Инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 11:27, курсовая работа

Описание работы

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3-4
I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................5-6
1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................7-9
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13
1.3. Ифляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................13-19
II.Әлемдегі инфляция саясаты және оның реттелу жолдары ..........20-22
2.1. АҚШ мемлекетінің инфляциялық құбылыстар мен ерекшеліктері ..22-24
2.2. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары. ..................................................................24-26
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28
Қорытынды ...................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі .................................

Работа содержит 1 файл

Инфляция vjz.doc

— 234.00 Кб (Скачать)

     Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін қамтиды:

  1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
  2. Барлық кредит ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
  3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
  4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

      Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

     Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

     біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

     екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет.

     Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспектісі өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс - әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

     Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

     Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

     Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әдетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

     Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а) тура әдістермен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ә) секвестірлеу әдісімен – барлық шығыстардыәр түрлі  факторлармен

анықталатын төмендетудіңберілген жалпы мөлшеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;

б) қолда  бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік  бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.

     Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс – қимылын, тез қайтарым бермейтін әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

     Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:

    1. жалақыны көбейту;
    2. ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;
    3. шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

     Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.

     Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогі экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.

     Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

     Сауда – делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелрмен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.

      Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі

механизмін  жасау болып табылады; аталған  механизмдердің іс – қимылы мына сызбаға  саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.

     Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық – қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

     Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II. Әлемдегі инфляциялық саясат және

  оның реттелу жолдары. 

      Нарықтық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай баға ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

      Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет – етпейді, өйткені өндіруші – кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.

      Жалпы инфляцияның себептері  базистік қатынастардың қарама  – қайшылықтарынан, экономикадағы  үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан,  оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен,  бүкіл қоғамдық өндірістің төмен  тиімділігінен болады.

      Инфляция сыртқы экономикалық  қызмет тарапынан арандатылуы  мүмкін, бұл – импорталатын және  экспорталатын инфляция. Бірінші  жағдайда ол шетелдік валютаның  шамадан тыс түсімінен және  импорттық бағалардың жоғарылауынан  туады. Түскен шетелдік валютаны  коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиландырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

      Экспортталатын инфляция тауарлар  мен қызметтер көрсетуге экспорттық  бағаның көтерілуінен туады, бұл  тұтынушы – елдерде, соның  ішінде дамып келе жатқан елдерде  бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар  халықаралық корпорациялардың – рыноктердегі үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және комерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

      Инфляцияның көріну нысаны –  ақшаның құнсыздануы менөнімге,  тауарларға және қызметтерге  бағаның көтерілуінде тұлғаланатын  оның сатып алуға жарамдалығының  тиісінше төмендеуі.

      Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсетуге отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық – заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас теңдеуі арқылы көрінеді:

                                  P x Q = M x V

мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын  ескере отырып ақшаның санын (M – ақша массасы, V – айналыс жылдамдығы) білдіреді.

      Ұлттық өдірістің артуы жағдайында  ұдайы өндіріс процестерінде  материалдық ағындарға қалыпты  қызмет көрсету үшін ақшаның  саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс  төмендеген кезде ақшаның артық  санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.

      Қазіргі мемлекет қаржы – қаражатының,  бірақ өзінің негізгі бөлігінде  тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени – ақпараттық мақсаттық,білімге, басқаруға, қорғанысқа, жұмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.

      Тұралаушы экономикада мұндай  шараларды қаржыландыру үшін  шаруашылық жүргізуші субъектілермен  халықтың қарыздар алу жолымен  жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары  сияқты салықтық түсімдердің  жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды  жабудың бірден – бір көзі қосымша ақша шығару (эмиссия) болып табылады.

      Өндірістік емес сфераны қаржыландыру  міндетіліктермен қатар мемлекет  дағдарыс жағдайында көпшілік  қолды тауарларға салыстырмалы  төмен бағаларды қолдау қажеттігінен  залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъектілерге тура қаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге көрінеді; сондай – ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады. 

      Инфляция өндірістік сфераға,  халықтың көптеген жігінің материалдық  жағдайына, инвистициялық қызметке  қауіпті әсер етеді.

Информация о работе Инфляция