Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:02, реферат
Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде өңірлерге қарай қадам жасау қажет.
Өз пайдамызды мұқият есептей отырып, Қазақстанның шегінен тыс өндірістік көліктік-логистикалық объектілер құру үшін, елден сыртқа шығуға назар тіктеудің маңызы зор. Біз қазіргі түсініктерімізден арылып, өңірде және барша әлемде - Еуропада, Азияда, Америкада, мысалы, теңізге тікелей шыға алатын елдердің порттары, әлемнің тораптық транзиттік нүктелеріндегі және тағы басқа, көліктік-логистикалық хабтар секілді қазіргі заманғы кәсіпорындар құруға тиіспіз. Осы мақсатта «Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция» арнайы бағдарламасын әзірлеу қажет болады.
2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш
қызметтерінің әлемдік
Екі жетекші инновациялық кластерді
- Назарбаев Университетін және Инновациялық
технологиялар паркін дамытуды жалғастыру
керек. Бізге төменкөміртекті
2013 жылы «жасыл көпір»
Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.
Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады.
***
Қазір мен еліміздің Үшінші индустриялық революцияға дайындығының шарты болып табылатын ең принципті мәселелерді атадым.
Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
Әлемдік азық-түлік нарығының
Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін.
Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет.
Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз.
Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына - экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.
Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
Бұл - өзекті міндет. Бұл арада бізге:
Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет.
Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек.
Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс.
2013 жылдың өзінде Үкіметке
Ел агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын әзірлеу.
2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе арттыру.
Ең жаңа агротехнологияларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық өндірістерін құру жөніндегі заңнамалық және экономикалық ынталандырулар жүйесін тұжырымдау.
Берілгеннен кейін белгілі бір кезеңде игеру қолға алынбаған жерлерге салық мөлшерлемелерін көтеруді енгізу.
Жетіншіден, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет.
Ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін бізге аса көп су көлемі қажет. Осыған байланысты біз:
Басқа елдердегі, мысалы, Австралиядағы сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудің озат тәжірибесін мұқият зерделеп, оны біздің жағдайымызда пайдалануға тиіспіз.
Бізде елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу қажет.
Агроөнеркәсіп секторында ылғал үнемдеу технологиясына кешенді түрде ауысуға тиіспіз.
Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет.
2050 жылға қарай Қазақстан сумен
қамтамасыз ету проблемасын
Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақмерзімді бағдарлама жасауды тапсырамын.
2. КӘСІПКЕРЛІКТІ - ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ КҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ
Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс.
Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.
Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру
мен кәсіпкерлік бастаманы
Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:
Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау.
Бүгінгі күннің міндеті - ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру.
Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Сондықтан Үкімет 2013 жылдың соңына дейін заңнамаға микро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеуге бағытталған өзгерістер енгізсін. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз.
Мен Үкіметке 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Қазақстан азаматтарының өмір-тіршілігі қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып, оларды хабарландырумен ауыстыруды тапсырамын.
Заңнамалық
негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс
және қызмет сапасын бақылау мәселелерін
өзі реттейтін жағдай тудыру қажет.
Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін
қабылдаудың көпдеңгейлі
Екіншіден, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді.
Халықаралық
тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің
палаталарға топтасуы - экономиканың
тиімділігінің маңызды
Үкімет «АТАМЕКЕН» Одағымен бірлесіп, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшеліктің тұжырымдамалық моделін әзірледі.
Аталған модель кәсіби-техникалық білім, әсіресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын бизнесті кешенді сервистік қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың кең өкілеттіктері мен функцияларын құрылатын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына беруді қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналады.
Осыған байланысты Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеп, оны Парламентке келесі жылдың бірінші тоқсанында енгізуді тапсырамын.
Үшіншіден, мемлекет өзінің ролін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет.
Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек.
Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл - отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам.
Бұл жолдағы алғашқы қадам «
3. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖАҢА ПРИНЦИПТЕРІ - ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Біздің басты мақсатымыз - әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл - қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі.
Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты.
Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу - бұл әрбір қазақстандыққа әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс.
Мен біздер басшылыққа алуға тиіс және оларды ескере отырып, әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне деген көзқарастарымызға түзету енгізе алатын қағидаларды өзімнің қалай пайымдайтынымды баяндап бергім келеді.
Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары
Біріншіден, мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс.
Басты міндет - кедейшіліктің өсуіне жол бермеу.
Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек.
Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек.
Олар мынаны қамтуға тиіс:
Ең алдымен,
тұлғаның қажеттіліктері
Нақты
бағалар бойынша тұлғаның
Экономиканың
өсіміне байлаулы өмір
Осы стандарттарды сақтау бүкіл әлеуметтік саланы бюджеттік қаржыландыру көлемін айқындауы тиіс. Бұл бюджеттік процестердің ашықтығын арттырады және біздер бөлетін қаражаттың атаулылығын күшейтеді. Үкіметке тиісті заң әзірлеуді тапсырамын.
Екіншіден, мемлекет әлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс.
Ол үшін не істеу керек?
Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына - зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады.
Ұдайы
әлеуметтік және зейнетақылық
қамтамасыз ету жүйесін
Бізде
жұмыссыздарды оқыту мен қайта
даярлаудың еңбек нарығына
Жұмыс берушілер халықтың
әлеуметтік жағдайы төмен
Үшіншіден, біз өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуге назар аударуға тиіспіз.
Қазіргі кезде бірқатар өңірлердің экономикалық баяу дамуы еңбекпен қамтудың қамтамасыз етілмеуіне алып келеді. Халықтың кірісінің деңгейі тербеліп тұр.
(1) Ең алдымен, мемлекеттік
Міндет - мемлекеттік және салалық барлық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру.
Үкімет 2013 жылдың бірінші тоқсанында-ақ өңірлердегі қажетті және болашағы бар жобалардың тізбесін анықтауы және тарифтендіруі тиіс.
(2) Өтіп бара жатқан жылда
біз моноқалаларды дамыту
Біз жергілікті жерлерде басқарудың сапасын арттыратын боламыз. Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда.
Сонымен бірге, бізге өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңестірудің тиімді жаңа тетіктері қажет.
Үкіметке облыстардың
Информация о работе Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс