Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:02, реферат

Описание работы

Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде өңірлерге қарай қадам жасау қажет.
Өз пайдамызды мұқият есептей отырып, Қазақстанның шегінен тыс өндірістік көліктік-логистикалық объектілер құру үшін, елден сыртқа шығуға назар тіктеудің маңызы зор. Біз қазіргі түсініктерімізден арылып, өңірде және барша әлемде - Еуропада, Азияда, Америкада, мысалы, теңізге тікелей шыға алатын елдердің порттары, әлемнің тораптық транзиттік нүктелеріндегі және тағы басқа, көліктік-логистикалық хабтар секілді қазіргі заманғы кәсіпорындар құруға тиіспіз. Осы мақсатта «Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция» арнайы бағдарламасын әзірлеу қажет болады.

Работа содержит 1 файл

2050 жылға дейін кезең.doc

— 263.50 Кб (Скачать)

 

 

***

 

Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс.

 

Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Дінбасылар да ортақ  алаңдаушылық білдіруде.

 

Біз Жаратушыға деген кіршіксіз  сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек.

 

Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы.

 

Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде  идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр.

 

Бұл - біздің еліміздегі бейбітшілік  пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл - біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық  кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі.

Біз діни радикализм мен экстремизмнің  пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен  экстремизмнің жолын кесу керек.

Біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер  мен қақтығыстарды еңсерудің  жаңа сенімді механизмдерін жасауымыз  керек. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді  жалған діни ағымдардың іс-әрекетін қатаң  түрде тыйып отыру қажет.

Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  съезі беретін артықшылықтарды  да пайдалануымыз керек. Осы әңгімелесу алаңының базасында діни ыңғайдағы  дауларды шешудің жаңа платформасын жасауымыз қажет.

Біз діни және этностық дауларды шешу үшін аймақтағы ыстық нүктелерде, Үлкен Таяу Шығыс аясында, тіпті  одан да ауқымды деңгейде араағайындық жасауға дайын болуымыз керек.

 

Біздің мемлекетіміздің зайырлы  келбеті - Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты.

 

Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар  айқын түсінуге тиіс.

 

Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік  бағдарлама дайындауды тапсырамын.

 

Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақтандырғым келеді. Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс.

 

Дін мәселелерінде ойластырылған  қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек.

 

 

 

Құрметті қазақстандықтар!

 

Менің отандастарым!

 

 

 

Бүгінгі Жолдауымда мен сіздердің  әрқайсыларыңызға сөз арнаймын.

 

Ел алдында ірі мәселелер  тұр. Мен біздің табысты болатынымызға сенімдімін.

 

Болашақтың Қазақстанын мен  қалай елестетемін?

 

Мен 2050 жылғы қазақстандықтар - үш тілде сөйлейтін білімді, еркін  адамдардың қоғамы екеніне толық  сенімдімін.

 

Олар - әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап  жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар - өз елінің патриоттары.

 

Мен 2050 жылғы  Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек  қоғамы екеніне сенімдімін. Ол - барлығы  да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы  мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.


Информация о работе Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс