Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 14:55, реферат
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір мерзімге жинақтау, көрсетуді баланс деп атаймыз.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамымен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады.
Кіріспе
I. Бухгалтерлік баланс
1.1. Бухгалтерлік есепшоттары туралы түсінік
II.Екі жақты жазу жүйесі
1.2 .Бухгалтерлік есепшоттарының құрылымы мен түрлері
2.1.Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
I. Бухгалтерлік баланс
1.1. Бухгалтерлік
есепшоттары туралы түсінік
II.Екі жақты жазу жүйесі
1.2 .Бухгалтерлік есепшоттарының құрылымы мен түрлері
2.1.Ағымдағы есеп
мәліметтерін қорытындылау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі
Кіріспе
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір мерзімге жинақтау, көрсетуді баланс деп атаймыз.
Баланстың
негізінде кәсіпорында бар
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағаменбелгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады. Кәсіпорын қорларының жағдайы баланста екі топқа бөлініп көрсетілген:
2. Екінші бөлік
шаруашылық қорларының пайда болу көзін
көрсетеді. Шаруашылық қор пайда болу
көздері баланыстың оң жағында орналасады
және оны пассив бөлігі деп атайды.
Баланстың актив және пассив бөлігі
әрқайсысы статиялардан тұрады. әрстатияда
шаруашылық қорларының түрлері және пайда
болу көздерінің нақты түрінің аталынуы
жазылады.
I. Бухгалтерлік
баланс
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі болып — бухгалтерлік баланс табылады, «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады, Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлшінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратық мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және таратылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған. қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді.
Мұндағы тартылган капитал дегеніміз кәсіпорынның міндетте-мелері, яғни осы ұйымыың басқа занды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорынан алашағы бар. Заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады, Инвестордың кредитордан айырмашылығы - кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни
барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив - міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте
кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп
беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың,
тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың
актив бөлімі үзақ
мерзімді активтер
және агымдагы активтер
деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ
мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның
материалдық емес активтері, негізгі құралдары,
ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары),
ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады.
Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның
материалдық құндылықтары, тауарлары,
дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі,
қысқа мерзімді дебиторлық борыштары,
қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең
шығындары, ақша қаражаттары және басқа
да ағымдағы активтері қарастырылады.
Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі
үш тараудан тұрады, Оның бірі меншікті
капитал деп аталып, онда кәсіпорынның
жарғылық қоры, резервтік қоры бөлінбеген
пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі.
Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары
тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
міндеттемелер деп аталады. Ұзақ
мерзімді міндеттемелер
қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған
несиелері мен қарыздары жатқызылса қысқа
мерзімді міндеттемелер тауарында ұйымның
алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке
қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы,
жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар
мен қызыметкерлерге еңбекақы бойынша
қарызы, зейнетақы қорларынан қарызы және
басқада кредиторлық борыштары көрсетіледі.
Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек
болуы үшін үлгі ретінде «ӨТЕГЕН» фирмасының
2006 жылғы 1 қаңтарға жасалғандығы бухгалтерлік
балансын қарастырайық.
1.1.
Бухгалтерлік есепшоттары
туралы түсінік
Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы сандарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау мүмкін емес және олай жасау тиімді болып табылмайды. Осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік шот қолданылады.
Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.
Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.
Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер» деп аталатын шот және т.б. шоттар қолданылады.
Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әрпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активтік» және «пассивтік» болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар ұйымның қолда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған. Әдетге шоттың сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит» болып аталады. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Д-т (дебит), К-т (кредит) түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.
Кәсіпорындағы
орындалған әрбір операция бір шоттың
дебитіне және екінші шоттың кредитіне
жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп
жазу белгілі
бір есепті кезең барысында жалғасады.
Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің
белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік
шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе
ақшаныңұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын)
біліп отыру үшін «қалдық» сөзі қолданылады.
Есепті кезеңнің басывдағы, яғни шоттың
ашылуы барысындағы қалдық -
«бастапқы қалдық»,
ал шоттың жабылуы барысындағы,
яғни есепті кезеңнің соңындағы
қалдық - «соңғы қалдық» деп аталады. Осы есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына
жазылған сандардың қосындысы
«дебиттік айналым», ал кредит жағындағы сандардың
қосындысы «кредиттік айналым» деп аталады. Осы жоғарыда аталған әрбір
шоттағы «дебиттік айналым» мен
«кредиттік айналымның» айырмасы сол шоттың қалдық сомасы болып
табылады. Ескеретін жағдай - шоттағы соңғы қалдық
сомасын есептегенде
ол шоттың бастапқы қалдығын естен шығармау керек.
Яғни кез келген шоттың соңғы қалдығы сол шоттың
бастапқы қалдығына «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның»
айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады. Егер
шоттың бастапқы қалдығы дебиттік болса, соңғы қалдықты табу үшін бастапқы қалдық сомасына
дебиттік айналым сомасы қосылып, одан кредиттік
айналым сомасы шегеріледі.
Ал шоттың
бастапқы қалдығы
кре-диттік
болған жағдайда, соңғы қалдық
сомасын есептеу
үшін бастапқы
қалдыққа кредиттік айналымды қосып, одан дебиттік айналымды шегеру қажет. Бұл айтқандарымыз түсініктірек болуы үшін төмендегідей екі шотты
қарастырайық: