Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.
КІРІСПЕ................................................................................................................... ..3
1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары..........................................5
1.2 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы мен бюджеті...............................9
1.3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары...........................................11
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны....................................15
2.2 ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары..........................17
2.3 Ауыл шарушылығы – Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы...........................................................................................................19
3 ДСҰ-ға КІРГЕН ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі.....................................22
3.2 Жапония ДСҰ-ң мүше елі ретінде....................................................................25
3.3 ҚР-ның сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары...............................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................32
-Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
-Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
-Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.
Қазақстан астығы әлемге танымал бола бастады. Оның экспорттық географиясы кеңіді. Аграрлық азық-түлік бағдарламасының аясында астық қолхаттарын кепілдендіру жүйесі енгізіліп, ол өзі жұмыс істей бастаған екі жарым жылдың ішінде ТМД, Шығыс Еуропа, Қара теңіз бассейні аумағындағы елдер арасында ең үздік жүйе ретінде танылып үлгерді. Осы қордың кепілдендіруімен Еуропаның қайта құру және даму банкі, Robobank іnternatіonal, Natexіs bank секілді халықаралық қаржы ұйымдары еліміздің астық шаруашылықтарын несиелендіре бастады. Оған қосымша қордың кепілдендіруімен екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 30 миллиардтай теңгенің несиесін бөлді. Осы фактінің өзі-ақ Қазақстан астық шаруашылығының артып келе жатқан әлеуеті мен болашақ мүмкіндіктері халықаралық деңгейде мойындала бастағандығын білдірсе керек. Ал осыдан үш жыл бұрын отандық банктердің өзі ауыл шаруашылығына сенімсіздікпен қарайтын.
Әрине, ДСҰ-ға қосылуға қатысты біздің де есепке алып отырған мәселелеріміз бар. Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық бағасына әсер ете алатын дамыған елдер үшін мемлекет қолдауы аграрлық саладағы барлық өндірілген өнім құнының 5 пайызына дейін рұқсат етілсе, дамып келе жатқан елдер өздерінің аграрлық секторларын 10 пайызға дейін қолдау мүмкіндігіне ие бола алады. Сонымен қатар қазіргі талдаулар ДСҰ-ға мүше болып табылатын дамыған мемлекеттерде бағаны субсидиялаудың нақты орташа деңгейі ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім құнының 14 пайызына жуығын құрайтындығын, ал негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші елдерде, айталық, АҚШ-та мемлекеттік қолдаудың бұл түрі құнның 25-30 пайызы мөлшерінде болғанда, Еуропа одағы елдерінде 50 пайызға, ал Финляндияда 70 пайызға дейін жетіп отырғандығын көрсетеді. Ауыл жылдары деп жарияланған соңғы үш жылда ол бізде де айтарлықтай өскендігіне қарамастан, ауыл шаруашылығы өнімінің бағасына әсер ететін мемлекеттік қолдау 2 пайыз мөлшерін құрап отыр. Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылған кездегі біздің мақсат – еліміздің агросекторына мемлекет қолдауын өзімізге қолайлы деңгейде сақтап қалу. Егер біз ДСҰ-ға өзімізге қолайлы режим жағдайында қосыла алсақ, осы оқиға салдарынан еліміздің агросекторы көп зардап шеге қоймас, ал астық шаруашылығы тіпті ұтысқа да шығуы мүмкін.
Ауыл шаруышылық өнімдері саудасы халықаралық саудасының ең маңызды саласының бірі, әлемдік тауарлар экспортының жалпы көлемінің 10%-ын құрайды (540 млрд. АҚШ доллардай). Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік саудасында үлесі 80%-ға тең азық-түлік пен өңдеу өнеркәсібінің өнімдерінің саны көпшілік. Қалған 20% ауыл шаруашылық шикізатын құрайды. Ауыл шаруашылық өнімдерді ірі экспорттаушылары – АҚШ (әлем экспортының 12,1%), Франция (7,2%), Нидерланд (6,2%), Канада (6,0%) мен Германия (5,1%).
ДСҰ-ның ауыл шаруашылық жөніндегі келісімдерімен сәйкес тарифтік емес шараларға тыйым салынған, олар көп ұзамай жойылып, ДСҰ-ға кіргеннен кейін қарапайым импорттық баждарға өзгертілуі тиіс.
Ауыл шаруашылықты ішкі қолдау және экспорттық субсидиялар
1. Ішкі қолдау
Әлем мемлекеттерінің көпшілігі өзінің ауыл шаруашылық саласына нормативтік құқықтық актілер негізінде реттеу мен бюджеттен қаржылық қаражаттарды бөлу нәтижесінде қолдау көрсетіп жатыр. Осындай, әсіресе дамыған елдерде кең таралған протекционистік саясат ауыл шаруашылық тауарларының ішкі және дүниежүзілік бағаларының бұрмалануына, осының нәтижесінде әділетсіз бәсекелескке апарады. Осының себебінен Уругвай раундының барысында сауданы бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шараларын тәртіпке келтіру туралы шешім қабылданды.
Ауыл шаруашылық жөніндегі келісім мемлекеттің ауыл шаруашылықты қолдауының екі негізгі категориясын анықтайды:
«Жасыл
жәшік» шаралары, сауда немесе
өндіріске кері әсерін
Оған кіретін шаралар: [9,4б]
- ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
- зиянкестер
немесе жануарлар ауруларымен
күресу мақсатында ақшалай
-қызметкерлер
дайындау бойынша қызметтер,
- инфрақұрылым
бойынша қызметтер:
- азық-түлік, ең алдымен бидайдың, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алуларды мемлекеттік қорға жинақтау;
- қажет ететін халыққа ішкі азық-түлік көмек көрсету мақсатында мемлекеттің фермерлерден ауыл шаруашылық өнімдерді сатып алу;
- мемлекеттің төтенше жағдайлардан астықты сақтандыру жөніндегі бағдарламаларға қатысуы, т.б..
2. Экспорттық субсидиялар
ДСҰ шеңберінде
осы субсидияларға
Экспорттық субсидияларды ұсыну құқығын иеленген дамыған елдер 6 жыл ішінде субсидияланған экспорт көлемін 21%-ға біркелкі азайтуға және тиісті бюджеттік қаржыландырудың көлемін 24%-ға азайтуға міндетті болды. Дамып келе жатқан елдер үшін тиісті міндеттіліктерге жататындар: субсидияланған экспорт көлемінің 10 жыл ішінде 14%-ға азаюы, бюджеттік қаржыландырудың көлемін 24%-ға азайту.
Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер
Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері нормаларына сәйкес келтірілген заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің тізбесі сауда және тариф жөніндегі келісім «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 120 Заңы көпшілік тыңдаулар өткізу кезінде табиғи монополиялар субъектілерін тарифтерді болжанған өзгерту туралы ақпаратты тұтынушыларға беруді міндеттейді, бұл ретте табиғи монополиялар субъектісін сатып алудың ашықтығы мен жариялылығын күшейту үшін тұтынушылар өткізілетін тендерге қатысу құқығына ие болады.
2.1 Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны
Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.
Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік нарықтағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр.
Солардың ішінде: [11,2б]
-облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министірлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
-барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестірді) аукционда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
-Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесіде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрап, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіруші салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.
Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр.
Экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.
Ал дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ АҚШ “Таргетинг” дегенді пайдаланушы елдерге (негізінен “жаңа индустриалды елдер”) қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.
ҚР сыртқы сауда айналымына тоқталсақ, 2010 жылы экспорт өткен жылға қарағанда 38,5%-ға, ал импорт 8,6%-ға артқанын байқап отырмыз. Сонымен қатар біз 1995 жылдан бері еліміздің экспорты мен импортында қандай орасан зор өзгерістердің орын алғанын көріп отырмыз. (Сурет 1)
мың АҚШ доллары
Сурет 1. 1995-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының экспорты және импорты
Қазақстанның экспорт және импорт құрылымы ел экономикасының шикізаттық бағытта және сырттан келетін дайын өнімге тәуелді екендігін көрсетеді. Қауіпті тенденция болып, импорттың жоғары үлесі табылады. Бұл тенденцияның дамуы экономиканы шикізаттық бағытта дамытып, инвестициялық тауарларға ғана емес, сонымен қатар тұтыну тауарларына да импорттық жоғары тәуелділікке алып келеді. Бұл қазіргі таңда Қазақстан экономикасының маңызды проблемаларының бірі.
Екінші орында металл экспорты. Оның үлесі 20,7% 2008 жылы металл экспорты өткен жылмен салыстырғанда төмендеген, қара металл 1%, түсті металл 0,2% пайызға, алюминий экспорты 10%-ға төмендеп кеткен. Басқа тауарлардың үлес салмағы 5%, оған бидай, жүн және тағы басқа тауарлар кіреді. Бұл Қазақстанның экспорты шикізаттық бағытта екенін дәлелдейді, әсіресе отын-энергетикалық ресурстар бойынша.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2010 жылғы қаңтар – маусымда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісі 2009 жылғы қаңтар – маусыммен салыстырғанда 5,1%-ға өсті. [12,6б]
2010 жылғы қаңтар – маусымда өндірілген өнеркәсіп өнімі 5336,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға өсті, оның ішінде тиісінше тау-кен өнеркәсібі – 3440,9 млрд. теңге (6,7%), өңдеу өнеркәсібі - 1623,2 млрд. теңге (0,7%-ға құлдырады), электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 272,5 млрд. теңге (9,0%).
Көмір өндіру көлемі 53,9 млн. тоннаны құрап, 19,8%-ға өсті, мұнай және газ конденсаты – 35,6 млн. тонна (7,1%), газ (табиғи) – 17,8 млрд. куб. м. (15,6%), мыс-мырыш рудасы – 2,2 млн. тонна (6,3%), алюминий рудасы – 2,6 млн. тонна (7%), марганец рудасы – 1,2 млн. тонна (4,9%). Темір рудасын өндіру 3,1%-ға төмендеді, 11,8 млн. тоннаны құрады, темір рудасы шекемтасы -0,8%-ға (3,9 млн. тонна), мыс рудасы – 3,2%-ға (16 млн. тонна) төмендеді.
ДСҰ-на кіруші
елдермен келісім сөздер кезінде
ең үлкен дау импортталатын
Қазақстанның
ДСҰ-на кіруіне қарсы келушілер
мұндай сыртқы сауда режимін либеризациялау
экономиканы толығымен шет
Сонымен қатар Қазақстан өз тарифтерін әрдайым төмендетіп келеді. Тауарлы позициялардың ең көп саны 0-15%, оның ішінде 75% тауарлы позициялар үшін тариф 1-10%, ал 94.3% - 0-15% көлемінде тарифтер қойылымдары салынады. (Сурет 2)
Қазақстан баждары қорғаныс мақсаттарына қарағанда, фискалды қызмет атқарады. 2008 жылы барлық импортты төлемдердің үлесі мемлекеттік бюджетте 2,4% үлес алды. Сондықтан ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін қызығушылық білдіруші тауарлар үшін импорттық баждарды айтарлықтай өзгертпейді.
Шет елдік компаниялар Қазақстан нарығын өз тауарларымен қамтамасыз еткісі келсе, қазіргі әрекет етуші төмен тариф қойылымдары олар үшін шектеу болмас еді. Бұған келесідей себептер бар:
Информация о работе Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары