Инфляция: мәні, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 21:55, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 63.31 Кб (Скачать)

1.Китчин  циклы немесе қор циклы. Д.  Китчин 2-4 жыл аралығындағы қысқа  ауытқуларды қаржы шоттары мен  тауар қорларының қозғалысы кезінде  сату бағаларына негіздей отырып  зерттеген. Олқысқа мерзімді циклды  тауарлы – материалдық қор  мөлшеріндегі ауытқулардың болуымен  байланыстырады.

2.Жугляр  циклы немесе «өнеркәсіптік цикл»,  «бизнес циклы». Ең алғаш рет  өнеркәсіптік цикл Англияда 1825 жылы  бастау алды, оған машина өндірісінің,  өнеркәсіптің басқа салаларында  басымдылық жағдайға ие болуы  себеп болды. Бұл дағдарыс Англияда  басталып, АҚШ-та және де басқа  да батыс Еуропа елдеріне де  тарады. 1847-1845 жылдардағы дағдарыс  әлемдегі бірінші дүниежүзілік  дағдарыс болды. Оның артынан  іркес-тіркес 1857-1866 ж.ж және 1873 ж.  дағдарыстар жалғасты. Егер де XIX өнеркәсіптік цикл 10-12 жылды қамтыса,  ХХ ғасырда ол 7-9 жыл болып қысқарды. 7-12 жылдық цикл К. Жуглярдың Франция, Ұлыбритания және АҚШ-ғы өнеркәсіптік ауытқулар табиғатын зерттеудегі еңбегі үшін оның атымен аталды.

3.Кузнец  циклы. 1930 жылдары АҚШ-та «құрылыс  циклы» жөнінде көптеген зерттеулер  пайда болды. 1946 жылы С. Кузнец  өзінің «Ұлттық табыс» атты  еңбегінде өндіріс құрал-жабдықтарына, ғимараттарға жұмсалған жиынтық  инвестицич, тұтыну шығыстары, ұлттық  табыс көрсеткіштері арасында  жиырма жылдық өзара ауыиқулар  бар екендігін, сонымен қатар,  бұл ауытқулар құрылыста ең  жоғарғы деңгейде болатындығын  дәлелдейді.

4.Кондратьев  циклы. Экономикадағы циклдар  мерзімі әр экономисткрдің қарастыруы  бойынша әртүрлі ұзақтықты қамтиды.  Экономикада Н. Д. Кондратьевтің  аты «ұзын толқындармен» байланысты. Олтауар бағасының индексіне,  пайыз қойылымына, рентаға, жалақы  динамикасына, өндіріске қатысты  статистикалық мәліметтеді пайдалана  торырып, қысқа мерзімді циклдармен  қатар 45-58 жыл аралығын қамтитын  толқулардың бар екендігін дәлелдейді. Сонымен бірге, Кондратьевтің  «ұзын толқындары» әлеуметтік-экономикалық  жүйені толық қамтитын, өндірістегі  технологиялық әдістердің кең  ауқымды өзгерістерімен байланысты  экономикалық белсенділіктің ауытқуларын  да қарастырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Экономикалық дағдарыстың пайда  болуының әлеуметтік салдары.

 

2.1. Жұмыссыздық пен инфляция –  экономикалық дағдарыстың көрінісі  ретінде.

 

Дағдарыстың негізгі себебі ретінде біз жұмыссыздық  пен инфляцияны қарастырамыз. Бұл  мәндер үлкен экономикалық шамалар  болғандықтан оларды тереңірек түсіндірген  жөн.

Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы  және қазіргі тарихындағы ең өткір  мәселенің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі  мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып  кетуімен түсіндіреді. қазіргі кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін  кәсіпкерлік мектебінің теориясы –  жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен  туындайтынын айтады, яғни ол еркін  болып табылады. Еркін кәсіпкерлік  теориясы қазіргі өкілдері – «монетаристер» - осы көзқарастарды қолдайды.

К. Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі  технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден – капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен  болатындығын айтады.

Енді  осы теориялардың мән-жайына қысқаша  тоқталайық.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисті Томас  Роберт Мальтус (1766-1834жж) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі»  кітабын шығарған. Онда былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі; яғни, әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен  өседі: халық саны – 1, 2, 3, 4, 5 және т.б.

Ол халық  санының және өмір сүру әдісінің өсу  қарқыны жоғарыдағы көрсетілген  есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген: тұрғындардың жоғарғы  қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.

Тұрғындардың  қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда  екі есе өсуі) ХVIIІ-ғасырда АҚШ-та халық санының өсуі негізінде  есептеген, ло кезде АҚШ- та тұрғындар  саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің  келуімен де өскенін ескермейді.

Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез өсуінен  қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл  туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан «Қоғам тарихындағы  ғылым» атты кітабында былай жазған: «қазіргі уақытта атом ядросының  бөлінуі негізінде ядролық энергия  алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық  негіз бар, себебі тамақ өндірісін  мұнан ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді».

Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі  мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымның жеткіліксіздігін ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырғаны дұрыс.

Батыс мектебінің өкілдері. ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін  жұмыссыздықты – жолдамалы жұмыскердің  өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылыр шеттен тыс жалақыны талап  етеді, сондықтан жұмыс күшіне деген  сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің  профессоры А. Пигу өте дәйектілікпен  жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан «Жұмыссыздық теориясы» кітабында  баяндады. Алайда ХХ-ғасырдың 30-жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл  позицияның дұрыс еместігі барынша  айқындала түсті.

Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылыр жұмыссыздық  себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен  түсіндіреді.

Ақша  массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс  процесін реттеуге болады. Олардың  ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады  және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен  Филлипс(1914) осы тәуелділікті математикалық  тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол «Филлипс қисығы» аталды. Осы қисық және оның графигі туралы кейінірек тағы тоқталатын боламыз.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін  еңбекке  жарамды халықтың өндірісте  жұмыспен қамтылмауы. Жұмыс қамтылмау  өндірістің тиімділігін арттыру, сонымен  бірге жұмысшы күшінің бір  бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік  жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық  дағдарыс кезінде көбейеді. Нарық  жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею  себебі мемелекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағыбұрыс құрылымдық саясаты  болуы мүмкін.

Жұмыссыздықтың  мынадай түрлері бар:

    1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта

жұмысшылардың қолданылуы. Қазір болмыста олардың  жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

    1. Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа

жұмысқа,

бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен  ауысуын айтамыз.

    1. Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық

кезеңде жұмыс  жасауы; бұл кейбір ауыл шаруашылығы  өндірісі саласында кездеседі, әсіресе, қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.

    1. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің

нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

    1. Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен

ауыстырудың нәтижесі, біліктіліктегі өзгертуді  немесе басқа мамандықты игеруді  талап етеді.

    1. Циклдік жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни

экономикалық  циклдың осы фазасымен байланысты.

Әр түрлі  макроэкономикалық модельдердегі  жұиыссыздық сипаттамасының интерпретациясы  әр түрлі болып келеді. Классикалық  мектеп өкілдерінің ойынша, жұмыссыздықтың болуының себебі болып жұмыскердің  ұсынылатын жалақы ставкасы үшін жұмыс  істеуге құлқының болмауы (бас тартуы) табылады. Ал жұмыскерлер өз-өздерін  жұмыссыздық жағдайына әкелетіндіктен, классикалық модельде жұмыссыздық  ерікті сипатқа ие болады. Қазіргі  жағдайда олардың ізбасарлары- неоклассикалық бағытты жақтаушылардың ойынша –  ерікті жұмыссыздық іс жүзінде бар, оның себебі де жоғарыда айтылғандай.Сонымен  қатар олар ерікті жұмыссыздықты  фрикциондық жұмыссыздықтың , оның себебінен жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Ал жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегенді  олар еңбек нарығындағы тепе-теңдік қамтамасыз етілетін (еңбекке сұраныс  еңбекке ұсынысқа тең) деңгейі деп  түсінеді. Яғни нақты тепе-тең жалақы ставкасы үшін жұмысістегісі келетін  адамдар ерте ме, кеш пе, әйтеуір  жұмыс табады және бұл кез-келген экономиканың жұмыс істеуіне тән  үрдіс.

Алайда, ізбасарлардан айырмашылығы, неоклассикалық мектеп өкілдері жұмыссыздықтың бір  бөлігі мәжбүр түрдегі сипатта болатынын  мойындай отырып, оны күту жұмыссыздығы деп атайды. Күту жұмыссыздықтың себебі болып нақты жалақы ставкасының  тепе-тең нарықтық деңгейден жоғары болуына байланысты еңбек нарығындағы  тепе-тең емес жағдай табылады.

Жұмыссыздықтың  себептерін күту және жалақы ставкасының  тепе-тең деңгейден жоғары деңгейде «жабысып қалу» себептері:

- кәсіподақтардың  қызметі мен кәсіпкерлердің одан  төмен деңгейде жұмыскерлерлі  жалдауға құқығы болмайтын жалақы  ставкасы көрсетілетін ұжымдық  келісімдерге қол қою;

  • жұмысқа алуда жалақы ставкасының төменгі шегі болып табылатын

минималды жалақы ставкасының мемлекетпен тағайындалуы

  • ынталандырушы (немесе тиімді) жалақы ставкасы теоирясының кең

таралуы. Бұның  мәні мынада: жалықы ставкасының төмендеуі  кәсіпкерлердің мүдделеріне сәйкес келмейді және де олар өздерінің ең жақсы неғұрлым өнімді жұмыскерлерін  ұстап қалу үшін жалақыны тепе-теңдік деңгейден жоғары тағайындайды.

Тиімді жалақының мәні жалақы минимумы және кәсіподақтар қызметі

туралы заң  мәніне тең болады. Өйткені, барлдық  үш жағдайда жұмыссыздық жалақы ставкасының  тепе-тең нарықтық деңгейден жоғары тағайындалуының нәтижесі болып  табылады. Алайда, тиімді жалақының  айырмашылығы: ол фирмалармен ерікті түрде төленеді. Фирмалардың тепе-тең  деңгейден жоғары жалақы төлеуді  өздері үшін  тиімді санауының 4 себебі бар:

    1. Егер жұмысшылар жоғарғы жалақы төленсе, олар одан жоғарырақ

ставкасы  бар альтернативті жұмысты табудың  қиындығын аңғарып, сол себепті  жұмыскерлердің жұмыстан шығуы азаяды.

    1. Неғұрлым жоғары жалақы ставкасында жұмыскерлердің өнімділігі

(құлшынысы)  де көбейеді.

    1. Жоғары жалақы төленсе, онда жұмыскерлердің (жұмыс күшінің)

сапасы жақсарады.

    1. Жалақы неғұрлым жоғары төленген жағдайда жұмыскерлердің

денсаулығы  жақсарады, осының артынан жұмысқа  қабілеттілік пен өнімділік те жоғары болады. Бұл дәлел көбінесе дамушы елдердегі фирмаларға қатысты.

Осылайша, неоклассикалық бағыт өкілдері жұмыс іздеумен

байланысты  жұмыссыздықты бөліп көрсетеді. Жұмыссыздықтың бұл түріне еңбек  нарығы тепе-тең жағдайда болады, сонымен  қатар ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрап, мыналарды қамтиды:

  1. Жұмыскерлердің оларға ұсынылатын жалақы ставкасын қабыл

алмауына  және одан жоғары жалақы төленетін  жұмысты іздеуге байланысты болатын  ерікті жұмыссыздық.

  1. Жұмысын жоғалтумен және адамдардың «жұмыстар арасында» болуы

немесе еңбек  нарығына алғаш рет шығуымен байланысты фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық.

  1. Еңбек нарығының тепе-тең емес жағдайымен (шектен тыс еңбек

ұсынысы) байланысты мәжбүрлі түрдегі жұмыссыздық. Тепе-тең  емес жағдай нақты жалақы ставкасының  тепе-тең нарықтық деңгейден жоғары деңгейге орналасуы есебінен болады. Бұл институционалдық себептермен (жалақы минимумы туралы заң, кәсіподақтар қызметі және тиімді жалақы теориясы) және еңбек нарығының «теңгеруін»  күтумен түсіндіріледі.

Экономикалық  теориядағы кейнсиандық бағыт өкілдері ерікті жұмыссыздықтың болу мүмкіндігін  жоққа шығарып, жұмыссыздық жиынтық  шығындардың жеткіліксіздігімен, яғни экономикадағы құлдырауға, рецессияға әкелетін жиынтық сұраныспен байланысты мәжбүр түрдегі сипатқа ие деп  есептейді. Осылайша, кейнсиандық модельде мәжбүрлі түрдегі жұмыссыздық ретінде  тек циклдік жұмыссыздық қарастырылады.

Информация о работе Инфляция: мәні, түрлері