Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.
КІРІСПЕ................................................................................................................... ..3
1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары..........................................5
1.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы мен бюджеті...............................9
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары...........................................11
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны....................................15
2.2 ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары..........................17
2.3 Ауыл шарушылығы – Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы...........................................................................................................19
3 ДСҰ-ға КІРГЕН ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі.....................................22
3.2 Жапония ДСҰ-ң мүше елі ретінде....................................................................25
3.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары...............................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32
Адал бәсекеге жәрдемдесу.
ДСҰ шектеулі және қорғаныс мақсатында тарифтерді қолдануға рұқсат беруіне байланысты «еркін сауда» ұйымы бола алмайды. Ол адал, ашық және өзгертілмеген бәсекеге арналған ережелер жүйесі болып табылады.
Демпинг пен субсидиялар жөніндегі ережелер сияқты, дискримина-цияламау ережесі де сауданың әділетті жағдайларын қамтамасыз етеді.
ДСҰ-ң ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімі ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасы кезінде адалдықты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Интеллектуалды мүлік жөніндегі келісім идеялар мен өнертабыстар арасындағы бәскелес жағдайларды жақсартады. ДСҰ-ң т.б. адал және реттелген бәсекеге жәрдемдесу мақсатында жұмыс істейтін ережелері жұмыс істейді.
Экономикалық реформалар мен дамуды ынталандыру
ДСҰ мүшелерінің төрттен үш бөлігін нарықтық емес жүйелерден өтпелі кезеңде тұрған, экономикалық реформаларды өткізгелі жатқан және дамушы мемлекеттер құрайды. 1986-1993 ж.ж. Уругвай раунды өткен 7 жыл ішінде 60-тан астам осындай мемлекеттер сауданы либеризациялау бағдарлама-ларын жүргізді.
Кейбіреулері оны СТЖК-не ену шегінде жүргізсе, қалғандары өз бетімен жүргізді. Уругвай раундында бұрынғыға қарағанда, өтпелі экономикасы бар және дамушы елдер едәуір белсенді қатысты.
Мұндай жағдай сауда жүйесі тек өндірістік дамыған елдерде болды деген ойды жоққа шығарады. Бұл дамушы мемлекеттерді СТЖК-ның кейбір келісімдерінен босату керектігіне көзқарасты өзгертті. Уругвай раунды аяқталған кезде дамушы мемлекеттер дамыған мемлекеттерге жүктелетін міндеттемелерге дайындығын көрсетті. Сонымен қатар оларға ДСҰ-ң қиын міндеттемелеріне бейімделудің өтпелі мерзімі беріледі. Бұл алдымен ең кедей және ең нашар дамыған елдерге қатысты еді. Сонымен қатар министрлер деңгейінде қабылданған дамушы елдерге жеңілдіктер беру жөніндегі келісім экспорттаушы тауарларды нарықтарға жеңілдікпен енгізуге және бұл елдерге техникалық көмек көрсетуге шақырады.
СТЖК-де қабылданған дамушы елдерге байланысты келісімдер ДСҰ-да да, өз күшін сақтап қалды. Мысалы 1994 ж. СТЖК-ның 4-бөлімінде 1965 ж. қабылданған өндірістік елдерді дамушы елдерге көмектесуге ынталандыратын және жасалған жеңілдіктер үшін келісім сөздер кезінде жеңілдіктер күтпеуге шақыратын 3-бап қалдырылған. 1979 ж. Токиолық раунд аяқталған кезде қабылданған екінші шара Жалпы преференциялар жүйесі негізінде дамыған елдер дамушы елдерге нарықтарға ену жөніндегі жеңілдетулерге негізделген.
Ашық сауданы жақтайтын себептер
Көпжақты сипатта негізделген ашық экономиканың экономикалық себептері қарапайым және саудаға тән ойға қонымдылықпен ерекшеленеді.
Барлық елдердің, оның ішінде ең кедейлерінде де, ресурстар болады. Мысалы адамдық, өндірістік, табиғи және қаржылық ресурстарды ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекелесуші тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қолданады. «Салыстырмалы артықшылықтар» елдердің өз активтерін ең тиімді жолмен қолданып, ең тиімді өндіру жолдарын қарастырады. Әлемдік нарықта қызмет атқару аясы кеңейіп, тұтынушылардың ең үлкен санына жол ашылады. Яғни либералды сауда саясаты тауарлар мен қызметтердің шектелмеген ағымын мүмкін қылады да, жоғары сапалы, бағасы тиімді өнімдерді өндіру арқылы табысты жоғарылатуға көмектеседі.
Импорттан қорғау
мен әрдайым мемлекеттік
ДСҰ СТЖК- нен қалай ерекшеленеді
Дүниежүзілік сауда ұйымы - СТЖК ісін жалғастырушысы емес, керісінше оны толығымен орнын басып, басқа сипатқа ие болады. Келесі ерекшелігін атап көрсеткеніміз жөн: [4,225б]
Ұйымның барлық уәкілдерін біріктіруші ең жоғарғы орган – Министрлер конференциясы. Конференция сессиялары екі жылда бір реттен кем емес жиналады да, Уругвай раундының мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Бірінші конференция 1996 жылы желтоқсанда Сингапурде өткен; екіншісі 1998 жылы мамырда Женевада СТЖК/ДСҰ елу жылдық қызметі нәтижесінде қол жеткізілген нәтижелер жөнінде қорытынды жасалды; 2001 жылы Дохада (Катар) өткен Министрлер конференциясынан кейін көпжақты келісімдердің жаңа раунды басталды; келесі конференция 2003 жылы Канкунда (Мексика) өткен.
Министрлер конференциясы Сауда мен даму жөніндегі комитетті, Төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер бойынша комитет, Бюджет, қаржы, әкімшілік бойынша комитет, Сауда және қоршаған орта бойынша комитеттерді тағайындайды.
Министрлер конференциясы ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. Қазіргі кездегі ДСҰ-ның Бас директоры – Паскаль Лами. Басты директор ДСҰ-ның Секретариатының қызметкерлерін тағайындайды да, Министрлер конференциясында қабылданған құжаттарға қатысты олардың міндеттері мен қызмет ету шарттарын анықтайды.
Сессиялар арасында қажет туындаған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы сұрақтарды шешу үшін ДСҰ-ның барлық мүшелерінің уәкілдерінен тұратын Жалпы кеңес шақырылады. Жалпы кеңес Дауларды реттеу органының және Сауда саясатын бақылау органының қызметін бақылайды. Жалпы кеңестің қол астында Тауарлармен сауда жөніндегі кеңес, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес, Интеллектуалды меншік құқығының сауда аспектілері жайындағы кеңес және т.б. қызмет етеді. Қызметтер және тауарлар саудасы жөніндегі кеңес шеңберінде Келісімдер жөніндегі комитеттер және келісімшарттар топтары құрылған. Кеңестер мен комитеттердегі мүшелік ДСҰ-ның барлық мүшелеріне ашық.
Шешімдерді қабылдау. ДСҰ-да жалпы шешімге келу негізіндегі шешім қабылдау жүйесі қолданылады. Жалпы шешімге келе алмаған жағдайда шешім дауыстар басымдылығымен қабылданады. Тауарлар, қызметтер, интеллектуалды мүлік, қабылдаған міндеттемелерден босатылу шешімдері дауыстардың 3/4-мен қабылданады. Мүшелер құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайтын өзгертулер мен жаңа мүшелерді қабылдау дауыстардың 2/3-мен қабылданады. [5,185б]
ДСҰ секретариаты Женевада орналасқан. Оның құрамына Бас директор Паскаль Лами басқаратын 500 қызметкер кіреді. Секретариаттың міндеттеріне келісімдер және келісімдерді орындаумен байланысты ДСҰ-ның уәкілді органдарына қызмет көрсету жатады. Ол дамушы елдерге техникалық көмек көрсету үшін міндетті болады. ДСҰ экономистері мен статистиктері сауда және сауда саясаты жөнінде анализ жасайды, ал заңгерлер ДСҰ ережелерін анықтаумен байланысты мәселелерді шешеді. Секретариаттың басты қызметіне жаңа мүшелерді қабылдау келісімдері мен үкіметтерге кіру жөнінде кенес берумен байланысты. ДСҰ-ның бюджеті 134 млн. Швейцар франкын құрайды, құрамына 153 ел мүше болып кіреді.
ДСҰ-на кіру процедурасы өзара байланысқан үш үрдістерден тұрады:
1. кіруші елдің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ-ның сауда келісімдеріне сәйкестілігін қарастыру.
Бұл келесідей
жүзеге асырылады: ел өзінің сыртқы сауда
режимі туралы меморандум дайындайды,
ол сұрақ-жауап үрдісінде
Қазақстанның
қосылуы жөніндегі келісім
-баға құрылудың нормалары мен тәжірибесі;
-салық салу жүйесі;
-бөлек экономика секторларындағы субсидиялар, мысалы ауыл шаруашылығында;
-шет елдік инвестициялар режимі;
-төлем балансы;
-импорттық кеден тарифы;
-қорғау шаралары және т.б. ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары;
-импорттық лицензиялау;
-экспортты реттеу;
-мемлекеттік сауда келісімдері;
-импортты тауарларды стандарттау мен сертификациялау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;
-валюта айырбасы жөніндегі операциялар;
-сыртқы саудаға қатысты мақалалар мен статистика;
-интеллектуалды мүлікке құқықтарды қорғау жүйесі.
2. Тауарлар
саудасы жөніндегі келісім
3. Қосылушы
елдің қызметтер саудасы
ДСҰ-на мүше болудың артықшылықтары:
-ДСҰ-ның мүшелерімен сауда қатынастарын дамуының болжалдануы мен нақтылығы;
-ДСҰ мүшелерінің кұқықтарын пайдалану;
-Сауда саясатының ашықтығы мен сауда қатынастарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сауда серіктестерінің тәжірибесі;
-Сауда серіктестерімен құқықтар бұзылған жағдайда оларды ДСҰ шеңберінде шешу механизмін қолдану;
-ДСҰ көпжақты сауда келісімдерінде тиімді қатысудың нәтижесінде өзінің сауда және экономикалық мүдделерін қозғауда ДСҰ-н құрал ретінде қолдану;
ДСҰ келісімдері сыртқы сауданы, оның
ішінде экспортты арттыруға мүмкіндік
береді және қатаң көпжақты ережелер
нәтижесінде қауіпсіз және болжанатын
саудаға қол жеткізуге
Текстиль мен киім жөніндегі келісім - мүше емес елдер бұл келісімде көзделген сауданы либеризациялаудан түсетін артықшылықтарды қолдана алмайды. Бұл текстиль мен киімге импорттық квоталарды біртіндеп азайту мен өтпелі кезеңдегі он жыл ішінде тауарларға квоталарды арттыруға да қатысты. Сонымен қатар мүше емес елдердің текстиль және киім экспорты жөнінде жаңа шектеулерді енгізуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім - бұл келісімде көзделген нарыққа енуде мүше емес елдер артықшылықтарға ие бола алмайды. Олардың ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортына ДСҰ жүргізген тарификацияның нәтижесінде кеден баждарының жоғары қойылымдары салынады. Ауыл шаруашылық келісімі ДСҰ-ның мүшелерінің ауыл шаруашылық өнімдеріне сандық импорттық шектеулерді салуға рұқсат етпесе де, Уругвай раундының нәтижесінде кейбір ірі мүше елдердің заңнамасы өзгертілді де, олар, мүше емес елдердің ауыл шаруашылық импортына сандық шектеулер салуларына мүмкіндіктері бар. [7,4б]
Антидемпинг,
субсидиялар жәие компенсациялық шаралар
жөніндегі келісім - бұл келісімге
сәйкес ДСҰ-ның барлық мүшелері антидемпингтік
және компенсациялық тексерулер жүргізудің
нәтижесінде салынған шығын фактісін
тексеру мүмкіндігіне ие болады. Бірақ
Уругвай раундында қабылданған
заңнама бойынша мүше емес елдерден
импортталатын өнімдерге
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, соңғы мәлімет бойынша оған 153 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2010 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
ДСҰ-ның басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс: [8,8б]
-Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
-Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
Информация о работе Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары