Бухгалтерлік баланс

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 14:55, реферат

Описание работы

Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір мерзімге жинақтау, көрсетуді баланс деп атаймыз.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамымен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады.

Содержание

Кіріспе
I. Бухгалтерлік баланс
1.1. Бухгалтерлік есепшоттары туралы түсінік
II.Екі жақты жазу жүйесі
1.2 .Бухгалтерлік есепшоттарының құрылымы мен түрлері
2.1.Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жоспар YF.doc

— 203.00 Кб (Скачать)

     Шаруашылық  операцияларды бейнелеуде шоттардың ара-сында пайда болған экономикалық өзара байланысты — шот корреспонденциясы деп атайды, ал шоттың өзі корреспонденцияланушы шот болып аталады. Корреспонденциялануіпьі шоттардың дебит пен кредитте көрсетілуі бухгалтерлік жазу немесе өткізбе деп аталады.

     Бухгалтерлік  жазу (өткізбе) жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.

     Жай өткізбе деп шаруашылық операциялары сомасының бір шоттың дебитіне, екінші шаггьщ кредитіне жазылуын айтамыз.

     Күрделі өткізбе деп орындалған бір шаруашылық операциясына ең аз дегенде екі шот дебиттелініп, бір шоттың кредиттелінуін немесе керісінше, бір шоттың дебиттелініп, екі шоттың кредиттелінуін айтамыз. 
 

     2.1. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау 

     Шоттардағы  айналым және шаруашылық құралдардың қалдығы мен олардың көздері туралы алынған мәліметтер бухгалтерлік есеп беруді құрастыруға және ұйымның шаруашылық қызметіне бақылау жасап отыру үшін, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық әл-ауқатына талдау жасау үшін пайдаланылады. Сондықтан олар анық, түсінікті және дұрыс болуы тиіс Есеп беретін уақыт аралығында бухгалтерлік есеп қркатгарындағы жазуларда әр түрлі дұрыс емес соманың көрсетілуінен, соманың тек бір ғана шотта көрсетілгендігінен, бір жазудың екі рет көрсетілуінен және тағы басқа себептерден қателіктер жіберілуі мүмкін. Бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеріп отыру үшін? сонымен қатар басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін жинақталып Қорытылған мәліметтердің болуы қажет. Есептік ақпараттың әдетге ай соңында жүргізілетін қорытындылау эдістерінің бірі - шот бойынша айналым тізімдемелерін құру.

     Айналым тізімдемелері кесте түрінде көрініс алады, оның бірінші бағанасында кәсіпорында жүргізілетін барлық жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардың аттары жазылады да одан кейінгі үш пар бағанада:

     •   есеп беру кезеңінің басындағы шот бойынша қалдықтар;

     • есеп беру кезеңі үшін шот бойынша дебиттік және кредиттік айналым;

     •   есеп   беру   кезеңі   соңындағы   немесе   келесі   кезеңнің басындағы шот бойынша қалдықтар көрсетіледі.

     Жалпы айналым тізімдемелерін құру үшін барлық жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардың мәліметтері айналым тізімдемесіне бастапқы қалдық ретінде активті шоттың қалдығы дебиттік бағанға және пассивті шоттың қалдығы кредиттік бағанаға жазылады. Айналым тізімдемесінің қорытындыларын есептегенде, яғни жиынын есептегенде үш пар бағананың дебиттік және кредиттік бөліктері өзара тең нәтиже береді. Бұны тізімдемесіндегі айналым балансы деп те атайды. Бастапқы қалдықтың қорытындыларының (жиынының) теңдігі есеп беру кезеңінің басындағы баланста көрініс алатын шаруашылық құралдары сомасының олардың қорлану көздерінің сомасына тең болуымен түсіндіріледі. Дәл осылайша соңғы қалдық қорытындыларының тең болатындығын түсіндіруге болады. Ай бойғы айналым қорытындыларының (жиынының) теңдігі есепте екі жақты жазуды қолданумен түсіндіріледі. Ал бағаналардағы дебиттік және кредиттік қорытындылардың (жиынының) өзара тең болмауы шаруашылық операцияларының жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттарда дұрыс жазылмауы немесе сомаларды есептеу кезінде қателіктер жіберілгендігін көрсетеді. Егер бастапқы қалдық қорытындылары тең болмаса, онда баланстан бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріліп жазылмағаны немесе баланс дұрыс құрастырылмағаны (жасалмағаны) деп түсінуге болады. Егер ай бойғы айналым қорытындылары (жиыны) тең болмаса, онда қателікті екіжақты жазу принциптерінің бұзылуынан іздеу керек (жазу тек бір шотта жазылған немесе шоттарда әр түрлі сома жазылған). Бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріп жазылып, екі жақты жазу принциптері дұрыс орындалған жағдайда есеп беру кезеңінің соңындағы қорытынды (жиынтық) соманың тең болмауы, тек есеп беру кезеңінің соңындағы қалдықтың дұрыс есептелмегендігінен болуы мүмкін. Осы айтқандарымыз түсінікті болу үшін алдыңғы тақырыпта қарастырған мысалымыз бойынша «ККК» фирмасының 2006 жылғы қаңтар айына айналым тізімдемесін құрастырайық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     «ККК» фирмасының 1 қаңтар 2006 жылғы балансы 

     АКТИВ                              ПАССИВ
     1      2      3      4
Баптардың аталуы Сомасы Баптардың аталуы

Жарғылық  қор

Бөлінбеген пайда

Банк  несиесі

Сомасы 

     80000

     80000

     20000

     20000

     60000

     75000

Материалдық емес активтер 15000 15000
Негізгі құралдары 30000 30000
Аяқталмаған өңцірісі 90000 120000
     АКТИВ      ПАССИВ
Баптардың аталуы      Сомасы Баптардың аталуы      Сомасы
Дайын бұйымдары 70000 70000 Бюджетпен есеп айырысу 40000 40000
Материалдары 20000 15000 Жабдықтаушы мердігерлермен есеп аиырысу 50000 10000
     Ақшасы 110000 60000 Еңбекақы бойынша есеп айырысу 85000 85000
     БАЛАНС 335000 310000      БАЛАНС 335000 310000
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     «ККК» фирмасының 2006 жылдың қаңтар айындағы шоты бойынша айналым  тізімдемесі 

     Шоттыц  аталуы      Бастащы цалдыц      Ай  бойгы айналым      Соцгы цалдыц
 
      
Д-т К-т Д-т К-т Д-т К-т
     1      2      3      4      5      6      7
Материалдық емес активтер 15000             -      - 15000       
Негізгі Құралдары 30000             -      - 30000       
Аяқгалмаған өндірісі 90000        30000        120000       
Дайын бұйымдары 70000             -      - 70000       
Материалдары 20000        25000 30000 15000       
Ақшасы                 50000 60000       
Жарғылық  қор        80000      -      -        80000
Бөлінбеген  пайда        20000      -      -        20000
Банк  несиесі        60000 50000 65000        75000
Бюджетпен есеп айьфысу        40000      -      -        40000
Жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу        50000 65000 25000        10000
Еңбекақы  бойынша есеп айырысу             85000      -      -             85000
     БАРЛЫҒЫ      335000      335000      170000      170000      310000      310000
 

     Бұдан көріп отырғанымыз тізімдемедегі ақпаратты мәліметтер кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы ақпараттардан алынған. Сондықтан тізімдемедегі бастапқы қалдық сомасы баланстың ай басындағы мәліметгеріне, соңғы қалдық сомасы баланстың ай соңындағы мэліметтерімен тең болады. Ал есепті айдағы айналым сомалары ұйымдағы қаңтар айында орындалған мына төменде берілген операциялар негізінде жазылып отыр. 
 
 
 
 

Қорытынды 

Кәсіпорындар  мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңьшан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. «Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезевдерге сай дамитындығы белгілі. Ал шаруашылық есеп мэліметтері өндірістің экономикалық жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, талдап, қандайда бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып табылады. Қандайда бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1. 14 маусым  2000 ж.  №1155  ҚР аумағында төлем   құжаттарын пайдалану, қолма-қол  төлемдерді жүзеге асыру және  ақшаларды аудару ережесі.

2.  7   желтоқсан    1998   ж.    №153   банкаралық   жүйеде   ақшаларды   аудару ережесі.

3.   31   желтоқсан   2000   жылғы   №327   екінші   деңгейлі   банктерді   несиелеу бойынша  құжаттамаларды жүргізу ережесі.

4.  ҚР екінші деңгейлі банктерінің  жаңа шоттар жоспары / Ұлттық банктің 15 қазан 2000 жылғы №310 хаты.

5.  Қазақстан    Республикасының    экономикасын    қысқа    мерзімді    несиелеу ережелері, 11 ақпан 1994 ж. ҚР Ұлттық банкі  басқармасы бекіткен.

Информация о работе Бухгалтерлік баланс