Дүниежүзілік сауда ұйымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің дайындығы үстінде екені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен қиыншылығы неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс па? деген сұрақтарғажауап табу болды, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысындағы мәселерді қарастыру болды.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................2
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы, негізігі ережелері, қызметтері және құрылымы
1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы....................................................4
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары.................4
1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері...................................5
2. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар
2.1. Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы...........................11
2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымы кірудегі іс – шаралар, жобалар..........................11
2.3. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі( SWOT-анализ).........................12
3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
3.1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы.............................13
3.2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі қиыншылықтары........................................................................................................16
3.3. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары......................................................................................................................18
Қорытынды.................................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................

Работа содержит 1 файл

Дүниежүзілік сауда ұйымы ооо.doc

— 194.00 Кб (Скачать)

          Келіссөздер жүргізу процесінде ДСҰ-ға кіруге нақты уақыттарды белгілеу қажет емес. Өйткені өнеркәсібі дамыған Қытай мүше болуға 15 жыл дайындық жүргізді, ал машина құрылысы саласы мен электронды өнеркәсәбі дамыған Израиль келіссөздерді 18 жыл өткізіп, өзінің өңдеу саласына деген үлкен жеңілдіктерге ие болды. ДСҰ-ға кірудегі үлкен жауапкершілікті АҚШ-тың үлесінен көреміз. Вашингтонда өз уақытында 48 сала мен ұлттық экономиканың 8 секторы зерттелді. Зерттеу нәтижесінде 48-ден 35 сала үшін ДСҰ-ға кіру тиімді болып, ал қалған 13 сала үшін тиімсіз болды.Сол сияқты басқа дамыған елдер өнеркәсіп кәсіпорындары халықаралық бәсекеге төтеп бере алатын жағдайға жеткенде ғана ДСҰ-ға кіре бастады.

Қазақстанға келетін болсақ, біз келіссөздерді  барлық оң, сол жақтарын толық зерттеместен бастап кеттік. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі оған отандық тауарларға деген шетел нарықтарының ашылуымен сипатталады.Бірақ осы берілген преференцияларды өнеркәсіптік, тұтынушылық тауарларсыз. Батысқа арналған технологияларсыз жүзеге асыру мүмкін емес.Ал біздің мұнайды, бидайды, минералды шикізаттарды Батыс елдері ДСҰ-ға кірмей-ақ алып жатыр.

         Әйгілі орыс экономисі Абель Аганбегян өзінің 4-халықаралық «Бизнес және білім: даму векторы» конференциясында мәлімдеме жасады. Оның айтуынша:  «Нашар дамыған мемлекеттерге (соның ішінде  Қазақстан) тек шикізат, мұнай, газ экспортымен айналысатын елдерге ДСҰ-ға кіру тиімсіз, өйткені ДСҰ тек дайын өнім, жоғары технологиялар, интеллектуалды тауар экспорттайтын елдерге ғана қажет бола алады». Сол сияқты Алматы әкімшілігінің шағын бизнес Департаментінің басшысының айтуынша: «Егер біз қазір ДСҰ-ға мүше болатын болсақ, отандық өндірушілердің 70-80 % өз жұмыстарын тоқтатады. Ал ТМД елдерінің ДСҰ-ға кірген бөлігі қалай кедей болса, солай қалып отыр». [8]

          Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің алдында принципиалды қиыншылықтар болып отыр.  Аймақтық бірлестіктердің ең мықтылары (Еуроодақ, АҚШ, Азия елдері) ДСҰ-да тек өз пайдасын көздейді. Оған дәлел ретінде саудалық келіспеушілікті  қарастыратын бас мекеме Аппеляциялық органның мүшелігіне деген сайлаудың ұзақ созылуы. Осы органның шешімі ең соңғы болып табылады және өзгермейді.Сондықтан Еуроодақ пен АҚШ Аппеляциялық органда 2 орыннан алуға үміттенген, бірақ азиялық блоктың қысымымен бір ғана орындармен шектелуге мәжбүр болды.Соның нәтижесінде Аппеляциялық органда АҚШ, Германия, Жапония, Мысыр, Филиппин, Жаңа Зеландия және Уругвай елдерінің өкілдері бар. Аппеляциялық органға кез келген Коммерциялық келіспеушілікті қарастыратын Арбитраждық комиссияның шешімімен келіспеген ДСҰ-ның мүшесі болатын ел шағым жасауы мүмкін. Арбитрлар 4 жылдық мерзімге қайта сайлану құқығымен сайланады.Сондықтан Қазақстанның қызуғышылығымен ЕвразЭС мүшелері (Ресей, Беларусь,, Қырғызстан) Аппеляциялық органының құрамында бір орынды алуы керек.

АҚШ президенті Дж. Буш АҚШ заңына байланысты (сауда туралы заң) 1974 жылы ДСҰ талаптарына қайшы келіп тұрса да, ұлттық экономикасын қорғау мақсатында, шектеулер қоюға құқықты сақтап қалған. Осы заңға сәйкес, Халықаралық сауда комиссиясы импорттың арттыруы АҚШтың экономикасына зардап алып келеді деп шешетін болса, онда президент шектеулер енгізуге толық құқылы. Бұл заңдық акт ДСҰ-да қабылданған «арнайы қателесу» заңының американдық үлгісі (escape clause). Бұл заңға сәйкес кез келген ДСҰ-ның мүше елі отандық өндірушілері халықаралық импорттық бәсекелестікке төтеп бере алмаған жағдайда шектеулік қоймайтын, квота орнатпайтын міндеттерінен тайынуға мүмкіндік береді. Сондықтан ДСҰ-ға кірер алдында еліміздің экономикасын халықаралық импорттан қорғау туралы 2 жақты нормативтік акт қабылдау керек. [5] 

3.2. Қазақстанның ДСҰ- ға кірудегі қиыншылықтар 

         «Экономикалық зерттеу институты» ұйымының сараптамасы бойынша Қазақстан бірнеше көрсеткіштер бойынша ДСҰ-ға кіруіне болатындығын пайымдады. Бірінші қарағанда шаруашылық секторы ішкі субсидияландыру, қызмет саласы бәсекелестікті талап етеді, яғни ДСҰ-ға кіруге ешбір күрделі қайшылықтар жоқ және ол бірінші қарағанда заңды болып табылады.

Бірақ Қазақстандық макроэкономикалық және микроэкономикалық бағыттарыныңың статистикалық мәліметтерін терең түрде зерттеген жағдайда олардың өзгеруі, кері және тиімсіз әсерлерге алып соғатындықтан институттың шешімдеріне күмән келтіріліп отыр.

Ел экономикасының жағдайын  көрсететін статистикалық  мәліметтерді кең түрде зерттеу  нәтижесінде еліміздің ДСҰ-ға кірудегі бірнеше қайшылықтар индикаторлар бойынша туындап отыр:

         Бірінші индикатор – осы уақыттағы есеп бойынша қызмет балансының сальдосы.

         Қазіргі уақытта қызмет балансында өте үлкен кері  сальдо орын алуда (7,1% ЖІӨ 2004 жыл), ол дегеніміз шетелдік кәсіпорындар отандық кәсіпорындарды қызмет  көрсету саласында ЖІӨ бойынша 7,1%  ығыстыру үстінде. Сондықтан оның кері әсерін жеңілдету үшін кері сальдо ЖІӨ 3-4 %-дан жоғары болмауы тиіс. Өйткені , олай болмаған жағдайда сауда балансының оң сальдосы, (7 млрд АҚШ доллары) қызмет балансының кері сальдосымен тұтынып кетеді, яғни оған төтеп бере алмайды. Себебі Қызмет көрсету секторы тез дамып ЖІӨ-нің 49 %  құрайды. Сондықтан ДСҰ-на мүше болудың алдында Қызмет балансының пассивінің мәселесін шешуді қажет етеді.

         Екінші индикатор - осы уақыттағы операциялар есебінің табыс балансының сальдосы.

         Шетел инвестицияларын көп көлемде тарту және капитал экспортының төмен болуы бізде теріс сальдо сақталуда (6,5 % ЖІӨ бойынша 2004 жыл). Экономикалық саясат тек ЖІӨ өсіруді ғана емес, басқа мақсатты да ұстану керек – табыс балансында оң сальдоға қол жеткізу.Сәйкесінше бұл көрсеткіш ЖІӨ бойынша 2-3 %, ал жағымды жағдай 1-2 % болуы тиіс.

Табыс балансының теріс сальдосының болмауы - ұлттық экономиканың тұрақтылығы, бәсекелестіктің басым критерийлері болып табылады  және «дамыған» елдердің глобализация жағдайындағы экономикалық қауіпсіздіктің маңызды индикаторы. [2]

         Үшінші индикатор - осы уақыттағы есептің төмен балансының сальдосы.

2000 жылы  және де 2004 жылы Қазақстан оң сальдоға қол жеткізді.Ал 2001-2002 жылдары теріс сальдо орын алды.Сондықтан осы уақыттағы есеп нольдік немесе жағымды жағдайда оң болуы тиіс (2-3 %  ЖІӨ).

         Осы уақыттағы төлем балансының оң сальдосы жағдайындағы ДСҰ-ға кіруі – экономикамыздың ары қарай дамуының қауіпсіз жолы және еліміздің экономикасына төніп тұрған қатерді жеңілдетудің маңызды факторы, экономикалық қауіпсіздіктің кепілі.

         Төртінші индикатор - барлық өнеркәсіп өніміндегі өңдеу өнеркәсібінің орны.

Барлық  елдер тәжірибесі көрсеткендей ДСҰ-ға кіру барысында көптеген елдер «нөлдік инициатива» статьясы бойынша квалификацияланған, яғни жеке мемлекеттердің экономикасының қажетті қызығушылықтарының өте төмен болуы.

         ДСҰ-ның өкілдерімен жүргізілетін келіссөздер нәтижесінде болашақ үкіметіміз зардап шекпеуі қажет. Өйткені «нөлдік инициатива» түсінігі мемлекеттің импорттық тарифтерді белгілі бір тауарларға нольге дейін жеткізуді мойнына алған міндеті болып табылады. Minsterial Declaration on Trade in Information Technology Products - дегеніміз ақпараттық технологиялар сферасындағы барлық тауарларға деген импорттық пошлина мен қалған сауда тарифтерін нөлге дейін төмендету болып табылады.

        ДСҰ-ға мүше елдерінің (АҚШ, Швейцария, Канада , Еуроодақ) маңызды талаптарының бірі – Қазақстанның секторлық инициативаны қабылдауы, ақпараттық технологиялар бойынша келісімге келуі, химиялық және фармацевтикалық өнімдерге тарифтердің гармониялы болуы.Алдын ала зерттеулер көрсеткендей секторлық инициатива талаптарын қабылдау бюджетке 1,8 млрд шығындарды алып келуі мүмкін.

          Бесінші индикатор - мемлекеттік емес сектордың пайыз бойынша ЖІӨ сыртқы қарыздары, шаруашылық секторына жалпы түрде көмек көрсету. ДСҰ-ға кірген елдердің ауылшаруашылығына көмек көрсетудің жалпы өлшемі ЖІӨ 5 тен 10 %  құрайды. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі 8 % құрайды, ал тұрғындар саны 37%. Сондықтан еңбек ресурстарының ішкі миграциясы саясатын ЖІӨ-дегі үлкен үлесті алатын экономиканың секторларына бағыттау қажет.

Айта  кетсек, көршілес Қытай мемлекеті ДСҰ-ға жақында мүше болса да, үлкен табыстарға ие болып жатыр. Қытай делегациясының ДСҰ құрамына кірудегі тиімді жетістіктері ҚХР-дың «коридорларды» құруы болып табылады, яғни жұмыс күшінің бір елден екінші елдерге қозғалуына квоталар мен шектеулердің алып тасталынуы.

         Еліміздің прокуратурасының мәліметтері бойынша 2003 жылы Қазақстаннан Қытайға  ағылған ақша қаражаттары 700 млн АҚШ долларын құрады. Бюджетке түспеген салық соммасы – 10 млрд теңгені құрады, ол экономикамыздың қауіпсіздігіне қатер төндіруші фактор болып табылады. Сәйкесінше ДСҰ құрамына кіруден бұрын еңбек ресурстарының қозғалуына 2 жақты келісім нәтижесінде квоталар мен шектеулер енгізу қажеттігі туындауда.

Қазақстанның  ДСҰ құрамына кіруінің негізгі шарттарының бірі- субсидиялар мен компенсациялар келісімі. Субсидия саудаға кері әсерін тигізеді және экспорттаушы мен өндірушіге жеңілдіктер береді.

         Сараптама нәтижелері көрсеткендей экономикамыздың бірнеше салаларында тарифтік бақылау жүргізіледі және ол айтылған келісімге қайшы келіп отыр.

         Сонымен бірге еліміздегі ішкі және экспортты темір жол бойынша тасымалдаудағы қолданылатын дифференцияланған тарифтер ГАТТ-ың 3 және 11 статьяларына қайшы келеді, сол статьяға сәйкес – ДСҰ –ға мүше елдер импорттық тауарларға ұлттық режимді қолдану және экспортқа шектеулер қойылмауы қажет. [5]

          Міне ДСҰ-ға кіру барысында мемлекет алдында осындай қайшылықтар, қиыншылықтар кездесіп отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды келесі бөлімде айтатын боламын. 

3.3. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары

         Жоғарыдағы тақырыпта айтылғандай мемлекет алдында көптеген қиыншылықтар кездеседі. Соған байланысты ДСҰ-ға кіру үшін Қазақстан алып тастауы қажет :

  • хабарландыру бойынша тариф дифференсациясын;
    • темір жол қызметіне экспорттық хабарландыруда берілетін төлем коэффицентін;

Сонымен қатар экспортты-импортты хабарлар бойынша тасымалданатын өнімдерге  жасалатын коэффиценттердің төмендеуі:

  • жалпы көмір тарифінің 50 %;
  • теміррудалық өнімге 15 %;
  • күкірт қышқылы 25% және ішкі хабарлама бойынша көмірге 15%, мазутқа 15%;

         Осының нәтижесінде Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруі туралы сұрақ туындайды. Егер Қазақстан ДСҰ-ға кіретін болса, алдында тұрған мәселелерді шешіп, одан тек экономикалық пайда алуға ұмтылуы тиіс.

         Осыған орай  ҚР-сының Үкіметі келесі іс-шараларды атқаруы тиіс:

  • табыс пен қызмет балансындағы үлкен теріс сальдоны төмендету;
  • төлем балансының оң сальдосын сақтап қалу;
  • жеке сектордың сыртқы қарыздарының өсуіне жол бермеу;
  • ұлттық валютаның нақты курсын тұрақтандыру;
  • Қазақстан мен Қытай арасындағы еңбек ресурстарына шектеулер қою туралы екі жақты келісім жасау;
  • елдегі валюталық операциялар заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және шетел азаматтарынан валютаны шетелге аударулары туралы салық органдарымен арнайы құжатты талап ету;
  • салық органдары мен заң органдарынан шетел азаматтарының Қазақстандағы статусын талап еткізу;
  • шетел азаматтарының отандық нарықтағы операцияларына мониторинг жүргізу;
  • шетел азаматтарының заңды тұлға болуын  заңды түрде белгілеу (Қ.Р.-да уақытша өмір сүруінде);
  • елімізден заңсыз түрде капиталды шығарудың алдын алу үшін қаржылық мониторинг құру;
  • субсидиялық және демпингтік импортты анықтау жағдайында макро және микроэкономикалық қызметті құру;
  • Қазақстанда электрондық ақпараттар базасын құру. Ол біздің экспорттаушыларымызға шетел нарығындағы өз өнімі үшін қойылатын кедендік тарифтерді біліп отыруына мүмкіндік береді. Отандық экспорттаушылар Халықаралық сауда орталығы арасында тығыз байланыс орнату;
  • ДСҰ нормаларына байланысты, еліміздің қызығушылықтарын білдіру мен оны қорғау мақсатында, антидемпингтік таластарға қарсы тұру үшін Конгресс пен Кәсіпкерлер Форумына бірігіп, «бизнес - бірлестіктерін», «экспорттаушы ұйымын» құруы қажет;
  • Қазақстандық экспортқа деген компенсациялық тергеуді болдырмау мақсатында экспорттаумен кәсіпорындарда мониторинг жүргізу керек тауарлардың құнына берілетін субсидиялар 5  % аспауы керек, қарыздар мен шығындарды өтеу мақсатындағы (бірлік, талдаманы) субсидияларды болдырмау және тағы басқа.

          Осындай саясат нәтижесінде көптеген елдер өз шығындарын минималды дәрежелерге жеткізіп, өздерінің тұрғындарының әлеуметтік жағдайын тиімді шешуде. [9]

Информация о работе Дүниежүзілік сауда ұйымы