Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 11:27, курсовая работа
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Кіріспе ...........................................................................................................3-4
I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................5-6
1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................7-9
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13
1.3. Ифляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................13-19
II.Әлемдегі инфляция саясаты және оның реттелу жолдары ..........20-22
2.1. АҚШ мемлекетінің инфляциялық құбылыстар мен ерекшеліктері ..22-24
2.2. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары. ..................................................................24-26
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28
Қорытынды ...................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі .................................
Мазмұны
Кіріспе
..............................
I.
Инфляцияның экономикада
жалпы рөлі ..............................
1.1. Инфляция
туралы жалпы теорияның
1.2. Инфляцияның
мәні және түрлері ............
1.3. Ифляцияға қарсы
саясат және шаралар ..............................
II.Әлемдегі
инфляция саясаты және
оның реттелу жолдары
..........20-22
2.1. АҚШ мемлекетінің
инфляциялық құбылыстар мен ерекшеліктері
..22-24
2.2. Қазақстан Республикасында
инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен
күресу жолдары. ..............................
2.3. Инфляцияның
зардаптары және оны жою ......
Қорытынды ..............................
Әдебиеттер
тізімі ..............................
Кіріспе
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
айналысқа артық ақшаның
қолайсыз төлем балансы;
үкіметке сенімнің жоғалуы.
Тақырып өзектілігі: Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі. Сондықтан курстық жұмысымның алға қойған негізгі мақсаттары болып:
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама – қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық шаруашылықтыңтүрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік – саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай – ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы
проблемаларымен байланыстырып
отыру қажет, өйткені инфляция
құбылысы мынандай қаржылық
белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
инфляциялық сипаттағы
мемлекеттік бюджеттің
мемлекеттік берешектің көлемі.
Инфляция қаржы қатынастарын
өзгерістерге ұшыратады.
Екіншіден, инфляция қаржы
Үшіншіден, инфляциялық
I.
Инфляцияның экономикада
жалпы рөлі.
Инфляция – экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі.
Нарықтық экономика кезінде
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бүл ерекше төлейалушылық сұранымның артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Қаржы қатынастары мен
Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілердің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама – қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция деп аталады.
XX ғ. 70 – 90 – шы жылдарында бағаның өсуінің ерекшелігі, оның үзілмей жүріп отырыуымен, жалпыламалығымен, бір қалыпты еместігімен сипатталады.
Экономикалық әдебиетте инфляцияның мынадай түрлері аталады:
экспортталған инфляция болады. Елдің валюта курсы қатаң сақталып
тұрған жағдайда импорттық тауарлардың бағасының қандай болмаса
да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.
Сонымен, инфляция қоғамдағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасындағы сәйкестіктің жойылуының нәтижесі болып табылады. Ақшаның сандық теориясының айырбас теңдеуіне сүйене отырып, жиынтық сұранысты ақшаның ұсынысы мен оның айналым жылдамдығының көбейтіндісі деп, ал жиынтық ұсынысты шығарылған өнімнің физикалық көлемі мен баға дәрежесінің көбейтіндісі деп, тұжырымдауға болады. Айналымдағы ақша санының немесе оның айналым жылдамдығының қандай болмасын өсуі жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі және керісінше. Жиынтық сұраныстың өсуін тудыратын, ақша массасының көбеюінің бірнеше себептері болады: экспансионистік қаржы саясаты, мемлекет
саясаты,
бюджет тапшылығын «баспа станогі» арқылы
өтеу, несиені кеңейту тәртібі, инвестициялық
бум, тұтынушылық талғаудағы құрылымдық
өзгерістер және басқалар.
1.1.
Инфляция туралы
жалпы теорияның
түсінігі.
Тұрақсыздығы экономиканың
Инфляция – негізінен қағаз ақша айналымына ғана тыс құбылыс. Мәні жөнінен ол айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарының құнсыздану процесі.
Осы айқындаманың сырттай қарапайымдылығына қарамастан инфляцияның іс жүзінде дамуы көптеген факторларға тәуелді өте күрделі процесс екендігін де ескеру керек. Ол мемлекет өзінің өсе түсіп отырған шығындарын қағаз ақшалары қосымда эмиссиялау (шығару) жолымен табуға ұмтылу сияқты теріс экономикалық саясаттың да салдары болуы мүмкін. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірісті дамытудағы тұрақты сәйкессіздіктері (пропорцияның жоқтығы) салдарынан да орын алуы мүмкін (“бағалық”) артпалығын күтуі де, кәсіподақтардың еңбекақыны артыру жолындағы күресі және басқа да көптеген жайлар да әсерін тигізеді. Осынау бөлекше құбылыстың мәніне көз жеткізу үшін инфляцияны түрлері және дамыту қарқына қарай бөле білу қажет.
Қағаз ақшаның құнсыздануы және тауар бағаларының өсуі инфляцияға әкеліп соқтыратыны ескертілген.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелділігі мүлдем өзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтерді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігінен де асып кетті.