Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:36, реферат
1. Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық
тұрғыдан сынау
2. Институционалдық теорияның негізгі зерттеу бағдарламалары, мәселелері және бағыттары
ИЭ теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
3. Институционализмнің пайда болуы және тұжырымдамалық ерекшеліктері, әдістемелік ұстанымдары.
Дәстүрлі (ескі) және «Жаңа» институционализмнің сипаттамалары.
2. Фирманың контрактік теориясы
Фирма жұмысшылар, басқарушылар және меншік иелері арасындағы қатынастардың жиынтығынан көрінеді. Бұл қатынастар келісім-шарттар арқылы жүреді.
Контрактілер міндетті түрде формальды түрде бекітілмейді (яғни қағазда тіркелу), сонымен қатар формальды емес (келісімдер, контрактілер) келісімдермен де қабылдануы мүмкін.
Фирманың институционалды теориясында – фирма ішкі және сыртқы контрактілер жиынтығын көрсете отырып, олардың орындалуын қамтамасыз етуде шығынның екі типімен қақтығысады: трансакциялық шығындармен және бақылау шығындарымен (ұйымдастырушылық шығындар)
Трансакциялық шығындар – бұл сыртқы контрактілерді орындауды қамтамасыз етуге шығындар (ашық және ашық емес). Трансакциялық шығындар контрактінің орындалуын қамтамасыз етуге, контрактінің бекітілуін, келіссөздерді жүргізуге, іскерлік операцияларды жүзеге асыруға, іскерлік портнерды іздеуде уақыттың ақшалай бағалануына шығындары қосады.
Бақылау шығындары – бұл ішкі контрактілерді орындаумен байланысты шығындар. Бақылауға шығындар ішкі контрактілерді орындауға мониторингке шығындарды қосады, сонымен қатар орындауға болмайтын контрактілердің нәтижесіндегі жоғалтулар.
Рынок және фирма осы көзқарастан контрактілерді бекітудің альтернативті тәсілдерін көрсетеді.
Сыртқы контрактілерді тиімсіздігінен трансакциялық шығындардың өсімі нарық қызметінің сферасын шектейді.
Фирмаға контрактік тұрғыда фирманың екі принципиалдық ұйымдастырушылық формасын бөлуге мүмкіндік береді: U-форма және М-форма.
U-форма (ағылш. unitary) бақылаудың үлкен емес шығынымен және үлкен трансакциялық шығындармен ерекшеленеді. U-форма (унитарлық) бір товарды немесе бір қызметті дайындауға бағытталған және шағын топтағы ағымдағы операцияларды және ұзақ мерзімді стратегия бойынша шешім қабылдау құқығы бар ұйымды сипаттайтын форма.
М-форма - (ағылш. multiproduct) – фирма ішіндегі аралық (жартылай фабрикатталған) өнім өндіруді қосқанда, өнімнің үлкен номенклатурасын шығарушы, көптеген бөлімшелері бар фирма сипатталады. Ұйымның бұл формасы бөлім деңгейінде қабылданатын, қысқа мерзімді шешімдердің бөлінуін сипаттайды. Стратегиялық шешімдер орталық дирекциямен қабылданады, олар оның басты қызметі болып табылады және оның орындалуына дирекция шағын эксперттер тобына негізделеді.
Бұндай ұйым формасының туындауы диверсификацияланған инвестицияны, нақты стартегияны талап ететін, фирманың мақсаты тек бар тауарлардың нарықта сақталуын және кеңейтуін ғана емес, сонымен қатар жаңа нарыққа ену, үлкен көлемдегі көп өнімді фирмалардың құрылуына әкеледі. Ұйымның бұл формасы үлкен ұйымдық шығындармен сипатталады.
М- ішкі фирмалық ұйым формасы
3. Теория принципала-агента
Принципал – иесі
Агент – сенімді тұлға (басқарушы)
1933 жылы А. Берли және Г. Минзаның «Қазіргі заманғы корпорация және жеке меншік» кітабы шықты.
1929 жылы АҚШ-та фирманың 11 % ғана капитал иелерімен бақыланды. Себептері: өндірістің кеңеюі, қаржыландыру меншік иелерімен жүзеге асырылады.
Меншік иесінің мақсаты – пайданы максимизациялау
Басқарушының мақсаты – жайлы өмір сүру; жеке мүдделеріне шығындау, кәсіби мүдде. т.б.
Компания меншік иесіне иелену қызметі қалады, ал басқарушыға (жоғарғы деңгейдегі) - өкім (распоряжения) қызметі.
Басқарушылардың оппортунистік мінез-құлқының (меншік иелерінің көзқарасынан) проблемасы менеджерлер қызметіне бақылау жолымен шешіледі.
Басқарушының қызметіне бақылау тәсіліне қатыстылар:
1) Директорлар кеңесі қызметі (байқаушы кеңестің), бірақ бұған кедергі жасайтындар біріншіден, директорлар кеңесі ішінде конфликтілер, екіншіден менеджерлердің шешімі туралы ақпараттың толық еместігі.
2) Акционерлердің жалпы жиналыс шешімі. Бұнда басқару персоналдарының есептерінің тыңдалуы және олардың ауысуы туралы шешім шығарылуы мүмкін.
3) Фирманың банкротқа ұшырау қаупі, жетекшінің ауысуына әкелуі мүмкін.
4) Бірігу немесе екінші әлсізді иелігіне алу қаупі. Фирманы адал ниетпен немесе жеткілікті тиімді басқармағандықтан табыстың қысқаруы оның акциясының құнының төмендеуіне әкеледі, және оны басқа фирманың сатып алуына жеңілдетеді.
5) Жұмыс орнындағы бәсеке. Басқару персоналының жұмыс орнындағы бәсекелестігін құру, басқа бөлімшелердің менеджерлерінің жұмыс нәтижелерімен оның жұмыс нәтижесін салыстырудан тәуелді ақшалай көлемі құрылады.
6) Басқару персоналын ақшалай марапаттау.
Басқарушылардың ақшалай марапаттау меншік иесімен алдыға қойылған мақсаттарға жеткені үшін ақшалай төлемдер түрінде немесе меншік иемденушіден меншік иесіне айналдыру мақсатымен акциялар пакеті түрінде менеджерге ақшалай төлемдердің түрлері берілуі мүмкін.
7) Менеджер репутациясы (іскерлік беделі). Адал ниетсіз менеджерді жұмыстан босату, оның іскерлік беделіне әсерін тигізетін болса, онда бұл басқарушылар нарығындағы оның бағасын және басқа компанияда жақсы лауазымды алу мүмкіндігін төмендетеді.
Осылайша фирма меншік субъектілерінің күрлелілігімен туындаған фирма ішінде дау тудыратын мақсаттардың көп түрлерімен ұйымдастырылған экономикалық күрделі ұйым болып табылады.
4. Ұйым және ақпаратты өңдеу
Шаруашылық ұйымдар орындайтын ең маңызды қызметтерінің бірі – бұл қпаратты өңдеу.
Бұл тезисті түсіну үшін неғұрлым кең таралған ұйым – фирма табиғатына тоқталайық:
1) Нарықтағы анықталмаған деңгейді төмендетумен фирманың болуы (Фрэнк Найт);
2) Трансакциялық шығындар фирманың болуында негізгі болып табылады (көбін ақпараттық шығындар құрайды) - (Рональд Коуз)
3) Фирма экономикалық қызмет процесінде бағалау шығындарын төмендетуге туындайды. (Йорам Барцель).
Экономикалық ұйымның маңызды қызметі – талдау және өз ортасында ақпараттың күрделі кешенін қайта өңдеу. Бұл талдау шешім мүмкіндіктерін кеңейтуге, объективті мәліметтерді алуды қосады.
Трансферттік бағалар – бұл бір фирманың бөлімдері арасындағы операцияда пайдаланылатын бағалар.
Трансферттік бағалар (мысал, бензин өндірісінің әртүрлі стадиялары) корпорацияның жалпы пайдасына әсер етпейді, кейде әртүрлі бөлімдердің қызмет көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін. Дұрыс таңдалмаған трансферттік бағалар корпорация ішінде қате шешімді қабылдауға әкелуі мүмкін.
Фирмаға трансферттік бағаны анықтауда шығындар калькуляциясына жүгінуге тура келеді.
Шаруашылық ұйымдар типологиясы.
Генри Минцберг классификациясы, ұйым бөлімдерін құраушылардың тұрақтылығына негізделген.
Бұл теоретикалық құрылым ортасында, қатысушылар арасында бөлінетін, бес базалы компоненттердің талдауы табылады. Олардың үйлесуі ұйымдастырушылық форманың кең дифференциациясына әкеледі.
1. Операциялық орталық. Экономикалық ұйымның болуынан туындайтын (немесе кез келген қоғамдық ұйымның экономикалық бөлімдері) , жауапты мүшелерге өндірісті қамтамасыз ету міндетін жүктейді.
2. Стратегиялық орталық қысқа мерзімді және әсіресе ұзақ мерзімді жоспарда ресурстарды орналастыру шешімі қабылданатын инстанция болып табылады.
3. Стратегиялық және операциялық орталықтар арасында табылатын аралық звено стратегиялық орталықтың шешімін береді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, бірақ сонымен қатар екі орталықтың ақпараттық ағымын қолдайды.
4. Технологияларды шектеуде барлық ұйымдар инвестиция бағдарламасын орындауда (олардың шектеулігімен үйлестірілген), техноқұрылымдардың санын жорамалдайды.
5. Қолдау персоналы сыртқы ортамен қатынасты және құжаттар, келіссөздерге дейін, әртүрлі инстанциялар арасындағы байланыстар, материалды-техникалық қамтамасыз етумен байланысты қызметтерді орындайды.
Барлық ұйымдар оның бөлімдерін құрайтындарды болжамдайды. Қызметтер біріккен болуы мүмкін, кейде бір және сол қатысушымен орындалады, мысалы, шағын көлемді ұйымда.
Бірақ теориялық көзқараста олар әртүрлі. Бір функциямен басқаларға ие болу және бұл бес ұйымдастырушылық форманы орнатуға мүмкіндік беретін, басқа компоненттердің орналасуын көрсететін тәсіл.
1) Қарапайым құрылым стратегиялық орталықты ашық түрде иеленуді сипаттайды. Біз бұл жерде шешім бірнеше қатысушылардың қолында және шағын ережелерге ғана бағынатын, күрделілік дәрежесі төмен ұйымды айтамыз: билік күшті, фирма көлемі шағын, сыртқы орта қысымы күшті.
2) Механикалық, немесе машиналық, бюрократия ("Machine Bureaucracy") міндеттердің күшті стандартизациясына міндеттеме жүктейтін технология және шешімнің үлкен бөлімінде рутиналық сипат бар, техноқұрылымы бар ұйымды көрсетеді. Бұл ұйым техника жағынан шектеулілігімен сипатталады, осыдан – техниктар және инженерлердің маңызды мәні бар. Технологиялық іс-әрекет формальды ережелер бойынша өзінің өкілеттілігін жүзеге асыратын, ресурстармен тұрақты қамтамасыз ететеін орталықтандырылған билікті негіздейді.
Бұл ұйым функционалды сипатына байланысты шектелген мөлшерде нақты мақсатын іске асырады ( бұл тұрақты сыртқы ортада қызметін жасайтын ірі фирмалардан көрінеді). Бұндай фирма Чендлермен және Уильямсонмен құрылған функционалды фирмаға қатысты.
3) Кәсіби бюрократия ("Professional Bureaucracy"), керісінше, операциялық орталықтың негізгі позициясына негізделеді. Бұнда жоғары квалификациялы персоналдың активті қатысуын талап ететін және тапсырманың стандартизациясын анықтайтын, күрделі өзгеретін технологияларға баратын ұйым айтылады.
Шешім қабылдау процедурасы орталықтандырылмаған, таңдау икемділігіне негізделген аз түрлі ережелерді пайдаланады.
4) Бөлімдер бойынша құрылым, аралық инстанция ретінде, басқарушылық компонентті иеленетін төртінші форманы құрайды. Пайдаланатын технология қатысушылардың инициативаларын талап етпейді, проблемада бастысы бастапқы жіберуде және нақты анықталған қызметке қолдаудан тұрады. Бұнда шешімнің көбін «орнында» жүзеге асыра алатын аралық инстанциялар қабылдайды.
5) Адхократия (Adhocracy) — материалды-техникалық жабдықтау персоналы басым болатын ұйым. Біз бұнда күрделі және күрделі сыртқы ортада тұрақсыз технологиялармен жұмыс істейтін қатысушылардың, шағын көлемді кешендермен қызметтерді айтамыз.
Шешімнің орталықтанбауы және әлсіз формальды иерархизация ұйымның икемділігінің басты кепілі болып табылады. Материалды-техникалық қамтамасыз ету персоналының негізгі ролі осы қамтамасыз етудің жоғары маманданған сипатымен және спецификалық проблемаларды шешуге арналған уақытша негізде құрылған, шағын командалармен жұмыстарға қажеттіліктен орталықтанбауымен (фильмдерді өндіру командалары, бағдарламалық қамтамасыз ету құралы немесе милылар орталығы жұмысында) түсіндіріледі.
Бұл типология қатысушылардың құрылымынан жинақталған ұйымға келеді. Ол ұйымды индивидтердің жиынтығына әкелмейді. Бұл факторлар идеялардан шығады, ол назарға қабылданады, яғни ұйым – бұл қатысушылардың құрылған топтары арасындағы коалиция, әрине, әртекті, дегенмен, бірге біртұтастықты құрайды.
Дәріс 7. Мемлекеттің институционалдық теориясы
Неоклассикада мемлекет ролі «Мемлекет нарық шеше алмаған мәселелерді қарастыру қажет» принципінен шығады. Осы тезиске сәйкес мемлекет алты негізгі қызметті атқаруы қажет: