Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... ..3

1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары..........................................5
1.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы мен бюджеті...............................9
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары...........................................11
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны....................................15
2.2 ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары..........................17
2.3 Ауыл шарушылығы – Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы...........................................................................................................19

3 ДСҰ-ға КІРГЕН ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі.....................................22
3.2 Жапония ДСҰ-ң мүше елі ретінде....................................................................25
3.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары...............................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовая ВТО...docx

— 138.02 Кб (Скачать)

Бұл Кеңес одағының бір үлгісі болса, тәуелсіздігімізге қатер төніп жүрмей ме? Бүгінгі күннің басты сұрағы да осы. Қайткен күнде де әр одақтың күштісі болу тиіс. өзгелер сол күштінің айтқанына құлақ асып айтқанын орындау керек. Бұрындары Кеңес одағында бұл күштінің рөлін Ресей атқарған. Сол тәрізді Кеден Одағының ең күштісі Ресей болмақ. Демек, қазір де сол ескі соқпаққа түстік деген сөз.

Қазір салық органдары кәсіпкерлерге қатты қысым көрсетіп, бюджет тапшылығын толтыру мақсатымен түрлі айыппұл төлеткізіп жатыр деген алыпқашпа әңгіме көбейіп кетті. Бұл қаншалықты рас?

Бұл шындық. Себебі дағдарыс салдарынан көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. Айталық, біздің қауымдастыққа айына отыз, елу кәсіпкер кірсе, он бес,отыз кәсіпкер керісінше, қауымдастықтан шығып жатады мұның басты себебі кәсіпорындар жұмысын тоқтатып жатыр. Кәсіпорынды жабу қымбат, қиын әрі бірнеше жылға созылатын процесс. Сондықтан салық кодексіне енген өзгертуге сәйкес, олар қызметін уақытша тоқтатты. Міне, көптеген кәсіпорындар жабылып қалғандықтан, бюджетке түсетін салықтар азайды. Салық органдары осы тапшылықтың орнын толтыру мақсатымен түрлі айла әрекетке көшті. Былтыр жалған кәсіпкерлікті әшкерелеу науқаны жүргізілді сот бизнес субъектісін жалпы кәсіпкерлікпен таныса, мұнымен кезінде байланысы болған, белгілі бір операцияларды бірігіп іске асырған өзге кәсіпкерлер де жауапқа тартылады. Оған айыбын, табыс салығын, қосымша құн салығын, үстемесін төлеткізеді. Қысқасы, бұл сомма 3-4 млн теңгеден 100 млн-ға дейін жетуі мүмкін. Жаз бен күзде жетуі тиіс хабарландыру әбден кешігіп, мерзімі өтіп кеткен соң ғана қолға тиді. Салық кодексіне сәйкес хабарландыруға бір ай ішінде жауап беру керек. Сондықтан салық органдары «талабымызды уақытында орындамады» деп шотты жауып тастады. Кәсіпкер сотқа жүгініп, уақыт жұмсағанша, айыппұл төлеген артық деп санайды. Сөйтіп, салық органдары бюджет тапшылығын толтырудың келесі бір жолын ойлап тапты.

Мұнымен тоқтап қалмай, соңғы айларда тағы бір әрекетке көшті. Бизнес орталықтарын жалға алып отырған кәсіпкерлерді тексеруге кірісті, «салықты дұрыс төлемейсіндер» деген желеумен жалға төлейтін ақшадан салық ұстап жатыр.

Қосымша құн  салығын төлеуші отызыншы қарашаға дейін қайта тіркеуден өтуі тиіс деген талап та үлкен дауға  ұласты. Мұның салық кодексіне  қарама қайшы екені екі бастам. Кейбір кәсіпкерлер тоқсаныншы жылдары  кәсіпорын ашқан не құрылтайшы болған. Бірақ бұл фирмалар жұмысын әлдеқашан  тоқтатқан. Осы фирмаларды жаппай тіркеуден өтпейсіңдер деген талап шығарды. Сөйтіп, не кәсіпорынды жабу керек не қайта шот ашып айыппұл салықтарын төлеу қажет. Осылайша көптеген кәсіпкерлер қайта тіркеуден өтіп үлгермейді. Ал тіркеуден өтпесең, сенімен әріптестерің жұмыс істей алмайды. Міне салық органдары түрлі құйтырқалықтар арқылы жоғарыдан түскен тапсырманы орындап жатыр.

Енді Ресейдің ығына жығылып жетегінде кетпес үшін не істеу керек? Ол үшін экономика  дұрыс дамуы тиіс. Экономиканы  дамытуға бағытталған талай бағдарлама бар. Бірақ олардаң ешқайсысы да орындалып жатқан жоқ. президент тапсырмалары, үкімет бағдарламалары іске аспай, жарты жолда қалып жатыр. Жағдай өзгермесе, Ресей компанияларының шаңында қалып қоятынымыз анық.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен Қазақ  Елі 1996 жылдан бері ДСҰ-ға кіреміз деп  осы ұйымға мүше елдермен толып жатқан келіссөздер жүргізіп келеді. Талай-талай  заңдар өзгерілді, жаңа стандарттар (ГОСТ) енгізілді. Не ойлағаны барын кім  білсін Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің кейбіреулері оған бөлек-бөлек болмай, кірсек бәріміз бірге кірейік деген ұсынысты да айтып жүр. Сонда Қазақстан сыртқа шығаратын өнімі де (егер өнім бар болса!) солар шығаратын өнімнің есебіне кіріп кетпей ме деген күдік тағы мазалайды.

ДСҰ-ға мүше болмасқа амал жоқ. Замана талабы осыған міндеттеп отырғандығын дұрыс түсінгеніміз игі. Жаһандану үрдісінің алдыға айналған алып доңғалағын тоқтату мүмкін емес. Керісінше, біздің ада қалып қоймай, ертерек бейімделе бергеніміз жөн. Экономикалық қарым-қатынастарымызды, сауда-саттығымызды жаңа талаптарға сәйкестендірудің алғышарттарын нақты белгілеп алуымыз қажет.

Қазақстан ДСҰ-на кіреді дегеннен-ақ көңілге қатты бір күдік ұялайтын еді. Әрине, ол ауыл шаруашылығына байланысты. Ауыл шаруашылығы дегенде қазақтың дені ауылда тұратыны еске түседі. Қазақтар қазір өз күнін көруге бейімделіп, тырбанып мал өсірген болып жатыр. Біздің әлі күдігіміздің өзі нарықтық экономика жағдайында күндердің күні болғанда малыңыздың құны көк тиын болып қалмай ма деген күдік еді. ДСҰ-на кіргеннен кейін сол күдігіңіздің расқа айналатынына көзім жете бастаған сияқты. Қанша жерден аграрлы мемлекет десеңіз де, Қазақстанның бүгінгі ауыл шаруашылығы әбден күйзелген сала.

Қазір көзі ашық, саяси да, экономикалық та білімі бар ел азаматтарының біразы ДСҰ-ның жағдайында біздің ауыл шаруашылығы бара-бара өмір сүруін тоқтатуы мүмкін деген пікірге тоқталып жүр. Бұған қазақ ауылдарындағы ауыл шаруашылық техникасының жоқтығы, бар болса оның әлдеқашан көнергені, әрі бүгінгі заман талабына сай емес екендігі, жаңа технологияның жоқ екені, климаттың жағдайы әртүрлі екенінің өзі-ақ дәлел бола алады. Ауылға кадр бармайтыны, барса тұрмыстық-әлеуметтік жағдайдың жоқтығынан тұрақтамайтыны тағы бар. Жаңа техника алдық, жаңа технологияны игереміз дегеннің өзінде оны игеретін кадрларды қайта оқыту керек.

Бұл аз болса, мынаны да еске алыңыз. ДСҰ-ға мүше елдердің ішінде ауыл шаруашылығы шарықтап, әбден дамыған Канада, Бразилия, Аргентина, Австралия сияқты мықты-мықты елдер бар. Оладың өздері  мүше болып отырған осы ДСҰ-ға деген ауыл шаруашылығы бойынша өте қатаң өз ұстанымдары бар.

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің әр гектарына бірнеше жүздеген доллар төленеді. Ал Қазақстанда ауыл шаруашылығына көмек деп аталатын көмекті ортақ бөлімге келтірсек, әр гектарға бар болғаны 14 доллардан келеді екен. Сөйтіп отырып ДСҰ-ға кіреміз, сөйтіп отырып ауыл шаруашылығында бәсекеге түсеміз деу өзіңді- өзің алдап, не қара табан ауыл қазағын алдау емес пе?

Олай болса, кейбіреулердің “ДСҰ-ға кіргесін көп ұзамай-ақ Қазақстан Республикасы дегеніміз үлкен-үлкен бірнеше қала болып қалады” деген сөзі расқа айналмасына кім кепіл?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Макроэкономика: оқу құралы / Кенжеболаьова М.Ш.-Астана, КазМАТУ, 2007
  2. Макроэкономика: оқулық / Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.-Алматы: Экономика, 2008
  3. Макроэкономика: оқулық / Р.Дорнбуш .-Алматы: Экономика, 2007
  4. Жалпы экономикалық теория: оқулық/ Ө.Қ. Шеденова, М.Байжомартов-Алмат-Ақтөбе, 2008
  5. Мамыров “Халықаралық экономикалық қатынастар” – Алматы, 2007ж
  6. Аманжан Жамалов: “Дүниежүзілік сауда ұйымы құбыжық емес”. Алтын Орда газет. №13, 24-30 наурыз 2008 ж. 6-бет.
  7. Ана тілі газет. №44, 3 қараша 2009 ж. 4-бет.
  8. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бізге не береді? Ана тілі газет. №28, 14 шілде, 2010 ж. 8-бет.
  9. Жас қазақ үні газет. №18, 06.05-12.05. 2010 ж. 4-бет.
  10. “ДСҰ-ға өту-бәсекелестікке лайықтыларға ғана қолайлы”. АҚ ЖОЛ  ҚАЗАҚСТАН газет. №14, 6 мамыр 2007ж. 6-бет.
  11. ДСҰ-ға енбей, “ас батпайды” , енсек, шетелдік жұмысшылар қаптайды. Айқын газет. 29 қараша 2008ж. 1,2-бет
  12. “ДСҰ-жұмақ емес”. Айқын газет. 3 наурыз 2008 ж. 6-бет.
  13. “Тауар өндіре алсаң ғана ДСҰ-ның қызығын көресің”. Айқын газет. 30 наурыз 2008 ж. 7-бет.
  14. Министр Жақсыбек Құлекеев: “ДСҰ-на ену Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орнын бекемейді”. “Егемен Қазақстан” газет. 18 мамыр 2001 ж. 2-бет.
  15. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2004 жылдың қаңтар-шілдесі. №7, А:2004.-51-58 бет, 285-286 бет.
  16. ДСҰ-на кіру алдындағы ауыл шаруашылығының даму жағдайы  С.Маханов. Ақиқат.-2009.- 16 .-17-19бет
  17. Қазақстанның сыртқы саудасы және ДСҰ Л.Ж.Келбұғанов; Д.С.Рахимбекова. Менеджмент качества.-2008.-2.-стр 24-28
  18. Күдік расқа айналса қайтеміз  немесе ДСҰ қазаққа пайда бар ма  М.Кенжебай  Ана тілі.-2007.-44.- 5 бет
  19. Айтжанова.Ж  Некоторые вопросы вступление КР в ВТО.-Экономика и статистика.-2008.-1.-стр81-83
  20. Арыстанбеков.К  Казакстан и ВТО . Аль-Пари.-2002.-4-5.-стр15-17

21      http://ru.wikipedia.org/wiki/ВТО




Информация о работе Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары