Фискалдық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание работы

Фискалдық саясат экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және мемлекет міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін қаржы төңірегінде жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы болғандыктан қаржы жүйесін нығайту, яғни бюджетті қажеттілікке байланысты толықтыру және бюджетке келіп түскен түсімдерді әділетті қайта бөлу - экономикалық өсудің тұрақтылығына қажетті жағдайлар жасау қажет. Нарықтық экономикада бюджеттің кірісі салык жүйесінің құрылымына тікелей байланысты. Жалпы алғанда, салық жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, капитал және басқа да құндық көрсеткіштердің негізінен тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтың рөлін анықтау қажет.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
І Фискалдық саясаттың мәні мен рөлі.
1.1 Фискалдық саясат түсінігі, экономикалық мәні...................................5
1.2 Фискалдық саясаттың кейнстік және монетарлық көзқарастары.......7
1.3 Экономикалық өсу процесіндегі фискалдық-салықтық
қатынастардың теориялық - әдістемелік аспектілері........................9

ІІ Қазақстан Республикасының бюджет салық саясаты
2.1. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы........................................12
2.2 Салық жүйесін талдау.........................................................................18
2.3 ҚР фискалды механизмді жүргізудің жолдары.................................22

ІІІ Салық салу механизмін жетілдіру.......................................................29

Қорытынды..................................................................................................32

Қолданылған әдебиет................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Курсовая КР фискалдыk саясат1.doc

— 489.50 Кб (Скачать)

Бюджеттің бірлігі қағидатыбюджет жүйесін ұйымдық – экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО – ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік ауылымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілумен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірің,ай  қаржы  саясатын қамтамасыз етуге  бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді  мемлекетінің жалпы экономикалықжәне саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс – қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай – ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

Бюджеттердің бірлігі  біріңғай бюджет заңнамасын қолданумен, срның ішінде Үкімет бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса біріңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске асырылады.Алайда бюджеттернің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі  қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді  және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.

Бюджеттің толықтығы (толымдығы)бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасын салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және толық көрсетілумен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік  билік пен  басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың обьективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай -+ ақ бюджет шығыстарының көлемі  мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.

Реалистік қағидаты –параметрлердің  экономиканың ағымдағы жай –күйінің көрсеткіштеріне, сондай – ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлерін  және әлеуметтік – экономикалық  дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің  реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес  оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының  индикативтік  жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай – ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне  байланысты  қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиімті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.

Транспаренттілік қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы  нормативтік құқықтық актіледі, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына  қатысты басқа ақпаратты  міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.

Дәйектілік қағидаты дегеніміз мемлекеттік басқару  органдарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.

Тиімділік пен нәтижелік  қағидаты –бұл бюджеттік бағдарламалардың паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.

Басымдық қағидаты –бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.

Жауапкершілік қағидаты –бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.

          Бюджеттердің жариялылығы қағидаты  бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы  есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.

Бюджет жүйесі  реттеуші  кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта  бөлу арқылы жүзеге асырылатын  барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс – қимылына негізделген.

Кірістер мен шығыстардың  егжей – тегжейлі тізбесі  мен  топтамасы бюджеттік сыныптама  сыныптау обьектілеріне топтастыру кодтарын  бере  отырып функциялық, ведомствалық және экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет шығыстарының функциялық  және экономикалық сыныптамаларына тұрады. Біріңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын  қаматамасыз етеді.Бюджет түсімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына  негізделген барлық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері  сыныптамасының топтамасы  санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік  бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.

Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы барлық  деңгейлер бюджетінің шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларының орындалуын, республикада  мемлекеттік саясаттың  жүзеге асырылуын қамтып көрсететін функциялық және ведомствалық белгілер бойынша бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын анықтайды.

Бюджет шығыстарын функциялық сыныптауда  топтастыру мынадай деңгейлерден тұрады: функциялық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар.Функциялық топ – салалық белгілері мен фуекциялық бағыты бойынша бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ – функциялық топ ішінде бюджет қаражаттарын жұмсаудың бағыттарын нақтылайды.

Бюджет шығыстарының  сыныптамасының негізінде  бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерін, функциялық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды ( ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомствалық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі  бюджеттің шығыстары бюджеттік бағдарлама деп аталады.  Оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау  орындау кезінде қол жеткізу тиіс белгілі бір түпкілікті  нәтиже болып табылады.       

Экономикалық нәтижелерге  қарай бюджеттік бағдарламалар  былайша ажыратылады:

  1. ағымдағы  бюджеттік бағдарламалар,олар тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттік бағдарламаларына  жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді  көздейтін заңнамалық актілерге сәйкес  мемлекеттік  басқарудың функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады;
  2. Белгілі бір функциялар  атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бекітілетін республикалық және жергілікті  бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
  3. Бюджетаралық реттеу-  теңгермелік  теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады.
  4. Бюджеттік алынымдар– заңнамалық актілермен актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерін бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферті.

Субвенциялар – төменгі  бюджеттердің  жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және  және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде алатын ресми трансферттері.Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді.Бекітіліп берілген кірістер - бұл түгелдей  немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.Реттеуші кірістер –жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке  нығайту үшін бағытталатын қаражаттар.Бекітіп берілген және реттеуші кірістердің тізбесі бюджет заңнамасында  белгіленеді.Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің  көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесі сатыластығы жағынан баланстандырылған  деп есептеледі. Деңгелес теңгерімділік – биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары  мен аумақтарының бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.

Сатылас теңгерімділікке жету – теңгерімділіктің І – кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке жету – теңгестірудің ІІ – кезеңі, ол Қазақстанда бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.

 

2.2 Салық жүйесін  талдау

 

Бүгінгі күн Қазақстан республикасының салық жүйесін нығайту және реформалау кезеңі болып табылады. Тікелей салықтарды төлеу барысында мемлекет пен салық төлеушілер тікелей байланысқа түсетіндіктен және жергілікті бюджеттің негізін осы салықтар құратындықтан, салық жүйесіндегі осылардың алатын рөлі зор. Тікелей салықтардың құрамына: әлеуметтік салықтар. жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтар және т.б. жатады.

Қазақстандағы барлық әрекет ететін салықтардың ішіндегі «ең жасы» болып - әлеуметтік салық есептеледі. Біздің елімізде бұл салық 1999 жылдан бастап, соған дейінгі әрекет еткен сақтандыру жарналарының мынадай әлеуметтік, яғни зейнетақьның, мемлекеттің әлеуметтік сақтандырудың, міндетті медициналық сақтандырудың, халықты жұмыспен қамту қорларының орнына қабылданған.


 


 



 







        

          1. материалдық өндіріспен айналысатын халықтың табысы;

  2. қоғамдық сектордағы халықтың салығы;

  3. кәсіпорынның табыс салығы;

  4. қоғамдық қор шығыны:

  5. кәсіпорын мен инвестицияны бюджеттен қаржыландыру;

  6. ерекше салықтар.

Сурет 2 - Мемлекеттің фискалдық саясаты

 

Еліміздің салық жүйесінде орын алып отырған әлеуметтік салык, компания иелерінің өз қызметтерінің жалакы мөлшерін көбейтуін ынталандырудың орнына, керісінше бұл салықтан қалай құтылуды ойластыруда. Қазіргі танда кәсіпорындарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жалакысына екі түрлі: табыс салығы және әлеуметтік салық салынады. Мәселенің жайын жалақыны төлейтін занды тұлғалар жағынан қарайтын болсақ, онда жалақыны үйлестіру барысында, кәсіпорындардың қосымша қаржыға шығындалуын байқаймыз. Жалақы қоры неғұрлым көбейген сайын, кәсіпорындар әлеуметтік салықты соғұрлым көп төлейді. Бұл кәсіпорындар иелері жұмысшылардың еңбек акысын көтеруге мүдделі еместігін көрсетеді. Кәсіпорындар жалақы мөлшерін көбейткен күннің өзінде, әртүрлі жолдармен нақты жалақы мөлшерін азайтуға тырысада. Сондықтан да, еліміздің салық жүйесінің алдында, азаматтардың орташа жалақы мөлшерін көтеру және ол үшін кәсіпорындарды ынталандыру жолдары қарастырылуда.

Қазақстанның жалакы алушы азаматтары әлеуметтік салықтың ауыртпалығынан құтылғанымен, жалақы төлеуші компанияларға үлкен ауыртпалық жүктеліп отыр.Себебі жылдық жалпы жалақы қоры орташа есеппен алғанда компаниялар пайдасының 40-70% құрайды, ал бұған дейін әлеуметтік салық ставкасы 26%-ды кұраған болса, кәсіпорындар өз пайдасының 18%-на дейінгі мөлшерін мемлекетке әлеуметтік салық түрінде төлеуге мәжбүр болған.

Осыған байланысты Елбасы өзінің халыққа үндеуінде, Тәуелсіздіктің бастауында ұзак мерзімдік стратегия мен он жылдық жоспардың ойдағыдай жүзегсе асырылып жатқанын хабарлай келіп, келесі, 2004 жылғы жоғары билік органдары жүргізетін іргелі саясат пен халық тұрмысын жақсартудың мәдениет, білім және жалпы руханият салаларын дәйекті түрде дамытудың негізгі бағыттарын саралап, баяндап берді.

Солардың ішіндегі ең өзекті мәселе ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жедел қарқынмен еселеп арттыру мақсатындағы әлеуметтік салық пен жеке тұлғалардың табыс салықтарының ставкасы жалакы деңгейіне байланысты сараланған кемімелі ставканы 2004 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, әлеуметтік салық 20-7%-ға, жеке табыс салығы 20-5%-ға дейін төмендетуді және жалакының ен төменгі мөлшерін (6600 теңге) жеке табыс салығынан мүлдем босату мәселелері өңделуде.

Міне, осы мәселелерді қорыта келе автор әлеуметтік салықты төлеуші компанияларға жүктелген ауыртпалықты жеңілдету үшін, салық ставкасын төмендетудің өз көзқарасын ұсынады. Әлеуметтік салық базасы жалақы қоры болғандықтан, осы салық салынатын жалақы қорының мөлшерін азайту керек, яғни әлеуметтік салық салынатын жоғарғы жалақы қорын анықтап, тек сол мөлшерге дейінгі жалакыға әлеуметтік салық салынуы қажет, ал бұл мөлшерден төмен жалақыға компапиялар жеңілдетілген немесе мүлдем әлеуметтік салық төлеуден босатылуы кажет.

Қазіргі әрекет етіп отырған тәртіп бойынша. жұмысты ұсынушылар    21%    мөлшерінде әлеуметтік салық, сондай-ақ әрбір жұмысшы 30% жеке табыс салығын және Зейнетакы корына 10% аударып отыруы қажет. Демек, ай сайынғы салық ставкасының максималды жиынтығы 61% құраса, сонда қазынаға қанша ақша келіп түсуі қажет екенін есептейік. Статагенттің мәліметтері бойынша республикада - 6,7 млн. адам жұмысқа қабілетті екен. Ал 2012 жылғы орташа еңбек ақы мөлшері шамамен - 37678 теңге құрайды. Еңбек ақы қоры - 142992 млн. теңгеге тең. Сонда ай сайын жұмысты ұсынушы мен жұмысшы 6373582 млн. теңге салық төлеп отырады екен.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, компаниялардың басым көпшілігі әлеуметтік салықтан құтылу мақсатында, салық Комитетіне нақты жалақы қорының мөлшерін толық  көрсетпеуде.

Еңбек ақы төлеу қорын заңдастыру туралы сұрағын тиімді шешу үшін автор мынадай шараларды ұсынады. Жүмысты ұсынушылардың психологиясын және аталмыш салықтардан басқа олардың басқа да салықтар төлейтінін ескере отырып, әлеуметтік салықтың минималды ставкасын 17% - 5% дейін төмендету қажет.

Қазіргі таңда біржақты және өтемсіз тәртіптегі қаржы ресурстарын қайта бөлетін, бюджеттік қаржыландыруды тиімді пайдалану - басты мәселелердің бірі болып табылады.

Информация о работе Фискалдық саясат