Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:28, курсовая работа
Фискалдық саясат экономикалық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі және мемлекет міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін қаржы төңірегінде жүргізетін мақсатты бағытталған шаралар жинағы болғандыктан қаржы жүйесін нығайту, яғни бюджетті қажеттілікке байланысты толықтыру және бюджетке келіп түскен түсімдерді әділетті қайта бөлу - экономикалық өсудің тұрақтылығына қажетті жағдайлар жасау қажет. Нарықтық экономикада бюджеттің кірісі салык жүйесінің құрылымына тікелей байланысты. Жалпы алғанда, салық жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, капитал және басқа да құндық көрсеткіштердің негізінен тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтың рөлін анықтау қажет.
Кіріспе............................................................................................................3
І Фискалдық саясаттың мәні мен рөлі.
1.1 Фискалдық саясат түсінігі, экономикалық мәні...................................5
1.2 Фискалдық саясаттың кейнстік және монетарлық көзқарастары.......7
1.3 Экономикалық өсу процесіндегі фискалдық-салықтық
қатынастардың теориялық - әдістемелік аспектілері........................9
ІІ Қазақстан Республикасының бюджет салық саясаты
2.1. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы........................................12
2.2 Салық жүйесін талдау.........................................................................18
2.3 ҚР фискалды механизмді жүргізудің жолдары.................................22
ІІІ Салық салу механизмін жетілдіру.......................................................29
Қорытынды..................................................................................................32
Қолданылған әдебиет................................................................................34
Егерде әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, кез-келген елдің даму дәрежесі әлеуметтік аяғы қаржыландыру дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның өзінде, дамыған батыс елдерінің көбінде инвестицияны әлеуметтік аяға. соның ішінде адамзат капиталына салу, үлттық байлықтың материалды-заттай элементтеріне салынатын капитал салымына қарағанла әлдеқайда жылдам артуда. Сондыктан да бағытты, әлеуметтік жағдайға қарай бұрған кезде, қайта бағытталудың мақсаты мен соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудін негізгі көзі мен экономиканың ең негізгі факторы - адамзат капиталының өсуі ескеріледі.
Әлеуметтік саладағы қаржы механизмінің әрекет етуінің өз ерекшелігі бар. Әлеуметтік сала көп жағдайларда рыноктық емес болып табылғандыктан, мемлекеттің реттеуші рөлі экономиканың баска салаларына қарағанда, әлдекайда айкын көрінеді. Соңғы жылдары әлеуметтік мәселелерді шешу, жергілікті бюджеттің рөлін арттыра түсуде. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру үшін, жергілікті бюджет қорының жетіспеушілігі салдарынан трансферттер, мақсатты субвенциялар, дотациялар, мақсатты бағдарламалар, бюджеттік несиелер сияқты реттеуші механизмдерді пайдалануды мәжбүр етті.
Ал Қазақстанның әлеуметтік саланы қаржы механизмінің ерекшелігіне тоқталатын болсақ, 1999 жылға дейін негізгі қаржыландыру көзі болып бюджеттен тыс қорлар, яғни зейнетакы, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту, міндетті медициналық сақтандыру сияқты қорлары есептелді. Ал бүгінгі таңда мұның бәрі әлеуметтік салықпен ауыстырылған және қаржыландырудың негізгі көзі болып мемлекеттік және жергілікті бюджет көзге түседі (кесте 3).
Кесте 3 - Қарағанды облыстық бюджетінің әлеуметтік саланы қаржыландыру шығыны
2009 |
2010 |
2011 |
2012 | |||||
Орын- далды |
Үлес салмағы % |
Орын- далды |
Үлес салмағы % |
Орын- далды |
Үлес салмағы % |
Орын- далды |
Үлес салмағы % | |
Білім беру |
5364032 |
31,2 |
6004422 |
23,7 |
6681874 |
20,7 |
7269753,5 |
18,5 |
Денсаулық сақтау |
3121800 |
18,2 |
4105711 |
16,2 |
4165574 |
12,9 |
4047483,9 |
10,3 |
Мәдениет |
624419 |
3,6 |
1148768 |
4,5 |
2870367 |
8,9 |
2672124,6 |
6,8 |
Әлеуметтік қамт.ету |
1457789 |
8,8 |
2146195 |
8,4 |
1140225 |
3,5 |
1218174,,2 |
3,1 |
Әлеум.саланың шығыны |
10568040 |
61,8 |
13405091 |
52,8 |
14858040 |
45,1 |
15207535 |
38,7 |
Осы әлеуметтік аяны бюджетпен қаржыландыру кажеттілігі, қоғамдык тауар ретіндегі әлеуметтік қызметтердің қасиеттеріне және олардың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне тікелей байланысты. Қазіргі уақытта бюджеттік қаржыландыруды шектеу, әлеуметтік аядағы мекемелердің атқаратын нарықтық қызметін кеңейтудің тұрақты үрдісін қалыптастырды.
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, 2009-2012 жылдары жергілікті бюджеттегі әлеуметтік саланы қаржыландыру шығынының үлесі кемігенін байқаймыз. Әлеуметтік шығындардың ішіндегі ең ірі бабы болып білім, денсаулық сақтау және мәдениет екенін 3-суреттен көре аласыздар.
2.3 ҚР фискалды механизмді жүргізудің жолдары
XX ғасыр дәлелден отырған, кез-келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыты
болып әлеуметтік саясат табылады. Әлеуметтік
саясаттың негізгі міңдеті болып қоғам
өмірінде белгілі-бір теңдік деңгейіне
мынадай шаралар арқылы қол жеткізуі
саналады:
Салық түсімд. Әлеум.салық Әлеум.аяны қарж
Сурет 3 - Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік салық түсімі мен оны қайта бөлу серпіні.
· аштықтан, науқастан, табиғи және техногендік зардаптардан, демографиялык «жарылыстардан» және т.б. апаттарды болдырмауы үшін мсмлекетпен берілетін кепілдеме;
· белгілі-бір халық деңгейін қамтамасыз етуге және оның сапасының әлеуметтік қайшылыктарын төмендетуіне қарай бағыттайтын жағдайларды ұйымдастыру және материалдық қорды қайта бөлу;
· халықтың өмірлік деңгейін салықтар, қорлар қайырымдылық пен кәсіпкерлік инициативаны колдау және т.б. шаралары арқылы реттеу.
Әлеуметтік саясатты өңдеу кезінде мемлекет алдында әлеуметтік басымдылық туралы сұрақ туындайды, яғни бірінші кезекте жылдамдатып шешуді талап ететін негізгі әлеуметтік міндеттемелер тұрады. Сондықтан да саяси қызметтің айқындалған формасы болып әлеуметтік саясат есептелгендіктен, ол мынадай қосалқы жүйеден: табыс саясатынан, оның ішіндегі еңбек ақы төлеу: жұмысқа қабілеті жоқ азаматтарды әлеуметтік қорғау саясатынан; жұмыспен камту саясатынан: әлеуметтік саядағы саясат, оның ішінде салық саясатынан тұрады.
Мемлекет тиімді салық саясатынсыз өмір сүре алмайды. Ал Қазақстан Республикасында тиімді салық саясатын дамыту казіргі мемлекетіміздің негізгі мәселелерінің бірі және ол өте күрделі міндеттемелерді оң шешуді талап етеді. Мемлекет өз бюджетін қалайда болса анағүрлым максималды толтыруға тырысады. Мемлекеттік бюджет, қаржы облысындағы негізгі жоспар және ақша ресурсын шоғырландырудың негізгі қоры болғандыктан, саяси үкіметке билік өктемдіктерін нақты жүзеге асыруы үшін, ал мемлекетке — нақты саяси және экономикалық билік жүргізуіне мүмкіндік береді.
Мемлекеттің экономиканы реттеуге, салық саясатын жүргізуте қатысуы салық ставкасы, салық жеңілдігі, салық базасы және осы сияқты салық құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Мемлекеттің жүзеге асырып отырған салық саясатының нәтижесінен, мемлекеттің өзінің экономикалық саясатына қандай өзгсрістер енгізу қажеттілігі аныкталады.
Салык санының көптігі мен олардың ставкаларының шектен тыс жоғарылығы тек мемлекет бюджетіне ақша ресурсының түсу көлемін қысқартып қана қоймай, сондай-ақ еңбекке ынталану және кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді. Сондықтан да қоғамда мемлекет пен азаматтардың көзқарасын біріктіретін салық саясатын жүргізу қажет. Салық саясатымен халыктың саяси, экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктері ескеріледі, өйткені салық мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады және Қазақстан Республикасының салық Кодексінде көрсетілгендей әрбір республика азаматы мемлекеттік бюджетке төлейтін міндетті төлемдері туралы міндетін ұмытпауы қажет.
Ал салық саясатының тиімділігі біздің еліміздің ерекшелігі мен жағдайларына сәйкес тұрғызылған салық жүйесінің үлгісі қолданумен анықталады. Қазақстанда салық салу объектісі болып табыс пен шығыс есептелетін үлгісі қолданылады.
Осыған байланысты мемлекет өзіне тиісті бірқатар: саяси, экономикалық және әлеуметтік функииялар аткарады. Осы функниялардың ішіндегі негізгісі болып - халықты әлеуметтік қорғау есептеледі.
Халықты әлеуметтік саясаты тұрмыс деңгейі нашар және жұмысқа қабілетсіз азаматтарға көмек көрсетуді қамтамасыз ету, қолдау және жақсарту бойынша саяси, әлеуметтік және экономикалық шаралардың жүйесінен тұрады. Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі ауыртпалығы мемлекетке түседі. Кез-келген мемлекетте әлеуметтік корғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік институттары бар. Осыған мемлекет, кәсіби одақтар жатады. Әлеуметтік қорғау фуикциясын орындауда басты рөлді қайырымдылық ұйымдар, қорлар, сақтандыру компаниялары атқарады.
Сайып келгенде мемлекет, халыққа медициналық қызмет көрсетуді, жұмыссыз, мүгедек, қартайған және т.б. жағдайларда әлеуметтік қамтамасыз етуге құқық беруді ескеретін кепілдеме беруі қажет. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен қорғау зейнетақы, жәрдемақы, сондай-ақ жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету түрінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Рсспубликасының халықты әлеуметтік қорғау жүесінің негізгі элементі болып әлеуметтік сақтандыру, оның құрамына зейнетакымен қамтамасыз ету де жатады. Дамыған Батыс елдерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру пайда мен еңбек ақы төлеуден бірдей мөлшерде ұстап қалу арқылы жүзеге асырылады. Мәселен Жапонияда, әлеуметтік сақтандыруға жүмысшының орташа жалақысынан 7% ұсталатын болса, ал АКШ-та - 7,5%. ІІІвецияда әлеуметтік қордың калыптасуы толығымен мемлекеттің есебінен жүзеге асырылады. Біздің Қазақстанда зейнетақы қорына, жұмысшының еңбек ақысынан 10% ұсталады.
Мемлекеттің бюджет жүйесінің әлеуметтік шаралары әлеуметтік бағларламаларды қаржыландыру көлемі мен салық алымдарының үлесімен анықталады. Салық алымдары салық салудың нақты жоғарғы шегімен шектеледі, себебі ол өндіріске тікелей әсер етеді. Мемлекет шығынын мемлекеттік бюджет кірісінің деңгейіне сәйкестендіру қажет.
Әлеуметтік аяны экономикалық зерттеу әлеуметтік инфрақұрылым салалары мен табыс аясымен шектеледі. яғни адами капиталдың ұдайы өндірісін арттыру мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға ыңғайлы жағдайлар туғызатын экономикалық қатынастар. Әлеуметтік саланы қаржыландырудың негізгі көзі болып қоғамдық тауар ретінде көрсетілетін әлеуметтік қызмет пен олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлімен сипаталатын бюджет қоры есептеледі.
Нарықтық экономикадағы фискалдық саясатты жетілдіру үшін келесі шаралары қолға алынуы қажет:
- халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында жалақы қорымен тікелей байланыстағы әлеуметтік салықтың ставкасын жалақы мөлшерін сараптау арқылы кемімелі шкаламен өндіріп алу қажет.
Фискалдық саясатты жүзеге асырудың бірнеше әдістемелік үлгілері бар. Мұндай үлгілер Жоламан Р.К., Кучукова Н., және т.б. қарастырылған болатын. Ал біздің көзқарасымыз бойынша ұсынып отырған үлгілер келесідей (сурет 4). Бірінші үлгі бойынша жергілікті және республикалық деңгейде салық кұқығын толығымен жіктеу. яғни әрбір денгейдегі үкімет өзіндік салық тізімін бекітеді. Мұндай үлгі әсіресе АҚШ-та кеңінен колданылады. Бұл ел - мемлекет пеи оның өңірлері арасындағы фискалдық қатынастардың тұрақтылығы жағынан, осыған байланысты ешқандай заңдылық шоттардың жоқтығына қарамастан, алдыңғы елдердің бірі. Осыдан 200 жылдан астам бұрын кабылданған АҚШ-тың Конститутциясы федерация ішінде бюджеттік қатынастар реттелмейді. Мұндағы штаттар да конститутция аясынан шықпайды, яғни олар өздерінің қажеттілігіне байланысты, кез-келген салықты, кез-келген ставкасы бойынша енгізуге құқы бар. Штаттардың салық құқын шектеудің негізгісі болып - штаттар арасында еркін бәсекеге кедергісін тигізетін (қосылган кұн салығы мен айналым салығы) жанама салықтарды бекітуге тыйым салынуы есептеледі.
АҚШ-та федералды салықтардың ішіндегі салмақтысы болып, жеке тұлғалардың табыс салығы, федералдық бюджет кірісінің 45%-ға дейінгісін құрайды. Екінші орында әлеуметтік қорғау салығы (36-37%), үшіншіде - корпорациялық пайда салығы (11%) есептеледі.Былайша айтқанда АҚШ-тың федералдық салықтарын тікелей салықтар құрайды.
Ал штаттар мен жергілікті органдардың табысы негізінен жанама салықтар мен мүлік салығынан тұрады. Штат бюджетінің кірісіндегі бірінші орынды сату салығы, оның жалпы түсімдегі алатын үлесі 40%-дан астам; екінші орынды тұрғындардың табыс салығы, үлесі 30%-дан астам; бюджет кірісінің және бір көзі болып корпорациялық пайда салығы. оның үлесі штаттың жалпы салық түсімдерінің 7%-ын құрайды. Бұдан басқа штаттарда бөлшек сату салығы, темекі, шарап, бензин және т.б. өнімдерге акциздер, көлік кұралдарының иелеріне салық, мұраға қалдыру мен сыйға тарту салықтары бар.
Сурет 4 – нарық жағдайында фискалдық саясатты жүзеге асыру механизмі.
Осы үлгілерді республикалық деңгейде салықтардың жабық тізімін кұру кезінде де қолдануға болады. Мұндай жағдайда төменгі деңгейдегілер тек республикалық тізімдегі салықтарды бекіте алады.
Екінші үлгі Казақстанда әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу мақсатында, жұмысшылардың табысына салынатын салықтардың ставкасы мен оларды қайта бөлу проблемасымен байланысты. Бұл үлгіні екі бағытқа бөліп қарастыруға болады, Біріншіден, шет елдің тәжірибесін мұкият зерттей келе, Қазақстан басқа елдердің жасаған қателіктерін қайталамауы үшін, жұмысшылардың күнкөріс минимумынан жоғары табыс алмайтын көздерін тікелей салықтың барлық формаларынан (табысқа салынатын және әлеуметтік салық, баска да ұсталымдардан) босату қажет. Минималды көлемде табыс алатын жұмысшылар, мемлекет шығынын қаржыландыруға және өзінің зейнеткерлік ресурсын жинақтауға қатыса алмайды және қатыспауы да керек. Мұндай тұжырымдамадан ақшаны өндіріп алу мағынасыз да, себебі олар бәрі-бір сол мемлекеттің есебінен жәрдем ақымен қамтамасыз етілетіндер жүйесіне енеді. Мұндай практика қосымша есептеулер мен қаржылық жұмыстардан басқа қоғамға ешқандай пайда әкелмейді.
Екіншіден біздің еліміздегі салық жүйесінің негізгі қызметін фискалдықтан, ынталандырушы қызметіне қайта бағыттау қажст, яғни қоғамда орта тап санының (орта тап өкілдеріне мың доллар және одан да жоғары жалақы алатын азаматтарды жатқызуға болады) ресми арттыру үшін жалақыға салынатын салықтардың (әлеуметтік салық және жеке тұлғалардың табыс салығы) ставкасын төмендету. Бүгінгі күнде көптеген компанияларда өз кызметтерінің жоғары жалақыларының сомасын жасыру үшін қос бухгалтерия жүргізуде. Біздің ойымызша, осыған дейін жұмысшылардың жалакысына бірыңғай ставкамен салынып келе жатқан әлеуметтік салық пен әрбір жеке тұлғаның табысына салынатын табыс салығын жалакы деңгейіне байланысты төмендету арқылы халықка жоғары жалақыны ресми түрде алуына болады. Автор қарастырып отырған бұл ұсыныстар орта және жоғарғы мөлшердегі жалақының салық жүктемесін төмендетуге бағытталған.