Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 11:27, курсовая работа
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай – күйі. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Кіріспе ...........................................................................................................3-4
I. Инфляцияның экономикада жалпы рөлі ...........................................5-6
1.1. Инфляция туралы жалпы теорияның түсінігі .....................................7-9
1.2. Инфляцияның мәні және түрлері .........................................................9-13
1.3. Ифляцияға қарсы саясат және шаралар .............................................13-19
II.Әлемдегі инфляция саясаты және оның реттелу жолдары ..........20-22
2.1. АҚШ мемлекетінің инфляциялық құбылыстар мен ерекшеліктері ..22-24
2.2. Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары. ..................................................................24-26
2.3. Инфляцияның зардаптары және оны жою ...........................................26-28
Қорытынды ...................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі .................................
әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда да ақша
өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән болып келеді.
Инфляция және оның қарқыны статистикалық көрсеткіші – тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі 275 – ке жуық тауарлар мен қызметтердің аттарын қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Инфляциялық процестің дамуының осындай түрі сұраныс түрткі болған инфляция деп аталады.
Осындай сұраныс инфляциясының дәрежесін мынадай факторлар белгілейді:
Экономикадағы инфляциялық импульсті жиынтық ұсыныстағы өзгерістер тудыруы мүмкін. Мұнда өндірістің жалпы көлемі төмендейді, ал баға өседі, ұзақ мерзімдегі осы процестің нәтижесі экономикадағы сұраныстың бастапқы өсуіндегідей болады.
Осындай әдіспен инфляциялық процестің жүруі шығындар түрткі болған инфляция немесе шығындар инфляциясы деп аталады. Мұнда баға дәрежесі өндіріс шығындарының нақты өсуі нәтижесінде және ағымды шығындар өсуін күту нәтижесінде көтерілуі мүмкін.
Шығындар қысқа мерзімді факторлардың (мысалы жиынтық сұраныстың қысқа мерзімде өсуі) қызметі әсерінің нәтижесінде ғана емес, ол ұзақ мерзімді факторларының қызметтерінің әсерінің нәтижесінде өседі:
Жиі болатын жағдай – баға және жалақы өсе отырып бір – бірін «жалақы баға» инфляциялық спиральға тартады. Осының көрінісі – бағаның өсуінің есесін қайыру мақсатпен, еңбекшілер жалақының өсуін талап етеді. Пайда нормасы тұрақты болғанда, өндіріс шығындардың өсуі, өнімнің бағасын көтереді. Нәтижесінде, жұмыскерлер номиналдық жалақының одан әрі өсуін тілейді, бұл процесс оралып жүріп отырады. Осындай спиральді жою оңайға түспейді, өйткені сұраныс үнемі өсіп отырады және экономикада жұмыспен толық қамтылу орын алып отыр.
Әдетте, экономикада сұраныстың өсуі бағаның, жалақының, жұмыспен
қамтудың, өндірістің нақты өсуіне әкеледі. Осы процесс шығындар
инфляциясы түрін алуы мүмкін, ал шынында, шығындардың өсуі сұраныстың күшті ықпалы арқылы жүрсе де, практикада инфляцияның бейнесі екі түрі де бір мезгілде жүріп отырады және бір – біріне әсер етуде болады.
Сонымен, экономикадағы ақша ұсыныс қарқынының өзгеруі мынадай жағдайларға әкеп соғады:
1.3.
Инфляцияға қарсы саясат
және шаралар.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 – шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі.
Әдетте, бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі уақыт мерзімі бойынша «тұрақты» етіп ұстап отыру туралы заң қабылданатын. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дискриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізуді ұнатады. Практика жағынан келсек, жалақыдан гөрі бағаларға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа, экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.
Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арасында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен – барынша көп пайда табу – бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.
Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып – түйілген
дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа, бағаға әкімшілік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге күші де, құралдары да жеткілікті деп сенсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге көмек береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің – тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің – бар болуының өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның (әсіресе сұраныс түрткі болған) болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан, бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.
XX ғ. 60 – шы жылдары нарық экономикалық елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күткендей болмады. Сондықтан 70 – ші жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың «дефляциялық» шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, берілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте – бірте шектеу енгізеді.
Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе, тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.
Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының инструменттері пайдаланылуы мүмкін: шет елдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.
«Дефляциялық» шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады. Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструменттерінен бас тартуға мәжбүр етті.
Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағыттың балама жолдары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.
Филлипстің қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қаржылық және ақша саясатын азғана өзгертіп, қатал стандарттарды, мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды селективтік қолдауды, протекционистік шараларды, табыстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға болады. Соңғы вариантты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындры төмен.
Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте – бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу («естен тандыру терапиясы»). Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдауына, ел ішіндегі әлеуметтік – саяси жағдайға және т.б. байланысты болады.
Қазақстанда инфляцияның дамуы “сұраныс пен ұсыныс” инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырды.
Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап өтейік:
Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.
Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек «естен тандыру терапиясының» монетаристік әдістері қолданылды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.
Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.
Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама – қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.
Инфляция кезінде мемлекет іс – қимылының екі нұсқасы болады:
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс - әрекет етуінің өндірістік – экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық – адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарынан әрекет етуді қамтиді десек те олардың шешушісі базалық өндірістік – экономикалық сфера болып табылады.
Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, кредит үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша – кредит және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.