Бухгалтерлік баланс

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 14:55, реферат

Описание работы

Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір мерзімге жинақтау, көрсетуді баланс деп атаймыз.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамымен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады.

Содержание

Кіріспе
I. Бухгалтерлік баланс
1.1. Бухгалтерлік есепшоттары туралы түсінік
II.Екі жақты жазу жүйесі
1.2 .Бухгалтерлік есепшоттарының құрылымы мен түрлері
2.1.Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жоспар YF.doc

— 203.00 Кб (Скачать)

     Алтыншы тарау «міндеттемелер» деп аталады. Бұл тарауда кәсіпорынның басқалардан уақытша несиеге, қарызға немесе басқадай алған берешектерін есептеуге, сондай-ақ өнім өндіру, тауарларды сату барысында жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы үшін берешек сомаларын, бюджетке және бюджеттен тыс мекемелерге қарыз сомаларын есептеуге арналған тоғыз бөлімнің шоттары қарастырылған.

     Жетінші тарау «кірістер» деп аталып, онда кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерден алатын кірістері, сондай-ақ сатылған тауарлардың қайтарылуын, сату шегерімін және баға шегерімін есептеуге арналған үш бөлімнің шоттары қарастырылған.

     Сегізінші - «шығындар» деп аталатын тарау ұйымның сатылған тауарларының (атқарған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерінің) өзіндік құны, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындары, жалпы және әкімшілік шығындары, есептелген пайыз бойынша шығындары, негізгі емес қызмет бойынша шығындары, табыс салығы бойынша шығындары, төтенше жағдайлардан және операциялардың тоқтатылуынан болатын кірістері (шығындары), басқа ұйымдарға үлестік қатысудан болатын кірістері (шығындары) есептелетін сегіз бөлімнің шоттарынан тұрады.

     Тоғызыншы тарау «өндірістік есепшоттары» деп аталады. Бұл тарауда кәсіпорынның өнім өндіруі немесе қызмет көрсетуі барысында жұмсаған материалдық, еңбекақы және әр түрлі ау-дарымдар бойынша шығындары өндіріс түрлеріне қарай (негізгі, көмекші және т.с.с.) төрт бөлімге бөлініп, топталып қарастырылған шоттардан тұрады.

     Оныншы тарау ұйымның меншігіне жатпайтын басқа кәсіпорындардан уақытша пайдалануға (қысқа мерзімге жалға) алынған, жаңылыс келіп түскенэ уақытша сақтауға қойылған тауарларды есептеуге негізделген шоттардан тұрады. Бұл шоттар кәсіпорынның балансында есептелмейді. Соған сәйкес бұл тарау «баланс сыртындағы шоттар» деп аталады. Баланс сыртындағы шоттар тарауының нөмірін уақытша пайдалануға, сақтауға алынған мүліктердің түріне қарай мекеменің өзі белгілейді.

     Ал  бірінші және тоғызыншы тарау  аралығындағы шоттар негізінен үш таңбалы болып келіп, олардың нөмірлері 101 -ден басталып 938-ден аяқталады, яғни бірінші тарау шоттары сәйкесінше 101-ден басталса, екінші тарау шоттары 201-ден басталады, ал үшінші тарау 301-ден басталады және тағы сол сияқгы. Осы тараулардағы әрбір бөлімдердің бас шоттары екі таңбадан тұрады.

     Мысалы:

     бірінші тараудағы материалдық емес активтер шоты -10-шот;

     материалдық емес активтердіц амортизациясы (өтелім) шоты 11-шот;

     негізгі құралдар шоты - 12-шот;

     екінгиі тараудагы материалдық қорлар шоты - 20-шот;

     үшінші тараудағы берілген аванстар гиоты - 35-шот және т.с.с.

     Яғни 10-бас шоты екі таңбалы болып және ол «материалдық емес активтер» деп аталса, совап сәйкес бәлімше шоттар мына төмендегідей түрде болып келеді:

     101-шот  - «Лицензиялық келісімдер»,

     102-шот  - «Бағдарламамен қамтамасыз ету»,

     103-шот - «Патенттер»,

     104-шот - «Ұйымдастыру шығындары»,

     105-шот - «Гудвилл»,

     106-шот - «Өзге де материалдық емес активтер».

