ 1,5 (60% / 40%) (8.16)

БК – берешек коэффициенті, ұсынылып отырған мәні (60% / 40%). Ол қарыз және меншікті капиталдар арасындағы арақатынасты көрсетеді. Көрсеткіштің ұсынылып отырған мәні 60/40. Қарыз және меншікті қаражаттардың белгілі бір күндегі арақатынасы көрсетілген.

Қаржы тәуелсіздігі коэффициенті (8.17)

БВ – бухгалтерлік баланстың валютасы. Ұсынылып отырған мәні 0,5-тек көп немесе 50%-дан жоғары.

Тұрақты экономикалық өсу  коэффициенті (8.18)

РТП – негізгі капиталды қаржыландыруға және оған салуға бағытталған инвестицияланған таза пайда;

МК – меншікті капиталдың кезеңдегі орташа құны.

Меншікті капитал құрылымының коэффициенті

=

Инвестициялық  капитал

     (8.19)

Жинақталған  пайда


 

 

Инвестициялық капитал = жарғылық капитал * үстеме капитал * мақсатты қаржыландыру.

Жинақталған пайда = сақтаулы капитал * бөлінбеген пайда.

Меншікті капиталдың пайдалылық көрсеткіштері келесі көрсеткіштерді қамтиды:

(8.20)

 (8.21)

 (8.22)

МКП – меншікті капиталдың пайдалылығы;

ТП – есептік кезеңдегі  таза пайда;

 – меншікті капиталдың  есептік кезеңдегі орташа құны;

АКП – акционерлік  капиталдың пайдалылығы;

– акционерлік капиталдың есептік  кезеңдегі орташа құны;

ТАП – таза активтердің пайдалылығы, %-бен;

ТА – таза активтердің  есептік кезеңдегі орташа құны.

Меншікті капиталдың айналымдылығы күндегі бір айналымның айналымдылық коэффициентімен және ұзақтығымен көрсетіледі:

 

МКАК, АКАК, ТКАК – меншікті капиталдың, акционерлік капиталдың, таза активтердің айналымдылық коэффициенті;

МКАҰ, АКАҰ, ТААҰ – меншікті капиталдың, акционерлік капиталдың, күндегі таза активтердің бір айналымының ұзақтығы;

СТ – тауарларды нарықтық бағада сатқанда түскен ақшалай түсім;

К – есептік кезеңдегі  күндер саны, бір жылда – 360 күн, бір  тоқсанда – 90 күн.

 

Тақырыптық  есептер

 

№1 есеп.

«WishNown» АҚ жарғылық капиталы 8 млн теңгеге тең. Ол АҚ-ның негізгі қаражатынан да, сондай-ақ меншікті акцияларды сатудан түскен қаражаттан да тұрады. Өндірісті кеңейтуді жүзеге асыру үшін және алынуы мүмкін кредитке байланысты әр акцияның номинал құны 20 теңге болатын 100 000 дана қосымша акция шығару ұйғарылды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағымды өзгерістердің нәтижесінде, мүлік қайта бағаланғаннан кейін АҚ-ның өндірістік аудандарының құны 1 300 000 теңгеге өсті, ал құрал-жабдықтардың құны, керісінше оның сапасының ескіруі нәтижесінде 200 000 теңгеге түсті. Эмиссия жүргізілгеннен кейін, қор нарығына кәсіби делдалдарды тартудың нәтижесінде АҚ әр акцияға номинал құнынан тыс 10 теңгеден алды. Делдалдың комиссиясы номинал құнынан тыс табыстан 10%-ды құрайды. Осы кезеңде бөлінбеген пайданың көлемі 10 млн теңгені құрайды. Мамандандырылған өнеркәсіп кешенінің құрылысына мемлекеттік тапсырыс алуға байланысты Ұлттық инвестициялық қор осы міндеттетрді жүзеге асыру үшін «WishNown» АҚ шотына бюджеттен бөлінген қаржыдан 15 млн теңгені аударды. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді пайдалана отырып «WishNown» АҚ меншікті капиталының көлемін анықтаңыздар.

№2 есеп.

«Ice body» АҚ меншікті капиталы 2009 жылдың басында 29 млн теңгені құрады. «Ice body» АҚ өрт сөндіргіштер дайындайтын ғимараттары мен жер телімдерінің құны 2009 жылдың басында 3,5 млн теңгені, құрал-жабдықтар құны 6 млн теңгені құрайды, ал қалған айналымнан тыс активтерге 2,5 млн теңгеден келеді. 2009 жылдың аяғында қайта бағалау нәтижесінде АҚ ғимараттары мен жер телімдерінің құны 40%-ға түссе, керісінше, құрал-жабдықтардың құны 20%-ға өскендігі анықталды. Ал айналымнан тыс басқа активтердің құны 2,7 млн теңгеге дейін көтерілген. АҚ меншікті капиталының басқа да элементтерінің құны өзгерген жоқ. 2008 жылдың бас кезінде кәсіпорын 5 млн теңге көлемінде ұзақ мерзімді кредит алу үшін кредит келісімшартын жасады. 2009 жылдың соңында пайыздарды есептегенде төлеуге арналған борыштың негізгі сомасы  3 млн теңгені құрады. 2009 жылдың 7 қаңтарында үш жылға төлеу күні әр айдың тоғызына келетін 250 000 теңге көлеміндегі айлық лизингтік төлемі бар лизингтік келісімшарт жасалды. Осы мәліметтерге сүйене отырып, меншікті негізгі капиталдың мөлшерін, таза айналым капиталының көлемін және оңтайландыру коэффициентінің мәнін анықтаңыздар.

№3 есеп.

Төсек-орын жабдықтарын  шығаратын «Птах» кәсіпорнының баланс бойынша активтері 2009 жылдың бас кезінде 50 млн теңгені құрады. 2009 жылдың аяғында активтер 55 млн теңгені құрады. Болжамға сәйкес, активтер бабының мөлшері 2010 жылы 20 млн теңгеге өсуі керек. Меншікті капитал құны 10 млн теңге, 2009 жылдың соңындағы қайта бағалау нәтижесінде оның құны 12 млн теңгені құрады. Өндірілген өнімдерді сатудан түскен ақшалай түсім 2009 жылы 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін өзгерді. 2009 жылғы пайда 2,5 млн теңгеге өсті, ал оның бастапқы мәні 2009 жылдың бас кезінде 5 млн теңгені құраған болатын. Меншікті қаржы ресурстарының мөлшері 2009 жылы 10 млн теңгеге жетті. Пайда мен меншікті капиталдың және активтер мен сату көлемінің өсу қарқыны арақатынасының оңтайлылығын анықтаңыздар.

№4 есеп.

Үй жануарларына жем-шөп өндіретін «Нека» АҚ 2009 жылдың 1-тоқсанында 88 млн теңгеге өнім сатты. Өнім өндіруге кеткен шығын 55 млн теңгені құрады. Сонымен қатар АҚ қаржы қызметін жүргізуден 11 млн теңге көлемінде табыс тапты. Амортизациялық аударымдардың көлемі 2009 жылдың 1-тоқсанында 33 млн теңге болды. Өндірісті ары қарай дамыту және ұстап тұру үшін қажет жалпы сома 2009 жылдың 2-тоқсанында 99 млн теңгені құрады. Акционерлік Қоғамның МҚР-дың ішкі көздерін тартуды қажетсінуін анықтаңыздар.

№5 есеп.

2009 жылдың 1-тоқсанында  «Птах» АҚ 10 млн теңге таза пайда алды, 2-тоқсанда аталмыш көрсеткіш 12 млн теңгені құрады, 3-тоқсанда таза пайданың мөлшері 15 млн теңгеге жетті, 4-тоқсанда оның деңгейі 12 млн теңгеге дейін түсті. 1 және 3-тоқсанда акционерлерге төленген дивидендтер мөлшері таза пайданың 5%-ын, 2-тоқсанда 6%-ын, 4-тоқсанда 7%-ын құрады. Бірінші жарты жылда меншікті капиталдың орташа құны 50 475 000 теңгеге тең болды, 2009 жылдың екінші жарты жылында 65 млн теңгеге дейін көтерілді. «Птах» АҚ МҚР-ды қалыптастыру саясатының тиімділігін бағалаңыздар. Тұрақты экономикалық даму (ТЭД) коэффициентін пайдалана отырып, 2009 жылы пайдаланылған меншікті капиталдың құнын есептеңіздер.

№6 есеп.

«Птах» АҚ меншікті капиталының орташа көлемі 2009 жылы 45 млн теңгені құрады. «Птах» АҚ 2009 жылғы таза пайдасының көлемі 30 млн теңге. Бөлінбеген пайдаға бағытталған үлестің көлемі 70%-ды құрайды, акционерлерге сәйкесінше, таза пайда мөлшерінен 30% төленеді деп шешілді. Қосымша инвестицияларға байланысты, 2010 жылы аталмыш мәнді 25%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2009 және 2010 жылдардағы меншікті капиталдың құнын анықтаңыздар.

№7 есеп.

Айна шығаратын «Лунолик»  АҚ өзінің өндірісін ұлғайту мақсатында Жапониядан жаңа жабдықтар сатып  алуды ұйғарды. Аталмыш кәсіпорынды  қаржыландыруды кәдімгі акциялардың қосымша эмиссиясының 25%-ымен және артықшылықты акциялардың қосымша эмиссиясының 25%-ымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сол үшін номиналы 1000 теңге кәдімгі акциялардың 200 данасын шығару ұйғарылды. Бір кәдімгі акцияға келетін дивидендтер мөлшері 2009 жылы бір акцияға 50 теңгені құрады. Ары қарай дивидендтер төлемін 5%-ға арттыру жоспарланып отыр. Эмиссияға кеткен шығындар кәдімгі акциялардың эмиссиялары арқылы тартылған капиталдан 7%-ды құрайды. Сондай-ақ, номиналы 1000 теңге артықшылықты акциялардың 200 данасын шығару ұйғарылды. Төленуі қарастырылып отырған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер сомасы 25 млн теңгені құрайды. Артықшылықты акциялардың қосымша эмиссиясына кеткен шығындар артықшылықты акциялардың қосымша эмиссиялары арқылы тартылған капитал сомасынан 8%-ды құрайды. Кәдімгі және артықшылықты акциялардың қосымша эмиссияларын жүргізу нәтижесінде алынған қосымша капитал құнын анықтаңыздар.

№8 есеп.

Жарық беретін аспаптар шығаратын «Лупоглазик» АҚ 2009 жылы 75 млн теңге көлемінде ақшалай түсім алды. Өндіріске кеткен шығындар, пайыздық төлемдер мен салықтар есептелгеннен кейін, таза пайданың көлемі 25 млн теңгені құрады. 2009 жылы меншікті капитал құны орта есеппен 20 млн теңгені құрады, оның 12 млн теңгесі акционерлік капиталға тиесілі. Тіркелген активтердің орташа мөлшері 2009 жылы 15 млн теңгені құрады. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді пайдалана және 2009 жылдың есептік кезеңін есепке ала отырып, «Лупоглазик» АҚ меншікті капиталының айналымдылығы және пайдалылығы көрсеткішін есептеңіздер.




Информация о работе Экономикалық талдау