Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 16:43, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің дайындығы үстінде екені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен қиыншылығы неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс па? деген сұрақтарғажауап табу болды, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысындағы мәселерді қарастыру болды.
Кіріспе..................................................................................................................2
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы, негізігі ережелері, қызметтері және құрылымы
1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы....................................................4
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары.................4
1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері...................................5
2. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар
2.1. Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы...........................11
2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымы кірудегі іс – шаралар, жобалар..........................11
2.3. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі( SWOT-анализ).........................12
3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
3.1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы.............................13
3.2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі қиыншылықтары........................................................................................................16
3.3. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары......................................................................................................................18
Қорытынды.................................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................
[Выберите дату]
[Введите название организации]
[Введите имя автора]
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы, негізігі ережелері, қызметтері және құрылымы
1.1. Дүниежүзілік
сауда ұйымының пайда болуы.........................
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары.................4
1.3. Дүниежүзілік
сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері....................
2. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар
2.1. Қазақстан
Республикасы және Дүниежүзілік сауда
ұйымы.........................
2.2. Дүниежүзілік
сауда ұйымы кірудегі іс – шаралар, жобалар.......................
2.3. Қазақстан
Республикасының ДСҰ-ға кіруі( SWOT-анализ)..................
3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
3.1. Қазақстан
Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы.......................
3.2. Қазақстан
Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына
кірудегі қиыншылықтары.................
3.3. Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды
шешу жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жеткен уақыттан бері экономикасы түрлі жағдайларды бастан өткерді. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білікті басқаруы мен жүргізген күрделі стратегиялық саясаты ұлттық экономиканы шұңқырдан биікке жетелеуде.
Қазақстан бұдан әрі қарй даму үшін және экономикасын байыту үшін дүниежүзілік саудада орын табу керек. Қазақстанның дүниежүзілік саудада өз орнын табуы үшін алдымен ДСҰ-ға кіруі қажет. Бұл ұйымға кіруіміз үшін ДСҰ-ның барлық шарттарын орындауымыз қажет, бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы жолдауында: "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" деп айтып өткен.
"Қазақстан
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге байланысты проблемаларды терең зерттеу және маңызжы амалдар, шаралар қолдануды қажет ететін ел экономикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін күніміздегі экономикалық құбылыс болып отыр. Бүгінгі күні Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру немесе өнеркәсібімізді дамытып ағаннан кейін кіру мәселесі зерттеу жүргізу өзекті мәселе болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің дайындығы үстінде екені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен қиыншылығы неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс па? деген сұрақтарғажауап табу болды, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысындағы мәселерді қарастыру болды.
Мен курстық жүмысты жаза отырып алдыма міндеттер қойдым:
Осы міндеттрді алдыма қоя отырып, курстық жүмысымда жауап беруге тырысам.
Курстық жұмыстың ақпараттық негізі Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет торынан алынған ақпараттар.
Зерттеу
құрылымы - Кіріспеден, негізгі үш бөлімнен.
қорытындыдан тұрады.
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы
1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан Уругвай кезеңінен бастап жұмыс істей бастады. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) жалғасы болып табылады. ГАТТ механизмі саду дамуының қазіргі уақыттағы кезеңі үшін жетілдіріліп, жаңартылған болатын. Оған қоса, ГАТТ жүйесі, халықаралық ұйым бола тұрып шындығында бұл мәртебеге ие болған жоқ, ал Дүниежүзілік Сауда Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің арнайы мекемесінің заңды мәртебесіне ие блды. Алғашқы кезеңде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына 77 мемлекет кірсе, 2008 жылғы қазан айына байланысты соңғы мәлімет бойынша оған 153 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. Ол мүше елдердің санына қарай халықаралық ұйымдардың арасында Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие. Ұйымның соңғы мәліметтер бойынша 169 миллион швейцариялық франк шамамен 90 миллион АҚШ доллары. Бас штабының орналасқан жері Швейцария мемлекеті, Женева қаласы. Ұйымда 500 штатты жұмыскер қызмет етеді. Ол бас директормен басқарылады. [2]
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары
Дүниежүзілік сауда ұйымы халықаралық сауда жүйесінің үйымды-қүқықтық негізін құрайды. Дүниежүзілік сауда ұйымы көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай кезеңі 1993 жылғы 15 желтоқсанында аяқталып, 1994 жылдың сәуір айында қол қойылғаннан кейін 2005 жылдың 1 қантарында қүрылды. Дүниежүзілік сауда ұйымы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) мұрагері болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің үлғайтылған қатарында ғана емес, сондай-ақ, өзі қатысатын іс-әрекетінің кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ тек тауарлар саудасы саласында ғана әрекет етсе; Дүниежүзілік сауда ұйымы тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтиды. Сонымен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік түзету барысында елдер арасында сауда қарым-қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының құқықтық жүйесі Мараккеш келісімі, немесе Дүниежүзілік сауда ұйымын құру жөніндегі келісім және әр қосымшасы халықаралық сауда жекелеген мәселелері бойынша жасалған халықаралық-құқықтық уағдаластықтары бар 4 қосымшасы негізінде анықталған. Дүниежүзілік сауда ұйымы жөніндегі келісімде 29 келісім, оның 17 және олармен байланысты құқықтық құжаттар 1, 2 мен 3 қосымшасы бар (Көп жақты Сауда Келісімдер) осы Келісімнің ажырамас бөлігі бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Қалған келісімдер және олармен байланысты құқықтық құжаттар 4 қосымшаға енгізілген (бұдан әрі «Саны шектеулі қатысушыларымен сауда келісімдер») Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Барлық келісімдер сауда саласында ұлттық заң шығару мен нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану барысында үкімет басшылыққа алатын негізгі келісімді міндеттіліктерді анықтайды. [3]
ГАТТ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы екі басты принципте негізделген, осының нәтижесінде, халықаралық-құқықтық тәжірибеде төрт негізгі элемент қалыптасты. Екі басты принциптер - бұл кемсітуден бас тарту және нарықтық тиімділік, немесе алдын ала болжалынатын, ашық, өзара қауіпсіз нарықтарға қол жеткізу.
Төрт негізгі элемент:
Ұлттың
ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ)
Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелері басқа
мүше елден импортталатын тауарлар мен
қызметтерге көз-қарастары бірдей екенін
көрсетіп отыр, дәлірек айтсақ, Дүниежүзілік
сауда ұйымы мүше елдерінен импортталатын
тауарлар мен қызметтерге қатысты ең қолайлы
жағдай жасалатын қызметтер мен тауарларға
сияқты ережелер қолданылады. Бұл шекарадағы
кемсітуден бас тартудың белгісі. Есепгенде
Дүниежүзілік сауда ұйымы алдына бірқатар
талаптарды, мысалы үшінші елдермен жаңа
кедергілердің орнатылуына жол бермеу,
қоятын аймақтық кедендік одақтар мен
еркін сауда аймақтары.
1.3.
Дүниежүзілік сауда
ұйымы құрылымы мен
қызметтері
Дүниежүзілік сауда ұйымының жоғарғы органы болып ұйымның барлық қатысушыларының өкілдерін біріктіретін Министрлік конференция табылады. Конференцияның сессиялары Уругвай кезеңі келісімдеріне қатысты басты мәселелер бойынша шешімдерді талқылау мен қабылдау мақсатында екі жылдың ішінде кем дегенде бір рет өткізіледі. Бірінші конференция 1996 жылдың желтоқсан айында Сингапурда, ГАТТ/ДСҰ елужылдық қызметінің нә- тижелері талқыланған екінші сессия 1998 жылдың мамыр айында Женева қаласында өткізілген, Соңғы Министрлік конференция 2001 жылдың қараша айында Доха қ. (Катар) өткізілді, оның нэтижесінде көп жақты келіссөздердің жаңа кезеңі басталған болатын. Келесі конференция 2003 жылдың 10-14 қыркүйек аралығында (Канкун қ., Мексика) өткізілетін болады.
Дүниежүзілік сауда ұйымы Министрлік конференциясы Сауда және даму жөніндегі комитетті, төлем балансын қамтамасз ету мақсатында шектеулер жөніндегі комитетті, Бюджет, Қаржылар және әкімшілік жөніндегі комитетті, сондай-ақ Қоршаған орта жөніндегі комитетті бекітеді.
Министрлік конференция Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директорын тағайындайды. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Супачай Панитчпакди мырза. Бас директор Дүниежүзілік сауда ұйымы Хатшылығының бөлімшелерінің қызметкерлерін тағайындайды және олардың міндеттері мен Министрлік конференция бекіткен ережелерге сәйкес қызмет ету шарттарын анықтайды.
Қажет болағанда, сессиялар арасында (жылына 8-10 рет) күнделікті және рәсімдеу мәселелерін шешу мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымы барлық қатысушыларының өкілдерінен тұратын Бас кеңес шақырылады. Оған қоса, Бас кеңес Дауларды шешу жөніндегі органның және сауда саясатын шолу жөніндегі органның қызметін реттейді. Бас директордың басқаруымен Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызметтер саудасы кеңесі және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңес, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелерін жөніндегі басқа органдар жұмыс істеуде. Тауарлар мен қызметтер саудасы жөнінлегі комиттің шеңберінде Келісмідер жөніндегі комитеттер мен келіссөздер жүргізетін топтар құрылған. Кеңестер мен комиттердегі мүшелік Дүниежүзілік сауда ұйымы кез келген мүшесі үшін ашық. Сонымен қатар, плюрилатералдық (көп жақты) келісімдерді жүзеге асыруды бақылау жөніндегі органдар қызмет етуде.