Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.
КІРІСПЕ................................................................................................................... ..3
1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары..........................................5
1.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы мен бюджеті...............................9
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары...........................................11
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны....................................15
2.2 ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары..........................17
2.3 Ауыл шарушылығы – Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы...........................................................................................................19
3 ДСҰ-ға КІРГЕН ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі.....................................22
3.2 Жапония ДСҰ-ң мүше елі ретінде....................................................................25
3.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары...............................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32
Ал Қытай жайында айтатын болсақ. 2002 ж. шет елдік тікелей инвестициялар ағымы 22%, яғни 29 млрд. долл. өсті де, нәтижесінде Қытайда экономикалық өсу орын алды.
Нақты нәтижелерді
Қытай ДСҰ-на кірмей тұрып көрді.
Қытай өндірушілері ДСҰ-на кіруден
әлемдік өндірушілер
Алайда елдер тәжірибесінде жағымсыз әсерлерді де айтпай кетуге болмайды. Көптеген отандық өндірушілер, тіпті салалар нарықтан ығыстырылады, нәтижесінде ішкі өндіріс көлемдері азайып, еңбекке жарамды халықтың көбісі жұмыстан айрылады. Бұл шынында болады. Алайда ДСҰ-на кіруге қарсы келушілер мұндай жағдайды отандық өндірушілер бәсекелестік қабілеті аз өнімдерді шығарумен байланыстырады, яғни протекционистік шараларды қолданбағанда, нарық шетелдік өніммен шектен тыс қанағаттанады деген ойды білдіреді. Алайда қалайша экономика осындай ынталандырушы шаралармен бәсекелестігі төмен салаларға көмек көрсетуі мүмкін? Нәтижесінде әрине экономикалық өсімге қол жеткізу мүмкін емес. Бәсекелестігі төмен салаларда жұмыссыздықтың өсуімен қатар, экспорттық секторда керісінше өндіріс өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Эксперттердің айтуынша 7 жыл ішінде Қытайдың ауыл шаруашылығындағы жұмыс орындарының саны 9,7 млн. төмендейді, алайда машина жасауда - 600 мыңға, ал автомобиль жасауда 450 мыңға артады. Сонымен қатар азық-түлік өндірісінде 150 мың адам, инфрақұрылымдық салаларда- 38 мың, құрылыста-910 мың адам, қызмет көрсету саласында 2,7 мың адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі пайда болады.
Қорытындылай келе, бәсекелестік жағдайы төмен өндірістерді жабу - бұл ДСҰ-на кірудің кемшіліктері емес, қайта оның жағымды жағы болып табылады. Өйткені экономикаға керексіз кәсіпкерліктер жабылып, жалпы экономика тиімділігі артады да, ұлттық экономика дамудың жаңа сатысына көтеріледі. ДСҰ-на елдердің кіру тәжірибелерін қарастыра келе, мүше елдер кіруші елдерге олардың масштабы мен потенциалына қарап, талаптарды қояды деген қорытынды жасауға болады.
Қазақстан кіші елдер қатарына кіреді. Оның үлкен экономикалық потенциалы болғанымен, оның барлығы шикізат саласында жинақталған. Шикізат экспорты оларға керек, сондықтан мүше елдер Қазақстанға көп қатаң талаптарды қоймайды. Қазақстан жағынан болатын өкілетті тұлғалар елге ұзақ мерзімде қажетті шарттарды қою керек.
Сонымен қатар Қазақстан Ресеймен бірге ДСҰ-на кіруі керек, есесіне олар Қырғызстан, Тәжікстан және Белоруссиямен «ЕврАзЭС» кедендік одағына кіреді, ал оның көптеген ережелері, нормалары мен механизмдері ДСҰ-нан басқаша болып келеді. Сондықтан Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі уақытта кіруі салдарынан не ДСҰ, немесе ЕврАзЭС-тің мүшелігінен шығу қаупі төнуі мүмкін.
3.2 Жапония ДСҰ-ң мүше елі ретінде
XXI ғасырға барар жолда 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты несие беруші елге айналды. Елде экономикалық өмірдің барлық саласында түбегейлі қайта құрулар елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы қоғамның негіздері жасалды.
Жапонияның өнеркәсібі алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды.
Қуат және
шикізат көздерінің дағдарысынан кейін,
яғни 70-жылдардың ортасында
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығын да түбірімен қайта құруға тура келді. 1929 жылы Н.И. Вавилов осы елге жасаған сапарынан кейін өзінің «Пять контингентов» дейтін кітабында былай деп жазды: «Жапониядағы егіншілік өзінің өнімділігімен таң қалдырады. Орталық және Оңтүстік Жапонияда жердің әрбір кішкентай пұштағы жете пайдаланылған». Әрине, қазір дәстүрлі шаруашылықтағы өнімді еңбек әлі сақталып отыр. 40-жылдардың аяғындағы аграрлық реформадан кейін помещиктік жер иеленушілік жойылып, жер шаруалардың меншігіне берілді де, негізгі өнім өндірушілер фермерлер болып шықты.
Ауыл шаруашылығының құрылымы да өзгерді. Жапония әрқашан да таза егінші ел болатын. Егістік жердің тең жартысын алып жататын күріш бұрынғысынша дәнді дақылдардың ішіндегі жапондардың негізгі наны болып қала берді. Бау – бақшамен айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс өсіру жақсы дамыды. Жапондардың тамақтану рационы еуропалық және американдық рационға жақындай түсті.
Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы – балықшылық. Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар. Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр алуан болуы тек балықшылық ғана емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да мүмкіндік берді. Балық пен теңіз өнімдері жапондардың азықтық рационында үлкен орын алады. Сондай-ақ онда інжу-маржан кәсібі дамыған.
Жапонияда өзен қатынасы мен құбыр тартудан басқа көлік түрлерінің бәрі жақсы дамыған. Өзінің көлік-жол торабы бойынша бұл ел Батыс Еуропа елдерін еске түсіреді, бірақ жүк, әсіресе жолаушылар тасымалдауда олардың кез келгенінен асып түседі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі және ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен қолданылады және өзінің ¾ салмағындай жүк көтеріп жүзетін «арзан көлік».
Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі - өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары, калькуляторы, сағатын, автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон бизнесмендерінің айтатын сөзі – «сауда жасау немесе өлу». Соңғы кезде бұл ел тауар экспорттаудан капитал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа да елдеріне бағытталған.
Жапонияның сыртқы саудасының артықшылықтары:
-электроника мен автомобильдердің маңызды өндірушісі;
-АҚШ және Еуропа идеяларын шығармашылық дамыта алу қабілеті;
-бүкіл әлем бойынша өндіріс орындары бар, соның ішінде АҚШ пен Еуропа елдерінде;
-ішкі нарық шетелдік бәсекелестерден жақсы қорғалған;
-ұлттық валюта құнының әлсіз болуы экспортты ынталандырады.
Кемшіліктері:
Экспорт құрылымы: көліктік құрылғы, көліктік құрал, электроника, электротехника, химикаттар. Экспорт серіктестері: АҚШ 20,4 %, Қытай 15,3%, Солтүстік Корея 7,6%, Тайвань 6,3%, Гонконг 5,4%.
Импорт құрылымы: машина және құрал-жабдықтар, отын, тұтыну тауарлары, химикаттар, текстиль, руда және тағы басқа шикізаттар. Импорт серіктестері: Қытай 20,5%, АҚШ 11,6%, Сауд Арабиясы 5,7%, БАӘ 5,2%, Австралия 5%, Солтүстік Корея 4,4%, Индонезия 4,2%.
3.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары
Негізінде Кеден одағын құру туралы шешім осыдан он жыл бұрын қабылданған. Алдымен ТМД содан кейін Еуразиялық экономикалық одақ, ақыры кедендік одақ құру керек деген ұсыныстар айтылған кезінде. Қазір ТМД елдері арасында осы одақты құруға дайын мемлекеттер Қазақстан мен Ресей. Ал Беларусьтің қосылған себебі - оның Ресеймен арадағы қарым-қатынасы жақсы жолға қойылған. Әрі екі мемлекет бұдан үш жыл бұрын одақ құрған. Дегенмен үш мемлекет экономикасындағы айырмашылықтар жетерлік. Айталық, Қазақстан мен Ресейді салыстырар болсақ¸ ресейліктердің өндіріс саласы жақсы дамыған. Ал еліміздің өндіріс саласы тоқырауда. Киетін киім, ішер астың 70-80 пайызын шетелден әкелеміз. Тіпті өндіріс деп жүрген жиһаз жасау, тағы басқа салаларға қажетті құрал- жабдықтың бәрін шетелден тасимыз. Бұл жабдықтарға баж салығы тым жоғары. Айта кететіні, Ресейде отандық кәсіпкерлер шетелден тасымалданатын тауарлардан жақсы қорғалған. Кеденде оларға салынатын баж салығы өте жоғары. Кеден одағы жұмысын бастағалы бері Қазақстан да кедендік тарифтерді Ресейдікімен теңестіруге кірісті. Қазір ресми мәлімет бойынша, шетелден тасымалданатын тауарлардың 32 пайызының баж салығы көтерілді. Шамамен алғанда 10 пайызынікі орташа деңгейде қалса, тек бес пайызынікі ғана төмендеген. және әр тауар түріне әр түрлі көлемде көтерілген. Айталық, Малайзиядан жиһаз әкеп сататын кәсіпкер бұрындары 15 пайыз көлемінде баж салығын төлейтін. Қаңтардан бастап баж салығынан бөлек әр тауардың келісіне 0,6-0,7еуро көлемінде қосымша қаржы төлейтін болыпты. [20,81б]
Демек, оның тауарларының бағасы 350 пайызға көтерілді деген сөз. Бірнеше дүкені бар кәсіпкер де азық түлік бағасының кемінде екі есе қымбаттағанын айтады. Қытай түгіл, Ресейден әкелетін тауарлар бағасы көтеріліпті. Сол сияқты кондитерлік тауарларға қажетті шикізат – тростникті Куба, Бразилиядан әкеледі. Бұған салынатын баж салығы да айтарлықтай өскен. Енді кондитерлік өнімнің бағасы көтерілетіні анық. Көліктерге тоқталар болсақ, оның баж салығы тіпті шарықтаған. Өйткені Ресейде шетелдік көліктерге салынатын баж салығы тым жоғары, біздікінен үш есе қымбат. Сөйтіп бізге Еуропа, Жапониядан әкелінетін көліктердің бағасы үш есе қымбаттаған. Мұның себебі түсінікті. Ресей кеден одағы аясында шетелден әкелінетін көліктерге тосқауыл қойып, өз көліктерін сатуға мүдделі. Ал Қазақстан бұған мойынсұнуға мәжбүр. Сол тәрізді елімізде балық өнеркәсібімен айналысатын жеті кәсіпорын бар. Бұлар өз ұсыныстарын дайындап, кеден одағы аясында құрылған жұмыс тобына ұсынған. Түптеп келгенде, олардың ұсыныстарына ешкімде құлақ аспады. Тағы да Ресейдің жетегінде кетіп, солардың баж салығына теңестік. Оның үстіне Ресейде балық шаруашылығымен айналысатын компаниялар жетпіске жуық. Енді балық бағасы да қымбаттамақ.
Осыдан-ақ көп нәрсені экономика емес, саясат шешіп жатқаннын аңғарамыз. Ресей соңғы жылдары алдына көп мақсат қойды, Еуропа елдерінің арасында ықпалын, беделін күшейтіп, әлем санасатын елге айналу дегендей. Осы тұрғыдан алғанда, кеден одағының Ресейге үлкен септігі тимек. Есесіне, қазақ кәсіпкерлерінің бұдан ұтары шамалы болып тұр. Оның үстіне шетел тауарлары қымбаттағанын пайдаланған бәз біреулер Ресейден әкелінетін тауарлар бағасын да көтеріп жатыр. Осылайша баж салығы төмен болса да, ресейлік тауарлардың бағасы шетелдікімен бірдей болып тұр.
-Ресей тауарларының өзі қымбаттап жатса, бұл одақтың пайдасы не сонда?
-Одақтың құрылғанына бір жыл болады. Бірақ оның пайдасына қол жеткізген жоқпыз әлі. Керісінше, ұтылып жатқан тұстарымыз көп. Қазір отандық кәсіпкерлерге бір-ақ жол қалды. Ол – ресейлік кәсіпорындармен бірігу. Нарықта қалудың бірден-бір жолы осы. Ал өз бетінше күн көріп жүрген кішігірім кәсіпорындардың ахуалы мүшкіл. Жалпы алғанда, кеден одағы шикізатты сыртқа сататын компаниялар үшін тиімді. Өйткені шикізатты Ресей арқылы тасымалдаудың тарифтері төмендейді. Ал өндіріс саласындағы кәсіпорындардың ахуалы қиындай түспек. Ресейлік ірі өндірушілер демпинг жүргізсе, отандық кәсіпкерлер бұған шыдамай жабылып қалуы мүмкін. Бәлкім, Ресейден тауар тасымалдаушыларға кеден одағының пайдасы тиетін шығар. Ресейлік нарыққа шығамын деушілерге де кедендік кедергілер жойылады. Декларация толтыру, түрлі рәсімдеулерден басталады. Бірақ түптің түбінде ресейлік компанияларға ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеуші кәсіпорындар ғана бәсекелес бола алады. Ал шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеті төмен.
Бір қызығы,
кеден одағын құру туралы біраздан
бері айтылып жүрсе де, кей кәсіпкерлер
мұны тым кеш естіген. Көбіне-көп
қауымдастыққа бірікпеген кәсіпорындар
бұдан хабарсыз қалған. Айталық, тоңазытқыш
камераларын жасайтын кәсіпорын
өкілдері ешқандай жұмыс тобына қатыспаған.
Күзде одақтың құрылатынын
Қысқасы, Ресей мүдделі болмаса, ешқандай да өзгерістердің болмайтыны анық. Кеден одағы комиссиясы құрылған. Қазақстан мен Беларусьтің бұл комиссиядағы дауысы 21,5 пайыздан. Ал Ресейлік 57 пайыз. Кімнің мүддесі көбірек ескерілетінін осыдан байқауға болады.
Кеден одағы кезіндегі Кеңес одағының бір үлгісі болып шығуы мүмкін. Бұл одаққа Қырғыстан мен Тәжікстан енуге ниет білдіруде. Онсыз да Қырғыстан мен Тәжікстанның Ресеймен байланысы күшті. Тәжікстан халқының жартысы Ресейде күнелтіп жүр. Бәлкім, кейінірек одаққа басқа мемлекеттер де қосылатын шығар.
Информация о работе Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары