Экономикалық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:44, реферат

Описание работы

Ақшаның уақытша құны (ағыл. time value of money ) – бұл қаржыдағы ең маңызды түсініктердің бірі. Бұл түсінікті 1202 жылы Леонардо Фибоначчи әзірлеп, негізін қалыптастырды. Ақшаның уақытша құны ақша пайда әкелуі тиіс дейді. Сондықтан, қазіргі таңдағы ақша сомасы кейінге қалдырылған дәл осы сомадан құндырақ болады, себебі қазір салынған сома кейін пайда әкеледі.

Содержание

І. Ақшаның уақытша құны түсінігі
ІІ. Қаржы математикасының базалық түсініктері
2.1. Пайыздық ставкаларды есептеудің антисипативті және декурсивті әдістері
2.2. Пайыздық мөлшерлемелердің баламалылығы
2.3. Инфляциялық құнсыздану есебі
2.4. Аннуитеттер
2.5. Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздар. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың табыстылығы

Работа содержит 1 файл

Корпор. финансы doc.учебные пособие.doc

— 872.50 Кб (Скачать)

1) кәсіпорынның күтіліп отырған шығыстары мен ақша түсімдерінің уақытша түйісулерінің есебін ұйымдастыру ;

2) ақша түсімі мен жылыстауының қозғалысы туралы ақпараттық базаның қалыптасуы;

3) ақпараттық базадағы өзгерістердің күнделікті есебі;

4) төлемдерді талдау (пайда болу көздері мен сомасы бойынша және олардың алдын алу жөнінде шаралар ұйымдастыру);

5) егер ақшала түсімдері мен міндеттемелері уақытша түйіспеген жағдайда қысқа мерзімдегі кезеңде қажеттіліктерді есептеу және жедел қарыз қаражат алу;

6) кәсіпорынның уақытша бос ақшалай қаражатының есебі;

7) уақытша бос ақшалай қаражатты барынша сенімді әрі тиімді орналастыру тұрғысынан қаржы нарығын талдау.

Төлем күнтізбесі айлар мен одан да қысқа кезеңдер бойынша бөлінетін тоқсандарға жасалады. Төлем күнтізбесін жасау барысын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1) жоспарлау кезеңін таңдау (тоқсан, ай, декада, бескүндік);

2) қоймадағы дайын өнімдер қалдығының өзгерісін есептей отырып өнімді сату көлемін жоспарлау;

3) ықтимал ақша түсімдері көлемінің есебі;

4) жоспарлы кезеңде күтіліп отырған ақшалай шығынды бағалау;

5) жоспарлау кезеңіндегі түсімдер мен шығындар сомасының арасындағы айырмашылықты білдіретін ақша сальдосын анықтау;

6) қорытынды жасау мынаны көрсетеді: ақшаның жетімсіздігі немесе артылуы мүмкін бе?

Жоспарланып отырған  шығындардың күтіліп отырған  шығындардан асып түсуі ақшаның жетімсіздігін білдіреді. Бұл жағдайда келесі шараларды қабылдау керек:

1) бірінші кезектегі емес шығындардың бір бөлігін келесі күнтізбелік кезеңге ауыстыру;

2) өнімді тиеуді және сатуды барынша жылдамдату;

3) қосымша көздер іздестіру жөнінде шаралар қабылдау.

Соңғысында қысқа мерзімді кезеңдегі жиынтық қажеттілік есептеледі.

Кәсіпорында төлем күнтізбесінен басқа кассалық жоспар, яғни түсімдер мен төлемдерді көрсететін қолма-қол ақшалай қаражат айналымының жоспары жасалынуы тиіс.

Кассалық жоспар бір тоқсанға жасалып, белгіленген мерзімде кәсіпорын есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасқан коммерциялық банкке ұсынылады.

 

ҮІІІ тақырып. Корпарациялардың меншікті капиталы

І. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы

ІІ. Меншікті капиталдың қалыптасу саясаты

2.1. Айналым және негізгі меншік капиталы

2.2. МҚР саясатының қалыптасуы және оны бағалау

ІІІ. Меншікті капиталдың жекелеген элементтерін бағалау

3.1. Меншікті  капиталдың құны

3.2. Меншікті  капиталдың тиімділігі

 

Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы

 

Негізгі (меншікті) капитал  төмендегілерді қамтиды:

  1. жарғылық капиталды;
  2. үстеме капиталды;
  3. бөлінбеген пайданы;
  4. мақсатты қаржыландыру қаражатын.

Жарғылық капитал –  кредиторының мүддесін кепілдендіретін  мүліктің ең аз көлемі. Жарғылық капитал – оның құрылтайшылары мен акционерлері корпорацияға құрылтай құжаттарымен анықталған үлестеріне үйлесімді салған негізгі қаражаттың, материалдық емес активтердің, сондай-ақ ақшалай бағаланатын мүліктік құқықтардың жиынтығы. Жарғылық капиталдың қалыптасуы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелерімен және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Қоғамның жарғылық капиталы акциялардың атаулы құнын арттыру, олардың қосымша мөлшерін орналастыру арқылы ұлғайтылуы мүмкін.

Қоғамның жарғылық капиталы акциялардың атаулы құнын төмендету немесе акциялардың жалпы санын және оларды кейін өтеуді қысқарту арқылы азайтылуы мүмкін. Қоғамның жарғылық капиталды Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінен аз көлемде азайтуға құқығы жоқ.

Акционерлік Қоғамның резервтегі капиталы оның мөлшеріне жету үшін  таза пайдадан жыл сайынғы аударымдар арқылы Акционерлік Қоғамның жарлықтарында қарастырылып, бекітілген көлемде құрылады. Резервтегі капитал залалдарды жабуға, Акционерлік Қоғамның облигацияларын өтеуге, басқадай ақшалай қаражат болмаған жағдайда акцияларды сатып алуға, сондай-ақ артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге арналған.

Үстеме капитал мүліктерді қайта бағалау кезінде оның құнының өскенін, эмиссиялық табыстың, тегін алынған құндылықтар мен басқа да түсімдердің артқанын көрсетеді.

Үстеме капиталдың құрамы келесі элементтерден тұрады:

  1. айналымнан тыс активтерді бағалаудан түскен сомадан;
  2. акцияларды сату бойынша шығындарды шегергендегі акцияның атаулы құнынан артық алынған сомадан;
  3. басқа ұйымдардан тегін алынған мүлік;
  4. мақсатты қаржыландыруға арналған қаражаттың инвестициялық ресурстар немесе басқа да түсімдер түрінде түсуі.

Бөлінбеген пайда Акционерлік  Қоғамның меншікті капиталын қалыптастырудың маңызды көзі болып табылады. Ол келесілерді қамтиды:

а) өткен жылдардың  бөлінбеген пайдасын (залалын);

ә) есепті жылдағы бөлінбеген пайданы (залалды).

«Мақсатты қаржыландыру»  бабының құрамына мақсатты қолданыстағы шараларды жүзеге асыруға арналған ақшалай қаражат, яғни күрделі қаржы жұмсалымдары мен ҒЗТКЖ-ға арналған заңды тұлғалардан және мемлекет бюджетінен бөлінген қаржы түріндегі түсімдер кіреді.

 

ІІ. Меншікті капиталдың қалыптасу саясаты

2.1. Айналым және негізгі меншік капиталы

 

Меншікті капиталды  қалыптастырудың негізгі мақсаттары:

  1. МК есебінен айналымнан тыс активтердің (меншікті негізгі капиталдың МНК) қажетті көлемін жасау;
  2. МК есебінен айналым активтерінің белгілі бір үлесін, яғни меншікті айналым капиталын (МАК) қалыптастыру.

Меншікті негізгі капиталдың көлемі мына формула бойынша анықталады:

МНК = АТА – ҰМ (8.1),

мұнда: АТА – тоқсанның, жылдың аяғындағы баланс бойынша  айналымнан тыс активтер;

ҰМ – айналымнан тыс  активтерді қаржыландыру үшін пайдаланылатын ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Меншікті айналым капиталының  көлемі мына формула бойынша анықталады:

МАК = АА – ҰМ – ҚМ (8.2),

мұнда: АА – айналым  активтері;

ҰМ – айналым активтерін қаржыландыруға бағытталған ұзақ мерзімді міндеттемелер;

ҚМ – айналым  активтерін қаржыландыруға бағытталған қысқа мерзімді міндеттемелер.

Меншікті капитал көлемінің  айналымнан тыс активтердің көлемінен  асып түсуі (ұзақ мерзімді міндеттемелерді  есептемегенде) таза айналым капиталы болып табылады (ТАК):

ТАК = МК – АТА – ҰМ (8.3)

Таза айналым капиталы есепті кезеңде корпорация оңтайландыратын бос ақшалай қаражаттардың сомасын көрсетеді.

Меншікті капиталдың оңтайландыру коэффициенті (8.4)

Ұсынылған мәні Кмск= 0,2 – 0,3. Ол мынаны анықтайды: меншікті капиталдың қай бөлігі айтарлықтай өтімді (икемді).

Меншікті капиталды  қалыптастыру көздері ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

Ішкі көздер келесілерді  қамтиды:

  1. бөлінбеген пайданы;
  2. негізгі қаражатты қайта бағалау нәтижесінде пайда болған қаражатты;
  3. сақтаудағы қорды;
  4. басқа да ішкі көздерді.

Сыртқы көздерге жататындар:

  1. қосымша капиталды жұмылдыру;
  2. құрылтайшылардың компанияның жарғылық капиталына жарна төлеуі арқылы;
  3. қосымша акционерлік капитал тарту, яғни қайталама эмиссия, акцияларды сату;
  4. заңды тұлғалар мен мемлекеттің тегін қаржылай көмек көрсетуі;
  5. инвестициялық мақсаттарға арналған мақсатты қаржыландыру қаражаты;
  6. басқа да сыртқы көздер.

 

2.2. МҚР саясатының қалыптасуы және оны бағалау

 

Меншікті қаржы ресурстарын  қалыптастыру (МҚР) саясаты корпорацияның өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол келесі кезеңдерден тұрады:

  1. МҚР-дың базистік кезеңде қалыптасуы мен пайдаланылуын талдаудан;
  2. алдағы болжалды кезеңдегі МҚР-дың жалпы қажеттігін анықтаудан;
  3. әр түрлі көздерден тартылған қаражаттардың құнын бағалаудан;
  4. ішкі және сыртқы көздердің есебінен МҚР-ды тартудың ең көп көлемін қамтамасыз етуден;
  5. МҚР-ды қалыптастырудың ішкі және сыртқы көздерінің арақатынасы бойынша оңтайландырудан.

1. Бірінші кезеңде пайда мен меншікті капиталдың өсу қарқынының активтердің, сату көлемінің және қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі меншікті көздердің үлес салмағы динамикасының өсу қарқынына сәйкестігі зерттеледі.

Олардың арасындағы оңтайлы  мән келесідей:

ПҚ  > СТҚ  > МКҚ  > АҚ > 100% (8.5)

 

ПҚ – пайданың өсу қарқыны;

СТҚ – сатудан түскен ақшалай түсімнің өсу қарқыны;

МКҚ – меншікті капиталдың өсу қарқыны;

АҚ – активтердің өсу қарқыны.

8.5 формуладан пайданың басқа параметрлерге қарағанда барынша жылдам қарқынмен өсу керек екендігін байқауға болады. Бұл жерде бірінші кезекте өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті анықтала отырып, базистік кезеңдегі МҚР-дың жеткіліктілігі бағаланады.

 (8.6)

МҚР – базистік кезеңдегі  МҚР;

А (И) – есепті кезеңмен салыстырғанда болжалды кезеңдегі активтердің өсуі.

2. Меншікті қаржы ресурстарының жалпы қажеттігі мына формула бойынша анықталады:

(8.7)

МҚРҚ – алдағы кезеңдегі меншікті қаржы ресурстарының жалпы қажеттігі;

КҚ – болжалды кезеңнің соңындағы капиталдың жалпы қажеттігі;

МКҮС – болжалды кезеңнің соңындағы меншікті капиталдың жалпы сомасындағы оның үлестегі, бірліктегі үлес салмағы;

ККБС – меншікті капиталдың кезеңнің басындағы сомасы;

ТТП – тұтынуға бағытталған болжалды кезеңдегі таза пайданың сомасы.

3. Әр түрлі көздерден  тартылған меншікті капитал өзінің жекелеген элементтерінің бөлігінде (акционерлік капитал, бөлінбеген пайда және т.б.) бағаланады.

4. Сыртқы және ішкі  көздердің есебінен меншікті  қаржы ресурстарын тартудың ең  көп көлемін қамтамасыз ету дереккөздер мен олардың абсолютті көлемінің белгілі бір тізімін талап етеді.

Төменде берілген формула бойынша анықталатын таза пайда мен амортизациялық аударымдар негізгі ішкі көздер болып табылады.

(8.8)

АА + ТП – амортизациялық аударымдар мен таза пайданың болжалды көлемі;

МҚРmax – меншікті көздер есебінен пайда болған МҚР-дың ең көп сомасы.

Сыртқы көздерден (МҚРсырт) тартылған МҚР-дың көлемі олардың сыртқы көздері есебінен қалыптастыра алмаған бөлігінің тапшылығын жабуға арналған.

МҚРсырт = МҚРТК – МҚРішкі (8.9)

МҚРсырт – сыртқы көздер есебінен меншікті қаржы ресурстарын тартудың қажеттігі;

МҚРТК – МҚР-дың болжалды кезеңдегі жалпы қажеттігі;

МҚРішкі – сыртқы көздер есебінен көзделіп отырған және тартылған қаржы ресурстарының сыртқы көздерінің көлемі.

5. МҚР-ды қалыптастырудың ішкі және сыртқы көздерін оңтайландыру процесі келесілерге негізделеді:

а) МҚР-ды жұмылдыру бағасының құнын барынша төмендету;

ә) егер басқару ісі айтарлықтай өнімді болса, корпорацияны басқаруды алғашқы құрылтайшының (меншік иесінің) құқығында сақтау.

МҚР-ды қалыптастыру үшін жасалған саясаттың тиімділігін  тұрақты экономикалық өсу коэффициенті арқылы бағалауға болады.

(8.10)

∑Д – акционерлерге  төленетін дивидендтер сомасы;

 – меншікті капиталдың  қарастырылып отырған кезеңдегі орташа құны;

ТП – ∑Д – қайта  инвестицияланатын пайда.

Көрсеткіштер корпорация дамуының тұрақтылығы мен келешектілігін сипаттайды.

МҚР-дың тұрақты қалыптасуы қаржы тәуекелінің ұйғарынды деңгейін ескере отырып пайданың көлемін барынша көбейтуді қамтамасыз етеді. Олар:

  1. таза пайданы дивидендтерді төлеуге және өндірісті дамытуға пайдаланудың оңтайлы құрылымы;
  2. тиімді амортизациялық саясатты дайындау;
  3. оңтайлы эмиссиялық саясатты қалыптастыру.

 

ІІІ. Меншікті капиталдың жекелеген элементтерін бағалау

3.1. Меншікті  капиталдың құны

 

Меншікті капиталдың (МК) құны келесі элементтер бойынша  бағаланады:

  1. есептік кезеңде пайдаланылатын МК құнын есептеу:

(8.11)

МКАП – есептік кезеңде пайдаланылатын МК құны, %-бен;

АТП – пайдалану барысында акционерлерге төленген таза пайда сомасы;

Информация о работе Экономикалық талдау