Инфляция: мәні, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 21:55, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 63.31 Кб (Скачать)

Бюджетті ретке келтіргенде  қатаң бюджеттік үнем режимін  жүргізу,

жоғарыда  атап өтілген  талаптарға жауап бермейтін  бағдарламаларды генізгі емес нысандар қаржыландыруды тоқтату қажет. Бұл  ретте бюджеттік рестрикцияны жүзеге асыра отырып, әлеуметтік ахуалды  күшейту проблемасына көңіл бөлген дұрыс. Бағаларды реттеу шараларына мыналар жатады. Олар:

    1. Экономиканың базалық салаларының өніміне, құрылым құрайтын

және стратегиялық маңызды тауарларға баға реттеудің  арнайы формаларын енгізу, оның ішінде монополист-кәсіпорындар мен салалар  өнімнің кейбір түрлері мен топтарына  шекті бағалар орнату;

    1. Кәсіпкерлердің, үкіметтің және кәсіподақтардың арасында бағалар,

кірістер  мен салықтар саласында біріңғай шектеу саясатын жүргізу туралы келісім  қабылдау, сондай-ақ оның орындалуын бақылаудың тиімді механизмін әзірлеу.

 

 

 

                                          

 

                                        Қорытынды.

 

Қазір бүкіл  әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың  қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді  де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар.

Дағдарыс  салқыны бізді де айналып өткен  жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын  әр деңгейдегі дағдарыстарға біз  бұған дейін де төтеп беріп  келгенбіз. Тәуелсіздік шеріжесін  парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге онай тиген жоқ. Тұралап қалған экономиканы  қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей болды. Ел болып  ол қиындықтарды да еңсеріп өттік. Өткен  ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған  кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз  тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылдаған дұрыс  шешім ұтымды іс-қимылдың арқасында  біз одан да аман-есен өте шықтық. Біз осылайша сындарлы жылдар мен  күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысырылып, шындала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде «көппен  көрген ұлы той» деп, сабыр сақтап, ынтымақ бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған.

Мемлекет  дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық  экономикалық кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер  толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдан анық. Дағдарыстар  өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәнгі қалады. Алдымызда  бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол – Қазақстан тәуелсіздігінің  жиырма жылдығы.

Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген  көп те емес шығар. Бірақ біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар.Олай болатыны, тәуелсіздік  – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен  өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Пайдаланған деректер тізімі:

 

  1. Байзаков С. Архитектоника содержательной экономики: инструменты анализа и синтеза экономических индикаторов: Учеб.-метод. пособие. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2009. – 121 с.
  2. Общероссийская общественная организация «Журналисты России» 12/01/2009
  3. Назарбаев Н.А. Дағдарыстан шығу кілті. Егемен Қазақстан, 3/02/2009
  4. Назарбаев Н.А. Стратегия становления постиндустриального общества и партнерство цивилизаций. – М.: Экономика, 2008. – 398 с.
  5. OECD Factbook 2008: Economic, Environmental and Social Statistics
  6. Попов Г.Х. «Об экономическом кризисе 2008 года». –М:., Издательский дом Международного университета в Москве. -2008. -20 с.
  7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2006 ж., наурыз
  8. Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире. Астана, 2007. – С. 85-86.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

Циклдер типі

Циклдар мерзімі

Негізгі ерекшеліктері

1. Китчин циклы

2-4 жыл

Қор мөлшері → инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы, тауарлық цикл

2. Жугляр циклы

7-12 жыл

Инвестициялық цикл → инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы

3. Кузнец циклы

16-25 жыл

Табыс→иммиграция→үй құрылысы→жиынтық сұраныс→табыс

4.Кондратьев циклы

40-60 жыл

Техникалық прогресс, құрылымдық өзгерістер

5.Форрестор циклы

200 жыл

Энергия және материалдар

6.Тоффлер ц.

1000-2000 жыл

Өркениеттің дамуы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 


Информация о работе Инфляция: мәні, түрлері