Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:36, реферат
1. Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық
тұрғыдан сынау
2. Институционалдық теорияның негізгі зерттеу бағдарламалары, мәселелері және бағыттары
ИЭ теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
3. Институционализмнің пайда болуы және тұжырымдамалық ерекшеліктері, әдістемелік ұстанымдары.
Дәстүрлі (ескі) және «Жаңа» институционализмнің сипаттамалары.
Адамдар пайдалылықты (кірісті) максимизациялауға және шығынды минимизациялауға тырысады. Егер трансформациялық шығындарды төмендету керек болса, онда – еңбек ұйымын жақсарту, неғұрлым өндірушілік техника қолдану қажет. Сондықтан трансакциялық шығындарды төмендету күрделі әрекет. Трансакциялық шығындарды төмендетудің басты жолы – бұл орнықты тәртіп ережелері арқылы экономикалық ортадағы тұрлаусыздықты (неопределенность) азайту. Бұл орнықты тәртіп ережелері институттар болып табылады.
Институттар – бұл қоғамдағы «ойын ережесі», немесе адамдар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыратын адамдармен құрылған шектеулі рамкі.
Институттар күнделікті өмірді құру арқылы тұрлаусыздықты азайтады. Олар адамдар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады. Экономистер тілімен айтқанда, институттар - әрбір адамда болатын, альтернатив жинақтауды (баламалы таңдау) анықтайды және шектейді.
Сонымен институттар – бұл экономикалық, әлеуметтік және кез келген басқа сферадағы адамзат тәртібінің формальды(ресми) немесе формальды емес ережесі. Осыған байланысты неоинституционализм экономикалық субъектіні былай сипаттайды.
1.
Пайдалылықты
2. Міндеттерді ұтымды түрде шешуге тырысу
3. Шектеулі ұтымдылық
4. Институттар бойынша шектеулілік
Институттар формальды (ресми) болады, яғни жазбаша бекітілген түрде. Егер спорттық ойынды алатын болсақ, онда формальды институт деп, заңды органға сәйкес бекітілген ойын ережесін, мыс: ұлттық спорт комитеті. Нақты (реальной) өмірде формалды институт болып Конституция, азаматтық және басқа да кодекстер, заңдар, қаулы, үкім т.б.
Институттардың басқа тобы – формальды емес: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, қоғамдағы идеологияның, психологияның, мәдениеттің басты бейнесі болып анықталатын адамдар арасындағы қарым-қатынастың басқа да формалары.
5. Оппортунистік мінез-құлық шығындары. Бұған кез келген жазылмаған келісім немесе контракт шарттарын сақтаудан жалтару немесе бас тартуды айтуға болады.
Оппортунистік мінез-құлықтың негізгі екі формасын бөледі. Біріншісі моральдық тәуекелділік. Моральдық тәуекелділік, келісім-шартта бір жақ басқаға байланысты болса, ал оның мінез-құлқы туралы нақты ақпаратты алу үлкен шығынды талап етеді немесе мүлдем мүмкін емес.
Осындай түрдегі оппортунистік мінез-құлықтың ең таралған түрі – жалқаулану (отлынивание), бұнда агент келісім-шарт бойынша талап етуге қарағанда аз жұмыс жасайды.
Әсіресе жалқаулануға ыңғайлылық біртұтас топпен біріккен еңбек жағдайында пайда болады. Мысалы, үкіметтік мекемеде немесе заводта <команданың> қызметінің жиынтық қорытындысында әрбір жұмысшының жеке үлесін қалай бөлуге болады? Орнына қойылған жалған (суррогатные) өлшемдерді пайдалануға тура келеді, және көп жұмыскерлердің өндірісін нәтижесі бойынша емес шығыны бойынша талқылауды айтамыз (еңбектің жалғасымы түрінде), бірақ бұл көрсеткіштер де тұтас және нақты емес болып табылады.
Егер жалпы нәтижеде әрбір агенттің жеке үлесі үлкен қателікпен өлшенсе, онда оның сый ақысы (вознаграждение) оның еңбегінің тиімділігімен әлсіз байланыста болады. Бұдан жалқаулыққа апаратын, теріс ынталандырулар пайда болады.
Жеке фирмада, және үкіметтік мекемеде арнайы күрделі және бағалы құрылымдар құрылады, оның міндеті болып оппортунистік жағдайларға, агенттердің мінез-құлқына бақылау, жазаларды қолдану және т.б. табылады.
Оппортунистік мінез-құлық шығындарын қысқарту - әртүрлі ұйымдардың басқарушылық аппараттың маңызды бөлімінің басты қызметі.
Оппортунистік мінез-құлықтың екінші формасы – күштеп алушылық. Оған мүмкіндік, әрбіреуі орны ауыстырылмайтын, топтың басқа мүшесіне уникалды болатын, бір-біріне тығыз қиюласқанда және бірнеше өндірістік факторлар ұзақ уақыт тар кооперацияда жұмыс істегенде пайда болады. Бұл, егер қандай да бір фактор топтан кетуді шешсе, онда кооперацияның қалған қатысушылары нарықта оған эквивалентті орнын ауыстырушыны таба алмайды және орны толмайтын жоғалтулар пайда болады.
Сондықтан уникалды ресурс иелерінде (топтағы қатысушылар қатынасы бойынша) топтан шығу қаупі формасында шантажға (қоқан лоққы) мүмкіндік туындайды.
Нарықтық экономикада фирманың шығындарын үш топқа бөлуге болады:1) трансформациялық, 2) ұйымдастырушылық, 3) трансакциялық.
Трансформациялық шығындар – трансформация бойынша шығындар өндіріс факторларын пайдалану процесіндегі өнімнің өзіндік қасиеті.
Ұйымдастырылған шығындар – ұйым ішіндегі ресурстарды тарату және бақылауды қамтамасыз ету бойынша, сонымен қатар ұйым ішіндегі оппортунистік мінез-құлықты минимизациялау бойынша шығындар.
Қазіргі экономикалық талдауда трансакциялық шығындар операциялық қолдануға ие.
Сонымен қатар трансакциялық (ТС) шығындарды пайдалану институционалдық динамиканы және институционалды тепе-теңдікті талдауда институттарға сұраныс қызметін анықтауға мүмкіндік береді. «Институционалдық нарықта» институттарды ұсынуда ұжымдық қызметтің шығындары шығады (САС).
САС – бұл институттарды құру бойынша шекті шығындар, ТС – трансакциялық шығындар формасындағы альтернативтік құн арқылы, институттардың шекті пайдалылығын көрсетеді.
3. Трансакциялық шығындар және меншік құқығы спецификациясы.
Бұл проблема негізінен меншік құқығының қазіргі теориясында зерттеледі. Меншік құқығының негізгі міндеті экономикалық және құқықтық жүйелердің арасындағы талдаудан тұрады.
Меншік құқығы теориясы келесідей қалыптасқан жағдайлармен анықталады:
1) меншік құқығы, агенттер өзінің іс-әрекетінде қандай шығындар немесе түсім күтуі мүмкін екенін анықтайды;
2) меншік құқығының қайта құрылымы экономикалық ынталандырулар жүйесінде жылжуға әкеледі;
3) бұл жылжулар реакциясы болып экономикалық агенттердің өзгерген мінез-құлықтары табылады.
Меншік құқығының теориясы мынандай базалық көрсеткіштен шығады, айырбастың кез келген актісі шоғырланған құқықтық өкілеттіліктің болуы.
Демсец сөзі бойынша : «Нарықта мәміле бекітілгенде, екі шоғырланған(пучок) меншік құқығы айырбасталады. Жалпы, құқық анықталған игілікке немесе қызметке бекітіледі, бірақ атап айтқанда құқық құндылығы айырбасталған товарлар құндылығын анықтайды... Экономистер құқықтың шоғырлануын мәлімет ретінде қабылдайды және түсінігін іздейді, осы құқықтарға қатысты товардың айырбасталуына баға және саны немен анықталады».
Ресурспен байланысты, неғұрлым құқықтың жинақталу кеңдігі, соғұрлым оның пайдалылығы жоғары болады. Меншік заты және прокатқа алған зат, тұтынушы үшін әртүрлі пайдалылық әкеледі.
Меншік құқығы спецификациясы (ерекше, айрықша) өзінің іс-әрекетінің нәтижесінде тұрақты күтулерді және тұрлаусыздықты (неопределенность) азайта отырып, тұрақты экономикалық ортаны құру және басқа экономикалық агенттермен қарым-қатынастан не күте алады.
Меншік құқығын айрықшалау, яғни субъектінің меншігін ғана емес, оның объектісін, сонымен қатар оның бөліну тәсілдерін нақты анықтау.
Айрықшалаудың толықсыздығы меншік құқығының жоққа шығарылуы (размывание (attenuation)) ретінде сипатталады.
Меншік құқығының жоққа шығарылуы нақты құрылмағандықтан және нашар қорғалған , немесе мемлекет жағынан әртүрлі шектеулерге түскендіктен болуы мүмкін.
4. Трансакциялық шығындар сыртқы әсерлері. Коуз теоремасы.
Бастапқыда Коуз теоремасындағы түсініктермен проблемаларға қысқаша тоқталайық.
Сыртқы әсерлер (экстерналии) – бағадан алынбаған қосымша шығындар немесе пайдалылық, тиімділік.
Оңды сыртқы әсерлер (положительные внешние эффекты) бір экономикалық субъектінің қызметі басқа субъектілердің қосымша тиімділігінің пайда болуына әкелгенде туындайды, бұл өндірілген игілікке бағамен көрінбейді.
Теріс сыртқы әсерлер (отрицательные внешние эффекты) бір экономикалық субъектінің қызметі басқаларға қосымша шығындар әкелгенде туындайды.
Теореманы іске асырудағы қиындық былай бекітіледі: 1) меншік құқығын нақты анықтауда 2) жоғары трансакциялық шығындарда.
Әлеуметтік шығындарды қабылдаудағы Коуз трактовкасы.
«Әлеуметтік шығындар өндіріс факторларын альтернативті пайдалануда жоғары құндылықты әкелуге мүмкіндікті көрсетеді. Бірақ кез келген кәсіпкер, факторлар көмегімен өндірілген құндылығына қарағанда, оның шығындары аз болғанда өндіріске кіріседі.
Кейде осы теорема негізінде қателікпен қорытынды жасалады, «Коузиандық әлем» - бұл нөлдік шығындар әлемі. Негізінде ол ондай емес.