     Жалпы бухгалтерлік есеп шоттары одан алынатын ақпараттардың түріне және мәліметтермен қамтамасыз етілуіне қарай жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) деп аталатын екі түрге бөлінеді.

     Жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шот негізінен бухгалтерлік баланстың баптары негізінде ашылады. Бұл шот арқылы белгілі бір мүлік немесе қорлану көздері туралы жалпылай ақпарат алуға ғана болады. Сондай-ақ шоттың бұл түрінде объектілер тек қана ақшалай өлшеммен көрсетіледі.

     Мысалы, дайын өнім деп аталатын шотқа қарап отырып кәсіпорынның барлық өндірген, жасап шығарған бұйымдарының ақшалай өлшем түріндегі өзіндік құнын көре аламыз. Сондай-ақ отындар деп аталатын шотқа қарап отырып ұйымдағы қолда бар отын қалдығының сомасын ғана көруімізге болады.

     Бірақ бұл жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардағы мәліметтер кейде кәсіпорынды тиімді басқару барысында жеткіліксіз болады. Өйткені ұйымдағы басқарушы немесе осы шоттағы мәліметтерді пайдалану арқылы шешім қабылдаушы адамға жоғарыдағы мысалда қарастырылған дайын өнімнің қанша түрлі өнім екендігін, оның ішінде әрбір өнімнің санын және оның бір данасының бағасын білу қажет болуы мүмкін. Сондықтан бухгалтерлік есепте жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттармен қатар талдамалық деп аталатын шоттар да қолданылады. Негізінен талдамалық шот жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардағы мәліметтерді толық және жан-жақты ашып көрсетуге арналған. Есепке алынатын объектілер бұл шотта өздерінің түрі бойынша ақшалай өлшеммен және заттай өлшеммен есептелініп жүргізіледі.

     Бухгалтерлік есепте шоттардың жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) және талдамалық деп аталатын екі түрінен басқа аралық шот (субшот) деп аталатын түрі де жиі қолданылады. Бұл шот өзінің аталуына сай жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шотқа қарағанда жіктелінген түрде, ал талдамалық деп аталатын шотқа қарағанда топтастырылған түрде қолданылады, Сондықтан да бүны осы екі шоттың ортасындағы, яғни аралық шот - деп атайды. Бұл шотта объектілер тек қана ақшалай өлшеммен есептеліп жүргізіледі.                          ,

     Мысалы, кәсіпорынның қолда бар отыны 100000 (жүз мың) теңгені құрайды делік. Бұл жағдайда жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) отьш шотының бастапқы қалдығы 100000 (жүз мың) теңге түрінде жазылады. Ал осы отын шоты ішінен аралық шот ашатын болсақ олардың бастапқы қалдығы мына түрде болады:

     •   отын (көмір) деп аталатын аралық шотының қалдығы 30000 (отыз мың) теңге;

     •   отын (газ) деп аталатын аралық шотының қалдығы 20000 (жиырма мың) теңге;

     •   отын (мазут) деп аталатын аралық шотының қалдығы 50000 (елу мың) теңге.

     Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қолданылып жүрген шоттар жоспарында аралық шот қарастырылмаған. Еліміздің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес барлық кәсіпорындар керек болған жағдайда әрбір жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттың ішінен аралық шоттарды өз қалауы бойынша аша беруіне болады. Сондай-ақ әрбір жинақтамалық (топтамалық, синтетика-лық) шотқа ашылатын аралық шоттың санына да ешқандай шек қойылмайды.

     Жақын жылдарда біздің еліміз бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшуге тиіс. Осыған байланысты шоттар жоспарының келешекте керектігі туралы да мамандар арасында түрлі пікірлер қалыптасып, айтылып жүр.

Информация о работе Бухгалтерлік баланс