Фискалдық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание работы

Фискалдық саясат экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және мемлекет міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін қаржы төңірегінде жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы болғандыктан қаржы жүйесін нығайту, яғни бюджетті қажеттілікке байланысты толықтыру және бюджетке келіп түскен түсімдерді әділетті қайта бөлу - экономикалық өсудің тұрақтылығына қажетті жағдайлар жасау қажет. Нарықтық экономикада бюджеттің кірісі салык жүйесінің құрылымына тікелей байланысты. Жалпы алғанда, салық жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, капитал және басқа да құндық көрсеткіштердің негізінен тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтың рөлін анықтау қажет.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
І Фискалдық саясаттың мәні мен рөлі.
1.1 Фискалдық саясат түсінігі, экономикалық мәні...................................5
1.2 Фискалдық саясаттың кейнстік және монетарлық көзқарастары.......7
1.3 Экономикалық өсу процесіндегі фискалдық-салықтық
қатынастардың теориялық - әдістемелік аспектілері........................9

ІІ Қазақстан Республикасының бюджет салық саясаты
2.1. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы........................................12
2.2 Салық жүйесін талдау.........................................................................18
2.3 ҚР фискалды механизмді жүргізудің жолдары.................................22

ІІІ Салық салу механизмін жетілдіру.......................................................29

Қорытынды..................................................................................................32

Қолданылған әдебиет................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Курсовая КР фискалдыk саясат1.doc

— 489.50 Кб (Скачать)

Жоғарғы табысты заңдастыру, неғұрлым сапалы тамақ өнімдері мен күнделікті сұраныс тауарларына, акылы білім алуға, медицина кызметіне, әуе және темір жол көлігіне, отандык тауар өндірушілердің өз өндірістерін ұлғайтуына, өнімдерінің сапасын арттыруына әсерін тигізер еді.

Көптеген елдердің статистикалық мәліметтері дәлелдеп берген     макроэкономикалық заңдылықка сәйкес - салық алымдарының денгейі неғұрлым жоғары болған сайын, экономикалық өсу қарқыны соғұрлым  төмен, және керісінше, салық жүктемесі неғұрлым төмен болған сайын марко және микро деңгейдегі экономикалық өсудің мүмкіншілігі де жоғары.


Үшіншіден, кез-келген салық саясатының негізігі мақсаты ретінде салықтың фискалдық және ынталадырушы рөлдері арасында оңтайлы қатынасқа   қол   жеткізу   тұрғысынан  қарастырамыз.   Сонда   салық саясаты салық жүктемесін анағұрлым әділетті бөлу, оңтайланған салық ставкасына көшу мен салық жүйесін жеңілдетуі қажет. А.И. Худяков пен   Г.М.   Бродскийдің   «Салық   салу   теориясы»   атты   еңбегінде, салықтарды  пайдалану  сипатына  байланысты  жалпы  және  арнайы (мақсатты)  салықтар  деп  жіктейді.  Салық  салу  жүйесінде  кейбір салықтар бюджетке келіп түскен соң, бюджеттің басқа да кірістерімен араласып,   жалпы   қажеттіліктерге  жұмсалады,  яғни   бұл       жалпы бағыттағы (абстракциялы) салықтар. Ал енді кейбір салықтар нақты бір  шараларды  қаржыландыру  үшін  колданады,  яғни  бұл  арнайы салыктар. Мәселен бұған әлеуметтік салықтарды   жатқызуға болады. Қазіргі  кезде арнайы  салықтар    (бұрын бюджеттен тыс  қорларға аударылатын) бюджетте ерекшеленіп көрсетіледі. Айта кету керек, көп жағдайларда  арнайы   салықтар  бюджеттен тыс  арнайы  қорлардың табыс көзі ретінде бекітіледі.

Экономикалық әдебиеттердегі арнайы салықтар туралы әртүрлі пікірлерді автор жинақтай келе мынадай қорытынды жасайды: біріншіден, психологиялық көзқарас бойынша салық төлеушілер мұндай салықты бар ынталарымен төлер еді; екіншіден. салықтардың мақсатты сипаттамасы белгілі-бір (мақсатты) шығындарды жүзеге асыру қажеттілігімен айқындалады.

Мақсатты салықтарды өз бағыттары бойынша жұмсау, яғни жергілікті бюджеттің негізін қалайтын әлеуметтік салықтың қорын тікелей салықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуына, әсіресе ауылды жердегі халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға жұмсау. Мұнда салықтардың әкімшілік жүйесі мемлекет үшін қалай болса, салықты төлеушілер үшін де салық заңын орындау шығынының деңгейін төмендетуге әсерін тигізуі қажет.

Үшінші үлгі, салықтың әрбір түрін бюджет деңгейлері арасында бөлшектеместен, әртүрлі деңгейдегі бюджетке салықтарды тұтасымен түрлері бойынша нақтылы бөлу. Бұл әсіресе жергілікті бюджеттердің нақтылау ресімдерін жеңілдетер еді.

Қарастырылған осы үлгілер еліміздің қаржы саласындағы бірқатар мәселелерді шешіп береді. Атап айтатын болсақ: Біріншіден, субвенциялар мен алымдар көлемдерін бекіту тұрақтылығы  жергілікті атқарушы органдарға жеткілікті бюджеттер жобаларын қалыптастыруды республикалық бюджет жобасының жасалуын күтпестен-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік беру.


Екіншіден, салықтың әрбір түрін бюджет деңгейлері арасында бөлшектеместен, салық түрлері бойынша бюджеттер арасында нақтылы бөлу мүмкіндігін қалыптастыру, ал ол республикалық, сонымен қатар, жергілікті бюджеттерді де нақтылау ресімдерін жеңілдетеді.

Үшіншіден, барлық аймақтар бюджеттік алымдарды бөлуде де, сол сияқты субвенцияларды алуда да міндеттемелердің тұрақты мөлшеріне ие болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Салық салу механизмін жетілдіру

 

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық  жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі  қағидалары, салық салуды ұйымдастыру  салық механизміне жатады.

Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер мен  элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады.

Салық салу элементері мыналар:

  • субъект;
  • объект;
  • салық көзі;
  • салық ставкасы;
  • салық өлшем бірлігі;
  • салық оклады;
  • салық жеңілдіктері;
  • салық төлеу мерзімі мен тәртібі;
  • салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері;
  • салық төлеуін бақылау;
  • салықтық жазалау шаралары.

Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Салық төлеуші (субъект) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға.

Қазақстанда салық төлеушілер:

  • резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.

Еліміздің алғашқы қалыптасу  кезеңінде өзінің игі қызметін атқарған кейбір тәсілдер бүгінгі заман ағымына сай экономикалық дамудың жаңа белестеріне жетуде жетімсіздік танытып отырғаны да шындық. Соның бірі – бұрынырақта қалыптасқан Қазақстанның салық жүйесі. Бұл салық жүйесі экономикалық  тұралау  және бюджет тапшылығы қысқан сонау 90-шы жылдардың дағдарысты кезеңінде құрылған болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын  арттыру – мемлекеттік саясаттың  басты мақсаты » атты биылғы Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде шешуші рөл атқаратын  екі басты құжатты ерекше атап көрсетті. Ол – жаңа салық кодексі мен үш жылдық бюджет.

«Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен  сәйкестендіру қажет. Қолданыстағы  Салық кодексі  экономикалық өсуде  оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуетті іс жүзінде таусылды.  Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар», - деп Жолдауда мәселе барынша ашық айтылған.

Өткен жылы еліміздегі барлық салық түсімдерінің 2,8 триллион теңгеге жетіп, 2010 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артты. Толысқан экономиканың толымды түйіні – төрт құбыласы тең толық бюджет. Қарапайым халықтың қамын ойлаған, болашақ ұрпағы үшін толғанған елдің бюджеті толық та тоқ болуға тиіс. Бұл орайда айтар жетістігіміз аз емес. Ұлттық валюта енгеннен кейінгі 1994 жылмен салыстырғанда 2011 жылғы республикалық бюджет 22 есе өскен екен.

Егер, 2005жылы республикалық бюджеттің  кіріс бөлігі 207 миллирд теңге болса, биылғы жылғы республикалық бюджет көлемі 3 триллионға жуықтап, кірісі 2 687 282 259 мың теңге болмақ. Оның үстіне, 2011 және 2012 жылғы бюджеттер – еліміздегі алғаш рет мұнайдан түсетін табыстан тыс құрылған бюджеттер. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының ықпалдылығы ел бюджетінің толымдылығына байланысты. Ал бюджеттің көзі – салық. Ендеше,    салық жүйесінің уақыт талабына сай ілкімді де тиімді болуы шарт. Қолданыстағы Салық кодексі экономикамыздың өсу қарқынынан туындаған   бүгінгі талаптарға жауап бере алмайды. Мәселен, 2007 жылы салық жүйесіндегі осындай кемшіліктер салдарынан тексерістерден кейін өндіріліп алынған салық көлемі 590 млрд. теңгені құраған. Ірі салық төлеушілерден түскен салық мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 2,3 есе артқан. Белгіленген 46,6 млрд. теңге салық мүлде төленбей қалған. Бұл кезінде  қалыптасқан жеңілдіктер мен преференциялардың салдарынан ірі компаниялардың әлі де ел бюджетін толықтыруға ынталы емес екендігін көрсетеді. Қолданыстағы Салық кодексінің  салық жинау мүмкіндіктерін толық пайдалануда әлсіз екендігін дәлелдейді.

Сонау бір Қазақстанды  рубль кеңістігінен шығарып тастаған келеңсіз күндері жалпы әлемнен  жалынып   жинаған инвесторлармен еліміздің мүддесі үшін  тиімсіз  келісім-шарттар жасалды. Қазақстанның қазба байлығын игеруге қаржы  салған шетелдік ірі компанияларға көптеген жеңілдіктер жасалды. Елбасы атап көрсеткендей, сол кезде әзірленген Салық кодексінде олар үшін жеңілдіктер мен преференциялардың 170 түрі белгіленді.Мұндай жағдай басқа бірде-бір елдің салық жүйесінде жоқ. Ол мәжбүрліктен туған қадам еді.

Қазір жағдай түбірімен өзгерді. Енді Қазақстан экономикасы шетелдік инвесторларға тәуелділіктен арылып, өзі де ірі инвестиция салуға қабілеттілігін дәлелдейтін дәрежегі жетті.  Сондықтан шетелдік инвесторларды тайраңдатпай, тең дәрежеде сөйлесетін уақыт келді. Әрине, кезінде жасалынған  экономикамызға тиімсіз келісім-шарттардың  бәрін бірдей қайта қарау мүмкін емес. Бұл еліміздің халықаралық биік беделіне нұқсан келтіреді. Бірақ тиімсіз келісім-шарттар салдарынан  нұқсан болған ел мүддесінің есесін жаңа Салық кодексінде талаптарды күшейту арқылы толықтыру қажет.

Әсіресе, экологиялық  салық түрін енгізудің маңызы зор. Бұл жомарт жеріміздің  қазба  байлықтарын ашқарақтана алып жатқан  кейбір компаниялардың  тойымсыздығына  тосқауыл қояр еді. Жалпы, шеттен келген компаниялар жер жарасы, аймақтың экономикалық  ахуалы, ел мүддесі  үшін  бас ауыртпайды. Олар бір тиынын екеу қылып, қазба байлықтарын барынша мол қармап, неғұрлым көп пайда тауып қалғысы келеді. Мұндай компанияларды жергілікті жердің  мүддесіне бағындыратын бір-ақ жол бар. Ол - әлемдік тәжірибеде қалыптасқан қалтаны қағу қағидасы. Яғни, заңды түрде жоғары салық ставкаларын белгілеу, жіберген кемшілектері үшін үлкен  көлемді айыппұл салу, ауаның ластануы мен жергілікті тұрғындардың ахуалын еселенген экологиялық салықтар арқылы  жақсарту. Қоғамда ірі компаниялар мен кәсіпекерлер үшін де, орта бизнес пен қарапайым халық үшін де салықты дер кезінде төлеп отыру пайдалы екендігін түсінетін тәрбие  қалыптастыру қажет.

Салық кодексі – қоғамдағы  әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік жауапкершілік деңгейін айқындайтын құрал. Табысқа қарай салық төлеу тәсілі қалыпты нормаға айналуы керек. Мәселен, 50 мың теңге жалақы алатын еңбеккерлерге салынатын табыс салығынан 500 мың теңге жалақы алатындардың табыс салығы 5 есес жоғары болуы қажет. Сол сияқты қазба байлығын игеретін компаниялардан алынатын салық өндеуші және өнім өндіруші саладағы кәсіпорындарға салынатын салықтан бірнеше есе жоғары болуы шарт.

Мемлекеттің негізгі  тірегі – орташа тап. Ал біздің елімізде орташа тап буынын қалыптастыру кенжелеп қалды. Қоғамымыз негізінен дәулеті асқан ірі байлар мен күнкөрісі төмен кедейлер болып екіге жарылып барады. Бұл – қауіпті құбылыс. Байлар мен кедейлер арасындағы табыс деңгейі жер мен көктей. Сондықтан тиісті салық ставкалары арқылы бұл айырманы азайтуға күш салу қажет. Ауқаттылардын алынатын жоғары салық арқылы, аз қамтамасыз етілген тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтерген жөн.

Орта буынды қалыптастыратын  тәсіл – шағын және орта бизнесті дамыту. Бұл мәселені Елбасы үнемі  атап көрсетіп келеді. Биылғы жолдауда Президент жаңа Салық кодексін қабылдаудың маңыздылығын айта келіп, «Бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек » деп атап көрсетті.

Ендеше, еліміздің жаңа Салық кодексі экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруға, еліміз үшін тиімді салаларды дамытуға, халықтың түрлі топтарының арасындағы табыс  айырмашылығын азайтуға, қазба байлықтарын  игеретін компанияларға жер мен ел мүддесіне бетбұрыс жасатуға бағытталуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты зерттей  келе біз мынадай тұжырымдамаларға тоқталамыз:

1. Фискалдық саясат мемлекет реттеуінің қажетті элементі болып 
табылғандықтан, үкімет экономикалық циклдің ауытқуына 
байланысты салықтардың келіп түсуі мен мемлекеттік шығындардың 
жұмсалуына түзетулер енгізіп отырады. Ал біздің көзқарасымыз 
бойынша фискалдық саясаттың мазмұны - мемлекеттің алдында 
тұрған стратегиялық міндеттемелерлі шешу үшін үкіметтің салық салу 
мен мемлекеттік шығындарды оптимизациялау бағытында 
қабылданатын шаралар кешенінен тұрады. Осыған байланысты автор 
Кейнс теориясын негізге ала отырып, мемлекеттің мақсатына 
байланысты фискалдық құралдарды пайдаланудың тұжырымдамасын 
қарастырады.

          2. Фискалдық механизм қаржы механизмінің негізгі құрамдас 
бөлігі және қаржы түрлерінің, формаларының және ұйымдастыру 
әдістерінің жоспарлауының және басқаруының жүйесі болып 
табылады. Фискалдық механизмді қоғамның әлеуметтік және 
экономикалық дамуына қаржы қатынастарын бөлу және қайта бөлу 
арқылы әсер ететін құралдардың жиынтығы ретінде қарастыруға да 
болады.

  1. Бюджеттің шығыс бөлімінде басқару аясындағы шығындарды қысқарту. Осы бойынша нақты нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттің экономиканы басқару әдістерін түбегейлі өзгерту қажет. Бұл өзгерістерге қол жеткізу үшін жаңа заңдылық базасы қажет.

         2) Әлеуметтік аяны экономикалық зерттеу әлеуметтік инфрақұрылым салалары мен табыс аясымен шектеледі, яғни адами капиталдың ұдайы өндірісін арттыру мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға ыңғайлы жағдайлар туғызатын экономикалық қатынастар. Әлеуметтік  саланы   қаржыландырудың  негізгі   көзі   болып   қоғамдық тауар ретінде көрсетілетін әлеуметтік қызмет пен олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлімен сипатталатын бюджет қоры есептеледі.

Информация о работе Фискалдық саясат