Инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 11:27, курсовая работа

Описание работы

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3-4
I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................5-6
1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................7-9
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13
1.3. Ифляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................13-19
II.Әлемдегі инфляция саясаты және оның реттелу жолдары ..........20-22
2.1. АҚШ мемлекетінің инфляциялық құбылыстар мен ерекшеліктері ..22-24
2.2. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары. ..................................................................24-26
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28
Қорытынды ...................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі .................................

Работа содержит 1 файл

Инфляция vjz.doc

— 234.00 Кб (Скачать)

      Инфляция қарқынын біртіндеп  түсіруге бағдар алу, керісінше,  бағаның құрылу, кәсіпкерлікті қолдау, нарықтық инфрақұрылымдарды жасау,  сондай – ақ біртіндеп ақша  массасын шамалап азайту сфераларында  мемлекеттің реттеушілік ықпалына  арқа сүйейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды. 

      Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.

      Реформаның барлық кезеңінде  кейде әсіре инфляцияға айналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипаты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. – 3006% - ды, 1993 ж. 2266% - ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30% мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55% - ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608% - дан 759% - ға көтерілді.

      Көп уақыттар бойы айналыстағы  ақша массасы мен инфляция  арасындағы тәуелділік экономис  – монетаристердің назарында болды, солардың ішінде танымал Милтон Фридмэн де бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс – инфляцияның негізгі факторы болады деп санайды.

      Инфляция процесінің Қазақстандағы  дамуы да осы көз – қарасты  куәландырады. Айналыстағы ақша  массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырды. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125%; 1995 жылы - 216% және 160% құрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді.

      Әлемдегі мемлекеттер тәжірибесі инфляциямен күресу көбінесе фискалды – ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады. Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білу тәжірибесі бар. Бұл облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30 – 40% - дан асатын инфляция жағдайында экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді.  

 

  
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Ә. Әубәкіров, Б. Байжұмаев, Н. Жақыпова және т.б. Экономикалық теория оқу құралы, Алматы 1999 – 193 б. 

2. Ә. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері, оқулық, Алматы 2004 – 406 б. 

3. Қ. Қалдыбаев, Успенов және т.б. Экономика: кәсіпкерлік, бизнес негіздері, Алматы 2003 – 30 б. 

4. Г.М. Осипова. Экономикалық теория негіздері, Алматы 2002 – 243 б. 

5. Ғ.С. Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер оқулық, Алматы 2001- 49 б. 

6. С. Әкімбеков, С. Баймұхаметова, А. Жанайдарова. Экономикалық теория оқу құралы, Астана 2002 – 318 б.  

7. С.Е. Тәжбағамбетова. Экономикалық теория кестелі оқу құралы, Алматы 2003 – 77б. 

8. Оралбай Әмір. Ақша, тауар инфляция, Нұр Астана 2005 – мамыр – 6 б. 

9. Саидов Андрей. Антиинфляционный “стоп кран” Деловая неделя 2005 – 21 октябрь – 4 б. 

10.Мәуленова, Бекмолдин «Экономикалық теория»  «Экономика», Алматы -2004 ж. 50-53б. 

11. «Основы экономики» 2006 г. № 2(8) 65б.

 

12.С.С.Сахариев «Әлем экономикасы»  ІІ том. Алматы-2003ж. 47б, 128-131б. 

13.Интернет желісі: www.google.kz 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Инфляция