Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:36, реферат
1. Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық
тұрғыдан сынау
2. Институционалдық теорияның негізгі зерттеу бағдарламалары, мәселелері және бағыттары
ИЭ теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
3. Институционализмнің пайда болуы және тұжырымдамалық ерекшеліктері, әдістемелік ұстанымдары.
Дәстүрлі (ескі) және «Жаңа» институционализмнің сипаттамалары.
Дәріс 1. Институционалдық талдауға кіріспе
1. Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық
тұрғыдан сынау
2. Институционалдық теорияның негізгі зерттеу бағдарламалары, мәселелері және бағыттары
ИЭ теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
3. Институционализмнің пайда болуы және тұжырымдамалық ерекшеліктері, әдістемелік ұстанымдары.
Дәстүрлі (ескі) және
«Жаңа» институционализмнің
сипаттамалары.
1. Экономикалық ойлардың негізгі ағымында – mainstream негізінде жатқан теоретикалық алғышарттарды қарастырайық. Мainstream – ол ғылыми ағымның сипаттамасы ғана емес. Мainstream – ғылым теориясы және тарихи категориясы. Оның дамуындағы анықталған этапты сипаттайды.
1– ден ғылымда біртұтас метатіл жүйесі қарастырылады. Өз немесе басқа тілде сөйлесетін ұлттық тіл болады. Сонымен қатар метатіл – анықталған мамандық бойынша ғалымдарға ғана түсінікті, категориялық тілдің бірнеше жүйесі. Қарапайым адамға және экономистке «рынок» түсінігі әртүрлі. Қарапайым адамға «рынок» - бұл магазин емес; ал магазин – жеке түсінік, ал рынок – басқаша. Экономистерге «рынок» - бұл оқшауланған жеке тұлғалардың (индивид) өзара қарым-қатынас жүйесі.
2– ден ғылымда маманданған еңбек бөлінісі туындайды. Кез келген ғылымда барлық ғалымдармен қабылданған деректер сияқты ғылыми ядро – алғышарттар жинағы және жұмыс істейтін жеке секторлар бар.
3– ден ғылымда кәсіптік білім бар. Оның мақсаты – барлық ғалымдармен қалыптасқан деректер сияқты көрсеткіштерді біріктіру. Ол үнемі оқулықтарда өндіріліп отырады.
Жалпы тепе-теңдіктің стандартты жаңа классикалық моделі өткен ғасырдың соңында Леон Вальраспен жүргізілді. Оның мәні келесідей.
Вальрас үшін нарықтағы барлық товарлар бірдей, яғни сапалы бөлінбейді. Барлық адамдар өзінің артықшылығын(предпочтения) анықтайды және бір уақытта ақшамен және тауармен айырбас жасайды. Жеке тұлғалар тауар, айырбас т.б. жөнінде толық ақпаратпен қамтылып отырады. Толық ақпарат оларға сенімділік береді. Баға ресурстарды таратудың негізгі құралы болып табылады.
Жалпы тепе-теңдік жаңа классикалық моделінің мінез-құлықтық алғы шарттары.
а) рационалдылық (оңтайлылық, ұтымдылық). Адамдардың экономикалық қылықтары оңтайлы болып келеді. Басқаша айтқанда, адамдар өз мақсаттарын мұқият анықтап, саралайды.
б) индивидуализм. Жеке тұлға әрқашанда біреудің емес өзінің тиімділігін қарастырады. Ойын теориясында бұл модель «қарапайым рационалды кооперативті емес қылық» деп аталады. Адамдар кооперативті емес, олар қоғам игілігіне немесе бір-біріне қамқорлық жасауға тырыспайды.
в) оптимизация (оңтайландыру) жеке тұлға өзінің тұтынушылығын қанағаттандыру мақсатымен ресурс шектеулілігіне байланысты дұрыс шешім таңдайды. (яғни қай ресурсты бірінші тұтынуды таңдауға қабілетті)
г) артықшылық орнықтылығы (устойчивость предпочтений). Әрбір жке тұлғада орнықты критерийлі (өлшемі) бар, яғни ол нарыққа шығар алдында әр кез ауыстырмайды. Бұл микроэкономикалық талдаудың маңызды алғышарты. Артықшылық тұрақтылығы нарықтағы мәміленің көптілігі – қайталама мәмілелер.
д) бәсекелік мінез-құлық. Ресурс үшін жеке адамдар күресі – бұл бәсеке. Бәсеке нарықта бақыланады.
е) товардың 2 өлшемі. Жаңаклассиктердің ойынша товарда 2 өлшем бар – баға және саны. Мыс: стол. Оның өзіндік бағасы бар, және олардың саны. Жаңаклассиктер, бір столда жәшік бар, ал басқасында жоқ, біреуі қызыл ағаштан, біреуі пластиктен жасалғанын есептемейді. Осыдан кейін жаңаклассиктерге нарықтағы бағаны бекітуге мүмкіндік берді. Яғни әр уақытта нарықтағы сол немесе басқа товарға тепе-теңдік баға қойылады және ол сол товарды сатып алу керек пе немесе қашан нарыққа сол товардың басқа өндірушілері келетінін күту керектігін көрсетеді. Нарықта қатысушылар қанша, олар өзінің товарын қандай бағамен сатады т.б. барлық ақпараттар нарық қатысушыларына жеткізіліп отырады. Бұл жетілген нарық.
ж) толық ақпаратты болжау. Онда жеке тұлға жақсы нұсқалған алғышарттар қатынасы бойынша қайталанатын үйренген таңдау жағдайларымен кездесіп отырады. Нарықтық қатынаста толық ақпарат автоматты түрде болып жатады. Қарапайым 2 түрде: мәміле бар немесе жоқ.
2. «Институт» - латын тілінде заң ережелері, тәртіп деген мағынаны білдіреді. Институционалды экономика, яғни реттелген, заңдастрылған, әлеуметтік жағынан қорғалған, тәртіпке келтірілген, айқын экономика жүйесі. ХХ ғасырдың екінші жартысында бұрынғы капиталистік Солтүстік Америка және Батыс Еуропа елдерінде қалыптасты. Еркін бәсеке жойылып, монополиялардың үстемдігі орнаған жағдайда мемлекеттің экономикаға, оның барша салаларына және экономикалық қатынас жүйелеріне, оның ішінде, нарық қатынастарына белсенді араласуы қажет болды. Мемлекеттің экономикаға араласу түрлері мен әдістері, шегі мен бағыттары әр елде өзгеше болды. Бірақ олардың барлық ұстанымдары мен заңдары бірдей келеді. Институционализм теориясы алғашында АҚШ-та қалыптасып, оның тұжырымдамалары негізінде АҚШ-та экономиканы мемлекет тарапынан болжау, реттеу, бағдарламалар жасау, заңдар қабылдау, оларды іске асыратын және бақылайтын мемлекеттік және қоғамдық институттарды (құрылымдарды) құру тәжірибесі қалыптасты. Жиналған тәжірибенің негізінде АҚШ-та жаңаинституционализм деген теория қалыптасты. Соғыстан кейінгі жылдары бірқатар Батыс Еуропа елдерінде (ГДР, Франция,Швеция және т.б.), Жапонияда реттелген, әлеуметтік, бағытталған, заңдастырылған айқын, нарықтық экономика түрлерінің әртүрлі үлгілері тәжірибе жүзінде қалыптасты. Қысқа мерзімде (15-20 жж.арасында) осы елдердің экономикасы түзеліп, қарқынды да тиімді өсті, тіпті АҚШ экономикасымен бәсекеге түсу жағдайына жетті.
Батыс Еуропа елдерінің институционалды экономика жүйесінің қалыптасу тәжірибесінің негізінде институционалды теориясының Батыс Еуропалық мектептері пайда болды. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында Жапония одан кейін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде де мемлекет тарапынан реттелген, заңдастырылған нарық экономика жүйесі қарқынды дамиды. Теорияда бұл тәжірибе экономиканы басқарудың Жапония үлгісі, кейіннен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің үлгісі деп анықталды. Соңғы жылдары Қазақстанда да экономиканы басқарудың өзіндік үлгісі қалыптасып келеді.
3. Институционализм – экономика ғылымының ең бір тәжірибелік бағыты болып саналады. Институционалдық зерттеулердің нәтижелерін тікелей тәжірибе жүзінде қолдануға болады.
Ғылыми ортада қалыптасқан пікірге сүйенсек институционалды ілімі әкімшілдік-әміршілдік экономика жүйесінен нарық жүйесіне өткен елдерде еркін теориялық негіз алады екен. Институционалдық теория Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын түсіндіре және өмірге төзімді нарықтық экономиканы құруға көмектесе алады.
Институционализм курсының пәні мен зерттеу әдістерінің ерекшеліктері оның түпкілікті ұғымдары және теориялық тұжырымдамаларынан көрінеді.
ИЭ нақты мәліметтерге негізделген. Егер жаңаклассикалық теорияда «экономикалық адам» негізгі ұстаным алатын болса , ежелгі және жаңа институционализм теориясында «әлеуметтік адам» ұғымы негізгі талдау ұстанымы болып келеді. Институционализм теориясында ресми, мемлекеттік біркелкі, қоғамдық құрылымдардың (институттарды) іс әрекеттері зерттеу объектісі ретінде алынады. Ал классикалық және жаңа классикалық теорияда жеке тұлғаның, «экономикалық адамның» нарық жағдайындағы іс әрекеті зерттелетіні белгілі. Бірақ бүгінгі экономикада кез келген нарық тұлғасы белгілі бір құрылымда дамиды, жұмыс істейді және белгілі бір мемлекеттік нарық жүйесінде өмір сүреді. Сондықтан экономиканың, жеке фирманың нәтижелілігі, тиімділігі, біріншіден, жеке ұйымның ұйымдастырылған деңгейіне де, осы фирма қызмет атқаратын ортаға байланысты болады екен. Сондықтан, институционализм теориясы, екі бағытта қалыптасып дамыған: бірінші бағыты – фирма теориясы, екіншісі – мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар теориясы.
Алдыңғы институционализм дамуы американдық экономистер У. Митчеллдің (1874-1948), және ДЖ. Коммонстың (1862-1945) есімдерімен байланысты.
Институционалды экономика – экономикалық шешімдердің бағытталуы және қабылдануы, олардың жалпы тиімділігі және экономикалық қызметі саласында институттардың алатын роліне негізгі мән бөлінген экономикалық ілім.
Институционализм әдісі нақты мәліметтерді оқуға негізделеді, ал зерттеу субъектісі «экономикалық адам» болып табылады.
Экономикалық теорияның институционалды нұсқасында талдау бірлігі, экономикалық агенттер арасындағы өзара іс әрекеттер және іс әрекеттердің ұсақ бірліктері институт болып табылады.
Олардың анықтамалары солармен байланысты басқа түсініктердің мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді: ұйымдар, трансакциялық шығындар, меншік құқығы және ережелер, келісім-шарттар, оппортунистік мінез-құлық, сонымен қатар нақты категориялар арасындағы қатынастар.
Институт деп анықталған қажеттілікті қанағаттандыруға арналған статустар және рольдер жинағы аталады.
Институт анықтамасын әлеуметтік психология және саяси философия бойынша жұмыстардан да табуға болады. Мыс, Джон Ролздың «Теория справедливости» жұмысында институт категориясы оралықтардың бірі болып табылады.
Институт – қандай да бір қоғамдық қатынастардың саласында құқық нормаларының жиынтығы.
Экономикалық теорияда институттың алғашқы түсінігі Торстейн Вебленнің талдауында қосылды.
Институционализмнің негізін қалаушылардың бірі Джон Коммонс институтты келесідей бейнелейді:
Институт – жеке іс әрекеттерді босату және кеңейту, бақылау бойынша ұжымдық іс әрекеттер.
Институционализмнің басқа классигі - Уэсли Митчеллден келесідей анықтаманы табуға болады:
Институттар – жоғары дәрежеде стандартталған, қоғамдық әдеттер.
Қазіргі уақытта қазіргі заманғы институционализм рамкісінде неғұрлым кең таралған Дуглас Норттың институттар трактовкасы болып табылады.:
Институттар – бұл ережелер, механизмдер, олардың орындалуын қамтамасыз ету, және адамдар арасындағы қайталанатын іс әрекеттерді құрайтын тәртіп нормалары.
Жаңа институционалды теорияның белгілері:
1. институттар экономикалық агенттер тәртіптерін түсіндіреді, сонымен қатар ресурстардың таралуы.
2. дәстүрлі институттардан ерекшелігі жаңа институционализм рамкісінде институттар экономикалық агенттер қабылдайтын шешімге әсер ету арқылы қарастырылады. Институттар ережелер мен нормаларды жинау түрінде адамның барлық біртұтас тәртібін анықтамайды, ол, индивид өзінің критерилі функциясына сәйкес таңдауы мүмкін альтернативтер жинағын шектейді.
3.жаңа классиктерден айырмашылығы, институттар, технологиялық білімдер ретінде ғана қарастырмайды (фирма, үй шаруашылығы), экономикалық ұйымдардың әр түрлі формадағы ынталандыру құрылымдары және бақылау, білім алу және пайдалану, ақпараттарды өңдеуде арнайы зерттеуді талап етеді, адамдар құрылымы арасындағы өзара реттеуші әрекеттер. Неоклассикалық теория технологиялық атын алды. Ал жаңа – фирмаішілік айырбасты оқытатын, контрактілік.
4.институционалды альтернативтер бір-бірімен салыстырылады.
«Ескі» институционализм, шет елде 19-20ғғ. экономикалық ағым ретінде пайда болды. Ол тарихи және жаңа тарихи мектептермен (Лист Ф., Шмолер Г., Бретано Л., Бюхер К.), экономикалық теорияның тарихи бағыттарымен тығыз байланыста болды
Институционализмнің бастапқы дамуы экономикалық процестерге, мемлекеттің қоғамға араласуы және әлеуметтік бақылау идеяларының төмендігімен сипатталады.
«Ескі институционализмнің» көрнекті өкілдері: Торстейн Веблен, Джон Коммонс, Уэсли Митчелл, Джон Гэлбрейт.
Қазіргі жаңаинституционализм өзінің бастауын Рональда Коуздың «Природа фирмы», «Проблема социальных издержек» жұмыстарынан алады.
Жаңаинституционализмнің
негізгі өкілдері: Р.
Коуз, О. Уильямсон, Д.
Норт, А. Алчиан, Саймон
Г., Л. Тевено, Менар К.,
Бьюкенен Дж., Олсон
М., Р. Познер, Г. Демсец,
С. Пейович, Т. Эггертссон
және т.б.
Дәріс 2. Институт институционалдық талдаудың негізгі элементі ретінде
1. Институт және ұйым: айырмашылық белгілері
2. Ұйымдардың құрылу мақсаттары
1. Институттардың тұрақтылығын түсіну үшін ұйымдар мен институттардың арасындағы ерекшеліктерін ажырату қажет.