Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 16:43, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің дайындығы үстінде екені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен қиыншылығы неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс па? деген сұрақтарғажауап табу болды, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысындағы мәселерді қарастыру болды.
Кіріспе..................................................................................................................2
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы, негізігі ережелері, қызметтері және құрылымы
1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы....................................................4
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары.................4
1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері...................................5
2. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар
2.1. Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы...........................11
2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымы кірудегі іс – шаралар, жобалар..........................11
2.3. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі( SWOT-анализ).........................12
3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
3.1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы.............................13
3.2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі қиыншылықтары........................................................................................................16
3.3. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары......................................................................................................................18
Қорытынды.................................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................
Жалпы, ДСҰ – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады.Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансында көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса, активті сауда балансы дейміз. Керісінше болғанда пассивті сауда балансын құрайды.
Қазақстанның сыртқы сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері, қара және түсті металлургия өнімдеріне бағаны төмендету әсер етті. 1998 жылы алдыңғы жылдық көрсеткішпен салыстырғанда экспорт 16 % төмендеді. Бірақ импорттық түсім онше өзгеріске ұшыраған жоқ.
Қазақстанның ДСҰ-ғы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы керек.
Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде
қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық
қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқуды
жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып
отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысымның бұл бөлімінде «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымы құрамына кіру мәселелері » атты тақырыпқа қорытынды жасаймын.
Ең алғашқы бөлім Кіріспе, мен онда жұмысымның өзектілігін және мақсатын ашып көрсеттім. Ал келесі, яғни негізгі бөлімде жұмысымның өзекті тақырыптарын қарастырдым. Негізгі бөлім үш тараудан түрғандықтан бірінші тарауда қарастырғаным алдымен:
Екінші тарауда Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысында жасалынып жатқан іс – шаралар мен бағдарламаларды қарастырдым.
Ал үшінші тарауда Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мәселелерін және кіру барысында болатын қиыншылықтарды қарастырдым және әдебиеттерге сүйене отырып оларға шешімдер ұсындым.
Қорыта келгенде, сарапшы мамандардың пікірінше, ДСҰ-на мүше болып кірудің Қазақстан үшін артықшылықтары көп. Біріншіден,біз осы уақытқа дейін де халықаралық рынокқа мұнай мен металл, астық экспорттан келе жатқан елміз. Еліміздің негізгі табыс көздері осы өнімдер арқылы құралады. Демек, ДСҰ-ның мүшесі болғанымыз оларды өткізу жайын жеңілдетіп, табыс көлемі қазіргіден арта түсетіні анық, екіншіден, Қазақстан минералдық шикізат қорларына өте бай екені мәлім. Егер тиімді де орынды пайдалана білсек, жер астында жатқан бұл байлық ондаған жылдардың ішінде Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің біріне айналдырып, халықтың тұрмысымен қатар білім мен мәдениетінің жедел дамуына жол ашылады. Үшіншіден, Қазақстан секілді шағын ел үшін өзінің минералдық байлықтарын тиімді пайдаланудың ең дұрыс жолдарының бірі, оны мүмкіндігінше жеделдетіп, интеллектуалдық игілікке айналдыру, яғни адамдардың сапалық тұрғыдан өсуіне қызмет еткізу, индустриалдық инновациялық, аграрлық, азық - түлік, ауылдық аймақтарды дамыту секілді маңызды мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап және осы іске сүйреуші болатын даму қорларын құру. Ендігі кезекте өнім беруге көңіл бөліп, оны әлемдік стандарттарға сәйкестендіруді қолға алғандығына қарап, ел басшылығының осындай биік мақсатты көздеп отырғанын түсінуге болады.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында адам ресурстарын дамытуға нақты бағыт ұстану қажеттігін қадап айтты. Адамның денсаулығы мен білімін жетілдіруге еңбек саласындағы бәсекелестік қабілетін арттыруға баса назар аударды.Мұндай үлкен мәселені шешу үшін елімізге көп қаржы керек. Ал ондай қаржыны біз өзіміздің ішкі қажеттілігімізді, яғни артық өнімдерімізді, әсірісе қазба байлықтарымызды сыртқы нарықтарға кедергісіз саудалай алғанда ғана табамыз. Яғни, біз қазір үлкен белестерге шығатын жолдың басындамыз, осы ДСҰ-ның әлі-ақ белді де беделді мүшесі боламыз, осы ұйымға кіретініміздің өзі киелі болашақ кепілі!
Осы сенімдер мені болашақта Қазақстанда
әркімнің ар-намысы,абыройы мен беделі
қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық
негіздер мен рухани қүндылықтар ірге
тепкен қоғамның орнайтындығына сендіреді.Осы
қоғамда өмір сүріп, еңбек ету бақыты біздің
ұрпақтың үлесіне тиетіндігіне мақтанамын!
Білімді, сауатты адамдар - бұл XXI ғасырда
адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші.
Жаңа міндеттерді іске асыру осы заманғыша
ойлайтындардың ғана қолынан келеді. Бүгінгі
күн — талапты, жігерлі, өзіне сенетін
адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге
асыруға ерік — жігері бар адамдардың
уақыты. Олай болса бұл біздің -қазіргі
заманның жастарының уақыты, міндеті,
борышы деп ұғамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі