Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:44, реферат
Ақшаның уақытша құны (ағыл. time value of money ) – бұл қаржыдағы ең маңызды түсініктердің бірі. Бұл түсінікті 1202 жылы Леонардо Фибоначчи әзірлеп, негізін қалыптастырды. Ақшаның уақытша құны ақша пайда әкелуі тиіс дейді. Сондықтан, қазіргі таңдағы ақша сомасы кейінге қалдырылған дәл осы сомадан құндырақ болады, себебі қазір салынған сома кейін пайда әкеледі.
І. Ақшаның уақытша құны түсінігі
ІІ. Қаржы математикасының базалық түсініктері
2.1. Пайыздық ставкаларды есептеудің антисипативті және декурсивті әдістері
2.2. Пайыздық мөлшерлемелердің баламалылығы
2.3. Инфляциялық құнсыздану есебі
2.4. Аннуитеттер
2.5. Бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздар. Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың табыстылығы
№36 есеп.
Бес жылға шығарылған номиналы 10 000 теңге облигация бағам бойынша 120-ға сатып алынды. Егер оған жыл сайын 18% ставка бойынша күрделі пайыздар есептелетін болса, онда облигациялар бойынша табысты есептеңіздер.
№37 есеп.
№36 есепте берілген шарттағыдай күрделі пайыздардың тиімді ставкасы түріндегі облигацияларды сатудың табыстылығын анықтаңыздар.
№38 есеп.
5 000 теңге номиналмен акция шығарған кезде дивидендтердің белгіленген мөлшері жылдық 15%-ға тең болады, ал бағалау бойынша олардың номиналға қатысты құны жыл сайын 4%-ға өсіп отырады. Номинал бойынша сатудан және бес жылдан кейін дәл осындай 100 акцияны сатудан түсетін күтілетін пайданы анықтаңыздар.
№39 есеп.
5 000 теңге номиналмен акция шығарған кезде дивидендтердің белгіленген мөлшері жылдық 15%-ға тең болады, ал бағалау бойынша олардың номиналға қатысты құны жыл сайын 4%-ға өсіп отырады. Күрделі пайыздардың тиімді ставкасы түріндегі акциялар сатылымының табыстылығын есептеңіздер.
ҮІІ тақырып. Қаржыны жоспарлау
І. Кәсіпорын қаржысын жоспарлаудың мәні мен мазмұны
ІІ. Кәсіпорынды жоспарлаудың келешекке арналған және ағымдағы (жылдық) түрлері
ІІІ. Кәсіпорын қаржысын жедел жоспарлау
І. Кәсіпорын қаржысын жоспарлаудың мәні мен мазмұны
Кәсіпорын қаржысын жоспарлаудың негізгі міндеттері:
1) кәсіпорынның нақты инвестицияларымен қатар олардың қаражаттарының қалыпты ауыспалы айналымын қамтамасыз ету, БҚ, меншікті айналым қаражатының өсуі, кәсіпорынның әлеуметтік дамуы;
2) акционерлер мен басқа да инвесторлардың мүдделерін сақтауға кепілдікті қамтамасыз ету;
3) бюджет, банктер, бизнес бойынша серіктестер алдында міндеттерді орындауға кепілдікті қамтамасыз ету;
4) шаруашылықтың ішкі резервтерін айқындау, материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану есебінен пайданы арттыру;
5) кәсіпорынның қаржы жағдайын, оның төлем қабілеттілігі мен кредитті өтеу қабілетін бақылау. Қаржы жоспары кәсіпорынның өндірістік жоспарын қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге арналған, яғни:
а) қаржыны жоспарлау көмегімен күтіліп отырған шығындар нақты қаржы мүмкіндіктерімен салыстырылады;
ә) қаржы жоспарының баптары корпорация жұмысының барлық экономикалық көрсеткіштерімен және өндірістік жоспардың негізгі тарауларымен байланысты.
Қаржыны жоспарлау әдістерін екі топқа бөлуге болады:
1) жекелеген қаржы көрсеткіштерін есептеу әдістері:
а) нормативтік;
ә) есеп айырысу-талдау;
б) баланстық;
в) жоспарлы шешімдерді оңтайландыру әдісі;
г) экономикалық-математикалық модельдеу.
2) қаржы жоспарын немесе бағдарламалар жасаудың жалпы әдістері:
а) желілік;
ә) жоспарлаудың бағдарламалық-мақсатты әдісі;
б) қаржы көрсеткіштерін болжау әдісі.
Қаржыны жоспарлау процесі бірнеше кезеңді қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп беру, қолма-қол ақша қозғалысы туралы есеп беру негіздерінде өткен кезеңдегі көрсеткіштер талданады;
2) келешекке арналған қаржы жоспарларына жататын және бизнес-жоспарға жататын баланстарды (корпорация табыстары мен шығыстарының балансы), ақшалай қаражат қозғалыстарын болжау сияқты негізгі болжалды жоспарлар жасалады;
3) қаражат бойынша болжалды қаржы құжаттарының көрсеткіштері, олардан бөлінген ағымдағы қаржы жоспарларының көрсеткіштері нақтыланып бақыланады;
4) қаржыны жедел жоспарлау жүзеге асырылады.
Қаржыны жоспарлауды бағалау үшін қаржы менеджері келесі жағдайларды нақтылауы тиіс:
1) қаржыны жоспарлау объектілерін айқындау;
2) жоспарды дайындайтын құрамды анықтау;
3) ақшалай қаражат қорының құрамын және оларды құру тәртібін анықтау;
4) жоспарды дайындау тәртібі мен уақытын белгілеу.
ІІ. Кәсіпорынды жоспарлаудың келешекке арналған және ағымдағы (жылдық) түрлері
Қаржыны жоспарлау классификациясы: келешекке арналған, ағымдағы (жылдық), жедел.
Қаржыны келешекке жоспарлау қаржы стратегиясын әзірлеуді және кәсіпорынның қаржы қызметін болжауды қамтиды. Қаржы стратегиясын әзірлеу қаржыны жоспарлаудың ерекше саласы, себебі ол экономикалық дамудың жалпы стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы стратегиясына бірнеше фактор әсер етеді: макроэкономикалық процестердің динамикасы мен дүниежүзілік қаржы нарықтарына тәуелділігін, кәсіпорынның салалық керек-жарағы мен өндірістік қызмет ерекшелігін есептегендегі отандық қаржы нарықтарының даму тенденциялары. Қаржы стратегиясының негізінде амортизациялық, салық, дивидендтік, эмиссиялық, инвестициялық және тағы басқа саясаттар арқылы жүргізілетін кәсіпорынның қаржы саясаты дайындалады. Келешекке жоспарлаудың негізін болжау, яғни кәсіпорынның ұзақ мерзімді келешектегі ықтимал қаржы жағдайын алдын ала көріп білу құрайды. Үш негізгі қаржы құжаттарын әзірлеу қаржыны келешекке жоспарлаудың нәтижесі болып табылады:
1) пайда мен залал туралы есеп беруді болжау;
2) ақшалай қаражат қозғалысын болжау;
3) бухгалтерлік балансты болжау.
Бұл құжаттарды толтырудың мақсаты – жоспарланып отырған кезеңнің соңында қаржы жағдайын бағалау. Қаржыны ағымдағы жоспарлау дегеніміз – тоқсан сайын немесе ай сайын әзірленетін жылдық қаржы жоспарын жасау. Жылдық қаржы жоспарын жасау процесін ақшалай қаражат қозғалысын, яғни тоқсан сайын қаржыландыру жоспарын құру мысалында қарастыруға болады. Ақшалай қаражат қозғалысының жоспары ақшалай қаражаттың түсімі мен жылыстауын көрсетеді.
Ақшалай қаражат қозғалысының жоспары
Тараулар (баптар) |
Мың теңге | |
І. Түсім (ақшалай қаражат түсімі) | ||
А) |
Ағымдағы қызметтен түскен: | |
1) сатудан түскен |
30 500 | |
2) басқа да түсімдер |
95 | |
Барлығы: |
30 595 | |
Ә) |
Инвестициялық қызметтен түскен: | |
1) басқа да өткізілімдерден түскен ақшалай түсім |
10 500 | |
2) өткізуден тыс операциялардан түскен табыстар |
4 500 | |
3) БҚ бойынша табыстар |
1 500 | |
4) ҚМЖ бойынша қорланымдар (құрылыс-монтаж жұмыстары) |
300 | |
5) түскен қаражаттар |
220 | |
Барлығы: |
17 020 | |
Б) |
Қаржы қызметінен түскен: | |
1) жарғылық капиталдың өсуі |
||
2) берешектің өсуі 2.1) жаңа қарыз алу |
2 941 | |
Барлығы: |
2 941 | |
Барлық табыс: |
50 556 | |
ІІ. Шығыстар (ақшалай қаражаттың жылыстауы) | ||
А) |
Ағымдағы қызмет бойынша: |
|
1) өнімдерді өндіруге және өткізуге кететін шығындар |
18 631 | |
2) бюджетке төленетін төлем |
4 883 | |
3) тұтыну қорынан төлеу |
1 627 | |
4) МНҚ-ның (меншікті негізгі қаражаттың) өсуі |
1 900 | |
Барлығы: |
27 041 | |
Ә) |
Инвестициялық қызмет бойынша: |
|
1) НҚЖ мен НМА-ға инвестиция салу 1.1) өндірістік мағынадағы салым ретінде 1.2) өндірістік емес мағынадағы салым ретінде |
6 000 3 720 | |
2) ҒЗТКЖ-ны жүргізуге кететін шығыстар |
150 | |
3) лизингтік операциялар бойынша төлемдер |
- | |
4) ұзақ мерзімді қаржы салымдары |
- | |
5) басқа да өткізілімдер бойынша шығыстар |
6 100 | |
6) өткізуден тыс операциялар бойынша шығыстар |
4 500 | |
7) әлеуметтік сала объектілерін ұстау |
895 | |
8) басқа да шығыстар |
- | |
Барлығы: |
21 365 | |
Б) |
Қаржы қызметі бойынша: |
|
1) ұзақ мерзімді несиелерді өтеу |
- | |
2) ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз төлеу |
- | |
3) қысқа мерзімді қаржы салымдары |
- | |
4) дивидендтерді төлеу |
650 | |
5) сақтық қорына аударым |
1 500 | |
6) басқа да шығыстар |
- | |
Барлығы: |
2 150 | |
Барлық табыс: |
50 556 | |
Сальдо | ||
Ағымдағы қызмет бойынша |
+3 554 | |
Инвестициялық қызмет бойынша |
-4 345 | |
Қаржы қызметі бойынша |
+791 |
Ары қарай қаржы жоспарын жасаған кезде, бірінші кезеңде амортизациялық аударымдардың сомасы есептеледі, себебі ол өнімнің өзіндік құнының бір бөлігі және пайданы жоспарлы есептеудің алдын алады. Екінші кезеңде шикізатқа, материалдарға жұмсалатын шығындар, жұмысшы күшін төлеуге кететін тікелей шығындар мен үстеме шығыстар анықталады. Нәтижесінде, өнімдерді өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың сметасы жасалады. Үшінші кезеңде өнімді өткізуден түскен ақшалай түсім анықталады. Өткен жылғы ақшалай түсім бастапқы көрсеткіш ретінде алынады. Бұл шама ағымдағы жылда:
1) салыстырылатын өнімнің өзіндік құнының;
2) өнімді өткізетін бағалардың;
3) сатымдық материалдар мен жинақталымдар бағаларының;
4) кәсіпорынның негізгі қорлары мен күрделі қаржы жұмсалымдарын бағалаудың нәтижесінде өзгереді.
Жылдық қаржы жоспарын жасаған кезде кәсіпорынның өнім шығару, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс бойынша мүмкіндіктерінің сәйкестігі анықталады, яғни маркетинг қызметі нарыққа өнімнің қанша көлемін шығару қажеттігін анықтап, сатып алушы талаптарының номенклатурасын дайындайды. Құрал-жабдықтардың және жұмысшылар тәжірибесінің болуы, өндірістік қуаттар негізінде кәсіпорын жоспарына енгізіліуі тиіс бұл талаптарды кәсіпорын басшылығы мақұлдауы қажет.
Өндіріс көлемінің өнімді
өткізу көлемін болжаумен
Жоспарланып отырған жылдың соңына қаржы жоспарын жасаған кезде жоспарланған нәтижелердің нәтижесінде орын алған активтер мен пассивтердегі барлық өзгерістерді көрсету керек:
1) күрделі қаржы бойынша
2) меншікті айналым қаражатын толықтыру;
3) НҚЖ-ны жөндеу;
4) қысқа және ұзақ мерзімді кредиттерді тарту және оларды өтеу;
5) мәдени объектілер мен шараларды қаржыландыру;
6) БҚ портфелін қалыптастыру;
7) БҚ шығару арқылы қаражат тарту;
8) шетелдік қатысушылармен қарым-қатынас;
9) бюджетпен қарым-қатынас;
10) сақтандыру органдарымен және басқа да қаржы институттарымен қарым-қатынас.
Қазіргі таңда бизнес-жоспардың көрсеткіштері қаржыны жоспарлаудың негізі болып табылады. Фирма ішіндегі өндірістік және коммерциялық қызметті жоспарлаудың бұл формасы соңғы жылдары кең қолданыла бастады.
Бизнес-жоспар келесі есептеулер мен болжамдарды қамтиды:
1) кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын (заттай төлем көлемі, өнімнің бағасы, ақшалай сатылым көлемі);
2) бастапқы құны бойынша негізгі қорларды қажетсіну;
3) өндірістік бағдарламаларға ресурстарды қажетсіну, яғни ресурстардың атауы, олардың құны, тасымалдау құны;
4) персоналды және жалақыны қажетсіну;
5) шығыстардың есебі және олардың құнын калькуляциялау;
6) айналым капиталын, яғни запастар мен ақшалай қаражаттарды қажетсіну;
7) қаржы нәтижелерін болжау;
8) қосымша инвестицияларды қажетсіну және оларды қаржыландыру көздерін қалыптастыру;
9) дисконтталған ақша ағындарының моделі;
10) бухгалтерлік балансты болжау;
11) ағымдағы өтімділік коэффициенттерін есептеу және меншікті қаражатпен қамтамасыз ету.
Алайда, айналым капиталын, қаржы нәтижелерін жоспарлауды және инвестиция көздерін қалыптастыру мен инвестицияны қаржыландыруды қажетсінуді дайындаған кезде бизнес-жоспар қаржы салаларын толық қарастырмайды, сондықтан фирма ішіндегі жоспарлауды тек бизнес-жоспарды жасаумен ғана шектеуге болмайды. Осыған байланысты қаржы жоспарын жасау қажеттілігі туындайды (табыстар мен шығыстардың балансы). Сонымен қатар бұл екі жоспар өзара тығыз байланысты болуы керек. Қаржы жоспарының құрылымы жетілдіріліп, қазіргі кезде келесі тараулар бойынша жасалып жатыр:
І. Табыстар мен қаражаттың түсуі:
1. қызмет түрлері бойынша пайда мен залал;
2. түрлер бойынша амортизациялық аударым;
3. жөндеу қорына аударым;
4. тұрақты пассивтер бойынша өсу;
5. банктен ұзақ мерзімді кредиттер алу;
6. бюджеттен қаржы бөлу;
7. шетелдік қатысушының қаражаты;
8. басқа да шығыстар.
ІІ. Шығыстар мен қаражат аударымы:
1. бюджетке төленетін төлем;
2. сақтық / тұтыну/ қорлану қорына аударым;
3. дивидендтерді төлеу;
4. меншікті айналым қаражатының өсуі;
5. ұзақ мерзімді кредиттерді өтеу;
6. әлеуметтік-мәдени объектілерді ұстауға кететін шығындар;
7. басқа да шығыстар.
ІІІ. Кәсіпорын қаржысын жедел жоспарлау
Қаржыны жедел жоспарлау төлем күнтізбесін, қысқа мерзімді кредитті қажетсінудің есебі мен кассалық жоспарын жасап, жүзеге асыруды қамтиды. Жоспарлы күнтізбені жасау барысында келесі міндеттер шешіледі: