Инфляция: мәні, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 21:55, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 63.31 Кб (Скачать)

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Кіріспе.

Баршамызға  мәлім ағымдағы әлемдік қаржы  дағдарысы ешбір мемлекеттке  оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі  таңда әлемнің ең ірі, алпауыт  елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен  Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге  лайықты екенін де байқатып үлгерді. 
          Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады. 
       Төрт-бес жыл бұрын біреу бізден экономикалық дағдарыс жайлы қандай да бір мәлімет сұраса, біз ойланып, бәлкім мардымды ештеңе айта алмас та едік. Ал қазіргі таңда көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамды тоқтатып, сұрайтын болсаңыз, бұл мәселе жайлы еш кідірместен айтып бере алады. «Адамды илейтін де, билейтін де қоғам»,-деп Энгельстің айтқанындай, қоғамдағы қалыптасқан жағдай халық санасын жаулап, соған дағдыландырды. Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы. 
АҚШ федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша, қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс – бұл “жүз жылда бір рет” орын алатын оқиға, сондықтан да осы курстық жұмыстың тақырыбы қазіргі таңда өте актуалды. 
         Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі. Дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы. 
         Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу. Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру. 
Бұл курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Оның бірінші тарауында мен экономикалық дағдарыстың теориялары мен оның негізін қалаушылар туралы қарастырдым. Себебі өткен ғасырлардағы дағдарыс теорияларын талдамай, бүгінгі дағдарысты болжау мүмкін емес.

 Ал  екінші тарауда экономикалық  дағдарыстың пайда болуының әлеуметтік  салдары жайлы баяндалған. Экономикалық  дағдарыстың негізгі себептері  ретінде мен жұмыссыздық пен  инфляцияны, олардың ауытқуынан  болатын салдарды тереңдей талдадым.

Үшінші  тарауда бүгінгі күндегі Қазақстанның бүкіләлемдік дағдарыс жайын талқыладым.

Бүгінде еліміз басынан дағдарыс жылдарын өткеруде. Сол себепті біз үшін дағдарысты реттеу шаралары, стратегиялары мен  мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы маңызды. Әлемдік дағдарыстың себептері  талқыланып, алдағы кезең іс-шаралары анықталуда. Әйтседе, еліміз дағдарыстан  шығу жолдарын белгілеп, мемлекеттік  бағдарламаларды құруда. Соның негізінде  ел экономикасы біртіндеп тұрақталып келеді.

Дағдарыс  арқылы жаңару мен жетістікке! Міне біздің алға қойған мақсатымыз. Біз  дамып келеміз және әлі де көркейеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар.

 

1.1. Экономикалық дағдарыстың мазмұны  мен жалпы     белгілері,  мәні.

 

Экономикалық  дағдарыс дегеніміз – бұл экономикалық коньюктурада күйзеліс процесін туындататын, тауарлар мен қызметтер арасында сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің  бұзылуы.

Экономикалық  дағдарыс экономикалық цикл арқылы түсіндіріледі. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар  арасындағы мерзім және осы кезенде  төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы - өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылыстарының болуы  сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда артық өндірумен  түсіндіріледі.Дағдарыс кезінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұммыссыздық ұлғайып, ақша-несие байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғаяды  және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастайды. Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия («depressio» - латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді.) Бұл  фазада өндірістің құлдырауы тоқтатылады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.

Келесі  фаза – тірілу, бұған тән нәрсе  өндірісті ұлғайту, демек пайда  бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдың кезекті  фазасы - өрлеумен алмасады.

Өрлеу өнім өндірудің қарқыныамен сипатталады  және ол дағдарыс алдындағы деңгейден  жоғары жұмыссыздық тартылады, қарыз  капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының  (%) нормасы төмендейді.

Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне  экономикалық теорияда қалыптасқан  бірнеше теориялықкөзқарастар бар.

Мәселен, К. Маркс артық өндірудің циклдық  дағдарысының реттілікпен қайталану  себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын  жаппай жаңаруымен қарастырған.

Ағылшын экономисті Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының  алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен  пайыз мөлшері ара-қатынасымен  түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз  мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің  өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті  жойылады.

Қазіргі Дж. Кейнстің ізбасарлары – «неокейнстіктер» - мәселен американ экономисті Пол  Самуэлсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сипаты ұлттық табыстағытұтұну үлесінің төмендеуімен және акселятор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы  тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне  оң немесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқарылуына бет бұрыс  жасайды.

Америка экономисті Милтон Фридмен басқарған  «монетаристік мектеп» өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады.

Монетаристік  мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің  ақша саясатын нашар жүргізудінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-тың монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұл  жұмыс 1963-ші жылы шыққан болатын.

Нарықтық  экономиканың циклдық дамуын жою  жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің  ойлары мынаған әкеледі: мемлекет антициклдық  бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі  қажет.

Мәселен Энгельстің айтуынша, нарықтық анархияны  «өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеу»  арқылы жоюды алға тартады. Дж. Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика  олқылықтарын мемлекеттің арласуы  арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірістің құлдырауынан жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.

Тұрақсыздық рыноктық экономикаға тән сипаттардың  бірі. Оған экономикаға циклды қалыптастыратын  өрлеу де құлдырауда тән. Экономикалық дамудың циклдық заңдылықтарын  зерттеу – макроэкономикалық  талдаудың құрамдас бөлігіннің бірі болып табылады. Экономикалық цикл дегеніміз – бұл экономикада  қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс  мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып  отыруы. Экономикалық циклдың дамуының себептері: автономды инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі  капиталдың жаңартылуы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің айтуы бойынша ең маңызды себеп  – тұтыту мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Макроэкономикада экономикалық циклдың интегралды теориясы жоқ, сол себепті түрлі бағыттар мен мектеп экономистерінің циклдың  болу себептеріне байланысты әр түрлі  көзқарастры бар.

Циклдық ауытқудың бір кезеңінде орналасқан екі нүкте арасындағы аралық цикл кезеңі деп аталады. Циклды екі кезеңге  бөлуге болады: төмен бағытталушы, өндірістің құлдырауы және керісінше, жоғары бағытталуы - өндірістің артуы. Экономикалық өрлеу  және құлдырау экономикалық циклдың  негізгі құраушысы болғандықтан, олар іскерлік белсенділік ауытқуларында  да маңызды рөл атқарады, оны экономистер  іскерлік циклды деп атайды.

Қазіргі жағдайда экономикалық циклдың мән-мазмұны  өзгерді. Ол біріншіден, экономикалық белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу  сатысының неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан  кейін тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі; екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапозонының қысқаруы; үшіншіден, экономикалық циклға рыноктың монополиялық құрылымының, ҒТП-тің, өндірістің ғаламдануы, экономиканы мемлекетті реттеудің әсерінің күшйе түсуінен көрінеді.

К. Маркс  экономикалық цикл мәселесіне алғаш  көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың  бірі болып саналады. Ол циклдың  бірін-бірі кезектесе алмастырып тыратын  негізгі төрт сатысын бөліп қарастырды. Олар құлдырау, тоқырау, жандану және өрлеу.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-тың  экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминалогия бойынша  цикл келесі сатыларды қамтиды: шың  немесе жарылыс, рецессия немесе құлдырау, дағдарыс және жандану. Экономикалық коньюктураны сипаттау үшін бірқатар экономикалық көрсеткіштер   қолданылады (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жеке табыс, өнеркәсіптік өнімдер көлемі, бағалар  деңгейі және т.б.)

Цикл  барысында экономикалық айнымалылардың өзгеруіне байланысты олар проциклдық,контрцикылдық  және ациклдық бо-

лып бөлінеді.

Қазіргі кезде статистиктер мен экономистер  мен экономикалық конъюниктураға толық  нақты болжамдар жасай алмайды, тек оның жалпы беталысын ғана анықтай алады. Себебі экономикалық тұрақсыздық пен саяси қақтығыстар  кезінде барлық әсер етуші факторларды  есепке алу, ұлттық экономикаға халықаралық  ортаның ықпалын анықтау қиын және де даму беталысын анықтағанның өзінде сатылардың жүру мерзімін нақты  атап, экономикалық саясатты сол өзгерістерге қарай бағыттау мүмкін емес. 

 

         1.2. Экономикалық дағдарыс түрлері,  айырмашылықтары.

 

Экономикалық  дағдарыс дегеніміз – бұл экономикалық коньюктурада күйзеліс процесін туындататын, тауарлар мен қызметтер арасында сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің  бұзылуы.

Қазіргі кезде дағдарыс әлемде терең экономикалық, саяси өзгерістерге байланысты бір-бірімен  өзара тәуелді құбылыстар тізбегін көрсетеді.  Ол    құблыстарға  төмендегілерді   жатқызуға  болады:

  • демографиялық  дүмпу;
  • капитал – еңбек байланысының  теңдігін  бұзатын,  үшінші

технологиялық   дамудың   жалғасуы. 

Экономикалық дағдарыстарды олардың  негіздеріне байланысты

жіктеуге  болады:

  1. Шаруашылық жүйесіндегі бұзылған тепе-теңдіктің көлемі бойынша.

Жалпы дағдарыс бүкіл ұлттық экономиканы қамтиды, ал жекелеген дағдарыс экономиканың кейбір саласын ғана қамтиды. Мысалы:

- Қаржы  дағдарысы –мемлекеттік қаржы  жүйесінің түрлі құрылымдық өзгерістерге  ұшырауынан және бюджет тапшылығының  үнемі өсуінің нәтижесінде туындайды. 

- Ақша-несие  дағдарысы – ақша жүйесінің  бұзылуы. Комерциялық және банктік  несиенің күрт қысқаруы, банктік  салымдардың айналыстан бірден  алынуы, ол банктердің қызметіне  кері әсер беріп, банкрот болуына  әкеледі. 

- Валюталық  дағдарыс - әлемдік рыноктық айналыстан  алтын стандарт жүйесін жою  мен басқа мемлекеттердің ақша  бірліктерінің құнсыздануымен сипатталады. 

- Биржалық  дағдарыс – бағалы қағаздардың  бағамының бірден төмендеуі және  олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасының қызметіндегі  күйзеліс.

- Аграрлық  дағдарыс – ауыл шаруашылығы  өніадерінің сатылу мөлшерінің  бірден қысқаруы, оның бағасының  төмендеуі.

  1. Тепе-теңдіктің бұзылуын реттеу дәрежесі бойынша:

- кезеңдік (циклдық дағдарыстар);

     - аралық;

     - реттелмейтін (салалық, аграрлық, құрылымдық  дағдарыстар).

3. Ұдайы өндіріс көлемінің өзгерісінен  туындайтын дағдарыс сипаты

бойынша:

     - артық өндіру дағдарысы;

     - жетіспеушіліктен болатын дағдарыс, яғни халықтың қажеттілігін

қанағаттандыру  үшін тауар мөлшерінің жеткіліксіз  болуы.

4. Ұзақтығы бойынша:

     - қысқа мерзімді;

     - орташа мерзімді;

      - ұзақ мерзімді.

Қазіргі қоғамдық ғылымда циклдардың бірнеше  типі белгілі. Олар әдетте, осы толқындарды  зерттеп, ғылымға енуіне негіз болған экономистердің атымен аталады. (Қосымша 1)

Информация о работе Инфляция: мәні, түрлері