Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................... ..3

1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары..........................................5
1.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы мен бюджеті...............................9
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары...........................................11
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны....................................15
2.2 ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары..........................17
2.3 Ауыл шарушылығы – Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы...........................................................................................................19

3 ДСҰ-ға КІРГЕН ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі.....................................22
3.2 Жапония ДСҰ-ң мүше елі ретінде....................................................................25
3.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары...............................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовая ВТО...docx

— 138.02 Кб (Скачать)

1. Қазақстан нарығы шет елдік өңдеуші фирмалар үшін тым тар болып келеді, олар айтарлықтай табыс ала алмайды.

2. елдер тәжірибесіне негізделе отырып, кіші елдерге үлкен мемлекеттерге қарағанда талаптар өте қатаң болмайды. Себебі мүше елдерді үлкен елдердің сыйымды нарықтары қызықтырады да, оларға бәсекелес ретінде қатаң талаптар қояды.

3. теңгенің  нақты курсы жоғарыламай, төмендемейтін  болса, импорт экспортқа қарағанда көлемі және өсу қарқындары жөнінен асып түседі. Бұл жағдай Қазақстанның ДСҰ-на кіруіне айтарлықтай әсерін тигізе алмайды. Осылайша Қазақстанның ДСҰ-на кіруден пайда болатын жағымсыз жақтары едәуір болмайды. Егер Қазақстанның кейбір тауар түрлері бойынша тарифтері ДСҰ-на қарағанда айтарлықтай жоғары болса, бұл оған кіруден бас тартуға себеп бола алмайды. Бәсекелестігі төмен өнімді шығару, адамдарды өнімділік дәрежесі төмен тауарды өндіруде ұстау оның нәтижесінде қызмет ете алмайтын жүйе ретінде құлауына әкелетін еді.

Қазіргі кезде Қазақстан нарығындағы бәсекені импортталатын тауарлар құрайды, сондықтан ДСҰ-на енгеннен кейінгі шет ел бәсекелестерінің әрекеттері ішкі бәсекелес ортаны жандандырып, отандық өндірушілерді өндірісті жаңартуға, бағаны төмендетуге, өнім сапасын жақсартуға және тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы импорт бәсекеден басқа келесілерді  қамтамасыз етеді:

  • арзан, сапасы жақсы, табысы аз тауарлармен қамтамасыз ету; 
  • кәсіпорындарды техника мен технологияларды жаңартуға, өндіріс шығындарын төмендетуге, қазіргі заманғы бәсекелес өнім шығаруға мүмкіндік беретін инвестициялық тауарлармен қамтамасыз ету; 
  • инвесторларға тауарлар түрлеріне сұраныстың артуы жайында мәлімет береді және уақтылы жаңа өндірістерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
  • кәсіпкерлерді өндірісін не дамытуға, не жабуға мәжбүрлейді;

Әрине, Қазақстанның ДСҰ-на енуі нәтижесінде бәсеке артады, бір салалар дамып, ұтады да, екіншілері ұтылып, өндіріс шығындарын азайту мен еңбек өнімділігін арттыруға әдістер таппаса, жабылады.

Нарықтық  экономика жағдайында Қазақстанның материалды өндіріс салалары болуы  міндетті емес. Өндіріс тиімділігі артық өнеркәсіп түрлері дамиды да, қалғандары жойылады. Қазақстандағы  ең тиімсіз өндіріс салаларына келесілер  жатады: химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл  өнеркәсіп. Алайда бұл салалардың ДСҰ-на енуден кейін дамуы үшін мүмкіндік пайда болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, еңбекке сыйымды өндіріс салалары ұтыста қалады.

Кіргізу баждарын арттыру, отандық өндірушілерге  көмек көрсету сияқты, іс-әрекеттер  ҚР кейбір заңдарын бұзады.

«Адал емес бәсеке туралы» ҚР заңының 4-бабында келесідей     айтылған: «мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына нарықтық қатынастары-ның бөлек субъектілеріне жағымды немесе дискриминациялық жағдайлар жасауға, бәсекені шектеу немесе жоюға, тұтынушылар құқықтары мен мүдделерін бұзуға тыйым салынады».

Бәсекелес және тиімді отандық өндірістің дамуына  импорт кері       әсерін тигізбейді, керісінше кедендік және салық саясатының тиімсіздігі, бір сала кәсіпорындарына бірдей емес жағдайларды жасау, жоғары пайыздық қойылым дамуын тежейді.

Теңгенің  нақты курсының азайтылуы импортты тауарларға тарифті және бейтарифті шараларға қарағанда үлкенірек  шектеу болады. Импортерлерге елге шет ел тауарларын әкелу ешбір табыс әкелмейді. Нарықты қорғаудың тағы бір механизмі - ұлттық стандарттарды қолдану. Бұл механизм әсіресе АҚШ-та кең түрде қолданылады.

Қазақстанға нарықтық экономика статусы оңай берілген жоқ.             Бірақ осыған байланысты артықшылықтар мемлекет ДСҰ-ның толық     мүшесі болмаса, айрылуы мүмкін, өйткені экономиканың нарықтағы    статусы елді энергоқорларға салынатын антидемпингтік бағалардан қорғай алмайды.

 

2.3 Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы

 

Қазақстанда көмекті қажет ететін жалғыз сала – ауыл шаруашылығы. Тек бұл сала бойынша ДСҰ шеңберінде дотациялар мен субсидиялар көзделген. Алайда қосылушы елдердің ең киын келісім сөздер кезеңі           осы сала бойынша жүргізіледі. Қазақстан үшін бұл экономика –                  құраушы салалардың бірі. Оның ЖІӨ-де алатын үлесі 1990 ж. 34% қазіргі кезде   8,5-9% дейін төмендеді. Ауыл шаруашылығы дамуының болашағымен        Қазақстан халқының 44%-ның тағдыры тығыз байланысқан. Ауылда ұлттық генеқор жинақталады, ауыл тұрғындары ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді, рухани құндылықтарды өз бойларында сақтайды және таратады. Сондықтан ауылдың дамуы Қазақстан үкіметінің ұзақ мерзімге бағытталған     әлеуметтік-экономикалық мақсаттарының бірі. Азық-түлік қауіпсіздігі сыртқы орта жағдайларын сақтай отыра, қол жеткізімді     бағамен, сапасы жақсы, жеткілікті көлемде өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету. 90 жылдары ДСҰ-да 15 елдермен ауыл шаруашылығының көпжақтылық концепциясы қабылданған, ол бұл салаға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. ДСҰ-да бұл концепцияны Жапония, Корея, Швейцария, Норвегия қолданады.

Жапония Үкіметі  ауыл шаруашылығына көмек көрсетуді келесі факторлармен байланыстырады: [13,7б]

-әлемдік нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақсыз. Ауыл-шаруашылығы жалпы тұрақсыз сала, оның өнімдерін тек бірнеше елдер ғана экспорттайды;

-азық-түлік жетіспеген жылдары ауқатты мемлекеттер оның барлық қорларын сатып алуы мүмкін, ал бұл әлемдік нарыққа кері әсерін тигізуі мүмкін;

-өнімдерді сақтау кезінде тез бұзылатынына байланысты резервтерді тек қысқа мерзімге жасау мүмкіндігі.

Қазақстан үшін бұл саланың маңызы ерекше. Оның дамуы мемлекетке мультипликациялық әсерін тигізеді. Бір жағынан ол өзі өндіріс салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін болса, екінші жағынан өзі ауыл шаруашылық техника, құрылыс, көлік салаларының өнімдерін тұтынады. Осылайша сала басқа салалардағы жұмысбастылық деңгейін сақтай отыра, олардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз етеді.

Қазақстанның  кейбір ерекше жағдайларын ескергеніміз жөн. Астық шаруашылығының көп бөлігі тәуекелі жоғары жер өңдеу зонасында  орналасқан: 2-3 жыл жағымды климат жағдайлары 1-2 жыл жағымсыз климат жағдайларымен  алмасады. Мал шаруашылығы да үлкен тәуекелмен дамиды. АҚШ және Европа елдеріне қарағанда, әр өндіріс үлкен территория өңдеуге, техника және адам ресурстарын тартуға мәжбүр болады.

Ауыл шаруашылығына көмек көрсетуден бас тартуға болмайды, өйткені ол ел үшін көптеген тәуекелді жағдайларды тудыруы мүмкін, өнеркәсіп өндірісінде бәсекенің әсері оларды жаңартуға көмектессе, ауыл шаруашылығы импортталатын тауарлармен бәсекеге түсе алмайды да,  нәтижесінде құлдырауға ұшырайды, 6 млн. адам қалалар мен көршілес мемлекеттерге миграциялауға мәжбүр болады. Онда қалаларда жұмыссыздар саны шектен тыс асып түсіп, мемлекетте кедейлік, қылмыстық өсе түседі де, тұрақсыз саяси жағдай туындайды.

Осыған байланысты көптеген дамыған мемлекеттер ауыл шаруашылығын қорғау шараларын қолданады.

ДСҰ-да ауылшаруашылығын қорғау мен көмек көрсету үш бағыт  бойынша жүзеге асырылды: 

  • Ауыл шаруашылық экспортты субсидиялау; 
  • Ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдеріне тарифтер; 
  • Ауыл шаруашылығын ішкі субсидиялау.

Ауыл шаруашылығына ең үлкен көмекті АҚШ, Жапония; ЕО елдері сияқты дамыған мемлекеттер көрсетеді.

Қазақстан ет пен астықты стратегиялық маңызды  өнім ретінде ДСҰ- ның келісімдерінен алып тастауды талап етуі керек (Жапония  күріш жайында істеген сияқты). Алайда бірден ауыл шаруашылық экспортты  субсидиялаудан бас тарту керек. Бұны барлық мүше елдер талап етеді  және соңғы жылдары ДСҰ-ның құрамына енген елдердің барлығы оны алып тастады. Сонымен қатар Қазақстанда  субсидияларды ауыл шаруашылық өнімдерді өндірушілер емес, делдалдық астық компаниялары алады.        Яғни олардан бас тарту фермерлерге өзінің кері әсерін тигізбейді. Ауыл шаруашылық өнімдер импортына тарифтер басқа мүше елдердің тарифтеріне қарағанда едәуір төмен - 16.3%, бұл тариф дамушы елдерде - 18.76%, өтпелі елдерде – 13.36%, ал дамыған елдерде - 43,41%. Мүше елдер импорттық тарифті 6% деңгейіне дейін төмендетуді талап етуі мүмкін, ал 6 жыл ішіндегі орташа салмақтанған кедендік баждардың біртіндеп төмендетілуі тауар өндірушілерге шығарылатын өнім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тарифтік қойылымды арттыруға байланысты нарықтық қауіпсіздік деңгейі артпайды, өйткені оның әсері кедендік әкімшіліктің әсерінен жоққа шығады. Бүгінгі таңда бұл саланы қорғалған деп атай алмаймыз, алайда ол тарифтерсіз дамып келе жатыр.

Ауыл шаруашылығын ішкі субсидиялау мәселелерін шешу қиынға түседі. ДСҰ-ның ережелері бойынша ең үлкен деңгей дамыған мемлекеттер үшін - 6 жыл ішінде 20%, ал дамушы елдер үшін 10 жыл ішінде 13% төмендетілуі керек.

Егер ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялаудың ең үлкен деңгейін Ресей үшін 1 млрд. доллар көлемінде орнатса, Қазақстан үшін 90 млн. доллар мөлшерінде орнатуы мүмкін. Бұл көлемді 550 млн. АҚШ доллары көлемінде орнатуға болады, алайда мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерімен тиімсіз субсидиялау керексіз болуы мүмкіндігін қарастырған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ДСҰ-ға КІРГЕН ЕЛДЕР  ТӘЖІРИБЕСІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі

 

ДСҰ 1995 ж. СТЖК-ның  негізінде құрылған және оның мүше елдері 1995 ж. 1 қаңтарынан автоматты түрде ДСҰ-на қабылданған.

Біз үшін социалистік  болған елдердің ДСҰ-на кіру тәжірибесі маңызды болып келеді. Оларға: 1996 жылы кірген Болгария, 1997 жылы енген Монғолия, 1998 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Латвия, 2000 жылы кірген Эстония, Грузия, Албания және 2001 жылы енген Молдова, Литва, ҚХР жатады.

Бұл елдердің барлығына (ҚХР қоспағанда) келесілер тән болып келеді:

- халықтың аздығы, ішкі нарықтың тарлығы;

  • ірі табиғи ресурстардың аздығы;
  • әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы және кіру кезінде төмен деңгейі, әсіресе, Қырғызстан, Болгария, Монголия, Грузия, Молдовада;
  • елдер топтары ішінде саяси тұрақсыздық.

Осы сипаттамаларға қарап, бұл елдер ДСҰ-ның мүше елдері үшін үлкен экономикалық қызығушылық  туғызған жоқтығы айқын. Ал көбісіне ДСҰ-на кіру кезінде жоғары талаптар қою әділетсіз болып табылды. Мысалы, Болгария, Монғолия, Латвия, Эстония үшін ауыл шаруашылық өнімдер бойынша жоғары тарифтік төмендетулер берген. Болгарияға өтпелі кезеңді 15 жыл, Албания мен Латвияға - 9 жыл орнатты. Қалғандарының өтпелі кезеңдері 4-7 жыл аралығында сақталды, ал Монғолия тіпті өтпелі кезеңсіз кірді. [14,2б]

Дегенмен, 1996 жылдан кейін кірген елдердің барлығына тарифтер жөнінде қатаң талаптар қойылды, ал ауыл шаруашылығындағы экспорттық субсидияларға (Болгариядан басқа) ешкім рұқсат алған жоқ. ДСҰ-ның 153 мүшесінің 30-ы ғана экспорттық субсидияларға ие, бұл ДСҰ-на оның құрылу кезеңінен мүше болған елдер.

Жалпы, қарастырылған елдердің оларға дейін енген мемлекеттерге қарағанда кіру шарттары нашар болды. Тек Болгария ғана басқалардан бұрын еніп (1996ж.). жағдайы жақсы болды. Қазақстан ДСҰ-на кіргенде, басқаларға қарағанда қатаңырақ шарттармен енеді. Аталған елдердің екіжақты келісімдер үрдісі өте қиын өткен. Қазақстан үшін бұл үрдіс одан да қиын бола түседі, өйткені ол халық саны жағынан бұл елдерден асып түседі, мұнай, металл, ауыл шаруашылығымен және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерімен негізделетін күшті потенциал көмегімен Қазақстан өңдеуші өндірістің жоғары бәсекелес салаларын жасай алады. Бұл ҚХР-ның ДСҰ-на енуі тәжірибесімен расталады. СТЖК-ге ену туралы құжатты 1986 ж. беріп, Қытай ДСҰ-на кіруге 2001 ж., яғни 15 жылдан кейін ғана мүмкіндік алды. Оның ДСҰ-на кіруінің негізгі шектеулері талап етілген жоғары талаптар болды.

Ол 214 стандартты емес шарттарды қабылдады, мысалы, Қытайға  антидемпингтік тексерулер кезінде  нарықтық экономикалы ел статусын беру туралы мәселені 15 жыл бойы қозғамау, мемлекеттік сатып алымдар, азаматтық авиатехника саудасы, интеллектуалды мүлікті қорғау туралы, инвестициялық шаралардың сауда аспектілері жайында келісімдерге қол қоюға мәжбүр етті.

Қытай қысқа  мерзім ішінде импорттық тарифтерді ірі төмендетулерге көнді. Қойылымдарды төмендету 6223 тауарлық позициялардың  ішінен 5685 қолданылады, ал бұл 91,4% құрайды. Кіргізу баждарын 70% төмендету 9 позиция  бойынша, 30-70% 88 позиция бойынша жүргізіледі. Қойылымдарды төмендету қысқа мерзімдер ішінде жүзеге асырылады. Жалпы тауарлық позициялардың көбісі бойынша кіргізу баждарының қойылымдары 0-30% ауытқыды.

Бірақ ҚХР ауыл шаруашылығы саласында ең үлкен төмендетулерді енгізді, ол кіргізу баждарын орташа 21,2%-дан 17%-ға дейін азайтты. Импортқа квоталарды алып тастады және жеке компаниялар арасында ауыл шаруашылық өнімдерімен саудаға рұқсат берді, ауыл шаруашылық өнімдердің экспортын субсидиялаудан толығымен бас тартты. Эксперттердің ойынша, Қытай мұндай төмендетулерге экспорт бойынша артықшылыққа ие болу үшін және сыртқы саудадағы оң сальдоға қол жеткізу үшін барды. Шындығында өндірілетін текстиль өнімдері мен киімге салынатын квоталар алып тасталды, өзінің ойыншықтар, электроника, химия және фармацевтика өнімдерінің әлемдік нарыққа ену жағдайларын жеңілдетті.

Қазақстанның  ДСҰ-на кіруіне қарсы болушылар Қырғызстан, Грузия және Молдова үшін жағымсыз жақтарды себеп ретінде келтіреді. Қырғызстан, Грузия және Молдоваға шетелдік инвестициялардың ағымы артқан жоқ, экономикалық өсім 1998 ж. қарағанда едәуір төмендеді. Бірақ кез-келген ел экономикасы бір емес, бірнеше факторлар есебінен қалыптасады. 1999 ж. ТМД елдерінің экономикасы Ресейде болған экономикалық кризис есебінен дамыған, ал 2000 жылдан қазірге дейін мұнайдың әлемдік бағаларының өсуі және өнімдер бағасының артуына байланысты бағалық бәсекелестіктің төмендеуі есебінен дамып келеді.

Оларға ешкім  инвестициялық дүмпу болады деген  жоқ, Стратегиялық шикізат түрлері  жоқ, ішкі нарығы тар, теңізге шығатын  жолдары жоқ елдерге шет ел инвестициялары әрине ағылып келмейді. Алайда бұл елдердің экономикалық өсімінің жағдайлары өте нашар емес. [15,285б]

Латвияның экспорты 2000 ж. ДСҰ-на кірудің есебінен алдыңғы  жылға қарағанда 12%, ал инвестициялар  көлемі 14% артты. Бәсекенің күшеюі, отандық  өндірушілерге әлемдік өндірушілер  жағынан қысым жасауын олар мемлекеттің  экономикалық жағдайын жақсартушы фактор ретінде қарастырады. «Отандық өндірушілер  екеуінің біреуін таңдау қажет еді: не олар бәсекелестік қабілеті жоғары өнімді өндіреді, не оларды нарықтан ығыстырып  тастайды. Осының әсерінен отандық  өндірушілер сапаны жақсартты да, қазір латвиялық тауарлар шет  елдікілерден сапасы жағынан асып түседі...» - дейді Латвияның өкілетті органдары.

Информация о работе Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары