Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:36, реферат
1. Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық
тұрғыдан сынау
2. Институционалдық теорияның негізгі зерттеу бағдарламалары, мәселелері және бағыттары
ИЭ теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
3. Институционализмнің пайда болуы және тұжырымдамалық ерекшеліктері, әдістемелік ұстанымдары.
Дәстүрлі (ескі) және «Жаңа» институционализмнің сипаттамалары.
1. «Қоғамдық игіліктер» өндірісі
2. «Табиғи монополияны» реттеу
3. Әлеуметтік теңсіздікті жою
4. Сыртқы әсерлерден қоғамды қорғау
5. Макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау
6. Экономикалық циклді тегістеу.
Сонымен қатар мемлекетке экономикаға неғұрлым активті түрде араласуға тура келеді. Өтпелі экономикадағы мемлекеттің міндеттері:
1. Нарықтық институционалды ортаны дамыту
2. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуына қатысу
3. Мемлекеттің трансформациясы
Бастапқы екі міндет экономикалық өмірге қатысушы ретінде мемлекеттің екі жақты табиғатын көрсетеді – нормотворчестволық субъек және экономикалық субъект. Мемлекеттің нормотворчестволық субъектісі ретінде нормалардың, процедуралардың, заңдардың сақталуын бақылауда және әкімшілік басқаруда заңдылық іс-әрекеттерден туындайтын әкімшілік-құқықтық қызметтер. Неоинституционализм көзқарасымен алғанда бұл шектеулілік, нарық субъектісінің белгілі бір шектен шыға алмауы, бірақ белгілі бір шеңберде еркін болады. Мемлекет құрылған заңға сәйкес қызмет атқаруға міндетті. Экономикалық субъект ретінде мемлекет қоғамдық игіліктерді өндіру мақсатымен тікелей шаруашылық қызметті жүзеге асырады, қаржыларды қайта бөледі және валюталық курсты реттеу жолымен басқа да экономикалық субъектілердің тәртібін реттейді.
Мемлекет трансформациясы:
1-ші шарты : Әлеуметтік жүйедегі және нарық дамуындағы мемлекеттік билік
2-ші
шарты : Мемлекет
трансформациясының
шарты билікті
және меншікті
бөлудегі әлеуметтік-
3-ші шарты : Мемлекет трансформациясы экономиканы реттеудегі нарықтық механизмдерді бекіту
Дәріс 8. Институционалдық өзгерістер
1. Институттардың тұрақтылығы және өзгергіштігі
2. Институционалдық өзгерістер механизмі
3. Институттардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуі
4. Институттар неге және қалай өзгереді
5. Жаңа экономикалық тарих
6. Мемлекет және институционалдық өзгерістер
1. Кез келген қоғамның өмір сүруін түсіну үшін арнайы білімді талап етпейді. Ол адамдардың өзара қарым-қатынасының формальды және формальды емес тәртіптерінің тұрақтылығында қалыптасады. Бұл тәртіп қоғамның барлық мүшелері арасындағы қатынастарды қамтиды: күнделікті әдет-ғұрыптармен реттелетін қарым-қатынас, (негізінен жазылмайтын) әлеуметтік иерархиядағы тәртіптердің сақталуы, өзара сыйлау және сыпайылық, экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірге қатысу бірлестігі. Формальды және формальды емес тәртіп біртұтас тарихи ағымда өмір сүреді.
Өзгергіштік
– тұрақтылық сияқты
институттардың
ажырамайтын сипаттамасы.
Институттардың тұрақтылығын
және өзгергіштігін
ұштастыру кез келген
қоғамдық-экономикалық
жүйеде жүреді және
бұл талдаудың феномені (бірдеңенің
мәні ашылатын құбылыс)
қоғам және экономиканың
қалай қалыптасатынын
түсінуге қажет.
2. Институционалдық өзгерістер механизмі
«Қоғамда басты ролді алатын институттар, адамдар арасындағы өзара тұрақты (міндетті түрде тиімді болмасада) құрылымды орнату жолымен тұрлаусыздықты азайтумен сипатталады. Экономикадағы координация ағымдағы бағалар негізінде жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімде ресурстарды тарату және экономикалық координация институттардан тәуелді болады. Жоспарлы экономикада бағалық координация болған жоқ, бірақ оның есесіне институционалды координация болды.
Институционалды өзгерістер механизмі, қандай экономикалық тәртіп шеңберінде жүзеге асырылатындығынан тәуелді.
«Эволюциялық теория мынандай қорытындыны негіздейді, уақыт ағымымен тиімсіз институттар жойылып, ал тиімді институттар көтеріледі, сондықтан экономикалық, саяси және әлеуметтік ұйымдардың неғұрлым тиімді формаларының дамуы пайда бола бастайды.
«Өзгерістердің кайнар көздері ауысып отыратын қатысты бағалар немесе артықшылықтар» болып табылады. Егер институционалды құрылым қалыптасу немесе өзгеру барысында болса, онда институттар, шаруашылық қызметтер координациясында альтернативті тәсілдердің салыстырмалы тиімділігінен тәуелді, пайда болады және бекітіледі.
Бір тиімсіздік және координацияның басқа механизмдерінің тиімділігі институционалды метабәсекелестік нәтижесінде көрінеді. Әдетте экономикалық әдебиеттерде метабәсекелестік институттар бәсекелесімен түсіндіріледі: "егер қандай да бір экономикалық ұйым формасы болса, онда ол тиімді, өйткені бәсекелестік күрес процесінде күштілер өмір сүреді, яғни неғұрлым тиімді институттар.
Экономикалық әдебиеттерде жазылған барлық институционалды өзгерістер типін келесідей топтауға болады:
1. Инкрементті институционалды өзгерістер, отбасылық-туыстық байланыстармен аз топтарға қатысты институттар, нормалар, формальды емес ережелер есебінен бекітіледі. Топ мүшелеріне трансакциялық шығындарды тиімді төмендетеді.
2. Институттар эволюциясы. Туындаған формальды емес тәжірибелер уақыт өте келе формальды институттарда жалпы қабылданған ретінде бекітіледі.
3. Революциялық институционалдық өзгерістер. Әдетте экзогенді институттарда, немесе олардың «импортында».
Сол немесе басқа институттарды қолданудан шекті пайдалылықтан тәуелді (игілік саны/шығындар) институционалды таңдау тәсілдерін түсіндіру:
1. Топтардың дәстүрлі теориясы арқылы, барлық топтар үлкен болуы керек. Осындай институттар шеңберінде қызмет топтың көптеген индивидтеріне қатысты болады, сондықтан институттармен жазылған, ережелер мен шектеулерді орындауда, күштеу немесе басқа да мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Бұнда индивидтер таңдауды өзі жасайды.
2. Сондай-ақ сол немесе басқа институтты ережелермен және шектеулермен қадағалаудан мүліктік қайтарымы бақылануы мүмкін. Шағын шеңбердегі тұлғалардың шекті қайтарымы оңды бақылануы мүмкін, осы институттың қызмет сферасына кіретін, тұлғалардың шеңберін ұлғайтуда, шекті қайтарым төмендейді. Бұнда экономикалық игіліктерді бөлу және командалық экономикадағы жеңілдіктер институттары қызмет етеуі мүмкін. Бұндай институттармен қадағалау мәжбүрлеусіз мүмкін емес.
Осындай
институт мысалы қазіргі
Қазақстанда әлеуметтік
сақтандырулар, кейбір,
емделуге және демалуға
төлемдер.
3. Институттардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуі
Институттардың
тұрақтылық себебін
түсіну үшін институттар
мен ұйымдардың арасындағы
ерекшелікті еске
түсіру қажет. Бұндағы
маңызды байланыс,
ғылыми әдебиеттердің
өзінде осы түсініктердің
араласуы кездеседі.
Мыс: институционалды
реформалар туралы айтқанда
мемлекеттік кәсіпорындардың
жеке компанияларға
қайта құрылуы назарда
болады; шағын және орта
бизнестің дамуы, экономикалық
ұйымдардың қайта құрылуы
және жаңа фирмалардың
және компаниялардың
пайда болуы. Кейде институттар
және ұйымдар арасында
құқыққа сәйкестілік
болмайды. Институттар
формальды және формальды
емес адамдар арасындағы
қарым-қатынас тәртібі,
ал ұйымдар – адамдардың
кез келген формальды
және формальды емес
бірлестігі: коммерциялық
фирмалар, саяси партиялар,
діни топтар, спорттық
командалар т.б.
4. Институттардың тұрақтылық себебі туралы жоғарыда қарастырғандай, сол сияқты институттар өзгерісте болатыны белгілі.
Адамзаттың барлық әлеуметтік-экономикалық тарихы – бұл институттардың өзгеру және даму тарихы. Институттардың өзгергіштігін түсінудегі ең күрделісі – институттар неге өзгереді деген сұрақ. Ғалымдар қоғамдық қатынастағы формалардың өзгеру себебін техниканың дамуынан, мәдениеттің, табиғи ортаның әсерінен көреді. Институционалды өзгерістер түсінігінде өзгерістердің тікелей себебі адамдардың іс-әрекеті ғана болуы мүмкін. Адамдарды институттарды өзгертуге не мәжбүрлейтінін түсіну қажет.
Институционалды теория, адамдар арасындағы барлық қарым-қатынас формалары контрактік қатынасқа әкеледі деп есептейді. Яғни игіліктер айырбасы. Контракт мәмілені бекітудегі күрделі баға қатынасын ұштастырады. Бұл жерде баға деп нақты сомадағы ақша деп түсіну міндетті емес, неғұрлым кең мағынада, бағалар немесе контракт қатысушыларымен пайдалылықтың субъективті сезілуі. Кез келген келісімдер сияқты институционалды контрактінің жақтары бекітілген контракт бойынша баға өзгерусіз қалғанға дейін оны қолдауға дайын болады. Яғни әлеуметтік немесе экономикалық т.б. бекітілген келісімдерді сақтайды, контракт өз күшінде болады. Институттардың формальды және формальды емес нормаларын өзгертпей контрактіні өзгертуге болады ма? Болады , егер бағаға қатысты өзгеріс көп мөлшерде болмаса және контракт шартындағы өзгеріске сәйкес маңызды болмаса. Мыс: егер материалды ресурстар сұранысы мен салыстырғанда еңбекке сұраныс ұлғайса, онда жұмысшылар жағынан еңбекақыны жоғарлатуды талап ететіндері белгілі және жұмыс берушілердің келісулері мүмкін. Осы жағдайда еңбектік қатынастың институционалды негіздері өзгерусіз қалады.
Егер еңбекке сұраныс маңызды түрде ұлғайса, онда жұмысшылардың еңбекке «қатысты бағасы» және «келіссөз күші» тез өседі, және олар еңбекақыны ұлғайту ғана емес жұмыс шарттарын өзгертуге дейін жетуі мүмкін: мыс, техникалық қауіпсіздікті жүргізу және еңбек демалысы (отпуск) төлемдеріне байланысты т.б. Бұндай жағдайда еңбек қатынастары институционалды өзгереді. Қатысты бағаны өзгертетін 4 негізгі себептерді бөлуге болады.
- өндіріс факторлары арасындағы бағалар өзгерісі
- ақпарат құндылығының өзгерісі
- технологиядағы өзгеріс
- артықшылықтар өзгерісі
Артықшылықтар
дегеніміз – идеологиялық
көзқарас, қоғамдық
таным, талғамдар
және басқа да қайнар
көздер. Артықшылық
түсінігі адамдарға
не ұнайды және ұнамайтындығынан
туындайды.
5. Жаңа экономикалық тарих
Институционалды теория көзқарасымен өткізілген тарихи процестерді талдауда жаңа экономикалық тарих деген атқа ие болды. Бұның негізін қалаушы Д.Норт. Ол бастапқыда ұжымдық топпен бірге американың экономикалық тарихын оқумен айналысты. Бұл жұмыс АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық процесс динамикасын түсінуде эконометрика бойынша зерттеуді еске түсірді. Нортпен ұсынылған экономикалық тарихтың сандық талдау әдісі клиометрика деп аталды. Клиометрика бойынша жұмыстар қазіргі институционализм нұсқаларының пайда болуы уақытымен сәйкес келді (трансакциялық шығындар теориясы, меншік құқығының теориясы және т.б.).
Жаңа экономикалық тарих мәнін түсіну үшін, институционализм адамзат қарым-қатынасының барлық формаларын айырбас ретінде қарастыратынын еске түсіру қажет. («мәміле» және «трансакция» терминдері қолданылады.). Айырбас материалды игіліктермен ғана емес, кең көлемде айырбас кез келген экономикалық игіліктермен соның ішінде материалды емес игіліктермен де түсіндіріледі. Айырбас шарты контрактімен көрінеді. Экономикалық игіліктер әрқашанда шектеулі болатыны белгілі. Сондықтан игіліктердің сиректігінен сол игіліктерге меншік құқығы туындайды. Институционализм теориясында контракт теориясы және меншік құқығы теориясы бірігеді. Кез келген айырбас трансакциялық шығындармен өткізіледі.
Трансакциялық
шығындар және экономикалық
нәтижелер арасындағы
байланыс әрбір индивидтердің
түсімдері және шығындарымен
анықталатын меншік
құқығын қорғау және
мазмұнына тәуелді
болады. Экономикалық
адамның максимизацияланатын
табиғаты үлкен тиімділікті
алуда өзінің іс-әрекетін
кеңейту бойынша үнемі
қозғалысқа итереді.
Бұл айырбастың географиялық
шекарасымен және шаруашылық
қызметтің ұйымдық құрылымының
күрделенуіне айналады.
Уақыт өте аймақтық,
жалпыұлттық нарықтар
және халықаралық саудалар
туындайды. Бұл кейбір
қоғамда антикалық және
ортағасырлық уақытқа,
ал кейбірінде кейінгі 200-300
жыл уақытқа қатысты
болады. Жаңа рыноктар
меншік құқығын қорғаудың
жоғары деңгейін талап
етеді.
6. Мемлекет және институционалдық өзгерістер