Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 16:43, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің дайындығы үстінде екені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен қиыншылығы неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс па? деген сұрақтарғажауап табу болды, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысындағы мәселерді қарастыру болды.
Кіріспе..................................................................................................................2
1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы, негізігі ережелері, қызметтері және құрылымы
1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының пайда болуы....................................................4
1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелері мен нормалары.................4
1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері...................................5
2. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар
2.1. Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы...........................11
2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымы кірудегі іс – шаралар, жобалар..........................11
2.3. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі( SWOT-анализ).........................12
3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі
3.1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі жағдайы.............................13
3.2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі қиыншылықтары........................................................................................................16
3.3. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдары......................................................................................................................18
Қорытынды.................................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................
Дүниежүзілік сауда ұйымында шешімдер консенсус негізінде жиі қабылданады. Ол жоқ болған жағдайда, басқасы белгіленбесе, шешім дауыстардың көпшілігі негізінде қабылданады. Тауарлар, қызметтер, зияткерлік меншік, жүктеген міндеттіліктерден босату жөніндегі Келісімдердің ережелерін түсіндіру бойынша шешімдер дауыстардың көп бөлігімен қабылданады. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне әсерін тигізбейтін түзетулер, сондай-ақ жаңа мүшелерді қабылдау дауыстардың 2/3 бөлігін талап етеді (тәжірибе көрсеткендей, консенсус негізінде).
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процессі өзара байланысқан үш сатыдан тұрады:
1. Қосылуға жоспарлайтын елдің сыртқы сауда режимін және оның Дүниежүзілік сауда ұйымының көп жақты сауда келісімдерімен сәйкес келуін қарастыру.
Бұл төмендегідей жолмен жүзеге асырылады: қосылуға жоспарлайтын ел сауалнамалар мен жауаптар барысында қарастырылатын сыртқы сауда режимі туралы меморандумын ұсынады, одан кейін қосылу шарттарын белгілейтін Жұмыс Тобының Баяндамасы мен қосылу хаттамасы дайындалады. Қосылудың осы сатысы көп жақты негізде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүдделі мүшелердің қатысуымен жүзеге асырылады, әйткенмен, сыртқы сауда режимге қатысты кейбір мәселелер қосылуға жоспарлайтын және Дүниежүзілік сауда ұйымының жекелеген мүшелері арасындағы ресми емес екі жақты немесе көп жақты келіссөздерді талап етуі мүкін.
Қазақстанның қосылуы жөніндегі келіссөздер барысында төмендегідей салаларда сауалнамалар туындайды:
- бағаны түзетуді реттеу ережелері мен тәжірибесі;
- салықтандыру жүйесі;
- жекелеген экономикалық, ең алдымен ауыл шаруашылық салалардағы субсидиялар;
- шетел инвестициялардың режимі;
- төлем балансы;
- импорттың
кедендік тариф, сонымен қатар
кез келеген тарифтік
- қорғау шаралары мен ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары (антидемпинг және өтемдік шаралар);
- импорттық лицензиялау;
- экспортты реттеу;
- мемлекеттік сауда кәсіпорындары;
- импорт
тауарларын стандартизациялау
- валюта айырбастау;
- сыртқы сауда жөніндегі статистика мен басылымдар;
- зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесі.
2. Тауарлар саудасы саласындағы міндеттіліктер жөніндегі келіссөздер (ең алдымен импорттық тарифтердің көлемін азайту мен өзара үйлестіру арқылы).
Осы келіссөздер қосылуға жоспарлайтын елмен екі жақты негізде басты сауда серіктерімен (әдеттегідей негізгі және ең маңызды экспортер) жүргізіледі. Тарифтік ауыл шаруашылық саласындағы арнайы босаңдықтарды (дәлірек айтсақ, нарыққа қол жеткізу, экспорттық субсидиялар мен ішкі қолдау шаралары) қоса, тарифтік босаңдықтардың тізбесі қосылу жөніндегі хаттаманың ажырамас бөлігі бола тұрып, РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерне таралады.
3. Қосылуға жоспарлайтын елдің қызметтер саудасы саласындағы міндеттіліктерді жетілдіру жөніндегі келіссөздер де екі жақты негізде жүргізіледі, олардың нәтижесінде қосылу хаттамасымен қоса ұсынылатын міндеттіліктер тізбесі әзірленеді. Осы тізбе РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының басқа мүшелеріне де таралады. Оған қоса, қосылуға жоспарлайтын елдің жекелеген елдер - сауда серіктері үшін РНБ алып тастауды келістіру мүмкіндігі бар.
ДСҰ-ға қосылуға үміттенетін елдер үшін ең маңызды шарт – ұлттық сыртқы экономикалық қызметін реттейтін заңнамасы мен тәжірибесін «Уругвай кезеңі» атты келісімдер жиынтығының ережелеріне сәйкестіру.
Соңғы кезең қосылатын елдің заң шығару органының кұжаттар пакетін бекіту болып табылады.
Кірудің мақсаттары мен міндеттері:
Дүниежүзілік сауда ұйымының айқын ерекшелігі өзара тиімді шарттар, ашықтық пен ұйымға мүше елдердің теңдігіне негізделген еркін сауда шараларын камтамасыз ету мақсатында сауданың халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын қалыптастыруда.
Еркін сауда саясатының шағын ішкі нарығын иеленетін және кеңейтіліп бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына шығуды қажет ететін Қазақстан үшін маңыздылығы анық. Халықаралык құқығына негізделген және алдын ала болжалатын Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттары Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.
Кез келген елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мақсаты жекелеген басымдылықтарды пайдалану болып табылады. Соның ішінде Қазақстан алдында төмендегідей басымдылықтар қалыптасқан:
Дамуға жағдай жасайтын дүниежүзілік шаруашылық пен дүниежүзілік құрылымдармен біріккен, ашық нарықтық экономикасы тән ел болып танылғанымен қатар, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнату барысында бірден ең қолайлы жағдай туғызу режимін (РНБ) иеленеді.
Оған қоса, Қазақстан өзінің тауарлары үшін қосымша да, тиімді транзит жолдарына ие болады. Ол Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларының сыртқы саудасын дамыту үшін аса маңызды.
Қысқа мен орта мерзімді жоспарлар шеңберінде Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің ең алдымен өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық өндірісті дамыту мақсатында инвестицияларды пайдалану тұрғысынан маңызды.
Қазақстанның экспорттық тауарларына, ең алдымен антидемпинг тексерістері барысында қолданылатын сауда дауларына қатысты ДС¥-ның режимі маңызды бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымы белгілеген рәсімдер шеңберінде сауда-саяси дауларды әділетті жолмен шешуге жағдай жасайды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірісімен, Қазақстан ұлттық мүдделерді басшылыққа алып, дүниежүзілік сауданы реттейтін ережелерді жетілдіруге қатысуға құқықты иеленуді жоспарлай алады.
Сонымен қатар, сыртқы экономикалық саясат пен үкіметтер, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің ниеттері туралы күнделікті ақпаратты алу мүкіншілігі пайда болып, нәтижелі сауда саясатын ұстануға жағдай жасайды.
Оның ішіне ішкі нарықтағы озық технологиялар, тауарлар, кызметтер мен ішкі инвестициялардың ендірілуін белсендету нәтижесінде ұлттық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін жағдай жасау, халықаралық сапа стандарттарын ендіру жатады. Импорт көлемінің ұлғаюы нәтижесінде тұтынушының бағасы төмендеу тауарлардың кеңейтілген қатарына қолы жетеді.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігінен жоспарланатын нәтижелерге жету Қазақстанның осы ұйымға кіру шарттары және тауарлар мен қызметтер отандық нарығына шығуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан жүктейтін міндеттемелердің деңгейіне байланысты.
Кіру барысының ағымдағы жағдайы.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздер негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының Женева қаласындағы Хатшылығында Жұмыс Тобының мүдделі мүше елдерінің қатысуымен жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылық мәселелері жөнінде көпжақты отырыс түрінде, ал тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу мәселелері жөнінде екі жақты отырыс түрінде өткізілді. Келіссөздер барысында төрт негізгі бағыт талқыланды:
1 .Тауарлар
нарығына қол жеткізу
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі Жұмыс Топ құрамына кіретін Дүниежүзілік сауда ұйымының 36 мүше елінің қатарынан 15 ел, олардың ішінде АҚШ, ЕО, Жапония, Канада, Австралия, Швейцария ең маңызды бола тұрып, тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екі жақты келіссөздер жүргізуде.
Қазақстанның тарифтік
Бірінші
негіз - 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Екінші негіз - Қазақстанның ЕурАзЭҚ-дағы мүшелігінің шарттарын мүмкіндігінше есепке алу. Қазақстанның тарифтік ұсыныстарының негізінде салалық министрліктер мен отандық тауар өндірушілерінің ескертулерін есепке алумен жетілдірілетін импорттық кедендік баждарының бағамаларын үйлестіру деңгейлері жатыр.
2. Шетел қызметтер жабдықтаушыларының қазақстандық нарыққа қол жеткізу шарттарын келістіру мақсатында қызмет нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздер. Келіссөздердің негізін Қазақстанның қызметтер нарығына қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарын талқылау құрайды. Қазіргі таңда қазақстандық қызметтер нарығына қол жеткізу шарттары жөнінде келіссөздерді Жұмыс Тобының 8 мүше елі, атап айтқанда, Австралия, ЕО, Канада, Латвия, Польша, АҚШ, Швейцария, Жапония жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан қызметтер нарығына қол жеткізу жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Топтастырғышының 155 қызмет көрсету салаларының жалпы санынан 76 (немесе 49%) сала бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазақстандық экономикасы үшін тиісті қорғау дәрежесін талап ететін сезімтал қызмет көрсету салаларының тізбесіне қаржылық, құқықтық, сауда-саттық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік, құрылыс қызметтері енгізілген.
3. Ауыл
шаруашылық жөніндегі көп
Қажетті тарифтік қорғау деңгейін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығының ішкі қолдау көлемін және экспорттық субсидиялардың дәрежесін қамтамасыз теу мақсатында Жұмыс Тобының мүше елдері ауыл шаруашылық жөніндегі көп жақты келіссөздерді өткізуде.
4. Жүйелі мәселелер жөніндегі келіссөздер Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшесі ретінде міндеттіліктерін орындау үшін заң шығару және оны пайдалану саласында қолданылатын шараларды анықтау мақсатында өткізіледі. Келіссөздердің негізін жұмыс Тобының Баяндамасы құрайды. Аталған келіссөздер барысында экономикалық саясаттың, атап айтқанда, валюттік айырбастау мен төлем жүйесі, инвестициялық режим, мемлекеттік меншік пен жекешелендіру, баға түзу, бәсекелестік саласындағы саясат сияқты жүйелі мәселелері Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерімен талқыланады. Оған қоса, тауарлар мен қызметтер саудасына әсерін тигізетін саясатты жетілдіру және жүзеге асыру механизмі жөніндегі мәселелер қарастырылады.
Жоғарыдағы сызбада ДСҰ-ның құрылымы көрсетілген. Бірінші сатыда Министрлер конференциясы көрсетілген. ДСҰ – да жоғарғы деңгейдегі шешімдерді Министрлер конференциясы қабылдайды. Олар ең азы екі жылда бір рет жиналады.
Министрлік конференциясына бас кеңес бағынышты болады, ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және ВТО мүшелері өкілдерінің құрамымен Женевада штаб - пәтерде жылына бірнеше мәрте жиналады. Бас кеңес басқаруында екі арнайы орган болады: сауда саясатын талдау және пайда болған дауды шешуге бағытталған. Сонымен қатар бас кеңеске сауда және даму комитеттері; шек қоюлар, сауда теңдігімен байланысты; қаражатпен , қаржыға және әкімшілік сұрақтарға байланысты комитеттер есеп беруге тиіс.
Бас кеңес иерархияның келесі деңгейдегі үш кеңеске функцияларын делегаттайды: тауарлар мен сауда кеңесіне, қызметтермен сауда кеңесіне және интеллектуалды меншік құқық сауда аспектісі кеңесіне.
Тауар сауда кеңесі, өз кезегінде, мамандандырылған комитеттердің қызметімен басшылық етеді , тауарлармен сауда сферасында -1994 ДСҰ принциптерінің сақталуын және ГАТТ келісімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қызмет сауда кеңесі ГАТС келісімдерінің орындалуын қадағалайды. Оның құрамында қаржылық қызметтермен сауда комитеті және кәсіптік қызметтер жөніндегі іскер топ болады.
Интеллектуалды
меншік пен құқық
сауда аспектісі
кеңесі (ТРИПС) келісімдерінің дұрыс
орындалуын қадағалаудан басқа жасанды
тауарларға байланысты болатын халықаралық
саудадағы мәселелерді шешумен айналысады.
[4]