Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 14:55, реферат
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір мерзімге жинақтау, көрсетуді баланс деп атаймыз.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамымен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады.
Кіріспе
I. Бухгалтерлік баланс
1.1. Бухгалтерлік есепшоттары туралы түсінік
II.Екі жақты жазу жүйесі
1.2 .Бухгалтерлік есепшоттарының құрылымы мен түрлері
2.1.Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Дебит | |
Бастапқы
қалдық
5000
1) 2) айналым 65000 сонғы қалдық (5000+65000-60000) |
3) 50000
4) 10000 айналым 60000 |
10000 | |
Жоғарыдағы касса деп аталатын
шоттың соңғы қалдығын есептеу үшін сол
шоттың бастапқы қалдығы (дебиттік) 5000 (бес мың) теңгеге дебиттік айналым 65000
(алпыс бес мың)
теңге қосылып, кредиттік айналым 60000 (алпыс мың)
теңге азайтылды.
Соның нәтижесінде б^л шоттың соңғы
қалдығы (дебиттік) 10000 (он мың) теңге болды (5000+65000-60000=10000).
Жұмысшыдармен
еңбекақы
Дебит бойынша есеп айырысу шоты Кредит | |
1)
1) 300000 айналым |
Бастапқы
қалдық 200000
2) 250000 3) 50000 айналым 300000 сонғы қалдық (200000+300000- 80000) 20000 |
Ал екінші көрсетілген жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу шотының соңғы қалдығын табу үшін бастапқы қалдығы (кредиттік) 200000 (екі жүз мың) теңгеге кредиттік айналым 300000 (үш жүз мың) теңге қосылып, дебиттік айналым 480000 (төрт жүз сексен мың) теңге азайтылды (шегерілді). Осының нэтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (кредиттік) 20000 (жиырма мың) теңгеге тең болатындығы есептеліп шығарылды. (200000+ 300000-480000=20000).
Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, негізінде шоттардың бастапқы қалдығы дебиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да дебиттік, ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да кредиттік болуы тиіс.
Кейбір
жағдайларда шоттың бастапқы немесе соңғы қалдық сомалары нөлге
тең болуы
мүмкін. Мұндай жағдайда, яғни шоттың соңғы қалдығы
нөлге тең болғанда бұл шотты жабылған
шот деп атайды. Қазақстан Республикасының
типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің
«кірістер» және «шығындар» деп аталатын бөлім шоттары
есепті кезеңнің соңында міндетті түрде жабылады. Бұл шоттарды
транзиттік шоттар
деп атайды.
Осыған сәйкес
жоғарыдағы аталған «кірістер»
және «шығындар»
деп аталатын
екі бөлімнің шоттарында жинақталған сома «жиынтық табыс
немесе жабылмаған зиян»
шотына апарылады. Яғни «кірістер» деп аталатын бөлім шот дебиттелініп
«жиынтық табыс немесе жабылмаған
зиян» шоты кредиттелінеді және «шығындар» деп аталатын бөлім шот кредиттелініп «жиынтық
табыс немесе жабылмаған зиян»
шоты дебиттелінеді. Осыдан кейін «жиынтық
табыс немесе жабылмаған
зиян» шотының
соңғы қалдығы есептелінеді. Егер
бұл шоттың
соңғы қалдығы дебиттік болса, кәсіпорын бұл есепті кезенді зиянмен аяқтағаны, ал
соңғы қалдық
кредиттік болған жағдайда ұйым есепті
кезеңді пайдамен аяқтағаны болып табылады. Ал бұл «жиынтық
табыс немесе жабылмаған
зиян» шотының соңғы қалдығының нөлге
тең болуы кәсіпорынның осы есепті кезендегі
табыстары мен сол табысты табуға
кеткен шығындары
сомасының тең болғандығын көрсетеді.
1.2.
Бухгалтерлік есепшоттарының
құрылымы мен түрлері
Кәсіпорынның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік балансы баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік шот аттары баланс баптарының аттарына сәйкес болуы тиіс. Бұның негізгі себебі бухгалтерлік баланс есепті кезеңнің басына жасалып, оның баптарына сол кездегі, яғни есепті кезеңнің басы мен соңындағы мүліктер мен қорлану көздерінің ақшалай өлшемдегі нәтижелері жазылса, бухгалтерлік шотқа осы есепті кезеңнің басынан соңына дейінгі мүліктер мен қорлану көздерінде болған өзгерістер түгел жазылып отырылады. Бұдан шығатын қорытынды - бухгалтерлік шоттың бастапқы қалдығы баланстың есепті кезеңнің басындағы сомасы деп аталатын бағанынан алынады да, керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстың есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады. Осыдан бухгалтерлік баланс пен бухгалтерлік шот арасындағы тікелей байланысты көруге болады. Бухгалтерлік баланстың актив баптарына сәйкес ашылатын шотты, яғни мүліктерді, ақшаны тағы басқаларды есептеуге арналған шотты активті шот, ал пассив баптарына сәйкес ашылатын шотты, яғни кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған шотты пассивті шот деп атайды. Активті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың дебит жағына жазылады, яғни дебиттік болып табылады. Сонымен қатар бұндай шоттардың көбеюі дебит жағына, ал азаюы (кемуі) кредит жағына жазылады.
Активті
шот құрылымы
Дебит | |
Бастапкы
қалдық
қорлардық көбеюі (+) айналым сонғы қалдық |
қорлардың
азаюы (-)
айналым |
Ал пассивті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың кредит жағына жазылады, яғни кредиттік болып табылады. Соған сәйкес бұндай шоттардың көбеюі кредит жағына, ал кемуі шоттьщ дебит жағына жазылады.
Пассивті шот құрылымы
Дебит | |
қорлану
көздерінің азаюы (-)
аиналым |
Бастапқы қалдық
қорлану кәздерініц кәбеюі (+) аиналым соңғы қалдық |
Кәсіпорынның бухгалтерлік жүйесіндегі ақпаратты жинақтап, сақтап отыратын негізгі бірлік - шот болып табылады. Олар кәсіпорынның әрбір активтерінің, міндеттемелерінің және меншікті капиталдарының, сондай-ақ кірістері мен шығындарының түрлеріне қарай ашылады. Осы шоттардың белгілі бір ережеге сәйкес нөмірлері бойынша жасалған (орналастырылған) тізімін «шот жоспары» немесе «шот кестесі» деп атайды. Біздің елімізде бүгінгі күні барлық кәсіпорындар 2002 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 438-санды бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары бойынша өздерінің бухгалтерлік жұмысын жүргізіп келеді. Бұл жоспар бойынша кәсіпорында қолданылатын барлық шоттарды он тарауға бөліп қарастырған. Сондай-ақ бұл жерде әрбір тараудағы есепшот жұмысын жүргізуге ыңғайластырылып және өзара белгілі бір ұқсастықтары мен біртектілігіне қарай орналастырылған.
Бірінші тарау «айналымнан тыс активтер» деп аталып, овда бес бөлімнің, яғни материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың, қаржы салымдарының (инвестициялар) шоттары қарастырылған.
Екінші тарау «тауарлық-материалдық қорлар» деп аталады. Бұл тарауда материалдарды, аяқталмаған өндірісті және тауарларды есептеуге арналған үш бөлім шоты қарастырылған.
Үшінші «дебиторлық борыштар және басқадай активтер» деп аталатын тарау сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштарын, күдікті борыштар бойынша резервтерді, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштарын, басқа да берешек қарыздарды, алдағы кезең шығындарын және берілген аванстарды есептеуге арналған алты бөлімнің шоттарынан тұрады.
Төртінші тарау ұйымның ақшасын есептеуге арналған. Ол тарауда қаржылық инвестициялар, кассадагы қолма-қол ақша, есеп айырысу шотындағы ақша, валюталық шоттагы ақша, банктегі арнаулы шоттагы ақша және аударылван жолдавы ақша деп аталатын алты бөлімнің шоттары орналастырылған. Осыған сәйкес бұл тараудың аты «қаржылық инвестициялар мен ақшалар» деп аталады.
Бесінші «меншікті капитал» деп аталатын тарау ұйымның өз меншігіндегі қаражатына есеп жүргізуге арналған сегіз бөлімнің шоттарынан тұрады. Мұнда жарғылық қор, төленбеген капитал, қайтарылып алынған капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян), жиынтық табыс (зиян) бөлімдерінің шоттары қарастырылған.