Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа
Фискалдық саясат экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және мемлекет міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін қаржы төңірегінде жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы болғандыктан қаржы жүйесін нығайту, яғни бюджетті қажеттілікке байланысты толықтыру және бюджетке келіп түскен түсімдерді әділетті қайта бөлу - экономикалық өсудің тұрақтылығына қажетті жағдайлар жасау қажет. Нарықтық экономикада бюджеттің кірісі салык жүйесінің құрылымына тікелей байланысты. Жалпы алғанда, салық жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, капитал және басқа да құндық көрсеткіштердің негізінен тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтың рөлін анықтау қажет.
Кіріспе............................................................................................................3
І Фискалдық саясаттың мәні мен рөлі.
1.1 Фискалдық саясат түсінігі, экономикалық мәні...................................5
1.2 Фискалдық саясаттың кейнстік және монетарлық көзқарастары.......7
1.3 Экономикалық өсу процесіндегі фискалдық-салықтық
қатынастардың теориялық - әдістемелік аспектілері........................9
ІІ Қазақстан Республикасының бюджет салық саясаты
2.1. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы........................................12
2.2 Салық жүйесін талдау.........................................................................18
2.3 ҚР фискалды механизмді жүргізудің жолдары.................................22
ІІІ Салық салу механизмін жетілдіру.......................................................29
Қорытынды..................................................................................................32
Қолданылған әдебиет................................................................................34
Бір жағынан,
дағдарыстық құбылыстардың
Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.
1. Кез келген
ауқымдағы күрделі
2. Экономикалық
мүдделерді үйлестіру қағидаты
қалыптасқан тепе - теңдікті тұрақсыздандыратын
сан алуан факторлардың
3. Эволюциялық
қағидатының логикалық дамуы
мен оны нақтылау ретіндегі
әртараптандыру қағидаты. «Әртараптандыру»
термині кең мағынада
4. Экономикалық
жүйедегі оның дамуына қарай
иерархиялық саралау қағидаты. Орташа
деңгейді бөліп көрсетуді
1.3 Экономикалық өсу процесіндегі
фискалдық-салықтық
қатынастардың теориялық - әдістемелік аспектілері
Қоғамның экономикалық өсу процесіндегі фискалдық саясаттың экономикалық мәні мен рөлі бюджетке келіп түсетін экономика субъектілерінің міндетті ақшалай төлемдеріне сапалы сипаттама беруте, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты (ҰТ) орталықтандырылған қаржыны бөлудің құрамдас бөлігі ретінде салық салуды ұйымдастырудың әдістемелік негізін анықтауға, практикада жинақ пен инвестицияны, өндіріс пен тұтынуды мемлекеттік реттеудің салықтық құралдар жүйесінің өзара байланысын өңдеуіне мүмкіндік береді.
Фискалдық саясат - үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен инфляцияға қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған саттық салу, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар туралы саясаты.
Мемлекеттің экономиканы реттеудегі құралы ретіндегі фискалдық саясаттың түсінігі Дж. М. Кейнс пен кейнсиандықтардың атымен өте тығыз байланыста (Р.Харрод, Э. Хансен, А.Пангу және т.б.).
Фискалдық саясат фискалдық механизм аркылы жүзегс асырылады. Фискалдық механизм - салық қатынастарын бөлу мен қайта бөлуді жүзеге асыру процесінің қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер ететін әдістердің, құралдардың және формаларының жиынтығы.
Кейнсиандық теорияның өкілдері фискалдық саясатты экономикалық жағдайлардың өзгеруіне олардың сезіну механизміне байланысты дискреционды және автоматты (кіріктірме тұрақтандырғыш саясаты) фискалдық саясат деп бөледі. Дискреционды фискалдық саясат - үкіметтің мемлекет шығындары мен салықтарды саналы баскаруы.
Экономикалық өрлеу кезеңінде, жеке шығындардың көлемі артқан жағдайда, үкімет тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қысқартатынын білеміз. Мемлекет шығынын қысқарту, ЖІӨ-нің көлемін бірнеше есе азайтады. Сондықтан да мемлекет өндірістің құлдырауы кезінде шығынды арттыра отырып және экономикалық өрлеу уакытында оларды қысқарта отырып, экономикалық дағдарысты жеңілдетеді, ұлттық өндіріс көлемінің бірқалыпты артуына қол жеткізсді.
Дискреционды фискалдық саясат сондай-ақ салық ставкасының өзгеруін де болжайды. Салыктарды төмендету тұтыну шығындарының өсуіне, яғни өндіріс көлемінің бір қалыпқа келуіне және жиынтық шығынның (жалпы ішкі өнімнің) артуына әссрін тигізеді. Сайып келгенде, салық өзгерістерінің де мультипликаторлық әсері бар. Мемлекет шығындарының өзгеруіне қарағанда, салық өзгерістері жиынтық шығынға, оған сәйкес ұлттық өнімнің көлеміне айтарлықтай әсерін тигізбейді. Бұл салықтардың өсуінің орның жартылай жиынтық шығындарды қысқартумен, жартылай жинақты азайтумен толтырады, ал мемлекеттік сатып алудың өзгеруі тек жиынтық шығынға ғана әсерін тигізсді. Міне, сондықтан да, салық мультипликаторы мемлекет шығынының мультипликаторына қарағанда әлдеқайда кіші. Бұл айырмашылықтар фискалдық саясаттың керекті құрамын талдау кезінде анықтаушы рөл аткарады. Егерде ол экономикаға мемлекеттік секторды кеңейтуте бағытталған болса, онда циклдік құлдырауды игеру үшін мемлекеттік шығын арттырылады (күшті ынталандырушы әсер береді), ал инфляцияның көтерілуіне кедергі болуы үшін салықтарды көтереді. (салыстырмалы жеңіл шектелген шара болып саналады).
Салық бұл мемлекет заң жүзіндс белгілеген, шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғаларға белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарылмайтын және қайта өтелмейтін түрдегі бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Салық салу - мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасында ақшалай табысты бөлу әдісі.
Экономикалық ілімдер арасындағы салықтар жайлы сұрактардың алатын орны тек казіргі кездегі экономика ғылымдарының классиктері арасында ғана емес, бұрынғы классиктердің, яғни А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс, С.Вобаи, Ж.Монтескье, Ж.Сисмонди, Ф.Нитти және т.б. арасында елеулі болған. Олар салықтар арқылы мемлекеттің табысы мен шығысына сипаттамалар берген, олардың пайда болу көздеріне, мүліктер мен табыс айналымының әдістері мен формаларына, саяси билікті қамтамасыз етуімсн байланысты қаржылай - бюджет байланыстарының шектелуіне көптеген ойлар мен жобалар ұсынған (сурет 1).
Практикада мемлекеттік сатып алу мен салык деңгейі, үкімет сәйкесінше шешімдерді қабылдамаған жағдайда да өзгеруі мүмкін. Мұны Дж. М. Кейнс автоматты фискалдық саясатты анықтайтын кіріктірме тұрақтылықтың барымен түсіндіреді. Кіріктірме тұрақтылық өзін-өзі реттсу режимінде әрекет ететін және экономикалық жағдайдың өзгерістеріне автоматты түрде икемделетін механизмдерге негізделген. Индустриалды елдерде тұрактандырғыш ретінде салық салудың прогрессивті жүйесі, мемлекет трансферттерінің жүйесі, атап айтқанда жұмыссыздық бойынша қамсыздандыру мен пайдаға қатысу жүйелері саналады.
Жұмыссыздық пен әлеуметтік төлемдер бойынша жәрдемақы жүйесі автоматты түрде циклге қарсы әсерін тигізеді. Мәселен, жұмыспен қамтылу деңгейінің артуы, салықтың өсуіне әкеледі, ал бұлардың есебінен жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы тіркеледі. Экономика заңдылығына байланысты өндірістің құлдырау кезінде жұмыссыздар саны артады, ал ол жиынтық сұранысгы төмендетеді. Бірақта мұнымсн бірге жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы төлемінің сомасы да артады. Мұндай прогресс тұтынуды қолдайды, сұраныстың гөмендеуін баяулатады және дағдарыстың артуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай автоматты режимде әлеуметтік төлемдер. табысты индекстеу жүйелері де қолданылады.
Жоғарыда айтылған кейнсиандық теорияның көзқарасын қорыта келе фискалдық саясаттың мәніне былайынан сипаттама беруге болады: «Фискалдық дамудың мәні экономиканың тұрақты дамуын, жұмыспен қамтуды арттыруды және инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында жиынтық сұранысты салықтармен, трансферттермен және үкіметтің сатып алуын айла-шарғылап басқаруынан тұрады».
Сурет 1 – Салық салу тұжырымдамасы.
Фискалдық саясат шығарылатын өнім көлемі мен табыстың деңгейіне әсер етеді және экономиканы тұрақтандыру үшін де қолданылады. Бірақ та американдық экономистердің көзқарастары бойынша фискалдық саясат ЖІӨ деңгейін толық тұрақтандыра алмайды, себебі салық ставкаларына немесе шығын деңгейіне қандай өзгерістер енгізу қажеттілігінің айқынсыздығында және бұл өзгерістердің бәрі ЖІӨ-не әсерін, тек арада белгілі бір уақыт өткеннен соң ғана көрсетеді.
Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын қаржыландыру әдістерінің және қазынаны толтырудың негізгі көздерін анықтайды.
Ары қарай фискалдық саясаттың экономиканы рсттеуін тікелей және жанама қаржылық тәсілдерге бөліп қарастырдым. Тікелей тәсілдерге ол бюджеттік реттеу әдістерін, атап айтқанда: ұдайы өндірісті арттыру шығындарын, мемлекеттің өндіргіш емес шығындарын, инфрақұрылымның дамуын, құрылымлық саясатты жүргізуін және тағы да басқаларын жатқызады. Жанама тәсілдер мемлекеттің тұтыну сұранысының мөлшеріне, көрсетілетін қызметтер мен тауар өндірушілердің қаржылық мүмкіншіліктеріне көмектесуіне бағытталған. Фискалдық саясат мәнінің осылайша талқылануы мемлекеттің экономикалық қаржылық және фискалдық саясатын ұқсастыру мәніне алып келеді.
Фискалдық саясаттың мәніне деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе, Фискалдық саясат — мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының жиынтығы деп түсінуге болады.
ІІ Қазақстан Республикасының бюджет салық саясаты
2.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым - өатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық - әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарғы және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымын анықталды.
Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық(біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідейц, әлеуметтік – экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылысының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.Қазақстан Республикасының жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілген, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез – келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясаты ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлкеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.Жергілікті бюджет (әкімшілік – аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікте мемлекеттік саясаты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады. Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетті болып табылады.Тиісті қаржы жылына республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерін бекітіледі.Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бектіледі.Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше Қазақстан немес соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.