Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 11:27, курсовая работа
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Кіріспе ...........................................................................................................3-4
I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................5-6
1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................7-9
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13
1.3. Ифляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................13-19
II.Әлемдегі инфляция саясаты және оның реттелу жолдары ..........20-22
2.1. АҚШ мемлекетінің инфляциялық құбылыстар мен ерекшеліктері ..22-24
2.2. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары. ..................................................................24-26
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28
Қорытынды ...................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі .................................
Инфляцияның дамуында
Инфляцияның дамуының қосымша
факторы пайдаланылатын
Айтылған факторлар өндіріс
Бағалардың артуы жағдайында
халықтың, әсіресе жеке кәсіптік
және әлеуметтік топтардың
Шартты түрде инфляцияны
Егерде инфляция экономикадағы
құлдырауға байланысты болса,
онда бұл стагфляция деп аталады.
2.1. АҚШ мемлекетінің инфляциялық құбылыстар
және
ерекшеліктері.
«Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады.
АҚШ-та
және Англияда инфляциямен күресу мәселесі
мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады.
Басқа бірталай елдерде инфляцияға
икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті
арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды
индексациялау және т.б.) .
Инфляцияға карсы саясатты сипаттағанда,
екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші
әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс
теориясының өкілдері зерттейді) белсенді
бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға
ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар
мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында
мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным
қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді.
Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады.
Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып,
жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.
Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны
болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты
сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер
сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің
инвестиция бағдарламасы іске қосылады
және шығындар артады, салықтар төмендетіледі.
Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне
салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден
нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске
ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу
басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет
арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі
мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының
артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады
және салық пен шығын арқылы экономиканы
реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші әдістемені жана классикалық бағыттағы
экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға
ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды.
Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде
икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке
тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді.
Орталық банк айналымдағы ақша көлемін
өзгертсді және қарыз пайызы (процент)
кесімін реттейді, сонымен экономикаға
ықпал жасайды.
Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды
шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар
жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің
айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру
және жұмыссыздықты қысқарту саясаты
инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан
шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық
экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция
жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия,
қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес.
Осыған байланысты инфляцияны толық жою
мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын
ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде
ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын
баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе
көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және
қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану
кажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема
түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің
ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың
инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді.
Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға
қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде
жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға
тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары
негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен
күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына
жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты
тұтынушылардың сана сезіміне қажетті
әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын
қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ
мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы
бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары
жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық
банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны
асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары,
нақты айтқанда, жылдық ақша көлемінің
өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін
қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін
әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын
қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа
мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын
инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте
күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан
оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру
қажет болады.
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын
уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл
мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік
бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша
түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін
кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді;
акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды
қысқартады; көлемді импорт арқылы да
ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын
қамтамасыз етеді.
Күнделікті сұранымды қысқарту аркылы
да инфляцияға қарсы әсер етуге болады.
Ол үшін салымдарға төленетін процент
кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор
сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары
қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты
инфляциямен күресу шығындары туралы
мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес
жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін
қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше,
инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты
оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет
болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің
көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен
калыптасады.
Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген
елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап
табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген
еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге
бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің
нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын
болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан
жеткізе бермеген. АҚШ тәжірибесі көрсеткендей,
табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде,
ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген.
1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға
деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған
екен. 70-жылдардың соңында табыс пен бағаны
тікелей реттеу тәртібі жойылып, оның
орнына орындауға міндетті емес үкіметтің
ұсынысы ретінде сақталған болатын. Ал
80-жылдардың басында президент Р. Рейганның
әкімшілігі бұл мәселемен айналысатын
мемлекет мекемелерін таратып жіберген.
2.2.
Қазақстан Республикасында
инфляцияны жүргізу
саясаты және инфляциямен
күресу жолдары.
1993 ж. бұрынғы кеңестік республикалардың “егемендіктер парадының” басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметті – экономикалық жағдайға әкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп, 1994 ж. жазында гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және экономикалық себептер1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын “жоғалтып” жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.
Монетарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999 ж. инфляция 11,7 % болды, ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді.
Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше инфляцияны тез ауыздықтау Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша ресімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: “Шет елдік инвестициялар туралы” Заң, “Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” жаңа Заң, “Бюджеттік жүйе және басқалар туралы” Заң.
Үкімет “Стратегия - 2030” сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5 –
6% шамасында болуына ұмтылып отыр.
Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:
Инфляцияның класикалық көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991 жылы бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992 – 8,6%, 1993 – 11,9%, 1994 – 10,2%, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4%, 1997 – 17,7%, 1998 - 18%, 1999 – 14,3%, 2000 – 9,8%, 20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ - ге 0,12%) құраса, 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ - ге 1,2% құрады.
КСРО халық шаруашылығында
Өнімнің көтерме бағасы, олардың
дайындауға кететін
Қазақстандағы және басқа да
ТМД елдеріндегі қазіргі
Экономикадағы инфляцияның
2.3.
Инфляцияның зардаптары
және оны жою.
Инфляцияның зардаптары
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Инфляция жекелеген адамдарға, сондай – ақ тұтастай барлық қоғамға өте ауыр зардап әкеледі:
Инфляцияның экономмикалық субъектілердің экономикалық жағдайларына ықпалы қарама – қайшылықты болып келеді. Жоғары инфляция бизнеске қауіп төндіреді және инвестиция көлемін кемітеді. Әдетте, инфляция тұрақты табыс алушылар үшін тиімсіз (бюджет сферасындағы қызметкерлерге, несие берушілер және жинақ иелеріне). Бағаның деңгейіне қарағанда табыстары тез өсетіндер үшін оның келеңсіз салдарынан құтыларлықтай мүмкіндік бар. Табыстың кеңейтілген көздері, мысалы, қаржылық активтер мен қозғалмайтын мүліктер, өздерінің иелерін инфляциядан бір мезгілде ұтып та, ұтылып та қалуларына жеткізеді. Инфляция, сондай – ақ, мемлекетке пайдалы да бола алады, мәселен, бюджеттің жетімсіздігін ақшаны бопырлата басып шығару есебінен қаржыландырып, инфляциялық салық алады.
Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тәсіл бар: бірі – инфляцияға бейімділікті қарастырса; екіншісі – оның антиинфляциялық шараларын жояды.
Бейімділік шаралары: табыс индексациясы және баға деңгейін бақылау. Жеке деңгейде табыс индексациясы кәсіподақтың кәсіпкермен ұжымдық келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Табыс индексациясының саясаты мемлекеттік кешенде мемлекеттік қызметкерлердің, студенттердің, зейнеткерлердің, әскерлердің жағдайын, жеке кешендегі адамдармен салыстырғанда нашарлатпау мақсатын қойған.
Екінші әдіс (жою) – экономикалық құлдырау мен жұмыссыздық өсуі арқылы белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы. Бұл жолдың экономикалық, әлеуметтік шығыны зор. Бірақ нәтижесі, бейімділік саясатына қарағанда тиімді.
Тәжірибеде көп елдер инфляциямен күрес ретінде “келісімді” жолды таңдайды. Бұл теорияның негізінде жұмыссыздық қозғалысы мен инфляция қарама – қарсы деген тұжырым жатыр.
Демек, үкімет жұмыссыздықты немесе инфляцияны таңдауы тиіс. Алғашқы номиналдық жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты айқындауға әрекет жасаған Филлипс (1958 ж.). Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген, бұл АД қисығы (Филлипс қисығы).
Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл қорытынды қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5 – 10 жыл) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды, бұл тұжырымды кәсіподақтар мен фирмалар жалақы мен бағаны көтере отырып ұрындырады.
Статистика дәлелдегендей, инфляция 1 % - ке түсу үшін, жыл бойына жұмыссыздық 2 % табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Инфляцияны түсіру үшін, жұмыссыздықпен өтеу керек деген оймен барлық экономистер келіспейді. Әзірше бұл мәселе бір шешімге келген жоқ.
Өндіріс стагнациясымен ере жүріп, жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі және бір уақытта бағаны өсіру инфляциясы стагфляция деп аталады.
Антиинфляциялық саясат шартты түрде екі типке бөлінуі мүмкін: инфляцияға ыңғайласу және онымен күрес. Бірінші жағдайда табысты индекстеу болжамданады. Алайда бұл шара өте шектеулі, себебі 100% - дық индекстеу “жалақы – бағалар” деген инфляциялық шиыршықты тудыруы мүмкін.
Күреске қатысты алсақ, оны жүргізу нұсқаларының ішінен – естен тану терапиясы деп аталатын әдісті баса көрсетуге болады – қатаң ақшалай несиелік саясат инфляцияны тез басады және айтарлықтай өндіріс құлдырауымен қатар жүреді. Мұнан басқа, мұндай бағдарламалар, әдетте, әлеуметтік бағдарламалар шаруашылық өмірді, бағаны ырықтандыру, мемлекет рөлін шектеу және т.б. есебінен бюджеттің жетімсіздігін азайту жағын қарастырады.