Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 14:55, реферат
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір мерзімге жинақтау, көрсетуді баланс деп атаймыз.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамымен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады.
Кіріспе
I. Бухгалтерлік баланс
1.1. Бухгалтерлік есепшоттары туралы түсінік
II.Екі жақты жазу жүйесі
1.2 .Бухгалтерлік есепшоттарының құрылымы мен түрлері
2.1.Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мысалы, Америка Құрама Штаттарында шоттар кестесі жоқ, яғни ол қолданылмайды деген сөздерді де жиі естиміз. Ал шындығында ол елде жалпы мемлекет тарапынан барлық кәсіпорындар үшін біртекті бухгалтерлік есепшоттарының жоспары жасалып бекітілмеген. Бірақ әрбір кәсіпорын өз қызметіне ыңғайлы шоттар жоспарын жасап бекітеді.
Бір тұрғыдан қарағанда бұндай шешім кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының әдістемелік шешім таңдауында біршама тәуелсіздігін көрсетсе, екішпі жағынан елдегі кәсіпорындар мэліметгерін сәйкестендіруде немесе мамандардың бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуы кезінде қиындық туғызады. Дегенмен бұл елдегі әрбір кәсіпорьшдарда жасалынып бекітілетін шоттар жоспарьша халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен ұлттық кәсіби бірлестіктерде қалыптасқан белгілі бір бухгалтерлік стандарттарының ықпалын тигізетіндігі сөзсіз. Бұдан шығатын қорытынды - әрбір кәсіпорын өз бетішпе бухгалтерлік есепшоттарын жасағанымен, олардың өзара ұқсас болатындығы. Сондықтан да біздің елімізде қабылданған бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының кәсіпорындағы қаржы мамаңдары үшін қажетті екендігі сөзсіз.
Алдыңғы
тарауларда бухгалтерлік есептің екі жақты жазу
әдісіне анықтама берілген болатын. Жалпы
екі жақты жазуды кей кездері шоттар корреспонденциясы
немесе бухгалтерлік жазу, ал кей кездері
проводка деп те атайды. Жалпы алғанда кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінде күнделікті болып отыратын операцияларға
сәйкес объектінің сомасын бір шоттың
дебитіне және екінші шоттың кредитіне
жазу - екі жақты жазу болып табылады.
II.Екі
жақты жазу жүйесі
Бухгалтерлік есептің басты мақсаты - құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу. Кәсіпорындарда орындалған әрбір шаруашылық операцияларын шотта бейнелеу үшін бухгалтерлік есептің ерекше тәсілі қолданылады. Ол тәсіл екі жақты жазу әдісі (doubleentry system) деп аталады. Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалық құбылыстардың өзара байла-ныстылығынан туындайды. Бухгалтерлік есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс болады. Бұған дәлел ретінде ұйымның шаруашылық құралдары мен оның құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шаруашылық операциясын екі жақты экономикалық құбылысқа алып келетіндігін және олардың өзгерістерінің міндетті түрде баланстын екі бабында да бірдей сомада көрсетілуін келтіруге боладьі. Екі жақты жазу шаруашылық операцияларының нәтижесінде бухгалтерлік есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді.
Осы
айтқандарымыз түсініктірек болу үшін
операциялардың шотта екі жақты
жазылуының тәртібін нақты мысалда
құрас-тырайық. Ол үшін
шартты баланс
негізінде бухгалтерлік есепшотын ашамыз.
«ККК» фирмасының 1 қаңтар 2006 жылғы БАЛАНСЫ
АКТИВ | |
Бапптардың
аталуы
Сомасы 1 2 Материалдық емес активтер 15000 Негізгі құралдары 30000 |
Баптардың
аталуы
Сомасы 3 4 Жарғылық қор 80000 Бөлінбеген пайда 20000 |
1 | 2 | 3 | 4 |
Аяқталмаған өндірісі | 90000 | Банк несиесі | 60000 |
Дайын бұйымдары | 70000 | Бюджетпен есеп айырысу | 40000 |
Материалдары | 20000 | Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу | 50000 |
Ақшасы | 110000 | Еңбекақы бойынша есеп айырысу | 85000 |
БАЛАНС | 335000 | БАЛАНС | 335000 |
2006 жылғы қаңтар айында орындалған шаруашылық операциялар
1. Жабдықтаушы-мердігерлерден 25000 (жиырма бес мың) теңгеге материалдар сатылып алынды (әзірге ақшасы төленген жоқ).
2. Есеп айырысу шотынан 50000 (елу мың) теңге банк несиесі өтелінді.
3. 30000 (отыз мың) теңгенің материалдары өндіріске босатылды.
4. Жабдықтаушы-мердігерлерге қарыз 65000 (алпыс бес мың) теңге банк несиесі есебінен өтелді.
Шаруашылық операцияларды «екі жацты жазу» әдісімен есепке алу алдында мынандай жагдашарды ескеру керек:
• аталған шаруашылық операцияларының қандай объектілерге қатыстылығын;
• шаруашылық операцияньщ обьектіге қаңдай әсер ететіндігін;
• аталған объектілердің есебі бухгалтерлік есептің қай шоттарында есептелінетінін;
• операцияларды шоттардың қандай бөлігіне жазу керек екендігін (дебитіне немесе кредитіне).
Бірінші операция нәтижесінде кәсіпорынның материалдары және соған сәйкес жабдықтаушы-мердігерлерге берешек қарызы көбейеді. Келіп түскен материалдарды есепке алу үшін «материалдар» деп аталатын активті шоты, ал жабдықтаушы мердігерлерге берешек соманы есепке алу үшін «Жабдықтаушы және мердігер-лермен есеп айырысу» деп аталатьш пассивті шоты қолданылады.
Активті шотта құралдардың көбеюі шоттың дебитіне, ал пассивті шотта қорлану көздерінің көбеюі шопың кредитіне жазылады. Соған сәйкес бұл операция бойынша мынадай екі жақты жазу жазылады:
Д-т:
«Материалдар» шоты
К-т: «Жабдықтаушы-мердігерлермен
есеп айырысу» шоты
Екінші операция нәтижесінде ұйымның нақты ақшасы және соған сәйкес банк мекемесі алдындағы қарызы азайды. Брі операцияны алдыңғыға қарама-қарсы деп түсінуге болады. Бірінші операцияда кәсіпорынның активтері және соған сәйкес пассивтері көбейген болса, екінші операцияда ұйымның активтері және пассивтері азайып отыр. Бұл операция бойынша ұйымның бухгалтериясында мынадай екі жақты жазу жазылады:
Д-т:
«Банк несиесі» шоты
К-т:
«Ақшалар» шоты
Үшінші операция нәтижесінде кәсіпорынның қорлану көздерінде ешқандай өзгеріс болмаған, яғни бұл операция кәсіпорьшньщ пассив бөлімінің баптарына ешқандай әсерін тигізбейді. Ал актив бөлімінде өндіріске материалдардың босатылуьша сәйкес аяқталмаған өндіріс деп аталатын бөлім сомасы артып және осыншама сомаға материалдар деп аталатын бөлім сомасы кемиді. Бұл жағдайда екі жақгы жазу мына түрде жазылады:
Д-т: «Аяқталмаған өндіріс» шоты 30000 теңге
К-т: «Материалдар»
шоты
Төртінші операция нәтижесінде ұйымның қорлану көздерінде бір бөлім көбейіп, ал екінші бөлім сол сомаға азайып отыр. Жоғарыда қарастырған үшінші операцияда өзгеріс тек қана активті бөлімде болған болса, бұл операция керісінше кәсіпорынның актив бөлімінің баптарына ешқандай әсерін тигізбей, өз әсерін тек қана пассивті бөлім баптарына тигізіп отыр. Осыған сәйкес бұл операция бойынша мынадай екі жақты жазу жазылады: Д-т: «Жабдықтаушы-мердігерлермен
есеп айырысу» шоты
К-т:
«Банк несиесі»
Келтірілген мысалдан көріп отырғанымыздай, әрбір операция бір мезгілде және бірдей сомада бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылып отыр. Олай болса, екі жақты жазу өзара байланысты бухгалтерлік есеп объектілерінің дебит және кредит шоттарда бірдей сомада өзгеруін бейнелейді.